Официальная группа Вконтакте ассоциации Казахстанская федерация футбола
Қазақстан футбол федерациясы | KFF16 декабря 2025 в 9:13
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! ️ Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына 34 жыл толып отыр. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Баршаңызға ашық аспан, мол бақыт және аман-саулық тілейміз!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF1 декабря 2025 в 9:09
Көңіл айту Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Кирилл Кекер 46 жасында дүние салды. Қазақстан футбол федерациясы қаралы хабарды қайғыра отырып хабарлайды. Кирилл Сергеевич саналы ғұмырын отандық футболды дамытуға және жас ойыншыларды тәрбиелеуге арнаған тәжірибелі де жоғарғы білікті маман болды. Ол ойынның қыр-сырын терең меңгерген, жасөспірімдермен жұмыс істей білетін, талапшыл әрі іскер бапкер ретінде талай футболшының мінезі мен кәсіби өсуіне ықпал етті. Ол футболшы ретінде «Қызылжар», «Оқжетпес», «Сұңқар» және «Шығыс… — Читать дальше
» командаларында қорғаушы болған. Кирилл Сергеевич көп жыл бойы «Қайрат» футбол клубының құрылымында еңбек етіп, академияда жас футболшыларды дайындаумен айналысты. 2022–2024 жылдар аралығында алматылық клубтың негізгі командасын басқарды, сондай-ақ 2024 жылы «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері болды. Бұған қоса, QJ League аясында «Қайрат» клубы командаларының үйлестірушісі қызметін атқарып, 2025 жылғы маусым қорытындысымен «Үздік басшы» деп танылды. 2025 жылы Кирилл Кекер Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалып, командамен бірге тарихи жетістікке жетті. Ол құраманы алғаш рет 2026 жылғы Еуропа чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіне шығарды. Кирилл Сергеевичтің қазасы еліміздегі барлық қазақстандық футбол қауымдастығы үшін ауыр жағдай. Оның кәсібилігі, жауапкершілігі және көпжылдық еңбек жолы отандық футболдың дамуына зор үлес қосты. Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмның жаны пейіште шалқысын!
Қазақстан футбол федерациясы | KFF18 ноября 2025 в 23:02
ТАРИИИХ! ҚАЗАҚСТАН U-19 ҚҰРАМАСЫ ЭЛИТАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінің үшінші матчында Кипр командасымен тең нәтиже көрсетті. ️ Нәтижесінде біздің жігіттер «B» дивизионының 1-тобын екінші орынмен аяқтап, элиталық кезеңге жолдама алды. Кирилл Кекер шәкірттерінің 2026 жылдың көктемінде Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін таласуға мүмкіндік алды. Қазақстан U-19 құрамасы тарихында алғаш рет элиталық кезеңге өтті. Құтты болсын, Қазақ елі!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF17 ноября 2025 в 15:30
ҚУАН, ҚАЗАҚ! ҚАЗАҚСТАН U-17 ҚҰРАМАСЫ «А» ДИВИЗИОНЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ! Қазақстан U-17 құрамасы Хорватияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Албанияны 2:1 есебімен жеңді. Жасөспірімдер құрамасы «В» дивизионын 6 ұпаймен бірінші орынмен аяқтап, «А» дивизионына жолдама алды. Енді Бауыржан Сағындықтың шәкірттері 2026 жылдың көктемінде Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама үшін таласады. ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚАЗАҚ ЕЛІ! 2:1 ️ 21’ Черноморец (1:0) ️ 58’ Жылқайдар (2:0) ️ 90+5’ Муслика (2:1)
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF15 ноября 2025 в 19:02
Матч аяқталды! ӘЧ-2026 іріктеу кезеңін Бельгияға қарсы матчта тең нәтижемен аяқтадық. Жарайсыңдар, жігіттер! 1:1 ️ 9’ Сәтпаев (1:0) ️ 48’ Ванакен (1:1)
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF15 ноября 2025 в 9:04
️ Бүгін іріктеудің соңғы матчы. Бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет. Алға, қазақ елі! Қазақстан Бельгия ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі 19:00 ️ «Астана Арена», Астана QAZSPORT
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF14 ноября 2025 в 17:44
Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Нидерланд U-17 құрамасына есе жіберді Командамыздың сапынан жалғыз голды соққан – Дәулет Орынбасар. Үш күннен соң тобымыздағы соңғы және маңызды ойынды Албанияға қарсы өткіземіз. 17.11.2025 | 15:30 «Спортпарк Трате» стадионы, Неделишче қаласы, Хорватия Қазақстан — Албания
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF11 ноября 2025 в 15:43
ЖЕҢІС! Қазақстан U17 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады Хорватия U17 Қазақстан U17 1:2 Гол соққан: ️ Ислам Рақым ️ Расул Әкімов
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF10 ноября 2025 в 21:03
️ Ұлттық құрама Бельгияға қарсы матчқа дайындығын жалғастыруда 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы матчына 5 күн қалды. Ертең толыққанды құраммен жаттығуға кірісеміз
Развернуть и показать
еще 4 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF10 ноября 2025 в 15:37
ПСЖ президенті Нассер әл-Хелаифи ҚФФ кеңсесіне келді «Пари Сен-Жермен» футбол клубының президенті, УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі Нассер әл-Хелаифи Қазақстанға сапары аясында Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне келді. Ол ҚФФ президенті Марат Омаровпен кездесіп, Қазақстандағы футболдың дамуын, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және ықтимал инвестициялық әріптестік бағыттарын талқылады. Сондай-ақ Нассер әл-Хелаифи Қазақстан футбол федерациясының музейіндегі ел футболының тарихына арнап қойылған экспозициялармен танысты. Кейін «Астана» жә… — Читать дальше
не «Жеңіс» футбол орталықтарының тәрбиеленушілерімен кездесіп, естелік суретке түсті. Бағдарлама соңында «Пари Сен-Жермен» президенті «Астана Арена» стадионынының инфрақұрылымымен танысты.
Развернуть и показать
еще 4 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF8 ноября 2025 в 16:58
Рақмет, Кака! Қазақстан футбол федерациясы футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Фигейро Силвамен (Кака) келісімшарттың аяқталғанын хабарлайды. Бразилиялық маман 2018 жылдан бері ел құрамасын жаттықтырып, осы жылдар ішінде отандық футзалдың дамуына зор үлес қосты. Оның басшылығымен команда Еуропа мен әлемнің үздік құрамаларының қатарына қосылып, ойыны стилі мен тәртібі, сондай-ақ жұмысты ұйымдастыру бойынша жаңа деңгейге көтерілді. 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында Қазақстан тарихта алғаш рет жартылай финалға шығып, төрт… — Читать дальше
інші орын алды. Бұл жетістік еліміздің футзал тарихындағы ең айшықты жетістік болды. 2022 жылы Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне шықса, ал әлем чемпионатының іріктеуін сенімді өтті. Өзбекстанда өткен додада Қазақстан қайтадан үздік сегіз құраманың қатарынан көрінді. Кака бас бапкер болған кезеңде Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке жетіп, халықаралық мойындауға ие болды. Бұған қоса, Кака бірнеше рет «Жылдың үздік бапкері» атағына үміткерлер қатарына енді. Спорттағы еңбегі мен Қазақстан футзалының дамуына қосқан үлесі үшін Пауло Рикардо Кака Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Қазақстан футбол федерациясы Какаға көпжылдық еңбегі, кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Оның басшылығымен ұлттық құраманың ойыны мінез бен тұрақтылықтың үлгісіне айналып, нағыз командалық рухты көрсетті. Кака есімі отандық футзал тарихында мәңгі сақталады.
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF6 ноября 2025 в 16:12
Қазақстан U17 жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемионатының іріктеу кезеңіне қатысады ️ Бауыржан Сағындық бастаған Қазақстан U17 құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиын аяқталған соң Хорватияға Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне барады. Қазақстан U17 құрамасы 8 топта Хорватия, Нидерланд және Албанияға қарсы ойнайды. U-17. 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты. В лигасы. 8-топ 11.11.2025 | 15:30 ️ «Спортпарк Трате» стадионы, Неделишче қаласы, Хорватия Хорватия — Қазақстан 14.11.2025 | 17:45 ️ «Спортски парк» с… — Читать дальше
тадионы, Коториба қаласы, Хорватия Нидерланд — Қазақстан 17.11.2025 | 15:30 ️ «Спортпарк Трате» стадионы, Неделишче қаласы, Хорватия Қазақстан — Албания
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF31 октября 2025 в 18:01
️ Қазақстан құрамасының Бельгия мен Фарер аралдарына қарсы ойындарға шақырылған нақты тізімі Ұлттық құрама бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін ойындарға шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Оқу-жаттығу жиыны 3 қараша күні Астанада басталады. Қараша айында ұлттық құрама екі ойын өткізеді. ️ Бельгияға қарсы матчтың билеттері дүйсенбі күні, 3 қарашада сатылымға шығады. Бағасы 3000 теңгеден басталады. Қазақстан – Бельгия ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі 15.11.2025 | 19:00 «Астана Арена», Аста… — Читать дальше
на Жуырда сатылымға шығады
Фарер аралдары – Қазақстан Жолдастық матч 18.11.2025 | 22:00 «Алда Дросина», Пула, Хорватия
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF27 октября 2025 в 11:53
Көңіл айту Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды. Андрей Морев «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» сынды командалар сапында өнер көрсеткен. «Ақтөбеде» екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогының иегері болды. 2005 жылы еліміздегі ең үздік қақпашы атанды. Андрей Морев Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында екі матч өткізді. Дебюттік ойынында қарсылас болған Түркия құрамасының пенальтиін сәтті қайтарып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді. Қазақстан футбол федерациясы Андрей Моревтің… — Читать дальше
туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның есімі отандық футбол тарихының парақтарында және командаластары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.
Соболезнования Ушёл из жизни бывший вратарь национальной сборной Казахстана Андрей Морев. Ему было 52 года. Андрей Морев выступал за ряд казахстанских клубов, включая «Женис», «Окжетпес», «Тобол» и «Актобе», с которым дважды становился чемпионом страны и обладателем Кубка Казахстана. В 2005 году он был признан лучшим вратарём страны. За национальную сборную Казахстана Андрей Морев провёл два матча. В своей дебютной игре против Турции он сразу же отразил пенальти. Казахстанская федерация футбола выражает глубокие соболезнования родным и близким Андрея Валерьевича. Память о нём навсегда останется в истории отечественного футбола и в сердцах тех, кто имел честь с ним работать и играть.
