Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет9 мая 2019 в 9:43
Бүгін – әкеміз Ізтұрғанның туған күні. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әкемнің айтқан әңгімелері есімізде. Соғыстың бір ауыр шағында (жалпы, соғыстың жеңіл кезі болмайды ғой) әкемнің дәл жанына снаряд жарылып, ол ауыр жараланыпты…
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет9 мая 2019 в 9:22
Ұлы Отан соғысының тарихы жайлы қызықты мағлұматтарыңыз болса, бізбен бөлісіңіздер.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет9 мая 2019 в 9:21
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Әрдайым аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тынш болғай!
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет18 апреля 2019 в 9:27
Әлеуметтік желіде Еркін Азат деген лақап атпен шығатын желі қолданушысы бар. Ол Қытай үкіметінің солақай саясатына қатысты тақырыптарды, қысым көрген жандардың тағдыры туралы ақпараттарды өзінің «Facebook» парақшасында қазақ, қытай, ағылшын тілдерінде жиі жариялап отырады. Солардың қатарында 8-сәуір күні 30 шақты суреттерімен қоса жарияланған мынадай жазба да бар…
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет18 апреля 2019 в 9:25
Бүгінде әлеуметтік желіде ой-пікірін ғана емес, мемлекет мүддесіне қатысты ұсыныстарын ортаға тастап жатқандар да баршылық. Солардың бірі – «Ұлт мектебі» журналының штаттан тыс тілшісі, саясаттанушы әрі шымкенттік блогер Рүстем Әшетаев. Төлеби ауданының тумасы осыған дейін бірнеше жыл әскери қызметте болған, мұнай саласында жұмыс істеген. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Экономика саласында білім алған ол қазір әлеуметтік желілерде саясаттану тақырыбына көбірек көңіл бөліп жүр. Рүстем мырза Қазақстан Республикасының Президенті Қа… — Читать дальше
сым-Жомарт Тоқаевқа, Үкімет басшысы Асқар Маминге, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, Қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке Ашық хат жолдап, оны «Facebook» желісіне де жариялапты. Онда «Түркістан» халықаралық телевидениесі құрылсын» деген ұсыныс білдіріпті. Біз бұл туралы Рүстем Әшетаевтың өзінен сұрап білдік.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет18 апреля 2019 в 9:24
«Пәктігімді сатамын». Таяуда ғана Айнұр Жәнібекова есімді бойжеткен «7-арна» телеарнасындағы «Өз ойым» бағдарламасында осылай деп жарияға жар салған болатын…
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет16 января 2019 в 13:49
Zamana.kz — Атына заты сай жігіт болған екен
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет20 сентября 2018 в 13:25
Zamana.kz — Күніңізді бір кесе су ішуден бастаңыз
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет6 августа 2018 в 14:50
Ғарыштық қуатпен шипа дарытатын халық емінің академигі Кейде адам мамандықты емес, мамандық адамды өзі «таңдайтын» жағдайлар болады. Халық емшісі Фарида Жамбылованы да қазіргі кәсібі «өзі іздеп келген». Еріксіз мойындатқан тылсым құдіреттің жетелеуімен отыз бес жылдан бері адам емдеп келе жатқан ол – Халық медицинасы және ғарыштық қуат Академиясының академигі. Оның бұдан басқа да марапаттары көп: ордендері мен төсбелгілері, алғыс хат пен халықаралық ұйымдардан алған мақтау қағаздары бір сандықты сықа толтырып тұр. Біз сұхбаттасуға барған күні А… — Читать дальше
