Официальная группа Вконтакте Түркістан жоғарғы аграрлық коллежді
Түркістан жоғары аграрлық колледжі6 ноября 2023 в 8:00
Фильмы 2025 Новинки кино онлайн Уэнздей (05.11.2023): В 2327 челoвечeствo грaбит гaлактику, а инопланeтян зacтaвляет плaтить нaлoги Aндop (2022) Всe сeрии, Жанp: фантастика, боевик, тpиллеp, драма, приключения Дeйcтвиe прoиcходит зa пять лeт дo coбытий фильмa «Изгoй-один» и pасскaзываeт о гpуппе перcонажей в пеpиод формиpовaния Пoвcтанчeскогo альянсa в целяx бoрьбы прoтив Галактичeской Импеpии. Oдин из тaких пepcонaжей — Кaссиaн Aндор, вop, котoрый cтановится pевoлюциoнером и в итогe пpиcoединяетcя к coпротивлeнию.
Развернуть и показать
еще 1 фото
Түркістан жоғары аграрлық колледжі31 мая 2018 в 11:32
Талапкер назарына!!!!
Түркістан жоғары аграрлық колледжі16 мая 2018 в 11:34
БІЗДІ ТАҢДА!!!!!!! Шымкент аграрлық колледжі еліміздің ауыл шаруашылығы салаларына заманауи жаңа технологияларды игерген бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды дайындайтын оқу орны. Колледж «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының саралау рейтингісінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының 283 колледждерінің арасында 8-ші орынды, ауыл шаруашылық колледждері арасында 1-ші орынды иеленді. 2017 жылы институционалды және 7 мамандық бойынша мамандандырылған аккредиттеуден жоғары деңгейде өтті. Шымкент аграрлық колледжі мерз… — Читать дальше
імі шектеусіз лицензиясы бар 12 мамандық 26 біліктілік бойынша ауыл шаруашылығы саласына сапалы мамандар даярлайды. Колледждің оқу орны арнаулы салынған төрт қабатты оқу ғимаратынан, спорт және мәжіліс залдарынан, 400 орындық студенттер үйі, жазғы спорт алаңынан, спорт және мәжіліс залдарынан, оқу шеберханасынан, автодромнан, тәжірибелік танаптан, техниканы сақтауға арналған құрылыстардан тұрады. Колледжде теориялық білімді кәсіби практикамен ұсшастыру мақсатында заманауи үлгідегі инновациялық техникалармен жабдықталған оқу- өндірістік база жұмыс істейді.
Развернуть
Түркістан жоғары аграрлық колледжі14 мая 2018 в 21:04
Шымкент аграрлық колледжінің 20 қызметкері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «2018 жыл — Өзбекстанның Қазақстандағы жылы» деп жариялануына байланысты «Өзбекстан — Қазақстан ынтымақтастықтың жаңа кезеңі» атты іс-шараға қатысу үшін тұла бойы тарих пен тағылым тұнған Самарқанд қаласына барды. Барлық жақұты мен әсемдігін көзбен көріп, ләззат алған ұжым мүшелері жақсы әсермен оралды. Бүгінде Орталық Азия мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастар тарихымыз, дiнi… — Читать дальше
мiз, мәдениетiмiз бiр болғандықтан нығайып келеді. Шекарадан өту шаралары жеңілдетілгеннен кейін екі елдің xалқы жақындай түсті, өзара алыс-беріс те күшейіп келеді.
Развернуть и показать
еще 2 фото
Түркістан жоғары аграрлық колледжі14 мая 2018 в 21:03
Шымкент аграрлық колледжінің 20 қызметкері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «2018 жыл — Өзбекстанның Қазақстандағы жылы» деп жариялануына байланысты «Өзбекстан — Қазақстан ынтымақтастықтың жаңа кезеңі» атты іс-шараға қатысу үшін тұла бойы тарих пен тағылым тұнған Самарқанд қаласына барды. Барлық жақұты мен әсемдігін көзбен көріп, ләззат алған ұжым мүшелері жақсы әсермен оралды. Бүгінде Орталық Азия мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастар тарихымыз, дiнi… — Читать дальше
мiз, мәдениетiмiз бiр болғандықтан нығайып келеді. Шекарадан өту шаралары жеңілдетілгеннен кейін екі елдің xалқы жақындай түсті, өзара алыс-беріс те күшейіп келеді.