Развернуть и показать
еще 2 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF24 октября 2025 в 20:22
Алғашқы жолдастық ойында қарсыласқа есе жібердік Гол соққан: ️ Жанатаева
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF24 октября 2025 в 15:09
Қазақстан WU17 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады ️ Талғар қаласындағы Ұлттық құрамалар базасында өткен ойында Қазақстан WU17 құрамасы Грузияны 4:2 есебімен жеңді. Гол соққандар: ️ ️ Жұмажанова ️ Остер ️ Жолболат
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF23 октября 2025 в 10:46
ᴅᴀɪʏɴꜱʏᴢᴅᴀʀ ᴍᴀ? Осы аптада қыздар құрамаларының ойындары күтіп тұр. Ұлттық құрама Шымкентте Әзербайжанмен жолдастық матч өткізсе, WU19 құрамасы Үндістанмен кездеседі. ️Талғарда Қазақстан WU17 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін бастайды. Сәттілік, қыздар
Развернуть и показать
еще 2 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF22 октября 2025 в 14:32
Маусымның соңғы матчын Фарер аралдарымен өткіземіз 18 қараша күні Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдарының құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Кездесу бейтарап алаңда – Хорватида өтеді. Ойынның басталуы Астана уақытымен сағат 22:00-де жоспарланған. Фарер аралдары Қазақстан Жолдастық матч 18.11.2025 | 22:00 (18:00 жергілікті уақыт) Пула, Хорватия ️ «Альдо Дросина» стадионы
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF22 октября 2025 в 8:30
️ ҚФФ жанкүйерлерге арналған «Jankuier» цифрлық платформасын іске қосты
«Jankuier» қосымшасы ҚФФ-ның цифрландыру стратегиясы аясында әзірленіп, жанкүйерлердің қатысу деңгейін арттыруға, ыңғайлы сервистер ұсынуға және федерациямен байланыс орнатуды жеңілдетуге бағытталған.
Жоба ҚФФ серіктесі – «Баян Сұлу» компаниясының қолдауымен жүзеге асты. Платформа қазақстандық футбол экожүйесінің кәсіби клубтар мен ұлттық құрамалардан бастап балалар-жасөспірімдер академиялары мен бұқаралық футболға дейінгі барлық деңгейді қамтиды.
Платформа қолданушы… — Читать дальше
ларының жаңалықтар оқуға, турнир кестесін және ойын нәтижелерін бақылауға, билеттер сатып алуға, ресми атрибутика мен тауарларға тапсырыс беруге, футбол алаңдарын жалға алуға және академияларға жазылу мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, қосымшаның белсенді жанкүйеріне ҚФФ мен серіктестер тарапынан кэшбэк және эксклюзивті сыйлықтар жүйесі қарастырылған, бонустар мен марапаттарға ие болады.
Қосымша ҚФФ-ның фирмалық стилінде жасалған және түсінікті интерфейске ие. Онда бірнеше негізгі бөлім бар. Басты бетте – басты жаңалықтар, турнир кестесі, ойындар кестесі және басты оқиғалар;
Билеттер бөлімінде – ұлттық құрамалар мен ел біріншілігінің матчтарына электронды билет сатып алу және сақтау мүмкіндігі;
Қызметтер бөлімінде – футбол алаңдарын жалға алу, академияларға жазылу және ресми өнімдерге тапсырыс беру;
Жаңалықтар бөлімінде – клубтар мен ұлттық құрамаларға қатысты жедел және ресми ақпарат;
Профиль қызметінде жеке деректер, белсенділік тарихы және бонустық жүйе болады. «Jankuier» қазақ және орыс тілдеріне, ал интерфейс iOS және Android құрылғыларына бейімделген.
«Jankuier» платформасының іске қосылуы – ҚФФ-ның футболды басқару және коммуникация жүйесін цифрландыруға бағытталған кешенді бағдарламасының бір бөлігі.
Жаңа цифрлық орта футбол инфрақұрылымын дамытуға, жанкүйерлермен және өңірлік федерациялармен байланысты одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.
«Jankuier» мобильді қосымшасы қазірдің өзінде App Store және Google Play платформаларында қолжетімді.
КФФ объявляет о запуске цифровой платформы «Jankuier» ⠀ Приложение «Jankuier» разработано в рамках стратегии цифровизации КФФ и направлено на повышение вовлечённости аудитории, развитие сервисов для болельщиков и создание удобной экосистемы взаимодействия с футбольными структурами страны. ⠀ Проект реализован при поддержке партнёра КФФ – компании «Баян Сұлу». ⠀ Платформа охватывает все уровни футбольной экосистемы Казахстана – от профессиональных клубов и сборных до детско-юношеских академий и массового футбола. Через «Jankúier» пользователи могут следить за актуальными новостями, турнирными таблицами и результатами матчей, приобретать билеты, заказывать официальную атрибутику, бронировать футбольные поля и записываться в академии. ⠀ Кроме того, приложение внедряет систему лояльности – пользователи смогут получать кэшбэки, бонусы и эксклюзивные призы от КФФ и партнёров Федерации. ⠀ «Jankuier» имеет современный и интуитивно понятный интерфейс, выполненный в фирменном стиле КФФ. ⠀ Платформа поддерживает казахский и русский языки, а также оптимизирована для устройств iOS и Android. ⠀ Запуск «Jankuier» является частью комплексной программы КФФ по внедрению цифровых решений в систему управления футболом. Цифровая трансформация охватывает не только спортивную инфраструктуру, но и коммуникации с болельщиками, клубами, региональными федерациями и футбольными академиями. ⠀ Создание единого мобильного пространства позволит повысить доступность футбольных сервисов, упростить процесс взаимодействия с Федерацией и создать прочную основу для дальнейшего развития цифровых продуктов КФФ. ⠀ Мобильное приложение «Jankuier» доступно для загрузки в App Store и Google Play.
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF13 октября 2025 в 1:48
Солтүстік Македонияға матчқа дайындық Ойын алды жаттығу өткіздік.
Развернуть и показать
еще 4 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF12 октября 2025 в 2:24
Здраво Скопје! Ұлттық құрама Астана – Скопье бағытымен Солтүстік Македонияның астанасына аман-есен жетті Сондай-ақ Скопьеде ұлттық құраманы Қазақстан Республикасының Солтүстік Македониядағы елшісі Сатыбалды Бұршақов бірнеше жанкүйерлермен бірге күтіп алып, командамызға сәттілік тіледі. ️ ️ Ертең бізде жоспар бойынша ойын алды баспасөз мәслихаты мен жаттығу өтеді. Солтүстік Македониямен матч 13 қазан күні Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те өтеді.
Развернуть и показать
еще 4 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF10 октября 2025 в 8:23
️ Бар ойымыз бүгінгі матчта. Жігіттер алаңға тек жеңіс үшін шығады. Алға, қазақ елі! Қазақстан Лихтенштейн ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі 19:00 ️ «Астана Арена», Астана QAZSPORT
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF9 октября 2025 в 17:35
Қазақстан мен Өзбекстан футбол федерациялары ынтымақтастықты кеңейтеді Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Өзбекстан футбол қауымдастығының бірінші вице-президенті Равшан Ирматовпен кездесті. Кездесу барысында тараптар бауырлас екі елдің футбол ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, тәжірибе алмасу және өңірлік бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ футбол инфрақұрылымын дамыту және «FIFA Central Asian Cup» турнирін өткізу бастамасы сөз болды. Марат Омаров жүргізіліп жатқан реформалар т… — Читать дальше
уралы айтты. Атап айтқанда, елімізде төрт футбол клубы жекешелендірілді, ал FIFA қолдауымен мектептерде FIFA ARENA атауымен футбол алаңдарының құрылысы басталды. Өз кезегінде Равшан Ирматов Өзбекстан футбол жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар, жаңа инфрақұрылымдық жобалар, футбол академиялары мен білім беру жүйесін дамыту, бапкерлер мен медицина мамандарының біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жолдастық кездесулер санын арттыру, мамандар даярлау және жаңа бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде уағдаласты. Сондай-ақ екі елдің футбол федерациялары арасындағы достық және әріптестік байланыстарды одан әрі нығайтуға ниет білдірді.
Показать
еще 3 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF9 октября 2025 в 10:40
Бүгін жастар құрамамыз іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын өткізеді. Қарсыласымыз – Андорра құрамасы. Алға, Қазақстан! Андорра U21 Қазақстан U21 Еуро-2027 іріктеу кезеңі 22:30 (AST) ️ «Эстади Насьональ», Андорра-Ла-Велья QAZSPORT
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF8 октября 2025 в 16:46
Дастан Сәтпаев алдағы ойындарға қатыспайды Ұлттық құраманың ойыншысы Дастан Сәтпаев оқу-жаттығу жиынына келіп, қосымша медициналық тексеруден өтті. Тексеру қорытындысы бойынша футболшыда жарақат белгілері анықталды. Осыған байланысты бапкерлік және медициналық штаб ортақ шешім қабылдап, ойыншыны алдағы матчтарға қатыстырмау жөн деп тапты. Бұл шешім футболшының денсаулығын сақтау және толық сауығып шығуына мүмкіндік беру мақсатында қабылданды. Дастанға тезірек сауығып, алаңға аман-есен оралуын тілейміз!
Развернуть и показать
еще 1 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF30 сентября 2025 в 13:25
Талғат Байсуфинов – Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы Белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болып бекітілді. Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарда дайындайды. Байсуфинов бұған дейін 2016—2017 және 2020—2022 жылдары ұлттық құраманы екі мәрте басқарған болатын. Ал қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы (U21)… — Читать дальше
бапкерлерінің менторы қызметін атқарады. ҚФФ Талғат Маруаұлының тәжірибесіне сенім артып, алдағы ойындарда сәттілік тілейді. Сонымен қатар, ҚФФ ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін қызметіне үміткерлермен келіссөзді жүргізіп жатыр.Тізімде үш шетелдік маман бар.
Қазақстан футбол федерациясы | KFF23 сентября 2025 в 6:02
Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін Федерацияға ризашылық білдірді. Президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірді. Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, Федерацияның ұлттық футбол… — Читать дальше
деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.
