Астана қаласының №24 Орта Мектебі10 марта 2014 в 18:12
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес ха… — Читать дальше
лықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар ұйымдастырады.
Астана қаласының №24 Орта Мектебі10 марта 2014 в 18:11
Ару көктеммен бірге жыл құсындай ерте келер мерекенің бірі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні. Адамзатқа өмір нәрін берген, бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен әйел-аналар, қырмызы гүлдей жайнаған ару қыздар әр кезде де құрметке, ыстық ықыласқа лайық. Атаулы мерекеге орай наурыз айының алтыншы жұлдызында мектебімізде “Әлемнің жарығын сыйладың сен маған ” атты мерекелік кеш өтті. Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың. Өміріме нәрін берді ақ сүтің, Кең құшағың – аясында гүл бақтың, - деп жыр өрнегі… — Читать дальше
мен басталған кеш барысында аналар жайлы ән шырқалып, күмбірлеп күй тартылды. Мұрат Әйгерімнің орындауындағы “Соқыр ана” өлеңі кешке жиналған көпшілікті тебірентті. Сапар Сержан өз жүрегінен жарып шыққан “Анашыма” өлеңімен анаға деген перзенттік сезімнің теңіздей терең, тау суындай мөлдір екенін көрсетті. “Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі” деген екен ұлтымыздың ардақтысы М.Мағауин. Ендеше, бізге әлемнің жарығын сыйлаған аналарымыз, елінің көркі мен мақтаны болған ару қыздарымыз аман болсын! Гүлдерай ҚҰДИЯР Аға тәлімгер «Шуақты көктем„волейболдан оқушы қыздар арасындағы жарыста Ι орынды 8а-сыныбы жеңіп алды және кубок,медаль,бағалы силықтармен грамоталармен марапатталды ΙΙ орынды 9-сынып құрама командасы бағалы силықтармен грамоталармен марапатталды ΙΙΙ орынды 10а-сыныбы иеленді бағалы силықтармен грамоталармен марапатталды Жеңімпаз және жүлдегер командаларды мектебіміздің директоры Ғ.Н Сүндетов марапаттап мерекелерімен құттықтады «Білім беру тәжірибесіндегі инновациялық оңтайлылық- білім сапасын қамтамасыз ету факторы“ атты VII қалалық ғылыми- практикалық конференцияда қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жаңабек Дана Әкімжанқызы шығармашылық белсенділік танытып II орынды иеленді.Мектеп ұжымы атынан ізгі тілектермен құттықтаймыз!
Астана қаласының №24 Орта Мектебі26 февраля 2014 в 12:15
22 ақпан 2014 ж. мектеп спорт залында мектепішілік «Мектеп жұлдыздары» құттықтау кеші өткізілді.
Астана қаласының №24 Орта Мектебі26 февраля 2014 в 12:09
Официальная группа Вконтакте средней школы №24
Атаулы мерекеге орай наурыз айының алтыншы жұлдызында мектебімізде “Әлемнің жарығын сыйладың сен маған ” атты мерекелік кеш өтті.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың – аясында гүл бақтың, -
деп жыр өрнегі… — Читать дальше
Мұрат Әйгерімнің орындауындағы “Соқыр ана” өлеңі кешке жиналған көпшілікті тебірентті. Сапар Сержан өз жүрегінен жарып шыққан “Анашыма” өлеңімен анаға деген перзенттік сезімнің теңіздей терең, тау суындай мөлдір екенін көрсетті.
“Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі” деген екен ұлтымыздың ардақтысы М.Мағауин. Ендеше, бізге әлемнің жарығын сыйлаған аналарымыз, елінің көркі мен мақтаны болған ару қыздарымыз аман болсын!
Гүлдерай ҚҰДИЯР
Аға тәлімгер
«Шуақты көктем„волейболдан оқушы қыздар арасындағы жарыста Ι орынды 8а-сыныбы жеңіп алды және кубок,медаль,бағалы силықтармен грамоталармен марапатталды
ΙΙ орынды 9-сынып құрама командасы бағалы силықтармен грамоталармен марапатталды
ΙΙΙ орынды 10а-сыныбы иеленді бағалы силықтармен грамоталармен марапатталды
Жеңімпаз және жүлдегер командаларды мектебіміздің директоры Ғ.Н Сүндетов марапаттап мерекелерімен құттықтады «Білім беру тәжірибесіндегі инновациялық оңтайлылық- білім сапасын қамтамасыз ету факторы“ атты VII қалалық ғылыми- практикалық конференцияда қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жаңабек Дана Әкімжанқызы шығармашылық белсенділік танытып II орынды иеленді.Мектеп ұжымы атынан ізгі тілектермен құттықтаймыз!