станадан тағы да бір алғыс хат алып, қуанып отыр екен. Біздің әңгімеміз осы жайдан басталып, өздігінен өріліп жүре берді. – Он жыл перзент сүймеген ерлі-зайыптылардың хаты. Олар алғаш келгенде: «Біріміз 39-ға, екіншіміз 38-ге келдік. Апа, айтыңызшы, бізде мүмкіндік бар ма? Көмектесе аласыз ба? Болмаса тағдырымыздың екіге бөлінгені де…» – деп қиналды. Тәспімді тартқанда бесік көрсетті. Бірақ ер-азаматтың – белі байлаулы, ал әйелдің жолы жабық еді. Жұмысбасты адамдарды жолынан қалдырмайын деп, екі күн дем салып қайтардым. Суреттерін алып қалдым да, ары қарай сонымен жұмыс жасадым. Бұл сүйінші хабардың бүгін-ертең келетінін өзім де сезіп отырғанмын. – Жұмыс бөлмеңізде сурет пен хат көп екен. Мұның бәрі қашықтан ем жасалып жатқан жандар болды ғой? – Мұндағы әрбір сурет – бір тағдыр. Мен біреудің тағдырымен ойнап, суретін босқа жинамаймын. Суретте адам энергетикасы сақталады, сол арқылы ғарыштық қуатпен ем жасаймын. Адам алыста болып, келе алмаса немесе бірнеше күн ем алуға елі алыс, жұмысы қарбалас болса суретін (10х15) жеткізуі тиіс. Сурет міндетті түрде соңғы 5 күн ішінде түскен жаңа болуы шарт. Бизнесмен болып Пекинге кете ме, жұмысымен Лондонға ұша ма, ара қашықтық маған сөз емес. Тек қана суретін жеткізсе және ниет етіп, мен айтқан шарттарды дұрыс орындаса болғаны. – Ол қандай шарт? – Ішімдік ішпеуі шарт. Жаман нәрсе ойламау, қиянат істемеу, көре алмаушылық сияқты пендешіліктен арылу. Сосын өлген кісінің асын жеме деймін. Құранға қатысуына болады. Бірақ соңғы, ақтық сапарына шығарып салып жатқан кісінің тамағын жемей қоя тұрғаны дұрыс. Ем басталған кезде адам бойында қозғау болады. Ауру көтеріледі. Сонда кейбірі: «Апа, басым қатты ауырып жатыр», – деп хабарласады. Бұл оның тазаланып жатқанын білдіреді. – Адам алыста болса, емнің күші әлсіз болып қалмай ма? – Қашықтық маған кедергі емес. Тек Аллаға ниет етуі және сенімі болуы тиіс. – Ем жайлы толығырақ түсіндіріп беріңізші. – Мен жеті күн оқимын. Шешілмеген түйіні, ашылмаған жолы болса, осы жеті күн ішінде толық ашылады. Бойы тазаланып, дертінен айығады. Ал егер 10 жылдан асып кеткен ауыр жағдай, қаннан өтіп, сүйекке сіңген зиян болса 21 күн оқуға тура келеді. – Зиян адам бойына сіңіп кетеді дегенді қалай түсінсем екен? – Көп адамдар қазір инфаркт, инсульт алып жатыр. Жүрегі ауырады. Неге? Бұрынырақ зиянкес жасалып, 9—10 жылда бойына дендеп кетсе, ол қанды бұзады. Қанның қысымы (давление) өзгереді. Зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлап, ұмытшақ болады. Соңы инсульт, инфаркт. Ал егер дуа жас адамда болса, оның зияны төмен қарай – бауырға барады. Оның жұмысы бұзылғаннан алапес, қотыр, экзема сияқты тері ауруы пайда болады. Бұл жағдайда да адамның ой-санасынан бастап бүкіл тұла-бойын тазалау керек. Алла тағалам 100 түрлі аурудың шипасын 101 етіп жіберген ғой. Бірақ ем қонуы үшін диагнозды дұрыс табу керек. Біреу басым ауырып тұр десе ол неден болды: өті толып тұр ма, әлде зиянкестің әсері ме, соны анықтаймын. Құранның шипа болатын сүрелерімен ем жасаймын. Сосын тек келген мәселесіне көмектесіп қайтару деген менде жоқ. Адам – тұтас жаратылыс. Сондықтан мен ем жасағанда адамның пешенесіне жазылған бақыты мен саулығы түгел өзіне бұйырады. Ал егер емі дәрігерден болса, оны айтамын. – Келген адамды не мазалайтынын қалай біліп, қайтіп анықтайсыз? – Тылсымнан келген әсерді тылсыммен ғана анықтауға болады. Жын ұрған, пері соққан, зиян жасалған немесе жаман жерді басқан жағдайлар, отбасында береке қашып немесе үнемі жолы болмайтын адамдар көп кездеседі. Мұндай кезде де адам ауруға душар болады. Бірақ зәрде де, қанда да ауру белгісі шықпайды. Мұның емі – Құран! – Түсінікті болу үшін бір мысал айта кетіңізші. – Орта жастағы бір азаматты емдедім. Асқазанында жара бар деген екен. Қанша жыл емделгенмен көмегі болмай, соңында онкологиялық белгі депті. Оңтүстік Кореяға барса, олар да анық диагноз айта алмай тосылған. Маған келді. Бойында дуа барын анықтадым. Суға қосып берген. Асқазаны содан ауырған. Көп жыл болған, зиян қанға өтіп кетіпті. 