Глава государства принял Президента ФИФА Состоялась встреча Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с Президентом Международной федерации футбола (ФИФА) Джанни Инфантино. Касым-Жомарт Токаев выразил благодарность федерации за содействие в реализации программы FIFA Arena, целью которой является поддержка детского футбола и создание современной спортивной инфраструктуры. Глава государства высказал уверенность в том, что в сотрудничестве с ФИФА Казахстан сможет стать образцом динамичного развития футбола в регионе. В свою очередь Джанни Инфантино поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за внимание к футболу и подтвердил готовность федерации содействовать в реализации совместных проектов, направленных на повышение уровня национального футбола. #KFF Ақ Орда
Показать
еще 1 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF18 сентября 2025 в 17:23
️ ҚФФ академиясы ФИФА таланттар академиясы мәртебесін алды Бүгін Талғар қаласында Қазақстан футбол федерациясы академиясына FIFA Talent Academy мәртебесін беру рәсімі өтті. Қазақстан футбол федерациясы FIFA таланттар академиясы мәртебесіне ие болған әлемдегі сегізінші қауымдастық, ал УЕФА-дан екінші ұйым атанды. Жоба ҚФФ мен ФИФА-ның жас футболшыларды халықаралық стандарттарға сай дайындауға бағытталған тығыз әріптестігінің нәтижесінде жүзеге асып отыр. Салтанатты шараға ФИФА-ның ғаламдық даму директоры Стивен Мартенс, ҚФФ бас хатшысы Давид Ло… — Читать дальше
рия, FIFA High Performance жобасының басшысы Ульф Шотт, ФИФА аңызы, Франция құрамасы сапында әлем және Еуропа чемпионы Кристиана Карамбе, отандық футбол ардагерлері мен академия тәрбиеленушілері қатысты. ФИФА президенті Джанни Инфантино бейнеүндеу жолдап, жас ойыншыларға арналған жобаның маңызын атап өтті. Іс-шараның ресми өкілдері сөз сөйлегеннен кейін ФИФА өкілдері ҚФФ басшылығына FIFA Talent Academy мәртебесі берілгенін айшықтайтын арнайы белгіні табыстады.
Показать
еще 4 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF12 сентября 2025 в 16:21
Қазақстан – Италия матчының билеттері онлайн сатылымға шықты 23 қыркүйек күні футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін Италиямен таласады. Матч Астана қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы – 19:30. Билеттерді ticketon.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады. Бағасы – 1500 теңгеден басталады. Шешуші ойында бізге жанкүйер болыңыздар! Сіздердің қолдауларыңыз бізге ауадай қажет! Алғашқы ойын, естеріңізге сала кетсек, 18 қыркүйекте Италияның Фазано қаласында өтеді.
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF11 сентября 2025 в 19:00
Астанада футзалдан жасөспірімдер арасындағы Еуро-2027 өтеді Албания астанасы Тиранада өткен УЕФА Атқарушы комитетінің жиынында бірқатар халықаралық және клубтық турнирлердің шешуші ойындарын қабылдайтын қалалар анықталды. Соның ішінде Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығының 19 жасқа дейінгі командалар арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін елімізде өткізу туралы өтінімі мақұлданды. Осы шешімге сәйкес, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде финалдық кезеңге жолдама а… — Читать дальше
лады. Жарысқа барлығы сегіз команда қатысады. Айта кетсек, бұл турнир алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылған. Қазір U-19 санатындағы Еуропа чемпионы — Португалия, ал екі мәрте (2019 және 2022 жылдары) топ жарған Испания ең табысты команда саналады.
Қазақстан футбол федерациясы | KFF9 сентября 2025 в 17:15
Эдсон ұлттық құрамаға қайта оралды Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің плей-офф ойындарына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама үшін Италиямен таласады. Алғашқы кездесу 18 қыркүйек күні сырт алаңда – Фазано қаласында өтсе, 23 қыркүйек күні Италия құрамасын Астанада қабылдаймыз. Италия – Қазақстан 18.09.2025 23:00 (Астана уақыты) PalaSport спорт кешені, Фазано Қазақстан – Итал… — Читать дальше
ия 23.09.2025 19:30 (Астана уақыты) Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана қаласы Билеттер туралы ақпарат ойындарға жақын уақытта хабарланады
Развернуть и показать
еще 1 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF8 сентября 2025 в 0:12
Ойын аяқталды 6:0 ️ 42’ Де Брюйне ️ 44’ Доку ️ 51’ Раскин ️ 60’ Доку ️ 84’ Де Брюйне ️ 87’ Мёнье
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF7 сентября 2025 в 9:25
️ Қыркүйектегі соңғы ойынымыз. Бүгін түнде қиын матч болатыны сөзсіз, бірақ біздің жігіттер дайын. Алға, қазақ елі! Бельгия Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі 23:45 (20:45 Брюссель) ️ «Лотто Парк» стадионы, Брюссель QAZSPORT
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF7 сентября 2025 в 1:01
Брюссельде ойын алды жаттығу өткіздік Ертең Бельгиямен матч
Развернуть и показать
еще 4 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF4 сентября 2025 в 18:58
Өкінішке қарай бүгін жолымыз болмай, ұпай еншілей алмадық
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF4 сентября 2025 в 15:35
Бүгінгі ойнайтын құрамымыз осындай
Развернуть и показать
еще 1 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF4 сентября 2025 в 8:53
️ Кешке маңызды ойын. Бар ойымыз бүгінгі матчта. Алға, қазақ елі! Қазақстан Уэльс ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі 19:00 ️ «Астана Арена», Астана QAZSPORT
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF3 сентября 2025 в 20:13
Қазақстан U19 құрамасы Slovenia Nations Cup-2025 турнирін жеңіспен бастады Алғашқы ойында #BizdinJigitter қарсылас БАӘ U19 командасын 5:1 есебімен жеңді. Гол соққандар: ️ Исмаил Бекболат ️ ️ Әбіш Мұхаммедәли ️ Әкежан Каликулов ️ Евгений Петрик Келесі ойынды 6 қыркүйекте Шотландия U19 құрамасына қарсы өткіземіз.
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF3 сентября 2025 в 16:12
Бүгін Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы «Slovenia Nations Cup-2025» халықаралық жолдастық турниріндегі алғашқы ойынын өткізеді! Қарсылас – БАӘ U-19 Алға, жігіттер! Алға, Қазақстан! «Slovenia Nations Cup-2025» Қазақстан U19 БАӘ U19 03.09.2024 | 20:00 Словения
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF3 сентября 2025 в 8:47
Қазақстан – Уэльс матчының билеттері түгел сатылды. Бәріңізді 4 қыркүйекте «Астана Аренада» күтеміз! #BizdinJigitter-ге қолдау көрсетейік! ⏳Ойынға 2—3 сағат бұрын келулеріңізді сұраймыз. Сіздерді стадион аумағында түрлі бағдарламалар, интерактивті аймақтар күтеді. ‼️ Айта кетейік, алыпсатудың алдын алу үшін сатып алынған билет Қазақстан – Уэльс матчы күні көрсеткен поштаңызға келеді. Ұлттық құраманы қолдап, матчтың 12-ойыншысы атаныңыз. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF30 августа 2025 в 20:37
Дайындық жалғасуда ️
Развернуть и показать
еще 4 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF28 августа 2025 в 9:25
️ Қазақстан U-19 құрамасы Словениядағы халықаралық жарысқа қатысады 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словенияда өтетін «Slovenia Nations Cup-2025» халықаралық турнирінде бақ сынайды. Жарыста Қазақстан, Әзербайжан, Исландия, БАӘ, Польша, Фарер аралдары, Шотландия және Словения құрамалары өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасы БАӘ, Шотландия және Исландия ұжымдарымен кездеседі. Матчтар Словенияның Рогла және Предвор қалаларында өтеді. Slovenia Nations Cup-2025 Қазақстан U-19 – БАӘ U-19 03.09.20… — Читать дальше
25 Шотландия U-19 – Қазақстан U-19 06.09.2025 Исландия U-19 – Қазақстан U-19 09.09.2025
Развернуть и показать
еще 1 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF26 августа 2025 в 22:34
ҚУАН, ҚАЗАҚ ЕЛІ! «ҚАЙРАТ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ КЕЗЕҢІНДЕ УЕФА Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің шешуші матчында алматылықтар шотландиялық «Селтикті» пенальти сериясында тізе бүктіріп, басты турнирдің жалпы кезеңіне жолдама алды. Бұл ойын – қазақ футболының жаңа белесі. Шешуші сәтте ұлттық құраманың қақпашысы Темірлан Анарбеков ерлік көрсетіп, командасын жеңіске жетеледі. БҰЛ НАҒЫЗ ТАРИХ!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF19 августа 2025 в 13:36
️ Арсен Әшірбек, Дамир Қасабулат – кеңейтілген тізімде Әли Әлиев қыркүйек айында өтетін матчтарға ұлттық құрамаға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Нақты тізім бірнеше күннен кейін белгілі болады. Оқу-жаттығу жиыны 30 тамызда Астанада басталады. Қыркүйекте ұлттық құрама екі ойын өткізетінін естеріңізге салайық. Қазақстан – Уэльс 2026-Әлем чемпионаты | Іріктеу кезеңі 04.09.2025 | 19:00 ️ «Астана Арена», Астана ️ Билеттер Ticketon.kz сайтында
Бельгия – Қазақстан 2026-Әлем чемпионаты | Ірікте… — Читать дальше
у кезеңі 07.09.2025 | 23:45 ️ «Лотто Парк», Брюссель
Развернуть и показать
еще 2 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF15 августа 2025 в 8:08
«Арман» – жағажай футболынан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы Павлодарда жағажай футболынан 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының маусымы аяқталды. Павлодардың «Арман» командасы бір жылдық үзілістен қайта чемпион болып, 16-шы рет топ жарды. Күміс жүлдені Абай облысының Barqy командасы иеленсе, Жетісу облысының «Малайсары» командасы үздік үштікті түйіндеді. Финалдық тур аяқталған соң маусымның үздіктері анықталды. Үздік қақпашы: Дмитрий Бровко («Barqy») Golden Beach Boy үздік жас ойыншы: Михаил Кайзер («Арман») Үздік бапкер: Самат Ысқақов («Малайс… — Читать дальше
ары») Сұрмерген: Дәурен Қойшыбаев («Omega») Үздік төреші: Азамат Ахметов (Алматы) Үздік ойыншы: Саят Әшімов («Малайсары») Матчтар нәтижесі: II тур Бірінші ойын күні: Omega – ТК B&A – 2:4 Арман – Барыс – 7:1 ТК B&A – Barqy – 1:3 Omega – Барыс – 9:4 Арман – Малайсары – 7:3 Екінші ойын күні: Малайсары – Barqy – 4:2 Арман – ТК B&A – 6:1 ТК B&A – Барыс – 3:4 Barqy – Арман – 2:6 Omega – Малайсары – 4:7 Үшінші ойын күні: Barqy – Барыс – 5:2 ТК B&A – Малайсары – 6:6 (пен. 5:6) Omega – Арман – 2:3 Малайсары – Барыс – 8:5 Barqy – Omega – 7:5
Показать
еще 4 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF13 августа 2025 в 15:46
Уэльске қарсы матчының билеттері онлайн сатылымға шықты! КЕТТІК!!! Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады! Бағасы 1500 теңгеден басталады. ‼️ Айта кетейік, алыпсатудың алдын алу үшін сатып алынған билет ойын күні көрсеткен поштаңызға келеді. Билеттер ТЕК ОНЛАЙН сатылады. Билетті алып-сатарлардан сатып алмауларыңызды сұраймыз. Ұлттық құраманы қолдап, матчтың 12-ойыншысы атаныңыз. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды! Казақстан – Уэльс ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі 04.09.2025 ⏱️ 19:00 «Астана Арена», Астана ticketon… — Читать дальше
.kz
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF13 августа 2025 в 0:21
ТАРИИИИИХ! «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Алматылықтар Братиславада «Слованнан» пенальти сериясында басым түсіп, іріктеудің кезеңіне шықты. ️ Плей-оффта «Қайрат» шотландиялық «Селтикпен» кездеседі. Жарайсыңдар, жігіттер!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF6 августа 2025 в 20:10
ЖЕҢІС! «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында словакиялық «Слованды» 1:0 есебімен жеңді. ️ Жеңіс голын ұлттық құраманың шабуылшысы Дастан Сәтпаев 90-минутта пенальтиден соқты. Қарымта матч 12 тамыз күні Братиславада өтеді. Сәттілік, жігіттер!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF31 июля 2025 в 15:12
Бізді Италиямен маңызды екі ойын күтіп тұр! Футзалдан Еуропа чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңіндегі Италия құрамасына қарсы ойындардың өтетін жері мен уақыты белгілі болды. Әуелі 18 қыркүйек күні сырт алаңда – Фазано қаласында ойнасақ, 23 қыркүйек күні италиялықтарды Астанада қабылдаймыз. Италия – Қазақстан 18.09.2025 23:00 (Астана уақыты) PalaSport спорт кешені, Фазано Қазақстан – Италия 23.09.2025 19:30 (Астана уақыты) Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана қаласы Билеттер туралы ақпарат ойындарғ… — Читать дальше
а жақын уақытта хабарланады
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF30 июля 2025 в 9:16
Жастарымыз Өзбекстанмен кездеседі Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы U-21 жастар құрамалары арасында екі жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді. Матчтар 12 мен 14 қазан күндері Ташкентте өтеді. Айта кетейік, Қазақстан U-21 құрамасы 9 қазанда Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Андоррамен ойнайды.
