ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы13 июля 2020 в 14:50
МАРҚҰМДАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ Бүгін көк байрағымыз қатерлі індеттен көз жұмған жандардың құрметіне төмен түсті. Көзге көрінбейтін жау жас, кәріні талғап жатқан жоқ. Еліміз бойынша жұқпа жабысқан 375 адам жантәсілім етті. Оның 24-і жерлестеріміз. Аза тұту күнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен қала әкімінің орынбасарлары және қалалық мәслихаттың депутаттары әкімдік ғимараты алдында пандемия құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы13 июля 2020 в 14:45
ҚАЙТЫС БОЛҒАН МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ ылтықсыз майданда қаза тапқан дәрігерлердің бірі Агзипа Тажденова. Саналы ғұмырының 33 жылын ұлт саулығына арнаған ақ халыттының ажалы әлемді жайлаған қатерлі індеттен келді. Еңбек жолын 1987 жылы № 3 қалалық емханасында терапевт дәрігер болып бастаған.13 жылдан бері бірінші қалалық емханасында бөлім басшысы қызметін атқарды. Кәсібіне адал сыйлы қызметкердің жарқын бейнесі мәңгі есімізде, дейді әріптестері. Гүлжан Мұсабекова — № 1 қалалық емхананың қызметкері № 1 қалалық емханада бұдан бөле… — Читать дальше
к тағы 2 қызметкер жұмыс барысында ауру жұқтырып қайтыс болған. Бүгінде медициналық мекеменің 20 маманы коронавирус індетіне шалдықса, 18 ақхалатты пневмония жұқтырып, ем қабылдап жатыр. Гүлжан Мұсабекова — № 1 қалалық емхананың қызметкері Емханда қабылдау онлайн жүйеде жүргізілуде. Науқастарға дәрі-дәрмектер үйлеріне дейін жеткізіледі. Осыған байланысты мекемеге келушілер саны азайған.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы13 июля 2020 в 14:38
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы коронавирус індетінен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы бүгін Елбасының ресми сайты хабарлады.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы27 июня 2020 в 20:35
Қала әкімі эпидемиологиялық жағдайға байланысты түсініктеме берді Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаев, қалалық Жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова және жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин қатысты. Брифингте ең алғаш сөз алған қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қаладағы эпидемиологиялық жағдай және оны қалыпқа келтіру барысындағы ж… — Читать дальше
ұмыстар жөнінде айтты. – Құрметті қала тұрғындары! Республикалық деңгейде Шымкент қаласы бойынша түрлі жаңалықтар жүріп жатыр. Яғни, Қазнетте Шымкент қаласында «науқастар аурухана қақпасына жетпей қайтыс болып жатыр және науқастарға орын жоқ» деген секілді ақпараттар тарауда. Осы жөнінде арнайы түсіндірме берсем, бүгінде қалада 650 инфекциялық төсек-орын бар. Оның ішінде жұқпалы ауруханаларда 350, жаңа салынған госпитальда 200 және Атамекен провизорлы стационарда 100 орын бар. Аталған ескі жұқпалы ауруханалар ауруханасында 321 науқас жатыр, госпитальда 172 және Атамекен провизорлы стационарда 42 науқас емделуде. Ал жалпы 115 орын бос. Одан бөлек, қалада 1690 провизорлы орын бар. Оның ішінде 1315-інде науқастар ем алуда, қалғаны бос. Яғни, провизорлы орындардың 77%-ы пайызы толып тұр. Сол себепті бүгін 500 провизорлы орын ашамыз. Ал жексенбі күні 200, дүйсенбі күні 500 провизорлы орын ашылады. Сондай-ақ, 51 мекемеде 628 төсек-орындық күндізгі стационар аштық. Оның 248-і бос. Аталған күндізгі стационардағы бір орын күніне 5 адамды қабылдай алады. Ал жұмыс уақыты таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін (демалыссыз) істейді. Айта кетейін, осы күндізгі стационарларда науқастар тіркелген емханасы бойынша тегін емделеді. Халыққа дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін емханалардың жұмысын екі есе күшейтеміз, – деді қала әкімі.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы25 июня 2020 в 16:02