Развернуть и показать
еще 2 фото
Түркістан жоғары аграрлық колледжі14 мая 2018 в 11:39
«Парктер шеруі — 2018» республикалық табиғат қорғау акциясы аясында 6-шы мамыр күні Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен Төлеби филиалының Сайрамсу шатқалында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында экологиялық десант өткізілді. Іс-шараға қалалық № 127 ЖОМ, № 100 ЖОМ, № 37 Фуркат атындағы ЖОМ-інің мектеп орманшылық мүшелерімен қатар Төлеби аудандық жас туристер станциясының мүшелері, Сайрам аудандық № 97 Сұраншы батыр атындағы ЖОМ және № 20 С.Сейфуллин атындағы мектеп гимназия оқушылары қатысты. Іс-шара барысы… — Читать дальше
жалпы оқушылардың флешмоб биімен бастау алып, ұлттық парк аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, мектеп оқушыларының арасында тақырыпқа байланысты сурет салынып қатысушы оқушылар өз қолтаңбаларын қалдырды. Төлеби аудандық жас туристер станциясының мүшелері оқушыларды тау бөгеттерінде арқанмен өрмелеуден кәсіби шеберлікке үйретті. Сайрам-Өгем МҰТП қызметкерлері іс-шараға қатысушыларға Ұлттық парктің шығарған табиғат қорғау үнпарақтары, жарнамалық буклеттерімен қатар күнтізбелерін таратып, белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.
Показать
еще 1 фото
Түркістан жоғары аграрлық колледжі14 мая 2018 в 11:36
2018 жылғы 11 мамыр күні М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологлялар колледжінің кіші мәжіліс залында «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды мемлекеттік қызметтерді пайдаланулы және электронды цифрлық қолтаңба алу, электронды цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында жастар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түркістан жоғары аграрлық колледжі14 мая 2018 в 11:36
Шымкент қалалық Қаратау ауданы әкімдігінің, қалалық Ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Болашақта қандай мамандық тандаймын?» атты кездесу өткізілді.
Показать
еще 3 фото
Түркістан жоғары аграрлық колледжі14 мая 2018 в 11:34
Шымкент аграрлық колледжіне Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы Малек агроөнеркәсіптік кәсіби колледжінің директоры бастаған делегация келді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылы Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп жариялауына байланысты Шымкент аграрлық колледжі Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы Малек агроөнеркәсіптік кәсіби колледжімен 2018 жылдың 24 қаңтарында әріптестік меморандумға қол қойған. Осы мақсатта келген делегацияны колледж директоры Г.Бекбергенова Республикадағы он базалық колледждердің құрамына енге… — Читать дальше
н, еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына қажетті ауыл шаруышылығы салаларына заманауи жаңа технологияларды игерген, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды дайындайтын оқу орнының тыныс тіршілігімен, өндірістік базасымен таныстырды. Келген қонақтар теориялық білімді кәсіби практикамен ұштастыру мақсатында заманауи үлгідегі инновациялық техникалармен жабдықталған оқу – өндірістік базасындағы ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрмен қамтамасыз ету мамандықтарына арналған бокстар мен зертханалармен, қарқынды бақпен, ауыспалы көкөніс алқабымен, оқу-тәрбие үдерісімен танысып, тәжірибе алмасты.
Түркістан жоғары аграрлық колледжі12 мая 2018 в 17:54
Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ Шымкент аграрлық колледжінде 7 мамыр — Отан қорғаушы күні, 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне арналған кіші футболдан Шымкент қалалық АОО оқушылары арасындағы жолдастық кездесу болды. Мақсаты: Колледждің дене тәрбиесі және спорт ұйымдарын жан-жақты дамыту. Дене тәрбиесімен, спортпен жүйелі түрде айналусыды насихаттау, салауатты өмір салтын ұстану. Кездесуге 7 команда қатысып, қорытындысы бойынша: І орынды Парасат колледжі иеленді ІІ орынды Шымкент аграрлық колледжі иеленді ІІІ орынды Политехникалық колледжі иеленді.
Показать
еще 2 фото
Түркістан жоғары аграрлық колледжі12 мая 2018 в 17:52
«Менің кәсібім-ветеринар» облыстық байқауы (04) Шымкент аграрлық колледжінде «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім алушылары арасында «Менің кәсібім-ветеринар» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша: І орынды Қапланбек колледжі командасы иеленді ІІ орынды Шымкент аграрлық колледжі командасы иеленді ІІІ орынды Мақтарал аграрлық колледжі иеленді.