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF29 июля 2025 в 20:04
«ҚАЙРАТ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ Алматылықтар УЕФА Чемпиондар лигасына 2-іріктеу кезеңінің қарымта ойынында 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. ️ Жалпы есеп 3:2 – қазақстандық команда 3-кезеңге жолдама алды. ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚАЗАҚ ЕЛІ!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF28 июля 2025 в 13:06
️ Бақтиер Зайнутдинов мансабын мәскеулік «Динамода» жалғастырады Ұлттық құраманың ойыншысы мәскеулік «Динамо» командасының ойыншысы атанды. Жаңа командада сәттілік тілейміз, Баха!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF27 июля 2025 в 14:29
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы – В дивизион жеңімпазы! Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Euro Beach Soccer League турнирінің В дивизионын үш жеңіспен аяқтап, Элиталық дивизионға жолдама беретін промо-финалға өтті! Турнир Италияның Кастелламмаре ди Стабиа қаласында өтті. Матчтар нәтижесі: Қазақстан 3:2 Румыния ️ Гол соққандар: Деринг, Маликов, Кайзер Қазақстан 6:4 Норвегия ️ Гол соққандар: Кайзер (2 гол), Деринг, Құрбанов, Шевчук, Мыңбаев Қазақстан 5:4 Мальта ️ Гол соққандар: Құрбанов, Мыңбаев, Деринг, Демешко, Кайзер… — Читать дальше
3 ойын – 3 жеңіс, 9 ұпай
Қазақстан футбол федерациясы | KFF22 июля 2025 в 20:18
«Қайрат» Финляндияда жеңіліс тапты Алматылықтар УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында есе жіберді. Барлығы қарымта ойында шешіледі. Алға, «Қайрат»!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF17 июля 2025 в 21:12
Ойындар аяқталды Өкінішке қарай «Ордабасы» өз алаңында «Торпедомен» тең түсіп, еурокубоктағы жорығын аяқтады Ал Қобланды батыр стадионында өткен кездесуде «Ақтөбе» польшалық «Легиядан» жеңіліп, әрі қарай УЕФА Конференция лигасында өнер көрсетеді.
Развернуть и показать
еще 1 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF15 июля 2025 в 15:21
ҚФФ мен Freedom QJ League басшылығының жұмыс кездесуі өтті Астанадағы «Футбол үйінде» Қазақстан футбол федерациясы мен Freedom QJ League лигасының басшылығы арасында жұмыс кездесуі өтті. ҚФФ тарапынан кездесуге Федерация президенті Марат Омаров, бас хатшы Давид Лория, Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Руслан Балтиев және техникалық директор Геннадий Скуртул, ал Freedom QJ League тарапынан президент Рохус Шох, атқарушы директор Александр Орлов, спорттық-талдамалық бөлімнің жетекшісі Арсен Іңкәрбеков және travel-менеджер Әмір Есеркепов… — Читать дальше
қатысты. Тараптар кездесуде Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболының қазіргі жағдайы мен болашағын, соңғы үш жылда бірлескен жұмыстарды талқылады. Сондай-ақ ынтымақтастық нәтижелері қорытындыланып, жаңа бастамаларды іске асыру барысы да қаралды. Қос тарап жасөспірімдер футболын дамытуға және жас ойыншыларды дайындау жүйесін нығайтуға бағытталған жобаларды одан әрі жүзеге асыруға дайын екенін растады.
Состоялась рабочая встреча руководства КФФ и Freedom QJ League В Астане, в «Доме футбола», прошла рабочая встреча с участием руководства Казахстанской Федерации Футбола и Freedom QJ League. Со стороны КФФ во встрече приняли участие президент Федерации Марат Омаров, генеральный секретарь Давид Лория, директор Департамента национальных сборных Руслан Балтиев и технический директор Геннадий Скуртул. Freedom QJ League представляли президент Рохус Шох, исполнительный директор Александр Орлов, руководитель спортивно-аналитического блока Арсен Инкарбеков и travel-менеджер Амир Есеркепов. В ходе совещания стороны обсудили текущее состояние и перспективы детско-юношеского футбола в Казахстане, уделив особое внимание совместной работе, которая активно ведется в последние три года. Были подведены промежуточные итоги сотрудничества, а также согласованы подходы к ряду новых инициатив. Стороны подтвердили готовность к дальнейшему партнерству и реализации совместных проектов, направленных на развитие юношеского футбола и укрепление системы подготовки молодых игроков по всей стране.
Қазақстан футбол федерациясы | KFF13 июля 2025 в 13:34
Тимур Кумашев пен Георгий Чеховский маусымның соңына дейін жұмысынан шеттетілді ҚФФ Төрелік және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өткен «Тұран» — «Қызылжар» матчындағы төрешінің даулы шешіміне байланысты ресми түсініктеме берді. Төрелік және инспекция департаменті қоғамда үлкен резонанс тудырған эпизодты қарап, бас төреші Тимур Кумашев пен видеокөмекші Георгий Чеховскийдің келісілген ойындарға қатысы болуы мүмкін деген ҚФФ Интегрити офицерінің мәліметін зерттеді. 1… — Читать дальше
2 шілдеде өткен матчтың 84-минутындағы эпизод жан-жақты талданып, бейнематериалдар қаралды. Төрешілердің түсініктемелері мен сарапшылар пікірі тыңдалды. Нәтижесінде «Тұран» қорғаушысы шабуылшыны екі қолымен ұстағаны анықталды. Алайда шабуылшының кейінгі әрекеті: әдейі құлау және шынайы жанасуға сай келмейтін симуляция ретінде бағаланды. 11 метрлік айып добын белгілеуге себеп болғанымен, бұл жағдайда ең дұрыс шешім – пенальти белгілемеу еді. Бас төреші мен VAR тарапы эпизодты жеткілікті кәсіби деңгейде бағаламады. Сондай-ақ төрешілер бригадасының өзара үйлесімді әрекет етпеуі салдарынан негізсіз шешім қабылданғаны тіркелді. Бұған қоса, Тимур Кумашев бұған дейін ҚФФ Интегрити офицерінің ұсынысымен бір айға төрешіліктен уақытша шеттетілген болатын. Ал Георгий Чеховскийге қатысты тергеу жүргізілгенге дейін оны да қызметінен шеттету ұсынылған. Аталған екі тұлға да келісілген ойындарға қатысы бар деген күдікпен жүргізіліп жатқан тергеуге іліккен. ҚФФ төрешілік жүйесіне деген сенімді сақтау және оның беделін қорғау мақсатында, сондай-ақ Интегрити офицерінің ұсынымына сәйкес: – Тимур Кумашев 2025 жылғы маусымның соңына дейін ҚФФ аясындағы матчтардан шеттетілді. – Георгий Чеховский 2025 жылғы маусымның соңына дейін ҚФФ аясындағы матчтардан шеттетілді.
Қазақстан футбол федерациясы | KFF11 июля 2025 в 17:13
Қазақстанда әуесқойлар арасында футболдан жаңа чемпионат басталды Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық футбол саласындағы ең ірі ұлттық жобаны таныстырды. Бүгіннен бастап еліміздің барлық аймағын қамтитын 11х11 форматында «Қазақстан әуесқой лигасы» басталды. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында айтылған басым бағыттармен үндеседі. Жолдауда бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызы ерекше атап өтілген. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған лига енді жыл сайын өткізіледі. Осы маусымға еліміздің… — Читать дальше
20 өңірінен 268-ден астам команда, 5000-нан астам ойыншы қатысады деп күтіліп отыр. Оған қоса 34 локацияда 1500-ден астам ойын өткізу жоспарланды. «Қазақстан әуесқой лигасын» құру – федерациясының стратегиялық мақсатына сай келеді. Бұл бастама елдегі футболдың дамуын бірізді жүйеге түсіруге бағытталған: әуесқой деңгейден бастап кәсіпқой футболға дейінгі толық құрылым қалыптастыру көзделіп отыр. Лиганың тағы бір маңызды міндеті – аймақтардағы футбол инфрақұрылымын нығайтып, оның қоғамдағы беделін арттыру. «Біз бұрын-соңды болмаған осындай ауқымды жобаны тек сайыс ретінде емес, отандық футболдың жаңа даму сатысы деп қарастырамыз. Себебі бұл додаға футболды сүйген әр адамның қатыса алады. Осы бәсекенің нәтижесінде өңірлік командалардың саны артып, жастарға жаңа мүмкіндіктер беріледі. Біздің мақсат футболдың әлеуетін дамытып, өңірлердегі спорттық өмірді жандандырып, жанкүйер мен ойыншылардың арманына жол ашу. Осылайша аталған жобаның жыл сайын жоғары деңгейде өтуіне қажетті қолдауды көрсетеміз», – деп атап өтті ҚФФ Бас хатшысы Давид Лория. Жарыс екі кезеңнен тұрады. Аймақтық кезең мамыр мен қыркүйек аралығында еліміздің 20 өңірінде өтеді. Ал үздік командалар қазан айында Қазақстан Республикасы чемпионы атағын сарапқа салады. Турнир жеңімпазы 2026 жылғы маусымда Екінші лигада ойнауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, келесі жылғы Қазақстан кубогына қатысып, еліміздің атынан УЕФА Аймақтар кубогында өнер көрсетеді. Турнир жыл сайын тұрақты түрде өтеді. Алдағы уақытта оның форматы кеңейіп, қамту аясы артады. Бұл қадам футбол экожүйесінің барлық деңгейде дамуына серпін береді.
