Официальная группа Вконтакте Национальный музей РК
ҚР Ұлттық музейі7 июня 2018 в 6:44
2018 жылғы 6 маусым күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында «Третьяков галереясы топтамасынан ХХ ғасырдың 50 жауһары» атты көрме ашылды. 6 июня в Национальном музее Республики Казахстан в рамках празднования 20-летия Астаны открылась выставка «50 шедевров ХХ века из собрания Третьяковской галереи».
Показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі4 июня 2018 в 7:24
Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары! Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына ҚР Ұлттық музейі өз дәрежесінде атсалысатын болады. Айтулы мерекеге орай 2018 жылғы 7 маусым күні Ұлттық музейінде «Третьяков галереясы топтамасынан ХХ ғасырдың 50 жауһары» атты орыс сурет өнері туындыларының көрмесі ашылады. Көрмеге «Қиық балта» көркемсурет бірлестігіне кіретін орыс авангардының әлемге танымал суретшілерінің туындылары ұсынылады. Көрме 10 қыркүйекке дейін жалғасады. --------------------------------------------------------— Национальный музей Республик… — Читать дальше
и Казахстан намерен внести свою лепту в празднование 20-летия столицы-города Астаны. Так, в рамках праздничных мероприятий 07 июня 2018 года в Национальном музее РК состоится церемония открытия выставки «50 шедевров ХХ века из собрания Третьяковской галереи». Будут экспонированы произведения изобразительного искусства, которые являются частью великой сокровищницы Третьяковской галереи и входят в золотой фонд мирового искусства. Выставка продлится до 10 сентября 2018 года. *** 2018 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Гран-Пале – Францияның Ұлттық музейлер бірлестігеннен келетін «Поль Серюзье және Бретань: аңыздар сиқыры» бейнелеу өнері көрмесі ашылады. Аталмыш көрмеде атақты постимпрессионист Поль Гогеннің шәкірті Поль Серюзьенің картиналары қойылады. Көрме 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. -------------------------------— 28 июня 2018 года в Национальном музее Республики Казахстан открывается выставка произведений изобразительного искусства из собрания Объединения Национальных музеев Франции – Гран-Пале, в частности произведений французского художника постимпрессиониста, Поля Серюзье — ученика Поля Гогена. Закрытие выставки запланировано на 30 сентября 2018 года. *** Биылғы жылы Астана тұрғындары мен қала қонақтарын Ұлттық музейде осындай ғажаптар күтіп тұр. Бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Бейбітшілік қаласына» 20 жылдық мерейтойына арнаған тартуы болмақ! Келіңіздер, көріңіздер! ------------------------------------------------— Проведение в Астане перечисленных уникальных международных выставок в честь ее юбилея, станет настоящим подарком для жителей и гостей столицы, а 2018 год – особенным в ее истории.
Показать
еще 1 фото
ҚР Ұлттық музейі22 мая 2018 в 8:15
Бүгін, 22 мамырда Баку қаласындағы Әзербайжан тарихы Ұлттық музейінде «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылады.
Развернуть и показать
еще 3 фото
ҚР Ұлттық музейі3 мая 2018 в 12:18
АНОНС Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына ҚР Ұлттық музейі өз дәрежесінде атсалысатын болады. Айтулы мерекеге орай 2018 жылғы 7 маусым күні Ұлттық музейде «Третьяков галереясы топтамасынан ХХ ғасырдың 50 жауһары» атты орыс сурет өнері туындыларының көрмесі ашылады. Көрмеде «Қиық балта» көркемсурет бірлестігіне кіретін орыс авангардының әлемге танымал суретшілерінің туындылары ұсынылады. Көрме 10 қыркүйекке дейін жалғасады. —------------------------------------------------------— Национальный музей Республики Казахстан намерен внести свою лепту в… — Читать дальше
празднование 20-летия столицы-города Астаны. Так, в рамках праздничных мероприятий 07 июня 2018 года в Национальном музее РК состоится церемония открытия выставки «50 шедевров ХХ века из собрания Третьяковской галереи». Будут экспонированы произведения изобразительного искусства, которые являются частью великой сокровищницы Третьяковской галереи и входят в золотой фонд мирового искусства. Выставка продлится до 10 сентября 2018 года. *** 2018 жылғы 15 маусым күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Ұлы Моғолдар. Тарих жәдігерлері» атты көрме ашылады. «N. Sethi Foundation» Британдық комерциялық емес қайырымдылық қоры коллекциясынан жасақталған бұл көрме көрермендер назарына Ұлы Моғол мемлекетінің құрылуымен, дамуымен және билеушілерімен таныстыратын жәдігерлер ұсынады. Көрме 2018 жылдың 16 қыркүйегіне дейін жалғасады. —-------------------------------------— 15 июня 2018 года в Национальном музее РК в рамках мероприятий, посвященных празднованию 20-летия столицы – города Астаны, состоится церемония открытия выставки «Великие Моголы. Артефакты истории». Некоммерческий благотворительный фонд «N. Sethi Foundation» вниманию посетителей представит предметы искусства, рассказывающие о жизни народа, населявшего государство Великих Моголов, его обычаях и традициях, о быте и культуре населения. Выставка «Великие Моголы. Артефакты истории» продлится до 16 сентября 2018 года. *** 2018 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Гран-Пале – Францияның Ұлттық музейлер бірлестігеннен келетін «Поль Серюзье және Бретань: аңыздар сиқыры» бейнелеу өнері көрмесі ашылады. Аталмыш көрмеде атақты постимпрессионист Поль Гогеннің шәкірті Поль Серюзьенің картиналары қойылады. Көрме 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. —-----------------------------— 28 июня 2018 года в Национальном музее Республики Казахстан открывается выставка произведений изобразительного искусства из собрания Объединения Национальных музеев Франции – Гран-Пале, в частности произведений французского художника постимпрессиониста, Поля Серюзье — ученика Поля Гогена. Закрытие выставки запланировано на 30 сентября 2018 года. *** Биылғы жылы Астана тұрғындары мен қала қонақтарын Ұлттық музейде осындай ғажаптар күтіп тұр. Бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Бейбітшілік қаласының» 20 жылдық мерейтойына арнаған тартуы болмақ! Келіңіздер, көріңіздер! —----------------------------------------------— Проведение в Астане перечисленных четырех уникальных международных выставок в честь ее юбилея, станет настоящим подарком для жителей и гостей столицы, а 2018 год – особенным в ее истории.