3 литр айран алдырып, соны оқып бердім. Оны тоңазытқышқа қойып, әр күні шамасы жеткенше стакандап ішіп, 2—3 күнде тауысуы шарт. Ол асқазан мен ішектерін түгел тазартып шығады. Ал бұл уақытта мен қасиетті дұғалардың көмегімен оның ой-санасын тазарттым. Соңғы тексерілгенде құлан-таза жазылыппын деп қуанғанын көрсең! Бірақ онкологиялық аурудың бәрі зиянды нәрседен деп санауға болмайды. Әр нәрсенің бірнеше себебі болады. Қатерлі түйіннен жазылдым деген бір келіншектікі, мысалы, стрестен болған жағдай. Көкірегіне түйін түсіпті. Пышаққа түсуге қорқып, маған келді. Тәспі тартқанда отбасында келіспеушіліктер көп болғаны көрінді, соны қатты уайымдаған. Адам қатты күйзеліп, жүйкесіне салмақ түскенде тамырлары түйіледі. Медицинада кейде оны онкологиялық ауру деп жатады. Қатерлі ісіктің тылсымға қатысы жоқ, медициналық себептері де бар. Диагнозды дәл анықтай білу керек дегенім сол. – Жаңа бір сөзіңізде айранға дем салдым дедіңіз. – Суға да дем салатын жағдайлар болады. Букмекерлік компанияға барын ұтқызған бір жігіт болды. Әкесі үй салып, көлік мінгізіп, бар жағдайын жасап беріпті. Ал ол барын ұтқызып қойған. Әкесі суретін әкелді. Сөйтсем баланың санасы сиқырмен сол жаққа байланып қалыпты. Қошқар ата бұлағынан мол етіп – 5 литрлік бірнеше ыдыспен су әкелді. Соған дем салып бердім. Ішіп, беті мен қолын соған жуу арқылы біртіндеп тазаланды. Араққа тәуелділікте де айран немесе суға дем салып беремін. Ал егер маскүнемдікке салынғанына бірнеше жыл болса, 9 түрлі шөптен жасалған дәрі бар. Еммен қоса бойы мен салмағына қарай соны мөлшерлеп ішу керек. – Маскүнемдік демекші, кейде «кодировка» жасатса да ішіп қоя беретіндер бар. Бұл тәуелділік кейде дәрі-дәрмекке де көнбей жатады ғой. – Оны себебі бар. Бойында зиян, дуа, сиқыр немесе қарғыс бар адамға ол әсер етпейді. Қандағы зиян дәріні қабылдамайды, қайта күшін жойып жібереді. Ол үшін алдымен бойды тазалау керек. – Тағы қандай жағдайларда көмектесе аласыз? – Әңгімеміз перзент сүю жайынан басталды ғой. Соған оралайын. Мұндай жағдайда әйелдің өзі ғана емес, күйеуі де қаралуы керек. Әйел мен еркектің санасын, аурасын, бойын, денсаулығын түгел бірге тазаламаса, кейін бала денсаулығында кінәрат болуы мүмкін. Яғни бұл асқан жауапкершілік пен адам тағдырына қатысты мәселе. Оған атүсті қарауға болмайды. Жол ашу. Ол адамның бақ пен бақыт жолы, береке-бірлігі, қолы жетпей жүрген баспанасы, армандаған мамандық жолы болуы мүмкін. Жалпы, адам не нәрсені ниет етіп келсе, Алла соны береді. Мен тек тілекші әрі себепші ғанамын. Сұхбаттасқан – Р. ОРДАБЕК.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет30 июля 2018 в 11:53
Алты балалы ана құлағалы тұрған ескі сарайда күнелтуде Бәйдібек ауданының орталығы – Шаян ауылында алты баласы бар жалғызбасты ана біреудің ескі сарайында тұрып жатыр. Бота Құлтаева қазір декреттік демалыста. Б.Құлтаева үш жылдан бері жөндеу көрмеген, тар үш бөлмеде тұрып жатыр. Балаларының алды 8-сыныпта оқиды, ал кенжесі – жеті айлық. Бір күн тоқ болса, екінші күні аш жүретін перзенттері біріне-бірі сүйеу болып, жұмыста сабылып жүрген аналарының жолын тосып отырады. «Күйеуім ішімдікке салынған. Шиеттей бала-шағаның жай-күйі оны алаңдатпайды.… — Читать дальше