Показать
еще 4 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF11 июля 2025 в 5:47
Келесі кезеңге жолдама иегері Ақтөбеде белгілі болады «Ақтөбе» УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді. Польшаның Варшава қаласында өткен матчтың тағдырын бірінші таймда соғылған жалғыз гол шешті. Қарымта матч 17 шілде күні Ақтөбеде өтеді. Сенеміз, жігіттер!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF10 июля 2025 в 21:07
️ Барлығы қарымта матчта шешіледі «Ордабасы» УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі аьғашқы ойынын өткізді. Кутаиси қаласында өткен матчта шымкенттіктер соңғы минутта гол жіберіп, есе жіберді. Бұл ойында ұлттық құраманың жігіттері Бекхан Шайзада, Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов және Муроджон Халматов алаңға шықты. Қарымта матч 17 шілде күні Шымкентте өтеді. Сенеміз, жігіттер!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF10 июля 2025 в 8:18
Сәттілік, жігіттер! Бүгін «Ақтөбе» мен «Ордабасы» еурокубоктың іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды. Командаларымызға жанкүйер болайық. Алға, Қазақстан!
Развернуть и показать
еще 1 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF8 июля 2025 в 9:21
Бүгін Қазақстан чемпионы «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз! Алға, Қазақстан!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF6 июля 2025 в 7:02
Қазақстан футбол федерациясы барша жанкүйерлерді, елорда тұрғындары мен қала қонақтарын, сонымен қатар, әр қазақстандықты астанамыздың туған күнімен құттықтайды! 2006 жылдан бастап жыл сайын 6 шілде күні еліміздің бас қаласының туған күні тойланып келеді. Елорда күні – елдігімізді ұлықтайтын ерекше мерекеге айналды. Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – елордамыздың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Бұл – отандастарымыздың ізгі үміттері ақталып, бақыт жолына бастайтын арман қала. Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, мол бақыт және береке-б… — Читать дальше
ірлік тілейміз! Елорда күні құтты болсын!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF3 июля 2025 в 13:12
Қарсыласымыз – Италия Футзалдан Еуропа чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңіндегі қарсыласымыз анықталды. Плей-офф матчтары 15—24 қыркүйек аралығында өтеді. Бірінші матчты сырт алаңда ойнаймыз.
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF23 июня 2025 в 13:17
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды 23 маусымда Алматы облысы Талғар қаласында халықаралық FIFA стандартына сай KFF Academy by Almaty International Airport ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті. Жоба Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен, Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Салтанатты шарада алғашқы құттықтау сөз сөйлеген TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптан компанияның бұл жобаға қатысуы әлеуметтік жауапкершілікпен ғана шектелмейтінін айтты. Оның с… — Читать дальше
өзінше, жоба компанияның орнықты дамуында стратегиялық маңызға ие. «TAV Airports Holding үшін тұрақты даму құндылықтары жауапкершілікке, қоғаммен тығыз байланыс орнатуға және бизнестен бөлек мақсаттарға ұмтылуға негізделген. Біз үшін корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік – жай ғана нәрсе емес, ол қызметіміздің негізі. Жастардың дамуына және қоғамның игілігіне бағытталған бастамаларды қолдау – біздің стратегиямыз бен іс-әрекетімізді айқындайтын құндылық», – деді С. Каптан. Академияның құрылысы – кезекті спорттық жоба ғана емес. Бұл – адами капиталға, балалардың болашағы мен спорт әлеуетін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция. Мұнда жас таланттарды анықтап, оларды дамытуға жүйелі негіз қалыптастырып, кәсіби дайындықпен қатар, онда тұруға, білім алуға және футбол қауымдастығына бейімделуге қажетті жағдай жасалады. Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың айтуынша, академияда жас футболшыларға жүйелі түрде заманауи футбол талаптарына сай дайындалуға барлық жағдай жасалады. Жоба – балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудағы маңызды қадам. «Бүгін іргетасы қаланған футбол академиясы – Қазақстан футбол федерациясының ауқымды және стратегиялық маңызы зор алғашқы жобасы. Ол еліміздегі жас футболшыларды даярлау жүйесін өзгертіп, жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді», – деді ҚФФ президенті Марат Омаров. Құрметті қонақтардың сөзінен соң, академияның іргетасын қалау рәсімі салтанатты түрде жарияланды. Шарада жоба басшылығы футбол добына қолтаңбаларын қойып, оны жас спортшыларға табыстады. Академияның жалпы аумағы – 5 520 шаршы метр. Ол үш негізгі блоктан тұрады: спорттық, әкімшілік-тұрмыстық және жатақхана. Спорттық блокта жабық футбол залы, жалпы дене дайындығы залы, қалпына келу бассейндері, киім ауыстыратын және қызметтік бөлмелер болады. Әкімшілік-тұрмыстық блокқа жаттықтырушы кабинеттері, медициналық және оңалту бөлмелері, конференц-зал, асхана және техникалық бөлмелер орналасады. Ал төрт қабатты жатақханада оқушылар мен қызметкерлерге арналған бөлмелер, демалыс және жеке дайындық аймақтары бар. KFF Academy by Almaty International Airport – балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту жүйесін нығайту жолындағы маңызды қадам. Бұл жаңа буын спортшыларын даярлауға арналған тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыстарының бастамасы. Академия әріптестік қарым-қатынас пен тәжірибені ұштастырған ел спортын жетілдірудегі сапалы әрі жүйелі көзқарастың үлгісіне айналмақ.
В Талгаре стартовало строительство KFF Academy by Almaty International Airport 23 июня в городе Талгар состоялась официальная церемония запуска строительства «KFF Academy by Almaty International Airport» – современной футбольной академии, соответствующей международным стандартам FIFA. Проект реализуется по инициативе Казахстанской федерации футбола при поддержке Международного аэропорта Алматы и финансируется исключительно за счёт собственных средств аэропорта. Церемонию запуска строительства академии открыл генеральный директор TAV Airports Holding Серкан Каптан. Обращаясь к участникам мероприятия, он подчеркнул, что участие компании в этом проекте – не просто проявление социальной ответственности, а осознанная часть стратегического подхода к устойчивому развитию: «В TAV Airports Holding мы искренне верим, что устойчивое развитие строится на прочных ценностях – ответственности, социальной вовлечённости и стремлении к развитию за рамками бизнеса. Корпоративная социальная ответственность для нас – не формальность, а основа всей нашей деятельности. Поддержка инициатив, направленных на развитие молодёжи и на благо общества – это важнейшая ценность, определяющая нашу стратегию и наши действия». Строительство академии – это не просто очередной спортивный проект. Это долгосрочная инвестиция в человеческий капитал, в будущее детей и спорта. Она создаст системную базу для выявления и развития юных талантов, обеспечит не только высокопрофессиональную подготовку, но и условия для проживания, учёбы, отдыха и интеграции в футбольное сообщество. Президент Казахстанской федерации футбола Марат Омаров рассказал, что академия создаст условия для системной подготовки молодых футболистов, соответствующих требованиям современного футбола, и будет важным шагом в развитии детско-юношеского спорта. «Академия создаст условия для системной подготовки юных футболистов в соответствии с требованиями современного футбола. Это важный шаг на пути к формированию сильной, устойчивой базы для детско-юношеского спорта в Казахстане и формированию нового поколения казахстанских футболистов», – отметил президент КФФ. После выступлений почётных гостей был торжественно дан официальный старт строительству академии. На церемонии руководители проекта подписали футбольный мяч и передали его юным спортсменам как напоминание о том, ради кого создаётся эта академия. Общая площадь академии – 5 520 м² и она будет состоять из трёх функциональных блоков: спортивного, административно-бытового и жилого. В спортивном блоке предусмотрены крытый футбольный зал, зал общей физической подготовки, восстановительные бассейны, раздевалки и служебные помещения. Административно-бытовой блок включает кабинеты тренеров, медицинские и реабилитационные кабинеты, конференц-зал, столовую и технические помещения. Жилой блок представляет собой четырёхэтажное общежитие с комнатами для обучающихся и персонала, зонами отдыха и самостоятельной подготовки. Строительство «KFF Academy by Almaty International Airport» – это важный шаг в укреплении системы детско-юношеского футбола и в создании устойчивой инфраструктуры для подготовки спортсменов нового поколения. Академия призвана стать примером качественного подхода к развитию спорта в стране, объединяя опыт и партнёрство сторон.