Развернуть и показать
еще 2 фото
ҚР Ұлттық музейі28 марта 2018 в 6:26
2018 жылы 3 сәуірде Мәскеу қаласында «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылады. Аталған көрмені Сәндік-қолданбалы және халық өнерінің бүкілресейлік музейі мен ҚР Ұлттық музейі бірлесіп ұйымастырып отыр. Ұсынылатын зергерлік өнер туындылары – Еуразияның далалық мәдениетінің өзіндік стилі мен ерекшеліктерін бейнелейтін әшекей-бұйымдар, бізге аты белгісіз тарих тереңінде қалған шеберлердің қолдарынан шыққан туындылардың бір бөлігі. 2018 жылы «Алтын адамның әлем музейлеріне ше… — Читать дальше
руі» Халықаралық көрме жобасы Әзірбайжан Республикасының Ұлттық музейінде (Баку қ. Әзірбайжан), Шэньси провинциясы Тарихи музейінде (Сиянь қ. ҚХР), Гданьск Ұлттық музейінде (Гданьск қ. Польша) және Корея Ұлттық музейінде (Сеул қ. Корея) өткізіледі деп жоспарланып отыр.
ҚР Ұлттық музейі1 марта 2018 в 6:55
2018 жылғы 1 наурыз, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасымен бірлесіп Георгий Соковтың «Қарапайым өмірді дәріптеу» атты көрмесінің ашылу салтанатын өткізеді.
Развернуть
ҚР Ұлттық музейі14 февраля 2018 в 7:38
2018 жылғы 21 ақпанда сағат 14:00-де Ұлттық музейде «Жұлдызды гид» жобасы өтеді.
Развернуть
ҚР Ұлттық музейі7 февраля 2018 в 7:41
2018 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің ұйымдастыруымен ирандық миниатюра «МАВЛАНА МЕН САМА» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Показать
еще 3 фото
ҚР Ұлттық музейі1 февраля 2018 в 6:29
Ұлттық музейде түрлі деңгейдегі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Қарым-қатынас және сезімдер» атты көрме ашылды.
Показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі17 января 2018 в 6:09
Ұлттық музейде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына арналған жиын өтті.
ҚР Ұлттық музейі21 декабря 2017 в 11:16
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Уақыт және Астана: Болашақтан кейін» («Time & Astana: After Future») атты заманауи өнер көрмесі ашылады! Национальном музее Республики Казахстан открывается выставка современного искусства «Time&Astana: After Future»!
Развернуть
ҚР Ұлттық музейі20 декабря 2017 в 7:45
15 декабря в Национальном музее отметили национальный праздник -День Независимости Республики Казахстан.
Показать
еще 2 фото
ҚР Ұлттық музейі20 декабря 2017 в 7:44
2017 жылғы «Ұлттық музейге сый-тарту» акциясының қорытынды көрмесі.
Показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі29 ноября 2017 в 7:02
2017 жылғы 1 желтоқсанда Беларусь Республикасының Ұлттық бейнелеу өнері музейінде «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы аясында «Ұлы дала көшпенділерінің өнері» атты көрменің ашылу салтанаты өтеді.
Развернуть и показать
еще 1 фото
ҚР Ұлттық музейі22 ноября 2017 в 5:57
«Иерусалим — жәй қала емес»
Показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі8 ноября 2017 в 13:41
ҚР Ұлттық музейінде 2017 жылғы 10,11 және 12 қарашада 10.00—18.00 аралығында басты рөлді Константин Хабенский сомдаған, 360 градус форматындағы «Эрмитаж VR. Тарихқа сүңгу» бейне фильмі көрсетілетін Виртуалды шынайылық кинотеатры жұмыс жасайды. Екінші алаң — Эрмитаждың Юпитер залының виртуалды моделі, яғни Санкт-Петербургтегі Эрмитажға виртуалды түрде кіріп, Юпитер залын аралау мүмкіндігі беріледі. ---------------------------------------------------------------------- В Национальном музее РК 10, 11 и 12 ноября 2017 с 10.00 до 18.00 часов будет… — Читать дальше
работать Кинотеатр виртуальной реальности «Эрмитаж VR. Погружение в Историю» с демонстрацией видео в формате 360 градусов с Константином Хабенским в главной роли. Вторая площадка — Виртуальная модель эрмитажного зала Юпитера, т.е. возможно виртуально посетить Эрмитаж в Санкт-Петербурге и прогуляться по залу Юпитера.
Показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі7 ноября 2017 в 13:45
2017 жылғы 10—12 қараша аралығында Ұлттық музейде «Эрмитаж күндері» өтеді. Аталған күндері музейге келушілердің назарына Эрмитаж музейінен әкелінген виртуалды шынайылық аймағы жұмыс жасайтын болады.
Показать
еще 3 фото
ҚР Ұлттық музейі6 ноября 2017 в 6:02
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Nation look» балаларға арналған ұлттық киімдердің сәндік көрсетілімі өтті. Шараны Ұлттық музеймен «Іңкәр сезім» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды.
Показать
еще 3 фото
ҚР Ұлттық музейі31 октября 2017 в 6:57
Ұлттық музейде биыл ғана ашылған «Шебер» және «Домбыра үйрену» үйірмелері өз жұмыстарын бастап кетті. Аталмыш жобаларға оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық туындап отыр.
Показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі30 октября 2017 в 6:42
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ашылған суретші Молдақұл Нарымбетовтың «ARUAQTIN TUSI» атты көрмесінен… Суреттер сөйлесін.
Показать
еще 3 фото
ҚР Ұлттық музейі30 октября 2017 в 6:41
ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан Кәрістері» атты фотокөрме ашылды.
Показать
еще 3 фото
ҚР Ұлттық музейі25 октября 2017 в 9:06
27 қазанда сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Еуразиялық Мәдени Альянспен (Алматы қ.) бірлесіп суретші Молдақұл Нарымбетовтың «ARUAQTIN TUSI» көрмесін ашады.
Показать
еще 2 фото
ҚР Ұлттық музейі24 октября 2017 в 11:44
2017 жылғы 25 қазан, сағат 16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан Кәрістері» атты фотокөрме ашылады. Іс-шара кәріс ұлты өкілдерінің Қазақстанда өмір сүріп келе жатқанына 80 жыл толуы мен Қазақстан және Корея Республикаларының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай ұйымдастырылуда.
ҚР Ұлттық музейі24 октября 2017 в 11:44
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ҚР-да аккредиттелген Түркиядағы Мексика Елшілігімен бірлесіп танымал мексикалық суретші Роджер фон Гунтеннің (RogerVonGunten) «Eden» атты көрмесінің ашылу салтанатын өткізді.
Показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі23 октября 2017 в 14:36
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала болашағына қадам – латын әліпбиі» атты тақырыпта Жазба ескерткіштерді зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ тілі жаңа латын әліпбиіне көшуіне орай дөңгелек үстел отырысы өтті.
Показать
еще 2 фото
ҚР Ұлттық музейі23 октября 2017 в 14:31
Ұлттық музейде Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақтың тұрмыстық бұйымдары» атты танымдық квест сабағы өтті.
Показать
еще 2 фото
ҚР Ұлттық музейі19 октября 2017 в 6:01
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2017 жылғы халықаралық археологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша «ҚР Ұлттық музейі археологиялық экспедициясының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған жұмыстарының нәтижесі: Қазақстан-Жапония, Қазақстан-Германия, Қазақстан-Ресей» атты дөңгелек үстел өтті.
Показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі19 октября 2017 в 5:56
Ұлттық музейдің қызметкері М. Мажитова Алматыдағы Ұлттық кітапханаға барып, музей кітапханасының қорына 80-нен аса кітап алып қайтты.
ҚР Ұлттық музейі11 октября 2017 в 7:01
Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары, ҚР Ұлттық музейінде әр айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн болып белгіленгенін хабарлаймыз. Алдағы уақытта музейге келуді жоспарласаңыздар осы жайтты ескерулеріңізді сұраймыз!
ҚР Ұлттық музейі11 октября 2017 в 7:01
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Арнау» көркемсурет орталығының «Ашық алақан» қайырымдылық көрмесі өтті. «Арнау» көркемсурет орталығында талантты жастар бас қосқан. Тәжірибелі ұстаздар балаларға сурет, кескіндеме салу және композиция жасауды үйретіп, түрлі әдістер арқылы жас суретшілердің шеберлігін шыңдайды.
Показать
еще 3 фото
ҚР Ұлттық музейі11 октября 2017 в 7:00
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Ұлттық музейдегі инклюзивті педогогика» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың музейге келіп, экспонаттармен толығырақ танысуына қандай жағдай жасауға болады деген тақырып талқыланды.
Показать
еще 3 фото
ҚР Ұлттық музейі19 сентября 2017 в 12:23
ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкерлері қыркүйек айының 14—15 аралығында Алматы қаласында «Отандық туризмді дамытудағы музейлердің рөлі» атты республикалық форумға қатысты. Форумда туризм саласындағы музейдің алатын орны, музей аудиториясын қалыптастыру мәселелері, туризм саласының дамуындағы қорық-музейлердің рөлі, туризм саласындағы киелі орындардың алатын орны, Ұлттық музей және мәдени туризм және т.б. сұрақтар бойынша баяндаламар жасалды. Форумның екінші күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы музейінд… — Читать дальше
е Эрарта (Санкт-Петербург) заманауи өнер музейімен бірлесіп ұйымдастырылған «Құштарлық. Алматы Петербург суретшілері шығармашылығында» атты көрменің ашылуы өтті. Шара екі елдің мәдени қарым-қатынасын нығайтып, тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Көрмеге «Алматы көрінісін» бейнелейтін Петербург суретшілерінің 20-дан астам картинасы ұсынылған. Ғажап туындылар арасынан Азат Мамединов, Латиф Казбеков, Петр Кривенко сынды тұлғалардың шығармаларын тамашалауға болады. Форум жұмысына Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Г. Шалабаева, Қазақстан Туристік ассоциациясының директоры Р. Шайкенова, ҚР Орталық мемлекеттік музейі директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ғ.Теміртон сияқты белгілі ғалымдар қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.
ҚР Ұлттық музейі18 сентября 2017 в 12:53
Ұлттық музейі ұжымы сенбілікке шықты 16 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұжымы қалалық сенбілікке шықты. Музей қызметкерлері белгіленген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, Астана қаласының тазалығына өз септігін тигізді. Сенбілікке шыққан ұжымның бір бөлігі сыртқы жұмыстарға жұмылдырылса, бір бөлігі Ұлттық музейдің ішкі тазалығымен айналысты. «Сенбіліке шығу – әр азаматтың жазылмаған міндет-парызы. Тұрып жатқан қаламызды, жұмыс жасап жүрген орынымызды таза ұстау үшін мұндай шаралар жиі ұйымдастырылуы керек. Сол себепті де, д… — Читать дальше
емалыс күніміз қоғамға пайдалы жұмыс атқарумен сәтті өтті деп айталамын, — дейді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Марал Балтышев. Сенбілік барасында санитарлық тазалау, ағаштарды ақтау және музей төңірегін қоқыстан тазарту сынды жұмыстар жүргізілді.
Показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі16 сентября 2017 в 8:23
«Шамбаланы іздеу жолында: Николай Рерихтың Нью-Йорктегі мұражайынан алынған жауһарлар» фотоальбомының тұсаукесері
Показать
еще 2 фото
ҚР Ұлттық музейі15 сентября 2017 в 15:17
«Жапонияның 100 заманауи дизайны» атты көрме ашылды 2017 жылғы 15 қыркүйекте ҚР Ұлттық музейінде «Жапонияның 100 заманауи дизайны» атты жылжымалы көрме ашылды. Іс-шараны Жапония елшілігі мен Жапония қоры ҚР Ұлттық музейімен бірлесе ұйымдастырған. Көрмеде жапон халқының күнделікті өмірде қолданатын 100 түпнұсқа тұрмыстық және интерьер бұйымдары ұсынылды. Көрменің ашылу салтанатында алғы сөз алған ҚР Жапония елшілігінің төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата: «Бұл жылжымалы көрме алғаш рет 2003 жылдан бастап көрсетіле бастады. Бүкіл әлемді а… — Читать дальше
ралады деуге болады. Мұндағы экспонаттар кеңінен таныстырылып, жақсы нәтижеге жетті. Көрме қоры тағы да толықтырылып, 2014 жылы АҚШ елдерінен бастап қайтадан көрсетіліп келеді. Биыл Жапон мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 25 жыл толды. Мұндай байланыс екі елдің өзара ынтымақтастығын әлді де нығайта түсетініне сенемін», — деп өз пікірін білдірді. Көрменің негізгі бөлігі 2010 жылдан кейін жасалған 89 экспонаттан тұрады. Сондай-ақ, жапон дизайнының негізіне айналған соғыстан кейінгі заманауи 11 дизайн көрмеге қойылды. ҚР Ұлттық музей директорының орынбасары Марал Балтышев: «Жапон елі дамыған елдердің қатарында екені баршамызға белгілі. Жапонның үнемі жаңартылып отыратын озық технологиясы мен бай мәдениетінен хабардармыз. Бұл көрме барысында жапон халқының тұрмыс заттарымен таныса аласыздар», — деді. Шараның ашылу салтанатына музей қызметкерлері, шетелдік қонақтар және Қазақстанның қоғам қайраткерлері қатысты.
Показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі14 сентября 2017 в 8:00
15 қыркүйек күні 16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Жапонияның 100 заманауи дизайны» көрмесі ашылады. *** 15 сентября в 16.00 час состоится торжественное открытие передвижной выставки «Современный японский дизайн – 100», организованной Посольством Японии совместно с Японским фондом и Национальным музеем Республики Казахстан. На ней будут представлены 100 элементов – подлинников предметов быта и интерьера, используемых в повседневной жизни людей. Основная часть выставки состоит из 89 экспонатов, разработанных после 2010 года, а 11 — представляют посл… — Читать дальше
евоенный современный дизайн, ставший основой японского дизайна.
Развернуть
ҚР Ұлттық музейі14 сентября 2017 в 6:37
Қазақстандық және шетелдік ғалымдар мәдени мұра тақырыбында пікір алмасты 2017 жылғы 12 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Назарбаев Университеті мен ҚР Ұлттық музейінің бірігіп ұйымдастыруымен «Мәдени мұраларды талқылау жөніндегі Чикаго университетінің ғалымдарының Ұлттық музейге сапары» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға АҚШ-тағы Чикаго Университеті Шығыс Институтының Мәдени мұра жөніндегі Ректордың Бас Кеңесшісі Гил Стейн, Тарих және Таяу Шығыс оқуларының Профессоры Джон Вудс, Түрік тілдерінің профессоры Каган Арик, Антропол… — Читать дальше
огия ғылымдарының профессоры Расл Занка сынды ғалымдар қатысты. Сонымен қатар, Назарбаев Университеті Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің деканы Дэниел Пью мен Джон Вудстың Докторлық дәрежеде оқып жатқан студенті Мик Бечтел де осы ғалымдар қатарында болды. Ал, Ұлттық музей тарапынан дөңгелек үстелге ҚР ҰҒА мүшесі, т.ғ.д., профессор Оразақ Смағұл мен «Халық қазынасы» институтының жетекшісі Ақан Оңғар және музей қызметкерлері қатысты.
Развернуть и показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі12 сентября 2017 в 6:20
Бангладеш пен Босния және Герцеговина елдерінің басшылары Ұлттық музейде 2017 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Ұлттық музейін Босния және Герцегавина Президиумының төрағасы Бакир Изетбекович және Бангладеш Республикасының Президенті Абдул Хамит мырза тамашалады. Меймандар музейдің Алтын залын, Этнография залын және бірнеше халықаралық көрмелерді аралады. Бакир Изетбекович музейдің Этнография залымен танысқаннан кейін Босния және Герцегавина мен Қазақстан халқының тілі мен дәстүрлерінде ұқсастықтардың барын айтты. Сонымен қатар қазақы киіз үйдің құрылысы… — Читать дальше
мен ішіндегі дүниелер, текемет пен сырмақ, жүкаяқта жиналған көрпе жастықтар да қонағымызды бей-жәй қалдырмады. Бангладеш Президенті Абдул Хамит мырзаны Алтын залындағы жәдігерлер қызықтырды. Есік қорғанынан табылған Алтын адам, алтын өңдеудің сол уақыттағы технологиясынан хабар беретін жәдігерлер, алтын әшекей бұйымдар, осының барлығы қонақтардың көңілінен шықты. Абдул Хамит мырза Берел қорымынан табылған жылқы сүйектері мен ат әбзелдеріне де ерекше назар аударды. Экскурсия соңында мәртебелі меймандар музейдің алғыс кітабына өздерінің жылы лебіздерін жазып қалдырды. Өз кезегінде Ұлттық музей басшылығы қонақтарға сыйлық ретінде кітаптар табыс етті.
Показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі11 сентября 2017 в 7:21
Ұлттық музейде «Дәстүрлер сабақтастығы» атты жаңа көрме ашылды 2017 жылғы 8 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ұлттық музей коллекциясынан «Дәстүрлер сабақтастығы» атты заманауи сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашылды. Көрменің ашылу салтанатында Ұлттық музейдің Бас қор сақтаушысы Бекталиева Рыскүл: «Бүгінгі көрмені тұсаукесер көрме деп атауға болады. Себебі біз тұңғыш рет Ұлттық музейдің қорында сақтаулы тұрған жәдігерлерден жеке көрме қойып отырмыз. Қор – музейдің жүрегі. Қорда сақтаулы тұрған жәдігерлердің көрмеге қойылуы му… — Читать дальше
зей жұмысының жанданып жатқанын көрсетеді. Ал көрме экспозициясына келер болсақ, көрмедегі заманауи сәндік-қолданбалы өнер туындыларының қатарынан гобелендерді ерекше атап өтуге болады. Қазақстанның бүгінгі гобелен өнерінде ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін сипаттау кеңінен көрініс тауып отыр» – деп, көрменің маңыздылығына тоқталып өтті. Көрмеге М. Әбідрахмановтың қынапты пышағы, Г. Ивановтың алқа және білезігі, А. Лапачтың мойын әшекейлері, жүзігі мен сырғалары, А.Христованың омырауша әшекейлері мен білезіктері және Фаберже сыйлығының иегері Б. Әлібайдың зергерлік бұйымдары қойылды. Қазақстан территориясындағы өзіндік дәстүрі мен технологиясы ғасырлар бойы қалыптасып, бағзы замандардан халықпен бірге жасасып келе жатқан өнер – халықтың сәндік-қолданбалы өнері. Бұл өнер атадан балаға мұра болып қалып отырған. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері халықтың өмір сүрген көшпенді өмір салтымен, кәсіби суретшілер мен қолөнершілердің қызметімен тығыз байланысты. Ағаш шеберлері, зергерлер, қолөнер шеберлері күнделікті өмірде практикалық тұрғыда қолданылатын дүниелер жасады. Яғни, қазақ сәндік-қолданбалы өнері тұрмыстық бұйымдармен, тіпті халықтың өзіндік тұрмысымен бірігіп кетті десек те болады. Зергерлік өнер халықтың арман-мұраты, талғамы, көркемдік және материалдық құндылықтарының деңгейі айқын да ашық көрініс табатын өнер ретінде қазақ халқының ұлттық мәдениетінен ерекше орын алады. Гобелен Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерінде маңызды орын алады. Гобелен өнерінің қарқынды дамуы ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан басталды. Замануи Қазақстандық гобелен өнері кең көлемді бейнеленуі мен стилистикалық бағыттары арқылы ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер А. Ахметовтың, М. Ержановтың, А. Бекқұлованың, А. Сүлееваның, Н. Өтеповтың кенептерінен көрініс тапқан. Мүсін өнерінде А. Назарқұл, Ю. Буштрук, С. Исщанов, Н. Нұрбатыров, В. Рахманов, Ш. Төлеш сынды замануи авторлар өз ізденістерінде кеңістіктегі жеңілдік пен пластикалық мәнерлілікке қол жеткізуге талпыныс жасап жатыр. Бұл өнер түріне стилдік шешімдердің әралуандығы мен әртүрлі материалдардың бар мүмкіндігін пайдалана отырып жетілдірілу тән.
Показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі11 сентября 2017 в 6:02
10 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне шет елдерден бірқатар сыйлы қонақтар келді.
ҚР Ұлттық музейі8 сентября 2017 в 8:03
Богатейшее наследие кочевников глазами гостей из Центральной Америки Представители двух соседних государств, расположенных на территории Центральной Америки – Республики Гватемала и Республики Гондурас 2—3 сентября побывали в залах Национального музея. Зарубежные гости прибыли в столицу Казахстана в рамках программы проведения Национального дня на Международной специализированной выставке «ЭКСПО – 2017». Делегация Республики Гватемала во главе с заместителем Генерального директора по многосторонним и экономическим международным отношениям Минис… — Читать дальше
терства иностранных дел Гватемалы Казали Карлосом, а также Чрезвычайным и полномочным послом Республики Гватемала в Российской Федерации Годинез Джизелой, ознакомилась с богатейшим наследием кочевников, с их культурой и жизнью, экспонатами мирового наследия, представленными на международных выставках «ART DALA: диалог сквозь пространство и время», «Терракотовая армия Цинь Шихуанди из Китая», «Золото скифов» и др. Представители Республики Гондурас совершили путешествие по Национальному музею во главе с министром иностранных дел и международного сотрудничества Долорес Агуэро Ларой Марией и послом Республики Гондурас во Франции, России и Италии Ортэз Кармен Элеонорой.
ҚР Ұлттық музейі8 сентября 2017 в 6:20
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген тапсырмалардың орындалуы туралы сөз қозғалған «Ұлттың жаңғыруы – Мәңгілік елге бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті.
ҚР Ұлттық музейі7 сентября 2017 в 15:56
«Дәстүрлер сабақтастығы» атты замануи сәндік-қолданбалы өнер көрмесі өтеді *** 8 сентября в 16.00 состоится торжественное открытие выставки современного декоративно-прикладного искусства Казахстана «Преемственность традиций» из коллекции Национального музея.
Развернуть
ҚР Ұлттық музейі5 сентября 2017 в 14:58
7 қыркүйек күні Ұлттық музейде «Ұлттың жаңғыруы – Мәңгілік елге бастар жол» атты дөңгелек үстел өтеді.