Показать
еще 1 фото
Түркістан жоғары аграрлық колледжі12 мая 2018 в 17:51
«Менің кәсібім-ветеринар» облыстық байқауы (03) Шымкент аграрлық колледжінде «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім алушылары арасында «Менің кәсібім-ветеринар» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Байқау үш кезеңнен тұрды. І-кезең «Визит карточкасы». Сайыскерлер өздері туралы, мамандығы, колледжі, әуестіктері туралы презентациямен қорғайды. ІІ-кезең «Тестілеу». Сайыскерлер тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап береді. ІІІ-кезең. «Тәжірибелік дағдылар». Бұл кезеңде байқауға қатысушылар тәж… — Читать дальше
ірибелік тапсырмаларды орындайды: -жануарлардан қан алу; -ұсақ малдарды пішу.
Показать
еще 2 фото
Түркістан жоғары аграрлық колледжі12 мая 2018 в 17:50
Менің кәсібім-ветеринар» облыстық байқауы (02) Шымкент аграрлық колледжінде «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім алушылары арасында «Менің кәсібім-ветеринар» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Мақсаты: «Ветеринария» мамандығының мәртебесін жоғарылату, тәрбиелеп отырған студент жастарымыздың шығармашылық және кәсіби дағдылық белсенділігін арттырып, бәсекелестікке қабілетті өз мамандығын сүйетін мамандарды дайындау. Байқауға қатысқан үміткерлер: 1. «Жалын» -Шымкент аграрлық колледжі 2. «Э… — Читать дальше
рудит«- Шымкент аграрлық колледжі 3. «Түркістан жүйріктері» — Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі 4. «Мақтарал ұландары» — Мақтарал аграрлық колледжі 5. » Самұрық» — Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі 6. Қапланбек колледжі 7. Түлкібас агробизнес және туризм колледжі
Показать
еще 2 фото
Түркістан жоғары аграрлық колледжі12 мая 2018 в 17:49
«Менің кәсібім-ветеринар» облыстық байқауы (01) Шымкент аграрлық колледжінде «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім алушылары арасында «Менің кәсібім-ветеринар» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Байқауды колледж директоры Г.Бекбергенова ашты. Қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылы Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп жариялауына байланысты Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Малек агроөнеркәсіптік кәсіби колледжінің директор… — Читать дальше
ы Жураев Файзулла Жалалович басқарған делегация мен ОҚО әдістемелік кабинетінің ТжКБ бөлімінің басшысы Қалиева Нұрсұлу Абдешқызы және бірқатар қонақтар қатысты.
Показать
еще 3 фото
Түркістан жоғары аграрлық колледжі12 мая 2018 в 17:23
Шымкент аграрлық колледж кітапханасында 23 – сәуір дүниежүзілік кітап күні мерекесіне арналған «Кітап – ғасырлар мұрасы» атты әдеби –сазды кеш өткізілді. Кештің мақсаты: оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой-өрісінің дамуын, рухани байлығын, мәдениетін қалыптастыру.
Показать
еще 1 фото
Түркістан жоғары аграрлық колледжі12 мая 2018 в 17:22
«Шымкент аграрлық колледжі» МКҚК-ның «ШАК құрамасы» Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған Түлкібас ауданы әкімінің кубігінде үздік команда номинациясымен марапатталды.
Показать
еще 3 фото
Түркістан жоғары аграрлық колледжі12 мая 2018 в 17:21
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN -2018» ӨҢІРАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ (01) 26—28 сәуір аралығында өткен «WorldSkills Kazakhstan-2018» өңіраралық чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионатқа Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ТжКББ ұйымдарынан үміткерлер қатысып, өз шеберліктерін көрсетіп, жеңімпаздар анықталды. Біздің Шымкент аграрлық колледж үміткерлері төрт құзыреттілік бойынша қатысып жүлделі бірінші, екінші, орындарды иеленді. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Тек алға!!!!
Показать
еще 2 фото
Түркістан жоғары аграрлық колледжі11 мая 2018 в 15:00
Талапкерлерге Колледжді бітіргендерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Колледжде негізінен жоғары және бірінші категориялы ұстаздар сабақ береді. Сіз біздың колледжде нарық экономикасына қажетті мамандықтар бойынша сапалы білім және саналы алуға, іскерлік қарым – қатынас деңгейінде мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеруге, жаңадан шығарылған дербес компьютерде және мультимедиялық сыныпта жұмыс істеуге мүмкіндік аласыз. Күндізгі бөлім студенттері колледжді бітіргенше әскер қатарынан қалдырылады.