Показать
еще 4 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF19 июня 2025 в 8:19
Alatau City Bank – Қазақстан футбол федерациясының жаңа бас демеушісі Қазақстан футбол федерациясы мен Alatau City Bank стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Биылдан бастап банк ҚФФ-ның бас демеушісі, Қазақстан Премьер-лигасының титулдық серіктесі, сондай-ақ футболдан ұлттық құраманың және футзал құрамаларының ресми демеушісі атанды. Бұл серіктестік – отандық футболды дамытудағы маңызды кезеңнің басталуы. ҚФФ мен Alatau City Bank арасындағы ынтымақтастық ортақ құндылықтарға, спорт мәдениетін нығайтуға және жастарды салауатты өм… — Читать дальше
ір салтына баулуға негізделген. Alatau City Bank директорлар кеңесінің төрағасы Қуат Қожахметов: «Футбол – тек ойын емес, ол – миллиондаған қазақстандықтарды біріктіретін энергия көзі. Біз қазақстандық футболдың халықаралық аренадағы орнын нығайтуды ғана емес, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосуды көздейміз. Бұл әріптестік балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға тың серпін бермек. Себебі ұлттық футболдың болашағы дәл осы жас таланттарды қолдаудан басталады. Біз футбол саласындағы осындай ауқымды істің басынан табылғанымызға қуаныштымыз. Ел игілігі үшін ауқымды жобаларды ҚФФ-мен бірге жүзеге асыратынымызға сеніміміз мол». Ірі қаржы институтымен жасалған бұл келісім ҚФФ басшылығының футболға жеке инвестиция тартудағы стратегиялық бағытын айқындайды. Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров: «Alatau City Bank сынды қуатты серіктестің қолдауы – қазақстандық футбол үшін елеулі қадам. Бұл ынтымақтастық бізге батыл шешім қабылдауға, жобалар аясын кеңейтуге, құрамалар жүйесін нығайтып, лигаларды дамытуға мүмкіндік береді. Банк басшылығының ҚФФ-ға сенімі үшін алғыс білдіреміз. Бұл спорт пен бизнестің табысты ынтымақтастығының жарқын үлгісіне айналады деп сенеміз». Аталған серіктестік кәсіби турнирлерді қаржыландыру, ұлттық құрамаларды қолдау, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, сондай-ақ әлеуметтік және білім беру жобаларына қатысу сынды негізгі бағыттарды қамтиды. Бұл келісім ҚФФ-ның қаржылық тұрақтылығын күшейтіп қана қоймай, футболды ел өміріндегі маңызды бағыт ретінде дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Alatau City Bank – Қазақстандағы ірі әмбебап банк, активтер көлемі бойынша елдегі банктер арасында алтыншы, ал меншікті капиталы бойынша үшінші орында. Бұрын бұл банк «Jusan Bank» брендімен жұмыс істеген.
Alatau City Bank – новый генеральный спонсор Казахстанской федерации футбола Казахстанская федерация футбола заключила стратегическое соглашение с Alatau City Bank, который с 2025 года становится генеральным спонсором КФФ, титульным партнером Казахстанской Премьер-лиги, а также официальным спонсором национальных сборных по футболу и футзалу. Партнерство между КФФ и Alatau City Bank знаменует собой важный этап в развитии отечественного футбола. Это сотрудничество основано на общих ценностях – стремлении к развитию, укреплению спортивной культуры и вовлечению молодежи в здоровый и активный образ жизни. Куат Кожахметов, Председатель Совета директоров Alatau City Bank: «Футбол – это не просто игра, это энергия, которая объединяет миллионы казахстанцев. Мы стремимся не только способствовать укреплению позиций казахстанского футбола на международной арене, но и внести свой вклад в популяризацию физкультуры, спорта и здорового образа жизни. Для нас особенно важно, что это партнерство будет способствовать развитию детского и юношеского спорта – ведь именно с поддержки юных талантов начинается будущее национального футбола. Мы рады стать частью большого футбольного движения и уверены, что вместе с КФФ сможем реализовать масштабные инициативы на благо всего Казахстана». Соглашение с крупным финансовым институтом отражает стратегический курс руководства КФФ на привлечение частных инвестиций в казахстанский футбол. Марат Омаров, президент Казахстанской федерации футбола: «Появление такого сильного партнера, как Alatau City Bank, – это знаковый шаг для всего казахстанского футбола. Это поддержка, которая позволит двигаться вперед смелее, расширять проекты, укреплять систему сборных и развивать лиги. Мы благодарны банку за доверие и уверены, что наше сотрудничество станет примером эффективного союза спорта и бизнеса». Партнерство охватывает такие ключевые направления, как финансирование профессиональных соревнований, поддержку сборных команд, развитие детско-юношеского футбола, а также участие в социальных и образовательных инициативах. Заключенное соглашение не только укрепляет экономическую устойчивость КФФ, но и открывает новые горизонты для продвижения футбола как важной части общественной жизни страны. Alatau City Bank – крупный казахстанский универсальный банк, занимающий шестое место среди БВУ страны по размеру активов и третье место по размеру собственного капитала. Ранее работал под брендом Jusan Bank.
Развернуть и показать
еще 1 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF13 июня 2025 в 15:44
️ Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен «Қазақтелеком» АҚ «Ертіс» футбол клубына инвестиция салды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерін отандық футболды қолдауға шақырды. Осы тапсырманың аясында Қазақстан футбол федерациясы кәсіби клубтарға жеке инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмысты бастады. Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың бастамасымен бұл бағыттағы алғашқы қадам жасалды. Павлодарлық «Ертіс» клубы мен «Қазақтелеком» АҚ, «Kcell» АҚ және activ бренді… — Читать дальше
арасында әріптестік байланыс орнатылды. Аталған әріптестік кәсіби футболға жеке инвестициялар тартуды, өңірде балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамытуды, сондай-ақ жас спортшыларды дайындауда тұрақты инфрақұрылым қалыптастыруды көздейді. «Біз дәстүрлі жарнамадан гөрі шынайы серіктестікке басымдық бердік. Тарихы терең, рухы мықты «Ертіс» талай буынды шабыттандырып, аты аңызға айналған клуб. Бес дүркін ел чемпионы, Кубок иегері, чемпионаттарда медаль саны бойынша рекорд жасаған. Азия мен Еуропа ареналарында 2000-нан астам ойын өткізген. Қазір команда даму жолындағы маңызды кезеңнен өтіп жатыр, біз оның алдыңғы қатарға қайта оралатынына сенеміз», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин. ҚФФ басқарушы директоры Бекжан Сафинов Федерация президентінің бизнес өкілдерін футболға тартудағы белсенді жұмысын атап өтті: «ҚФФ президенті Марат Омаров футболды дамытуға инвестиция тартудың маңыздылығын күн тәртібінен түсірмей келеді. Біз дәл осы бағытқа басымдық беріп отырмыз. Бүгінгі әріптестік – футбол клубтарын трансформациялаудағы үлкен жұмыстардың бастауы». Өз кезегінде Kcell компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жамбакин спортты дамытуға қатысу – жас ұрпақтың кемел келешегіне жасалған маңызды қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, activ брендінің де философиясы дәл осындай бастамаға бағытталған: «Ертіс» футбол клубы – тұтас өңірдің тарихы, мектебі мен қуаты. Біз жай ғана секцияларға емес, жас ойыншылар үшін нақты мүмкіндіктерге инвестиция салып отырмыз. Ертеңгі күн дәл осы сәттен қалыптасады, сол үшін біз де біргеміз». ℹ️ Анықтама үшін: «Қазақтелеком» АҚ – Қазақстандағы телекоммуникация саласындағы ұлттық көшбасшы, елдің цифрлық инфрақұрылымының тұрақты дамуына жауап береді. Компания еліміздегі барлық қала мен өңірді біріктіретін ең ірі талшықты-оптикалық желінің иесі. «Қазақтелеком» миллиондаған азаматтарға, бизнес пен мемлекеттік органдарға байланыс, интернет және цифрлық қызметтер ұсынады. «Kcell» АҚ – цифрлық телекоммуникация қызметтерінің жетекші операторы. Мобильді және тұрақты байланыс, интернет, қаржылық және IT шешімдерін халық пен бизнеске ұсынады. Kcell-дің 5G желісі ел халқының 45%-дан астамын қамтиды. Kcell және activ брендтері корпоративті және бұқаралық сегментте сәтті жұмыс істеп, ыңғайлы цифрлық өнімдер мен жоғары клиенттік сервисті қамтамасыз етеді.
️ При поддержке Казахстанской федерации футбола АО «Казахтелеком» направил инвестиции в ФК «Ertis» Глава государства Касым-Жомарт Токаев на Национальном курултае призвал предпринимателей и представителей бизнеса обратить внимание на отечественный футбол. В рамках данного поручения КФФ начала системную работу по привлечению частных инвестиций в профессиональные клубы. По инициативе президента КФФ Марата Омарова первым шагом в этом направлении стало партнерство между павлодарским клубом «Ertis» и компаниями АО «Казахтелеком», АО «Kcell» и брендом activ. Партнерство подразумевает привлечение частных инвестиций в профессиональный футбол, развитие детско-юношеского и массового футбола в регионе, а также формирование устойчивой инфраструктуры для подготовки молодых спортсменов. «Вместо традиционной рекламы мы выбрали живое партнерство. С клубом, чья история и энергия говорят сами за себя. «Ertis» вдохновлял целые поколения: пятикратный чемпион страны, обладатель Кубка, рекордсмен по количеству медалей в чемпионатах. Более 2000 матчей в активе, в том числе на аренах Азии и Европы. Сегодня команда проходит важный этап своего пути, и мы верим в ее возвращение на ведущие позиции», – подчеркнул председатель правления АО «Казахтелеком» Багдат Мусин. Управляющий директор КФФ Бекжан Сафинов подметил, что президент федерации ведет активную работу по привлечению бизнеса в футбол: «Президент КФФ Марат Омаров отмечает важность привлечения частных средств в развитие футбола. Мы фокусируемся в этом направлении. Сегодняшнее партнерство – это начало большой работы по трансформации футбольных клубов». Компания Kcell, в свою очередь, подчеркнула, что участие в развитии спорта – это вклад в формирование сильного поколения и в устойчивое будущее. По словам председателя правления АО «Кселл» Аскара Жамбакина, философия бренда activ напрямую связана с такими инициативами: «Футбольный клуб „Ertis“ – это история, школа и энергия всего региона. Мы инвестируем не просто в секции, а в реальные возможности для юных игроков. Нам важно быть рядом там, где рождается завтрашний день».
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF10 июня 2025 в 21:31
3️⃣ ойын – 2️⃣ жеңіс пен 1️⃣ тең ойын Қазақстан U19 құрамасы Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынын жеңіспен аяқтады Кирилл Кекер баптайтын Қазақстан U19 құрамасы ОЖЖ аясындағы үшінші бақылау матчында «Ордабасыны» 2:1 есебімен жеңді. Біздің құрама сапынан Абылай Төлеухан екі гол соқты. Бақылау ойындарының нәтижесі: Қазақстан U19 – «Ордабасы» 2:1 ️ Гол соққан: Абылай Төлеухан (дубль) Қазақстан U19 – «Тұран» 1:1 ️ Гол соққан: Абылай Төлеухан Қазақстан U19 – «Оңтүстік Академиясы» 2:1 ️ Гол соққан: Абылай Төлеухан, Алдияр Нұрғали
Қазақстан футбол федерациясы | KFF9 июня 2025 в 21:52
Барлығы үшін рақмет, капитан! ️ Бүгін капитанымыз Асхат Тағыберген ұлттық құрама сапында соңғы ойынын өткізді. 2014 жылдан бастап ел намысын қорғап, әрбір ойында барын салған Асхат – тек мықты футболшы ғана емес, ұрпаққа үлгі болар нағыз патриот. Оның жанкештілігі, сабырлылығы мен еңбекқорлығы жас ойыншыларға жол көрсетіп кетті. Ұлттық құрамадағы жолы аяқталса да, оның есімі жанкүйерлер жүрегінде мәңгі сақталады. Сенің есімің қазақ футболының тарихында алтын әріптермен жазылады
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF9 июня 2025 в 17:55
Қазақстан футбол федерациясы | KFF8 июня 2025 в 13:04
Соңғы минуттағы гол матч тағдырын шешіп кетті Грузиямен U17 өткен жолдастық матч 2:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан Расул Әкімов көзге түсті.