ҚР Ұлттық музейі5 сентября 2017 в 7:53
ҚР Ұлттық музейінің экспонаттары Британ музейінде өтетін көрмеге қойылады
ҚР Ұлттық музейі4 сентября 2017 в 11:12
Раздел, посвященный истории и культуре белорусского народа в экспозиционном зале «История Ассамблеи народа Казахстана и полиэтничности Казахстана» пополнился предметами этнографического быта.
ҚР Ұлттық музейі31 августа 2017 в 15:29
Ұлттық музейдің жазғы жұмыс уақыты ұзарды Қазақстан Республиксы Ұлттық музейі алыс-жақын шет елдерден келетін ресми делегациялар мен келуші қонақтар санының артуына байланысты жазғы жұмыс уақытының ұзарғанын хабарлайды. Яғни, Астана қаласы тұрғындары мен қала қонақтары әр күн сайын (дүйсенбі – демалыс күні) сағат 10:00-ден 20:00 аралығында музей қонағы бола алады. Кассалар 19:00-ге дейін жұмыс жасайды. *** Продлен летний режим работы Музея В связи с ростом численности желающих посетить Национальный музей Республики Казахстан, в том многочисленн… — Читать дальше
ыми официальными делегациями из стран ближнего и дальнего зарубежья, продлен летний режим его работы. Так, с 1 по 15 сентября с.г. Музей приглашает горожан и гостей столицы с 10.00 до 20.00 часов ежедневно, кроме понедельника.
ҚР Ұлттық музейі31 августа 2017 в 14:37
ҚР Ұлттық музейі қоры жаңа жәдігерлермен толықпақ 2017 жылғы 1 қыркүйек, сағат 14.30-да Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейі қорынан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне уақытша көрмеге қою үшін этнографиялық және тұрмыстық бұйымдар колекциясын тапсыру рәсімі өтеді. Іс-шара Белорусь Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Кочанова Натальяның Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында ұйымдастырылып отыр. Музейге келушілер Беларусь ұлтының «строй» деп аталатын ұлттық әйелдер киім… — Читать дальше
үлгісін тамашалай алады. Өйткені, бұл киім XX ғасырдың басындағы беларусь халқының тарихи және мәдени мұрасының жарқын бөлігі. Бұл коллекция құрамында тағы да сәндік-қолданбалы бұйымдар, қыш ыдыстар мен халықтық тоқыма және кесте өнері туындылары бар.
ҚР Ұлттық музейі31 августа 2017 в 7:25
«Ата Заң – еліміздің тұрақтылығының негізі» Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің кіші мәжіліс залында Конституция күніне орайластырылған «Ата Заң – еліміздің тұрақтылығының негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға елімізге белгілі заңгерлер, тарихшылар мен өзге де зиялы қауым өкілдері және музей қызметкерлері қатысты. Жиында сөз алған ҚР Ардагерлер ұйымының орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Озғанбаев Өмірзақ: «Біз Конституциямызды заман талабына сай шынықтыруға күш салдық. Бірақ ол өзгертулердің негізінде бастапқы Конституциямыз… — Читать дальше
тұрды. Себебі, барлық заңның негізі – Ата заң болып табылады. Еліміздегі қабылданатын кез-келген құқықтық құжат Конституциямыздың негізінде болады. Егер Конституцияға қарсы қандайда бір тұстары болатын болса, ондай заңның күші жоқ деп есептелінеді» – деп, Конституцияның маңыздылығына тоқталып өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты Қазақстан Республикасының Ата заң баптарындағы руханият, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қазақстандық патриотизмді одан әрі нығайту мәселелері бойынша ой пікірлерді ортаға салу.
Показать
еще 2 фото
ҚР Ұлттық музейі31 августа 2017 в 6:11
«Ата заң – елдегі тұрақтылықтың негізі». Осындай атпен еліміздің Ұлттық музейінде дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысушылар бұған дейін заман ағымына қарай бірнеше рет өзгерген Конституцияның тарихын саралады.
ҚР Ұлттық музейі29 августа 2017 в 9:23
2017 жылдың 14 қыркүйегі мен 2018 жылғы 14 қаңтар аралығында Ұлыбританияның Британ музейінде «Скифтер: Сібірдің көне жауынгерлері» атты көрме өтеді.
ҚР Ұлттық музейі28 августа 2017 в 14:56
Айтары көп қазақ жерін осылайша сөйлетпек керек. Білетініміз – бір тоғыз, білмейтініміз – тоқсан тоғыз екені сөзсіз. Тәлейлі қазақтың кең маңдайына біткен дархан даланың әр тасын тану – әр қазақстандыққа парыз.
ҚР Ұлттық музейі28 августа 2017 в 14:53
Вот уже пару месяцев Золотой зал Национального музея Республики Казахстан в Астане принимает «гостей» — редчайшие артефакты из коллекции Научно-реставрационной лаборатории «Остров Крым» и Оренбургского губернаторского историко-краеведческого музея, объединенные в выставке «Золото скифов».
ҚР Ұлттық музейі28 августа 2017 в 8:34
Еріктілердің еңбегі еленді Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Экскурсиялық жұмыстар және музей педагогикасы орталығының «Мирас» үйірмесінде тәлім алып, волонтерлық қызмет атқарған жас экскурсоводтардың жұмысы қорытындыланды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында Ұлттық музейге келушілердің қатары қалың болатынын ескерген Экскурсиялық жұмыстар және музей педагогикасы орталығы «Мирас» үйірмесінде алдын ала жас экскурсоводтарды дайындаған болатын. Үш ай бойы экскурсовод мамандығының қыр-сырын жақсы меңгерген оқушылар бүгінге дейін музей… — Читать дальше
қонақтарына қызмет көрсетті. Еріктілер жұмысы қорытындыланған салтанатты шарада жас экскурсоводтардың атқарған қызметтеріне баға беріліп, музей басшылығының атынан алғыс хаттар табыс етілді. Ұлттық музейдің бастамасын қолдап, волонтер болуға келіскен жас жеткіншектердің қатарында Астана қаласындағы Назарбаев интеллектуалды мектебінің және № 83, № 60 орта мектептердің оқушылары бар.