Түркістан жоғары аграрлық колледжі11 мая 2018 в 14:38
Оқуға түсу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру керек: Білім туралы құжат (түпнұсқа),086 үлгідегі дәрігерлік анықтама,Көлемі 3х4 см. 6 дана фотосурет,Жеке куәлік көшірмесі,Мекен – жай анықтамасы. Мекен жайы: 160000. ҚР.ОҚО, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тассай мөлтек ауданы, Жибек жолы даңғылы н/з. Эл.почта: shymagrakoll@mail.ru Сайт: Тел/факс:
Түркістан жоғары аграрлық колледжі11 мая 2018 в 14:08
Колледж тарихы Шымкент аграрлық колледжінің тарихнамасы Қазақстан Республикасының Оңтүстік өңіріндегі ауыл шаруашылығына орта буын мамандар дайындайтын іргелі оқу орнының бірі – Шымкент аграрлық колледжі. ХХІ ғасыр-нағыз еңбекқорлардың, бәсекеге қабілетті сапалы маман дайындаудың заманы. Колледждің іргетасы 1972 жылы Қазақ ССР-і Министрлер Советі қаулысына сәйкес ауыл шаруашылық министрлігі бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік ауылшарушылық тәжірибе станциясы негізінде құрылған, бұл колледж-«Шымкент совхоз-техникумы» деп аталды. Алғашқы ж… — Читать дальше
ылы «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Ауыл шаруашылығын электрлендіру», 1974 жылы «Агрономия» мамандығы ашылды. Осы жылдан бастап оқу орнының оқу материалдық базасы нығайып білікті оқытушы кадрлармен жасақтала бастады. 1987жылы «0705001-Технолог ұйымдастырушы» мамандығы, 1990 жылы «0705002-Экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау», «4238 – Көкөністер мен жемістерді сақтау және қайта өңдеу» мамандықтары бойынша талапкерлерді ақылы топқа қабылдау жұмыстары жүргізілді. 1993 жылы «4223 – Ашытқы өндіру және шарап жасау технологиясы» мамандығына, 2000 жылы «1601-Стандарттау, сертификаттау және өнім сапасын бақылау» және «0714-Салық ісі» мамандықтарына оқушылар қабылданды. «Жер туралы заң» жобасы баспасөз және ақпарат құралдарында, парламентте қызу талқыланып, жер нарықтық экономикасының ықпалды категориясы болып маңызы артуына сәйкес 2002 жылы «4405-Жерге орналастырушылық» мамандығына лицензия берілді. 1996 жылдан 2000 жылға дейін «Шымкент агротехникалық колледжі» деп аталды. 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан әкімиятының 14-наурыздағы № 121 қаулысы негізінде«Шымкент аграрлық колледжі» болып қайта құрылуына байланысты осы жылдың 9-қыркүйегінде сериясы АА № 009897 кәсіптік орта білім беру саласында білім беру қызметін жүргізетін құқығы көрсетілген, мерзімі шектелмеген мемлекеттік лицензия берілді. Заман талабына сай бұрынғы мамандықтарға қосымша 2004—2005 оқу жылында «0313002- Кәсіптік оқыту шебері», «0501002-Ветеринария», «4434002-Орман шаруашылығын ұйымдастыру» мамандықтары ашылды.
Түркістан жоғары аграрлық колледжі27 августа 2016 в 10:32
В 2327 челoвечeствo грaбит гaлактику, а инопланeтян зacтaвляет плaтить нaлoги
Aндop (2022) Всe сeрии,
Жанp: фантастика, боевик, тpиллеp, драма, приключения Дeйcтвиe прoиcходит зa пять лeт дo coбытий фильмa «Изгoй-один» и pасскaзываeт о гpуппе перcонажей в пеpиод формиpовaния Пoвcтанчeскогo альянсa в целяx бoрьбы прoтив Галактичeской Импеpии. Oдин из тaких пepcонaжей — Кaссиaн Aндор, вop, котoрый cтановится pевoлюциoнером и в итогe пpиcoединяетcя к coпротивлeнию.