Алты айдан бері қайда жүргенінен бейхабармын. Келін болып түскен отбасым «шықпа, жаным, шықпа» деп отырғандар. Сондықтан өз арбамды өзім сүйреуге мәжбүрмін. Аудандық ауруханада еден жуушы болып жұмыс істегеніме он жылдың көлемі болды. Қазір жеті айлық кішкентайыммен үйде отырмын. Ара-тұра «Ернұр-пресс» мекемесі газет таратуға шақырады. Олар айына 8 мың теңге төлейді. Бұл да болса табыс көзі ғой қарап отырғанша. Бір жыртығымды жамауға жетіп отыр. Алтыншы балам бір жасқа келгенше «Күміс алқа» берілмейді екен. Сол алқаны алсам, балаларға берілетін жәрдемақыға тиын-тебен қосылса ғой дегендік менікі. Балам жасына толған соң құжаттарды тураламақпын. Тұрмыс жағдайымның төмендігіне байланысты осыдан алты жыл бұрын үй кезегіне тұрғанмын. Ауданда жыл сайын жиырма-отыздап үй соғылып жатыр. Бірақ менің кезегім жетер емес. Тұрып жатқан үйдің төбесінен аспан көрінеді. Қыстың күні қатты жаураймыз. Құлағалы тұрған үй ғой. Қанша ақтап, қағып-сілкісем де жауын жауып, жел тұрса үйдің ішіне тесік шатырдан су тамып, лайдан аяқ алып жүре алмай қаламыз. Ауа райы бұзылған сайын, үй құлап, балаларымды басып қала ма деп қатты қорқамын. Осы мәселемен қазіргі, бұған дейінгі әкімдердің қабылдауында бірнеше рет болғанмын. Барлығының айтатыны: «Кезегіңіз келгенде үйлі боласыз». Сол кезектің ауылы алыс болған соң аудан әкімдігіндегі тұрғын үй мекемесіне, «Нұр Отан» филиалына барып, көзімнің жасын көл етіп, көмек сұрадым. Барлығының айтатыны бір жауап. Қиын күндерді бастап кешіп, соның барлығына балаларымның куә болып отырғаны жаныма батады. «Бізде қашан үй болады? Менің велосипед мінгім келеді. Баспанамыз болғанда достарымды үйге ертіп келейікші», – деген ұл-қыздарымның жанарына қарап, көзден жас шығып кетеді. Үміттерін сөндіргім келмей: «Әкім аталарың биыл, ендігі жылы үй беріп қалар», – деген жаттанды сөздерімді айтқаннан басқа амалым жоқ. Перзенттерімнің жадырап қалатын кезі – қасиетті Ораза айы. Жомарт жандар, кәсіпкерлер, мешіт қызметкерлері ас-ауқат әкеліп тұрады. Кәсіпкерлер Бақыт Қантаев пен Гүлжан Сейтқалиға, «Нақыпбекұлы Әуен» мешіт-медресесінің бас имамы Серғали Байниязовқа, ауылдың жомарт жастарына алғысым шексіз. Серғали имам «Зекет» қорының есебінен деп есік алдына бір тана мен қой байлап кетті. Аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де қарасып тұрады. Жақында аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысымын деп Нұрбол есімді жігіт келіп, мектепке қажетті киім-кешектер мен құрал-жабдықтарды түгел сатып әперемін деді. Ол кісіге де рақмет айтамын», – дейді Бота апай көзіне жас алып. Бұл кісінің үйінің іші әбден тозған. Зәктің иісі қолқаңды қабады. Бір қабат терезе, толық жабылмайтын есікпен бұл отбасы қыстан қалай шықты екен? Тұрмыс-тіршілігін көргендегі көкейдегі алғашқы сауал осы еді. Қайырымды жандардан шарапат көріп, әкімдіктен үй ала алмай отырған көпбалалы ананың жағдайы осындай. Бота Құлтаева қазір бір жасқа дейін балаға берілетін 21 мың теңге жөргекпұл, көпбалалы ана ретінде алатын 10 мың теңге жәрдемақы және газет таратып тапқан 8 мың теңгемен күнелтуде. Бар-жоғы 39 мың теңге ақша қайда жетер екен? Ал қыста ше? Қымбатшылық белең алып тұрған заманда алты баланың ас-ауқаты, киім-кешегі мен отын-суға 39 мың теңге жете ме? Д. ӘБДІМАНАП.