ПРОВИЗОРЛЫ СТАЦИОНАРЛАРДА ТӨСЕК-ОРЫН МЕН ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ Шымкент қаласында жедел жәрдем қызметі күшейіп, 100 бригада толықтай жұмыс істеуде. Нәтижесінде соңғы кездері шақырту бір тәулікте 1850-ге жеткен. Бірақ аталған медициналық шақыртулардың басым бөлігі – ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция) және пневмониямен ауырған науқастар. Бұл бойынша бір күнде 129 науқас қабылданған.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы25 июня 2020 в 16:01
ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚҚАНДАРДЫҢ САНЫ 624-КЕ ЖЕТТІ Қазақстанда өткен тәулікте 520 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 19 285 Өткен тәулік ішінде еліміздің 520 азаматынан коронавирус инфекциясы табылған болса, оның 42-сі — Шымкент қаласының тұрғыны.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы25 июня 2020 в 15:57
COVID-19 ВИРУСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 520 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 520 жаңа жағдайы тіркелді. Өсім деңгейі - 2,8% пайызды құраған. Түркістан облысында 41 адам / 6,3 пайыз Шымкентте 42 жағдай тіркеліп көрсеткіш 3,0 пайызға жеткен. Жалпы республикамызда КВИ-ді жұқтырудың 19 285 жағдайы расталды, деп хабарлады coronavirus 2020.kz. сайты.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы25 июня 2020 в 15:54
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ СЫЛБЫР Шымкентте карантин талаптары жіті назарда. Дегенмен сақтық жұмыстары әліде болса пысықтауды қажет етеді. Осы мақсатта шаһардың әр аймағына бөлінген мониторинг топ рейдтік шараларды күшейтуде.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы25 июня 2020 в 15:53
БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ ҚР Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдыр қалам ұстаған бір топ тілшілер қауымының еңбегін еледі. Қоғам айнасына айналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, құрмет грамотасын табыстады.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы25 июня 2020 в 15:53
ҰБТ: 87 ОҚУШЫ ТЕСТТЕН ШЕТТЕТІЛГЕН Түркістан облысында ҰБТ-ның алғашқы үш күнінде 87-оқушыдан рұқсат етілмеген заттар тәркіленген. Оның 32 жағдайында заңбұзушылық аудиторияға кіргізілмей тұрып, анықталса 45 жағдайда оқушылардың әрекеті іштегі камераларға түсіп қалған. Өз білімін басқаша жолмен дәлелдегісі келген барлық түлек тесттен шеттетілген. Одан бөлек алғашқы үш күнде өңірде тест тапсыруға өтініш берген 113 оқушы түрлі себептермен сынаққа келмеген.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы25 июня 2020 в 15:49
МАСКАҢЫЗ ҚАЙДА? Карантин талаптарын қатаң сақтағанда ғана дендеген дерттің алдын алуымызға болады. Ол үшін әрбір азамат сақтық шараларын қолға алуы керек. Түркістан қаласындағы сауда орындарындағы жағдай қалай? Біздің тілшілеріміз мобильді топпен бірге ахуалды көзбен көріп қайтқан еді.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы25 июня 2020 в 15:47
11 БАЛА ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АЛЫП КІРМЕК БОЛҒАН Биылғы жылы ерекшеліктермен өтіп жатқан ҰБТ қатаң тәртіпті талап етуде. Жалпақ тілмен айтқанда «ұсталып қалғандар» тестке жіберілмейді. Яғни, қандай да бір гаджет не болмаса тиым салынған заттарды алып өтпек болғандар бірден бір жылға тест тапсыру құқығынан айырылады. Шымкент қаласында ҰБТ барысы қалай өтуде? Санитарлық талаптар қаншалықты сақталуда? Тәртіп бұзғандар бар ма?