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF8 июня 2025 в 8:43
Бүгін Қазақстан U17 жасөспірімдер құрамасы Әзербайжандағы екінші жолдастық матчын өткізеді Қарсыласымыз – Грузия U17 құрамасы Жолдастық матч. Екінші ойын 08.08.2025 | 13:00 Грузия U17 – Қазақстан U17 ️ Техникалық себептерге байланысты тікелей эфир болмайды
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF7 июня 2025 в 14:27
Қазақстан WU19 құрамасының ЕУРО-25/26 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды Қазақстан WU-19 қыздар құрамасы «В» лигасының 6-тобына түсті Қарсыластарымыз: Израиль Латвия Мальта Ойындар Мальтада өтеді. Жарыстың өтетін уақыты 11 маусымда белгілі болады. Айта кетейік, өз тобында бірінші орын алған алты құрама және екінші орын алғандардың ішінен ең үздігі (төртінші орын алғандарға қарсы ойындар есепке алынбайды) келесі іріктеу кезеңін «А» лигасында бастайды.
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF7 июня 2025 в 14:25
Қазақстан WU17 құрамасының ЕУРО-25/26 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды Қазақстан WU-17 қыздар құрамасы «В» лигасының 3-тобына түсті Қарсыластарымыз: Грузия Босния және Герцеговина Латвия Ойындар Қазақстанда өтеді. Жарыстың өтетін уақыты 11 маусымда белгілі болады. Айта кетейік, өз тобында бірінші орын алған алты құрама және екінші орын алғандардың ішінен ең үздігі (төртінші орын алғандарға қарсы ойындар есепке алынбайды) келесі іріктеу кезеңін «А» лигасында бастайды.
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF5 июня 2025 в 22:26
Ойын аяқталды Келесі ойын 9 маусымда «Астана Аренада» Солтүстік Макелонияға қарсы өтеді. ️ 26’ Громыко (1:0) ️ 31’ Бочерво (2:0) ️ 50’ Мельниченко (3:0) ️ 74’ Кенжебек (3:1) ️ 85’ Шикавка (4:1)
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF5 июня 2025 в 10:09
! Бүгін Қазақстан U21 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды. Алғашқы қарсыласымыз – Андорра. Сіздерді «Астана Аренада» күтеміз. Жастарымызға қолдау көрсетейік! Қазақстан U21 Андорра U21 Еуро-2027 іріктеу кезеңі 05/06 | 19:30 ️ «Астана Арена», Астана Qazsport ️ Ticketon.kz
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF5 июня 2025 в 9:20
Маусым айындағы алғашқы ойынымызды бастаймыз. Алға, Қазақ елі! Беларусь Қазақстан Жолдастық матч 05.06 / 22:00 (20:00 жергілікті уақыт) ️ «Борисов-Арена», Борисов Qazsport
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF30 мая 2025 в 17:15
МАҢЫЗДЫ ЖЕҢІС! Ұлттық құрама Лихтенштейн құрамасы 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Карина Берікова дубль авторы атанса, Әселхан Тұрлыбекова мен Мадина Жаңатаева бір голдан соқты. Алда шешуші ойын – Люксембургке қарсы кездесу 3 маусымда Алматының Орталық стадионвнда өтеді.
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF30 мая 2025 в 9:57
Бүгін Қазақстан WU19 және WU17 құрамалары жолдастық ойындарын өткізеді. Екі кездесу де YouTube-та тікелей эфирден көрсетіледі. Жолдастық матч. Екінші ойын 30.05.2025 | 18:00 Қырғызстан WU17 – Қазақстан WU17 ҰФА, Бішкек Жолдастық матч. Бірінші ойын 30.05.2025 | 19:00 Өзбекстан WU19 – Қазақстан WU19 ӨФҚ базасы, Ташкент
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF28 мая 2025 в 15:33
Қазақстан құрамасының Беларусь пен Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға шақырылған нақты құрамы Құрамға 27 ойыншы енді. Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астанада басталады. Маусымда ұлттық құрама екі ойын өткізетінін естеріңізге салайық. Беларусь – Қазақстан Жолдастық матч 05.06.2025 | 22:00 (Астана уақыты) ️ «Динамо» стадионы, Минск
Қазақстан – С.Македония 2026-Әлем чемпионаты | Іріктеу кезеңі 09.06.2025 | 19:00 ️ «Астана Арена», Астана ️ Билеттер Ticketon.kz сайтында
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF28 мая 2025 в 15:02
ЖЕҢІС Есеп — 2️⃣:1️⃣ Әмина Бибосынова мен Томирис Рахатжан бір-бір голдан соқты. Қырғызстанмен бірінші жолдастық ойында 3️⃣:1️⃣ жеңген едік. Екі күннен соң Ұлттар лигасы аясында Лихтенштейнге қарсы ойнаймыз.
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF27 мая 2025 в 18:09
ЖЕҢІС Қазақстан WU17 құрамасы Бішкекте өткен Қырғызстанмен жолдастық ойында жеңіске жетті. Біздің құрама сапынан Ботагөз Жұмажанова гол соқса, Ангелина Остер дубль авторы атанды. ️ ️ Остер ️ Жұмажанова
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF26 мая 2025 в 18:16
Қазақстан WU17 жасөспірімдер құрамасы Қырғызстанмен жолдастық ойындар өткізеді ️ Юлия Мамонова бастаған Қазақстан WU17 құрамасы 27 және 30 мамыр күндері Бішкектегі Қырғызстан ұлттық футбол академиясында жолдастық матчтарға қатысады. ▶️ Бапкерлер штабы: Юлия Мамонова – аға бапкер Евгений Свешников – аға бапкердің көмекшісі Ксения Постовая – дене даярлығы жаттықтырушысы Ирина Саратовцева – қақпашылар жаттықтырушысы Азамат Оспанов – дәрігер Айман Бейсенова – массажист Наталья Горенко – менеджер Жолдастық матч. Бірінші ойын 27.05.2025 | 1… — Читать дальше
8:00 Қырғызстан WU17 – Қазақстан WU17 ҰФА, Бішкек Жолдастық матч. Екінші ойын 30.05.2025 | 18:00 Қырғызстан WU17 – Қазақстан WU17 ҰФА, Бішкек
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF26 мая 2025 в 12:40
Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті 26 мамыр, Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың төрағалығымен ҚФФ-ның кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті. Конференция жұмысына өңірлік федерация делегаттары, УЕФА президентінің ұлттық қауымдастықтар жөніндегі кеңесшісі Йозеф Климент және ФИФА аймақтық үйлестірушісі Марко Ферри, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы… — Читать дальше
Руслан Есеналин қатысты. Жиынның күн тәртібінде ҚФФ-ның ұйымдастырушы және жарғылық құрылымын жетілдіру мәселелері және Федерация Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Сондай-ақ ҚФФ құрамынан кей мүшелер шығарылып, жаңа мүшелерді қабылдау мәселесі талқыланды. Жаңа өзгерістерге тоқталсақ: енді «Қазақстанның Кәсіби футбол лигасы» ЗТБ жарыстар өткізбейді, сондықтан ҚФФ мүшелігіндегі өкілеттілігі тоқтайды. Осыған сәйкес, ҚФЛ президенті атқарушы комитеттің құрамына лауазымы бойынша ену құқығынан айырылды. Сонымен қатар Жарғы талаптарын бұзған бірқатар ұйым ҚФФ мүшелігінен шығару туралы шешім қабылданды. ҚФФ Жарғысының 66-тармағына сәйкес, Конференция Атқарушы комитеттің кейбір мүшелерінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады: Абраев Олжас Шәкенұлы; Ғилымов Әбілмәжен Қуанышұлы; Жамантаев Ерлан Айтпайұлы; Қосмұхамбетов Талғат Аждарұлы; Нефедов Алексей Петрович; Сидельковский Владимир Семенович. ҚФФ Жарғысына сай атқарушы комитет құрамына келесі кандидаттар сайланды: Гаджиев Гаджи Шапиевич; Ерғалиев Әсет Арманұлы; Құрман Нұрсұлтан Амангелдіұлы; Ломтадзе Михаил Нугзарович; Масудов Вахид Юнусович; Нуну Алешандре Паррейра де Каштру.
Показать
еще 4 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF26 мая 2025 в 10:09
Қазақстан WU-19 құрамасы Өзбекстанмен жолдастық матчтар өткізеді Оқу-жаттығу жиыны барысында Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасында екі жолдастық матч жоспарланған. Ойындар 30 мамыр және 2 маусым күндері Ташкенттегі Өзбекстан футбол қауымдастығы базасында өтеді. Айта кетейік, бұл жиынға Қазақстан WU-19 құрамасын аға бапкер Жанна Мальгаждарова бастап апарады. ▶️ Бапкерлер штабы: Жанна Мальгаждарова – аға бапкер Сюзанна Корнецова – аға бапкердің көмекшісі Алина Коротянская – дене даярлығы бапкері Мадина Шойкина – қақпашылар жаттықтыр… — Читать дальше
ушысы Ботагөз Хусаинова – дәрігер Лайла Есімжанова – массажист Серік Жугралин – менеджер Меруерт Танабаева Жолдастық матч. Бірінші ойын 30.05.2025 | 19:00 Өзбекстан WU19 – Қазақстан WU19 ӨФҚ базасы, Ташкент Жолдастық матч. Екінші ойын 02.06.2025 | 19:00 Өзбекстан WU19 – Қазақстан WU19 ӨФҚ базасы, Ташкент
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF25 мая 2025 в 16:43
Алғашқы жолдастық ойында жеңіске жеттік Есеп — 3️⃣:1️⃣ Ал хет-трик жасаған – Карина Берікова Екі күннен соң дәл осы уақытта Қырғызстанмен екінші жолдастық ойынды өткіземіз.