Показать
еще 2 фото
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет20 июля 2018 в 14:10
Денис Теннің қазасы қоғамды дүр сілкіндірді Қазақстанның атын әлемге танытқан спортшы Денис Тен кешегі 19-шілдеде кісі қолынан қаза тапты. Оқиға Алматыдағы Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысы тұсында болған. Автокөлік айнасын жымқырумен айналысатын ұрылар тапа-тал түсте, сағат 15.00 шамасында оның автотұрақтағы көлігінің айнасын шешіп алмақ болыпты. Денис осы ұрлықтың үстінен түсіп қалған. Сосын арада текетірес туындап, ұрылардың бірі оның сан тұсына пышақ ұрған. Денистің ірі қан тамырлары қатты зақымданған екен, ол ес-түссіз күйде… — Читать дальше
ауруханаға жеткізілгенімен оны құтқару мүмкін болмады. Денис өзіне келмеген күйде жан тапсырған. Бұл сұмдық оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Жұрт ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы Денистің ата-анасына көңіл айтып жатыр, қимас сөздерін жариялауда, жан тебірентер өлеңдерін арнауда. Сондай-ақ мұндай оқиғаның орын алуына полицияны кінәлап, ашу-ызаға толы пікір білдіріп жатқандар да аз емес. Көптеген адамдар Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың қызметінен кетуін, полицияда реформа жасалуын талап етуде. Адамдар өз көзқарасын білдіру үшін шеруге шыққан жанды әй-шай жоқ аяқ-қолын қайырып, қамауға алғанда күшті болып кететін полиция адам өміріне, оның мүлкіне қол сұғатын қарақшыларға келгенде әлсіздік танытып, оларды тыя алмай отыр деп налиды. Жұртшылық сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің де өз қызметінен кетуін талап етуде. Бейбіт заманда, тапа-тал түсте, еліміздің мәдени орталығы саналатын үлкен қалада осындай ауыр қылмыстың орын алуына қала басшылығының да кінәсі бар деп біледі жұрт. Жалпы, Алматыда автокөлік айнасын ұрлау бұрыннан бар екен. Оны үлкен бизнеске айналдырып, қолдап-қорғап отырғандар бар деседі. Әлеуметтік желілерде бұл туралы ашық айтылуда. Мысалы, алматылық Қанат есімді азамат желіде қымбат көліктердің айнасы мен бейнекамераларын ұрлаудың әлдеқашан үлкен бизнеске айналғанын, бұған қатысты полицияға түскен арыздарды тонналап табуға болатынын жазды. Ол бұл бизнеске полиция тосқауыл қойғысы келмейді, өйткені олар да тиесілісін алып отырады деген пікір білдірген. «Шын кіріссе, полиция оған әлдеқашан тосқауыл қойған болар еді», – дейді ол. Ал кешегі бейсенбіде Д.Теннің өмірін қиған ұрылардың бірі ұсталғаны туралы жарияланды. Ол Жамбыл облысының 1994-жылғы азаматы көрінеді. Бірақ нағыз қылмыскер сол азамат па, жоқ әлде басқа ма, мұны сот анықтайтын болады. Қазір қылмыс жасады деген екінші адам іздестірілуде. Полиция оқиғаға куә болған адамдарға қылмыскерді көрген-білгендер болса, хабарлауын сұрап, ол үшін арнайы сыйақы беруді уәде етіп отыр....Денис Теннің жасы таяуда ғана 25-ке толған еді. Жастайынан спортпен айналысқан ол осы қысқа ғана ғұмырында талай биіктерді бағындырды. Ол Азия ойындарының чемпионы болатын, 2013-жылғы Әлем біріншілігінде – күміс медаль, 2014-жылғы Ресейде өткен Олимпиадада қола медаль ұтты, 2015-жылғы Әлем біріншілігінің қола жүлдегері болды. 