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы24 июня 2020 в 18:02
ШЕТЕЛДІК ИНТЕРНЕТ КОМПАНИЯЛАР САЛЫҚ ТӨЛЕУГЕ МІНДЕТТЕЛЕДІ Соңғы кездері қынадай қаптап кеткен шетелдік интернет компаниялар қосымша құн салығын төлеуге міндеттеледі. Бүгін Мәжіліс осыған қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ресми тілде «гугл салық» деп аталатын тәжірибенің тиімді тұстары көп. Біріншіден қазақстан азаматтарына қызмет көрсететін интернет компанияларды түгел тіркеуге алуға және заң шеңберінде салық төлетіп қазынаға қомақты қаржы құюға мүмкіндік береді.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы24 июня 2020 в 18:02
ЖУРНАЛИСТЕРГЕ «ПАРЛАМЕНТ СӨЗІ» СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы жарияланды. Биыл «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы» аталымы жуырда ғана дүниеден өткен Бейсен Құранбекке берілді. Отандық телевизияның дамуына зор үлес қосқан, білімді, тәжірибелі азаматтың еңбегі халықтың қошеметіне әбден лайық деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин. Сонымен қатар, газеттердегі, ақпараттық агенттіктердегі, телеарналардағы, радиодағы материалдардың үздік авторлары марапатталды. Олардың арасында «Қазақстан» корпорациясына қарасты «Қазақ радиол… — Читать дальше
ары» ұжымы да бар. Қазіргі қиын ахуалға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін биыл марапаттар онлайн режимде тапсырылуда.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы24 июня 2020 в 16:46
COVID-19 ВИРУСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 534 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ лімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 534 жаңа жағдайы тіркелді. Өсім деңгейі - 2,9% пайызды құраған. Түркістан облысында 34 адам 5,5 пайыз Шымкентте 47 жағдай тіркеліп көрсеткіш 3,5 пайызға жеткен.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы24 июня 2020 в 16:43
ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ БАҚЫЛАУДА Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен қаладағы инфекциялық аурулардың таралуы бойынша жиналыс өтті. Онда шым шаһардағы эпидемиялогиялық ахуал туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаев баяндама жасады. Медицина саласының бүгінгі ахуалы мен болашағына талдау жасалды.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы24 июня 2020 в 16:43
11 БАЙЛАНЫС СТАНЦИЯСЫ ОРНАТЫЛАДЫ Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаланы сапалы интернетпен қамту мәселелері бойынша «Қазақтелеком», «ТрансТелеКом» АҚ директорлары және ұялы байланыс операторларымен кезекті онлайн жиналыс өткізді. Онда Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д. Әлібеков қаланы сапалы интернетпен қамтамасыз етудің 2020—2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарымен таныстырды.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы24 июня 2020 в 16:42
КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Пандемияның алдын алу мақсатында дезинфекциялау жұмыстары күнделікті үзіліссіз жүргізілуде. Ол үшін арнайы кесте белгіленген. Әрбір аудан сол кестеге сай жұмыс істеуде.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы24 июня 2020 в 16:41
«TURKESTAN OPEN MEDIA-2020» «TURKESTAN OPEN MEDIA-2020» Нақ осындай атаумен бүгін Түркістанда арнайы форум болып өтті. Оған Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан журналистер мен медицинасаласының мамандары қатысып ой бөлісті. Ортаға салынған ортақ тақырып, әлемді алаңдатқан індет кезінде желмен жарыса тараған жалған ақпараттардың зардабы. Сонмен, онлайн режимде өткен басқосудан тілші бейнематериалы.
ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасы5 августа 2019 в 8:38
Бірлігі бекем ел. АБАЙДЫ ТАНУ – ҚАЗАҚТЫ ТАНУ — «Ońtústik» телеарнасының ресми сайты
Бүгін көк байрағымыз қатерлі індеттен көз жұмған жандардың құрметіне төмен түсті. Көзге көрінбейтін жау жас, кәріні талғап жатқан жоқ. Еліміз бойынша жұқпа жабысқан 375 адам жантәсілім етті. Оның 24-і жерлестеріміз. Аза тұту күнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен қала әкімінің орынбасарлары және қалалық мәслихаттың депутаттары әкімдік ғимараты алдында пандемия құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.