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF25 мая 2025 в 9:16
Екі жолдастық ойынның – алғашқысы
Жолдастық матч 25.05.2025 | 15:00 Орталық стадион, Алматы QazSport Жанкүйерлерге ойынға кіру тегін – кіргізу батыс (W) қақпаларынан жүзеге асады
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF20 мая 2025 в 11:07
️ Дамир Марат, Дәурен Жұмат, Алмас Төлібай – кеңейтілген тізімде Әли Әлиев маусым айында өтетін матчтарға ұлттық құрамаға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Нақты тізім бірнеше күннен кейін белгілі болады. Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астанада басталады. Маусымда ұлттық құрама екі ойын өткізетінін естеріңізге салайық. Беларусь – Қазақстан Жолдастық матч 05.06.2025 | 22:00 (Астана уақыты) ️ «Динамо» стадионы, Минск
Қазақстан – С.Македония 2026-Әлем чемпионаты | Іріктеу кезеңі 09.06.2025 | 19:00 … — Читать дальше
️ «Астана Арена», Астана ️ Билеттер Ticketon.kz сайтында
Развернуть и показать
еще 2 фото
Қазақстан футбол федерациясы | KFF16 мая 2025 в 16:37
Солтүстік Македонияға қарсы матчының билеттері онлайн сатылымға шықты! КЕТТІК!!! Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады! Бағасы 700 теңгеден басталады. ‼️ Айта кетейік, алыпсатудың алдын алу үшін сатып алынған билет Қазақстан – С.Македония матчы басталуына 3 сағат қалғанда көрсеткен поштаңызға келеді. Билеттер ТЕК ОНЛАЙН сатылады. Билетті алып-сатарлардан сатып алмауларыңызды сұраймыз. Ұлттық құраманы қолдап, матчтың 12-ойыншысы атаныңыз. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды! Казақстан – Солтүстік Македония ӘЧ-2026 ір… — Читать дальше
іктеу кезеңі 09.06.2025 ⏱️ 19:00 «Астана Арена», Астана ticketon.kz
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF16 мая 2025 в 13:53
Қазақстан U21 – Андорра U21 матчының билеттері онлайн сатылымға шықты! 5 маусымда футболдан Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды. Алғашқы ойын Андорраға қарсы өтеді. ️ Билеттерді ticketonkz сайтынан сатып алуға болады! Бағасы 500 теңгеден басталады. Жастарымызға бірге жанкүйер болайық. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды! Казақстан U21 – Андорра U21 Еуро-2027 іріктеу кезеңі 05.06.2025 ⏱ 19:30 «Астана Арена», Астана ️ Ticketon.kz
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF7 мая 2025 в 10:15
Қазақстан футбол федерациясы отандастарымызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды! Табандылық, мықты денсаулық, амандық, ашық аспан тілейміз!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF1 мая 2025 в 15:54
«Атырау» – «Астана» матчының жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру «Атырау» мен «Астана» командалары арасындағы Премьер-лига матчының жекелеген ойын сәттеріне қатысты Ойын ережелеріне сәйкес түсіндірме жариялады. 32 минут – Ұзын пастан кейін алаң иелерінің қақпашысы айып алаңынан тыс жерге шығып, қарсы бағытта келе жатқан шабуылшыны бөгеді. Фол жасалған сәтте қақпашының артында және шабуылшының алдында екі қорғаушы тұрған, олар бұл шабуылшыға кедергі… — Читать дальше
келтіре алатын еді. Мұндай жағдайларда дұрыс шешім – перспективалы шабуылды тоқтатқан қақпашыға сары қағаз көрсетіп, қарсы командаға тікелей еркін соққы беру. Төреші дұрыс шешім қабылдады – VAR бұл эпизодқа араласпауы керек
34 минут – Алаң иелерінің айып алаңында № 13 қорғаушы мен № 15 шабуылшы арасында қақтығыс болды. Қорғаушы аяғын созды, бірақ доп шабуылшыда болды. Ойыншылар арасында байланыс өте аз болғаны байқалады. Шабуылшы кенеттен жерге құлап түсті. Ойын ережелерінде: «төрешіні алдауға тырысқан ойыншы, мысалы, оған фол жасалды деп өтірік көрсету жағдайы» – спорттық емес мінез-құлық үшін сары қағазбен жазалануы керек делінген. Төрешілер мұндай жағдайға қатаң қарауы тиіс! Бұл ретте дұрыс шешім – қарсылас команданың пайдасына еркін соққы белгілеу және сары қағаз көрсету. Төреші дұрыс емес пенальти белгіледі және VAR араласуы керек еді.
90+4 минут – Доп алыстан айып алаңына асырылып, алаңда серпілген соң, айып алаңындағы қонақтар командасының № 22 қорғаушысына тиді. Доп оның иығына жақын қолының жоғары бөлігіне тиді – бұл Ойын ережелеріндегі суретке сәйкес, жазаланбайтын аймаққа жатады. Сонымен қатар, қолы денесіне жақын, табиғи қалыпта орналасқан және дене пішінін үлкейткен жоқ. Төреші белгілеген пенальти дұрыс болмады және VAR дұрыс араласты.
Қазақстан футбол федерациясы | KFF26 апреля 2025 в 9:25
Беларусь құрамасымен кездесеміз Қазақстан ұлттық құрамасы 5 маусым күні Беларусь құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Ойын Минск қаласының «Динамо» Ұлттық олимпиада стадионында болады. Басталу уақыты – Астана уақытымен 22:00-де (жергілікті уақытпен 20:00).
Жолдастық матч 05.06.2025 | 22:00 (KAZ) ️ «Динамо» Ұлттық олимпиада стадионы, Минск
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF25 апреля 2025 в 8:04
️ Қазақстан футболы күні құтты болсын! Бүгін еліміздегі барша футбол қауымы Қазақстан футболы күнін атап өтуде. 2002 жылы 25 сәуірде Стокгольмде өткен УЕФА-ның 26-конгресінде Қазақстан Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағына (УЕФА) ресми түрде қабылданды. Дәл осы күні отандық футболдың тарихында жаңа белестер басталды. Осы жылдар ішінде отандық футбол Еуропа турнирлерінде айтарлықтай жетістіктерге жетіп, өз позициясын нығайтып келеді. Біздің футболды жаңа биіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз және оны сіздермен бірге ғана бағындырамыз. Барш… — Читать дальше
а футбол қауымын осы ерекше мерекемен құттықтаймыз! Футболды дамытуға демеу болып жүрген жандар мен жанкүйерлерге, футболшылар мен бапкерлерге, мамандар мен ардагерлерге, демеушілер мен серіктестерге, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне алғыс айтамыз! Еліміздің ұлттық құрамасы мен отандық футбол клубтарына спорттық жеңістер, жанүкүйерлер қауымына жарқын әсерлер және ұмытылмас эмоциялар тілейміз!
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF15 апреля 2025 в 20:54
Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2026 іріктеу кезеңінің өтпелі ойындарына жолдама алды Біздің жігіттер Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екінші орын алған құрамалардың тізімінде үздік сегіздіктің қатарынан табылып, Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін таласты жалғастыруға мүмкіндік алды. Өтпелі матчтардың жеребесі 15 мамыр күні тартылып, Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталады. Ал өтпелі ойындар биыл 15—24 қыркүйек күндері аралығында өтеді. 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін 20 қаңтар мен 7 ақпан күндері Ла… — Читать дальше
твия және Литва елдері қабылдайды. Келесі мақсат — ЕУРО-2026!
Қазақстан футбол федерациясы | KFF15 апреля 2025 в 13:14
Әлем және Қазақстан футболының аңыздары Астанада кездеседі ️ 25 сәуір — Қазақстан футболы күніне орай елордадағы «Астана Арена» стадионында «1XLegends — Аңыздар ойыны» өтеді. Жасыл алаңға әлем және Қазақстан футболының аңыз ойыншылары шығады. Жанкүйерлер Майкон, Хавьер Дзанетти және Кларенс Зеедорф сынды аты аңызға айналған футболшылардың ойынын тамашалай алады. Қазақстан аңыздар құрамасы сапында Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев, Давид Лория, Танат Нөсербаев бастаған футбол саңлақтары алаңға шығады. Футбол мерекесі Орталық Азияда өтет… — Читать дальше
ін әлемдік турдың алғашқы ойыны болмақ. Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлер асыға күтетін кездесудің қолдаушыларының бірі. Билеттер zakazbiletov.kz сайтында сатылымда.
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF5 апреля 2025 в 12:36
Қыздар құрамасы — Астанада Қазақстан W құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында Арменияға қарсы матчты Астанада өткізеді. Ойын 8 сәуірде 18:00-де «Астана Аренада» өтеді. Қазақстан – Армения Ұлттар лигасы 08.04.2025 | 18:00 (АСТ) «Астана Арена», Астана ️ Кіру тегін
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF2 апреля 2025 в 16:21
Камила Құлмағамбетова Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы мансабын аяқтады 2013 жылы көкшетаулық «Оқжетпес» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасады. 2016 жылы мансабын «БИІК-Шымкент» клубында жалғастырды. Сондай-ақ Украинада «Колос» және «Ворскла» командаларында ойнайды. Мансабында жеті рет Қазақстан чемпионы атанып, жеті мәрте ел Кубогы жеңіп алды. 2012—2014 жылдар аралығында 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасында ойнады. 2016 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының сапына тұрақты түрде шақырту алып жүрді. Ұлттық құрама с… — Читать дальше
апында 26 ойын өткізіп, екі гол соқты. Қазақстан футбол федерациясы Камилаға қыздар футболын дамытуға қосатын кәсіби үлесін бағалап, мансабын сәттілік тілейді.
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF27 марта 2025 в 14:26
Қазақстан WU19 құрамасы ЕУРО-24/25 іріктеу кезеңінде бақ сынайды 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы «В» лигасының 3-тобында Косово, Латвия мен Мальта құрамаларымен ойнайды. Қазақстан WU19 құрамасының ойындар кестесі (Астана уақыты көрсетілген): 1.04.2025 | 17:30 Қазақстан WU19 – Латвия WU19 4.04.2025| 14:00 Косово WU19 – Қазақстан WU19 7.04.2025 | 14:00 Мальта WU19 – Қазақстан WU19
Развернуть
Қазақстан футбол федерациясы | KFF26 марта 2025 в 0:44
ЖЕҢІС! Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі алғашқы 3 ұпайын еншіледі. Жарайсыңдар! Лихтенштейн 0:2 Қазақстан ️ 42’ Самородов ️ 45’ Марочкин
Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына 34 жыл толып отыр. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы.
Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!
Баршаңызға ашық аспан, мол бақыт және аман-саулық тілейміз!