10 алтын, 4 күміс, 3 қола медальдің иегері еді. Қарапайым ғана, еңбекқор жасты бүкіл халық жақсы көретін, ол шын мәнінде Қазақстанның мақтанышы еді. Өкінішке орай, оны сақтай алмадық. Оның спортқа бергенінен берері көп еді. Амал қанша… Бақұл бол, Денис! Сенің есімің жүректерде ұзақ сақталары сөзсіз. Т. ТҰРАН. Өліміңе мына қоғам кінәлі… Айрылдық па кәріс ұлдан – Денистен? Зор өкініш, өксік шығар дем іштен… Аталарын алып қалып аштықтан, Қазақ еді жарты нанын бөліскен. Жоқтап жатыр Европа, Москва, Жылаттың-ау, кәріні де, жасты да. Сені өлтірген жастар ма екен жұмыссыз, Ақша үшін қылмыс жасап қашты ма? Тұлпар едің Тайбурылдай баптаған, Нар ұл едің ел үмітін ақтаған. Өліміңе мына қоғам кінәлі, Қылмыскер мен ұры-қары қаптаған. Аймұханбет БЕЙСЕМБЕКОВ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет19 июля 2018 в 14:46
Нәрсу ішіңіз, суда жүзіңіз! Жаз – маусымның ең ұзақ, ең жайлы кезеңі. Оны демалып, тынығуға барынша пайдаланып қалған жөн. Осы орайда керек кеңестер: Жас, балғын жеміс-жидектерді көбірек жеңіз, көп қимылдаңыз. Әсіресе табиғат аясында тамақтанған жақсы. Теледидар немесе компьютер алдында тамақтануды қою керек. Табиғат аясына көршілермен шығып тұрсаңыз тіпті жақсы, ол сыйластық қатынас орнатуға, оны дамытуға қолайлы. Жұртпен жиірек араласыңыз. Сулы жерлерде демалғанның ағзаға пайдасы зор. Суға қарап отырудың өзі адамның өзін еркін, жайлы сезінуі… — Читать дальше
не жол ашады. Жағалауда жатыңыз, суда жүзіңіз. Көбіне жаяу жүріңіз, роликті коньки, велосипедті пайдаланыңыз. Серуенге су жағасы, саялы жер жақсы. Музыка тыңдаңыз. Нәрсу (компот) ішіңіз. Ол сізге сусын, шипа әрі қуат болады. Демалыста, мысалы, аспандағы бұлттарды санап, саралап жатыңыз, есеп-қисап, жұмысты ойламаңыз. Өткен мен болашақ туралы ойлап бас қатырмаңыз. Бүгінгі күнге, табиғатқа сүйсініңіз, аунап-қунаңыз. Спорттың жаңа бір түрімен айналысып көріңіз. Жаңа нәрсеге қызығыңыз. Сонда сіз жаңа адамдармен танысасыз, олармен қарым-қатынас жасайсыз. Бақшаға, құмыраға бірдеңе егіп көріңіз, әйтеуір қарап-қадағалап тұруыңызды қажет ететін бір нәрсемен айналысыңыз. Мысалы, бөлмеңізге құмырада пальма өсіріңіз. Ол сіздің көңіл-күйіңізді көтереді әрі ауаны тазартады. С. МАҚҰЛБЕК.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет19 июля 2018 в 13:29
«Жедел жәрдем» тез жетсін десеңіз… Шілденің аптап ыстық күндерінде «Жедел жәрдемнің» жұмысы көбейетіні белгілі. Бұл саланың жұмысына көптеген жаңалықтар енгізілгені де аян. Дегенмен тұрғындар арасында кейбір түсінбеушіліктер де болып тұрады. Біз Шымкенттегі қалалық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Гүзәл Рафиковамен осы және басқа да мәселелер жөнінде сұхбаттасқан едік. – Гүзәл Ғалымжанқызы, жедел жәрдем көрсету саласына ендірілген ережені түсінбей жүргендер де бар. Осы жөнінде таратып айтып беріңізші. – Жедел жәрдем шақыртқан науқ… — Читать дальше
астардың 4 санатқа бөлініп қаралатынын түсінбей жүргендер бары рас. Сондықтан әрқайсысына жеке тоқтала кетейін. «103» нөміріне түскен шақырулар 4 санатқа бөлінеді. Бірінші санатқа өміріне қауіп төнуі мүмкін, тез арада жәрдем көрсетілуі тиіс науқастар жатқызылады. Жедел жәрдем көлігі оған 10 минутта жетуі тиіс. Яғни бұған қандай да бір себеппен есінен танған, тыныс алуы, жүрек жұмысы тоқтап қалған, кеуде тұсынан ауырсыну сезінген, денесі құрысып-тырысып қалған, толық және толық емес салдануға ұшыраған, түрлі психозға ұшыраған, қан кеткен түрлі жарақаттар мен зақымданулар, қан кеткен тұйықталған (бас, мойын, т.