Показать
еще 1 фото
ҚР Ұлттық музейі25 августа 2017 в 8:18
Бердібек Сапарбаев ресейлік делегацияны Ұлттық музейге бастап келді
Показать
еще 1 фото
ҚР Ұлттық музейі25 августа 2017 в 7:51
«Air Astana» ұлттық әуе компаниясының өндірістік корпоративтік жоспарлау бөлімінің аға вице-президенті Алма Алигужина және халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұхтар Ерманның бастауымен «Air Astana» ұлттық әуе компаниясының экс-президенті Лойд Пакстон ҚР Ұлттық музейіне келіп, егемен елдің өткенімен танысып, болашағын бағдарлады.
Показать
еще 2 фото
ҚР Ұлттық музейі25 августа 2017 в 7:51
Ауған Ислам Республикасының премьер-министрі Абдулла Абдулланың Ұлттық музейге келген сәттерінен
Показать
еще 2 фото
ҚР Ұлттық музейі25 августа 2017 в 7:46
Құрметті қонақтар қазақ халқының сан ғасырлық тарихы бар ұлттық құндылықтары, әдет-ғұрыптарымен таныс болды.
ҚР Ұлттық музейі23 августа 2017 в 7:41
2017 жылғы 29 тамыз күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің кіші мәжіліс залында 30-тамыз Конституция күніне орайластырған «Ата Заң еліміздің тұрақтылығының негізі» атты дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелдің мақсаты Қазақстан Республикасының Ата заң баптарындағы руханият, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қазақстандық патриотизмді одан әрі нығайту мәселелері бойынша ой пікірлерімен бөлісу. Іс-шараға тарихшылар, филологтар, Мемлекеттік басқару Академиясының, Заң шығару Институтының, Қазақ Гуманитралық-Заң колледжі… — Читать дальше
нің қызметкерлері шақырылады.
ҚР Ұлттық музейі22 августа 2017 в 13:14
«Қазақстанның жалпыұлттық қасиеттіорындары» ретінде ерекше қастерленетін табиғи, мәдени мұраның, дүнияуи және діни сәулеттің айрықша қастерлі ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар ұғынылады.
ҚР Ұлттық музейі22 августа 2017 в 7:54
ҚР Ұлттық музейі заманауи өнер орталығын тарату туралы ақпаратқа қатысты төмендегідей мәлімдеме жасайды. Аталған орталық қызметі музей жұмысының негізгі бағыттарының бірі болғандықтан, заманауи өнер орталығын тарату – жоспарда жоқ. Ұлттық музей еңбек тәртібін ескермей, еш себепсіз жұмысқа келмегендіктен аталған орталықтың басшысы Р. Абеновамен жасалған еңбек шартын бұзды. Алдағы уақытта заманауи өнер орталығы еліміздің мәдени құндылықтарын сақтау және таныту мақсатында жоспарға сай өз жұмысын жалғастыра береді. ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызм… — Читать дальше
еті *** Национальный музей Республики Казахстан по вопросу закрытия центра современного искусства сообщает следующее. Музей не планирует закрывать центр современного искусства, так как деятельность центра является одним из главных направлений работы музея. Вопрос стоит только о расторжении трудового договора с руководителем центра Р. Абеновой в связи с нарушением ею трудовой дисциплины и отсутствием на работе без уважительных причин. Таким образом музей не собирается закрывать центр современного искусства и продолжит активную работу по сохранению, изучению и популяризации историко-культурного наследия страны. Пресс-служба Национального музея РК
ҚР Ұлттық музейі22 августа 2017 в 7:54
Фиджи Республикасының премьер-министрі ҚР Ұлттық музейін аралады
Показать
еще 1 фото
ҚР Ұлттық музейі17 августа 2017 в 9:10
2017 жылғы 16 тамыз сағат 11.30-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Қасиетті Қазақстан» орталығының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің отырысы өтеді. Отырыс мақсаты жалпы ұлттық деңгейдегі 100 нысанды белгілеу және тізімдеу болып отыр. Ғылыми-сараптамалық кеңес құрамына белгілі тарихшылар, қоғам қайраткерлері, қолөнер шеберлері кіреді. Олардың қатарында Б. Аяған, З. Самашев, Ө.Озғанбаев, Ж. Артықбаев сынды тағы да басқа елге есімдері белгілі тұлғалар бар. «Қазақстанның жалпыұлттық қасиеттік жерлерін» белгілеу мақсатындағы ғылыми-сараптамалық… — Читать дальше
кеңесі отырысының күн тәртібі төмендегіше: 1. «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының 2-ай мерзімінде атқарылған жұмыстары есебі; 2. Қазақстанның киелі жерлерін жалпыұлттық деңгейдегі нысандарын анықтау, ғылыми тізімдеу мен жүйелеу мәселелері, Қазақстанның қасиетті жерлерін жалпыұлттық деңгейдегі нысандарының электрондық таныстырылуы (презентация)
ҚР Ұлттық музейі3 июля 2017 в 8:40
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Сақ алтыны» түпнұсқа артефактілерінің халықаралық көрмесі ашылды. Көрмеге Қазақстанның ұлттық мұражайының, Орынбор губернаторлық тарихи-өлкетану мұражайының жинақтарынан, сондай-ақ, танымал қазақстандық реставратор Қрым Алтынбеков коллекцияларының бірегей олжаларынан б.з.д VII–II ғғ. сақ мәдениетіне жататын үздік артефактілері қойылды. Көрме 10 қыркүйекке дейін жалғасады.
Показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі1 июля 2017 в 13:38
Бәтима Зәуірбекованың «Ұлы дала өрнектері» атты жеке көрмесі ашылды 2017 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақ КСР-ы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Бәтима Зәуірбекованың «Ұлы дала өрнектері» атты жеке көрмесі ашылды. Көрменің ашылу салтанатында алғы сөз алған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Бұл көрме „ЭКСПО-2017“ Халықаралық мамандандырылған көрме… — Читать дальше
сінің аясында ҚР Ұлттық музейінде ұйымдастырылып отыр. Бәтима Зәуірбекова қазақ өнерін дүниежүзіне паш етіп жүрген танымал суретші. Әр өнер адамының шығармасы – оның ішкі әлеменің көрінісі. Рухани бай, өзіндік көзқарасы биік адамнан ғана осындай керемет туындылар тумақ. Жан-дүниесі әдемі адамның істеген еңбектері де әдемі. Дүниежүзі Бәтима Зәуірбекованы «Әдемі қыздарымен» таниды. Онда қазақ қызының образы бейнеленген. Өте шебер жасалған көркем дүние. Көрменің ашылуы құтты болсын!» Автор шығармаларында қазақ бойжеткенінің ішкі дүниесін көрсететін әйел бейнесіне ерекше көңіл бөлінген. Олар ежелгі заман әуендермен үйлесім тапқан. Оюлы суреттер Ұлы даланың қайталанбас көріністерін береді.
Показать
еще 4 фото
ҚР Ұлттық музейі29 июня 2017 в 11:29
Батима Заурбекованың көрмесі ашылады 2017 жылғы 30 маусымда сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақ КСР-ы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Бәтима Зәуірбекованың «Ұлы дала өрнектері» атты жеке көрмесі ашылады. Көрмеге Бәтима Зәуірбекованың 60-тан астам көркем туындылары қойылады. *** 30 июня 2017 года в 16.00. в Национальном музее Республики Казахстан состоится церемония открытия персональной выстав… — Читать дальше
ки «Орнаменты Великой степи» члена Союза художников Республики Казахстан, лауреата Государственной премии Казахской ССР им. Чокана Валиханова, Заслуженного деятеля Республики Казахстан Батимы Заурбековой. На выставке будут представлены более 60 художественных полотен Батимы Заурбековой.
Развернуть
ҚР Ұлттық музейі28 июня 2017 в 9:01
28 маусым – журналистер қауымының төл мерекесі – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қаламгерлер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, шығырмашылық табыс, жемісті еңбек тілейді. Қоғам жүгін мойынға артып, ұлт игілігі жолында талмай қызмет етіп жүрген жандардың ерен еңбегі ел назарында. Барша журналистерге қаламдарыңыз қарымды, шабыттарыңыз арынды болсын деп тілейміз! Төртінші билік өкілдерінің төл мерекесі құтты болсын, ағайын! 28 июня – профессиональный праздник журналистов – День работников св… — Читать дальше
язи и информации. В этот знаменательный день мастера слова и пера от коллектива Национального музея Республики Казахстан хотелось бы пожелать Вам в дальнейшем неисчерпаемой энергии, воплощения в жизнь всех замыслов и планов. Пусть сенсации, которые вам придется освещать, будут добрыми, новости – позитивными, а газетные статьи, радио и телерепортажи – яркими.
ҚР Ұлттық музейі22 июня 2017 в 11:38
Алыс аймақтардан әкелінген түрлі жәдігерлердің адамға берер әсері зор. Әр көрме – бөлек тақырып, әр көрме – бөлек әлем.
ҚР Ұлттық музейі22 июня 2017 в 11:35
Бақ біз туралы Бұл реткі көрмеге Құран аяттары бәдізделген тостаған-табақтар, сол дәуірдің тиын-монеталары, алты қырлы ағаш сандық, қымбат бұйымдар сақтауға арналып қоладан жасалған құлыпты сандықша қатарлы 22 экспонат қойылыпты.
ҚР Ұлттық музейі21 июня 2017 в 12:20
Бақ біз туралы Қантөгісті Қазан төңкерісінен кейін орыстың талай озық ойлы тұлғалары амалсыз шекара асқаны белгілі. Әйгілі әнші Шаляпин, көрнекті композитор Рахманинов, атақты жазушы Бунин секілді, суретші Рерих те ақ пен қызыл айқасқан аласапыран кезінде елден безіп, эммиграцияға кетті.
ҚР Ұлттық музейі20 июня 2017 в 9:07
«Терракота әскері» — Астана қаласында! Көрме қыркүйек айының 10-на дейін болады.
Развернуть
ҚР Ұлттық музейі19 июня 2017 в 7:47
«Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» көрмесі ашылды. Көрме 10 тамызға дейін жалғасады.
Показать
еще 3 фото
ҚР Ұлттық музейі14 июня 2017 в 11:31
ҚР Ұлттық музейі 15 маусымнан бастап жұмыс уақыты ұзарғанын хабарлайды. Енді Астана қаласы тұрғындары мен қала қонақтары музейді 21:00-ге дейін тамашалай алады. Кассалар 20:00-ге дейін жұмыс жасайды. Ұлттық музейге жиі келіп тұрыңыз, қадірлі ағайын!
ҚР Ұлттық музейі14 июня 2017 в 6:59
Сәуле Сүлейменованың көрмесіне келіңіздер!
Развернуть
ҚР Ұлттық музейі14 июня 2017 в 6:58
Ұлттық музей – ұлттық рухымызды көтеру жағынан ғана емес, елімізді әлемге танытуымен құнды. Біздің тарихымыз – мақтан етуге лайық ерлік пен елдік тарихы. Н.Назарбаев
ҚР Ұлттық музейі13 июня 2017 в 6:50
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Император Цинь Шихуандидің Терракота әскері көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
ҚР Ұлттық музейі12 июня 2017 в 13:44
«Ұлттық музей» деректі фильм
Средняя оценка
- 5,0
на основании
11 отзывов и
2 оценок
6 июня в Национальном музее Республики Казахстан в рамках празднования 20-летия Астаны открылась выставка «50 шедевров ХХ века из собрания Третьяковской галереи».