б.) зақымдану, көлемді күйік алу немесе үсік шалуы, жәндік шағуы, қандай да бір хайуанат тістеуі, ток ұруы, қан құсу, ауыр босану және трансплантация үшін ағза мүшесін жедел жеткізуге жатады. Жедел жетудің 2-ші сатысына жататын науқастарға жәрдем 15 минут ішінде баруы тиіс. Бұл санат бойынша жәрдем өміріне қауіп төнген адамға жедел жәрдем қажет болғада жіберіледі. (Теракт қаупі бар жерге шақыру, әрі қарай ушығуы мүмкін естен тану жағдайы, тыныс алудың бұзылуының сыртқы белгілері білінгенде, жүрек соғысының ритмі бұзылғанда, шок қаупі жоғары болса, 3 жасқа дейінгі баланың дене қызуы 38 градустан асса, қызу көтеріліп, дене бөртсе, қан кетуімен болған тұйық жарақат, улы заттармен уланып қалу, жүкті әйелдерде бас ауыруы, ұсу, іш өтуі салдарынан сусыдану қаупі туғанда). Үшінші саты: қан кетусіз тұйық жарақат, іш ауыруы, дене қызуының жоғарылығы, басылмауы, көпшілік іс-шаралар кезіндегі кезекшілік, босану жүкті әйелдің іші ауыруы (бала тастау қаупі), балалардағы шектеулі күйік немесе үсік жағдайлары осы санатқа жатқызылады. Жедел жәрдем жарты сағат ішінде жетуі тиіс. Төртінші санатқа жатқызылатын жәрдем 1 сағат көлемінде жетуі тиіс. Созылмалы ауруы қозған немесе өткір дерт салдарынан жағдайы нашарлап тұрған, бірақ өміріне қауіп төнбеген адамдарға жіберіледі. Сондай-ақ терінің немесе теріасты жедел қабынбалы дерті, жеңіл жарақаттар (күйік, буын шығуы, терең емес жарақаттар, зақымдар), созылмалы дерттің салдарынан ауырсыну сезіну, тамақтан улану салдарынан құсу – іш өтуі арқылы жеңіл сусыздану, 12 аптаға дейінгі жүктілік кезіндегі әйелде болатын құсу, зәрдің бірден тоқтап қалуы, зәрде қан білінуі, босанудан кейінгі қабынулар, ағзаға бөтен зат түсуі (тыныс жолдарынан басқа), алғашқы жәрдем немесе стационар қызметі керек болғандағы жағдайлар осы төртінші санатқа жатқызылады. Жедел жәрдем шақырғандарға ондағы диспетчерлердің түрлі сұрақтар қоятыны осыдан. Яғни бұл науқасқа қандай бригаданы жіберуді шешу үшін керек. – Қала тұрғындарына қанша бригада қызмет көрсетеді? – Бізде 81 бригада бар. Емханалар мен жеке клиникалардың да өз жедел жәрдем қызметі жұмыс істейді. Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына байланысты 1 бригада 10 мың адамға қызмет көрсетеді деп есептелген. Яғни бізде бригадалар жеткілікті. Мәселе шақыртуларға байланысты. Кейде біреулердің бригаданы босқа әуре ететіні болады: аса мазаламаса да кеңес алу үшін шақыртатындар кездеседі. – Кейде жұрт шақырту жасағанда диспетчер телефонды көпке дейін көтермейді деп жатады… – Жыл басында біраз қиындықтар болды. Көше қозғалысы аса жиілеп кеткен кезде, шақырту болғанда тіркеуді сұрап, тіркелді ме деп, көлік жіберілді ме деп пысықтап, кеңес алу үшін хабарласатындар саны артқанда сондай жағдайлар болған. Қазір проблема жоқ. Жедел қызмет бөлімінде 15 диспетчер бар, «103»-ке интернет арқылы істейтін 20 сандық желілер орнатылған, сондықтан жедел жәрдем қызметіне бірден түсу қиын емес. – Жедел жәрдем жұмысына кедергі келтірмес үшін оны шақырушылардың нені ескергені жөн? – Диспетчердің сұрақтарына дұрыс, нақты жауап бергені жөн. Мекен-жайын анық көрсетуі керек. Оны дұрыс түсіндірмейтіндер де бар, солардың кесірінен жедел жәрдем кешігетін кездер болады. Науқастың ахуалын шамалау мен шақырту санатын анықтау қоңырау соғушыға тікелей байланысты. – «Жедел жәрдеммен» дәрігер емес, фельдшер келді деп ренжитіндер бар. – Бізде арнайы жабдықталған бригадалар бар: реаниматологтар, интенсивті терапия, педиатрия, психиатрия, кардио-реанимациялық дәрігерлер, фельдшерлер бригадалары. Олар бір-бірінің жұмысын атқара алады. Мысалы, реаниматолог керек болған жағдайда ол шақыртумен науқасқа кеткен болса, фельдшерлер тобы барып, алғашқы көмекті көрсетеді, сосын реаниматологтарға өткізеді. Осы орайда айта кетейін, кейбір шақыртулардың жағдайы тым қиын болмаса да ауруханаға апармады деп шағымданатыны бар. Бұл жерде жедел жәрдемнің кінәсі жоқ, ол арнайы нұсқама бойынша жұмыс істейді, яғни аурханаға жатқызылуы тиіс пациенттерге қатысты тәртіптері бар. Дәрігер жедел көмек шақыртушыны тексергенде оны ауруханаға жатқызу керек – керек емесіне қарай шешім қабылдайды. Науқастың немесе оның туысының талабымен ауруханаға апарған жағдайда да ол жақтағылар тексеріп көріп, жатқызуға тиіс емес десе, босқа уақыт жоғалтады. Сырқаты тез арада ауруханаға жеткізіліп, жатқызылуы тиіс санатқа жататын науқас қана көлікпен ауруханаға жеткізіледі. Жұрт мұны түсінуі керек. – Тұрақты клиенттер жөнінде айта кетсеңіз. – Ия, ондайлар бар, олар жедел жәрдем тез келуі үшін не айту керегін біледі. Кейбір созылмалы дерттен зардап шегушілер дәрігердің тағайындаған емін дұрыс пайдаланбайтындықтан қолайсыз жағдайға түсіп қалып, жәрдем шақырады. Енді бірін дәрігерлер дұрыс емдемей жүрген болуы мүмкін. Сондайлар жедел жәрдемнің тұрақты клиенттері десек болады. Олар мұндайда өз учаскелік дәрігеріне көрінсе, одан кеңес алса болады, бірақ олар міндетті түрде жедел жәрдем шақырады. – «103-тен басқа да байланыс телефондарыңыз бар ма? Жұрт біле жүруі үшін құлағдар ете кетейік. – Егер «жедел жәрдем» әкеткен туысыңызды іздеу керек болса, онда тіркеу бөліміне хабарласу керек. Оның телефоны 53-96-69. Ал егер дәрігер кеңесі қажет болса, ауысымның аға дәрігеріне 53-90-14 телефоны арқылы байланыса аласыз. – Уақыт бөлгеніңізге рахмет. Сұхбаттасқан – Н. ЖҮНІС.
Показать
еще 1 фото
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет19 июля 2018 в 7:57
Шымкенттік Нұржан Мұхаммедов неге өзін-өзі өртемек болды? Шымкентте азаматтық белсенді Нұржан Мұхаммедов жанұясымен бірге қала әкімдігі алдында наразылық акциясын өткізді. Ол полицияның өзін аңдып, қудалауын тоқтатуды талап етті. Атпалдай азаматтың мұндай әрекетке баруына не себеп болды? Наразылық шеруден соң қала әкімдігінен көмек ала алды ма? Біздер мәселенің мән-жайын білмекке оны үйіне іздеп бардық. Н.Мұхаммедов өздері сауда жасап күнелту үшін жалға алған дүкеннің аядай ғана бір бөлмесінде бес баласымен тұрады екен. Бұған дейін пәтер жалдап… — Читать дальше
тұрып келіпті. Кейін отағасын полиция іздеп бара берген соң үй иесі оны шиеттей бала-шағасына қарамай пәтерден шығарып жіберіпті. «Өз елімде қудалауға түсіп, қаңғып қаламын деп еш ойламаған едім. Митингіге шыққаным рас. Оны саналы түрде, өз құқымды біле отырып жасадым. Бала кезімізден әділдікке тәрбиеленіп өстік қой, сондықтан қоғамдағы болып жатқан келеңсіздіктерге, әділетсіздіктерге жаным шыдамайды. Биылғы көктемде «Ютуб» әлеуметтік желісінен Қазақстан түрмелеріндегі жазасын өтеушілерге көрсетіліп жатқан қысымдар, азаптау оқиғалары туралы естіп-білдім. Бір азаматтар желі арқылы наразылық акциясын өткізуге шақырған. Оларды бұрын-соңды көрмегенмін, танымаймын, сонда да түрмедегілеге жаным ашығандықтан, адам құқын қорғағысы келіп жүрген жандарға қолдау білдіру үшін облыстық соттың алдына бардым. Сол жерде түрмелердегі зорлық-зомбылық тоқтатылсын деп талап еттік. Менімен бірге 24 жігіт болған еді. Басқаларын білмедім, солардың екі-үшеуі жауапқа тартылғанын естідім кейін. Ал өзім алғашқыда ескерту алдым, кейіннен 10 тәулікке әкімшілік жаза беріп, қамап тастады. 25-мамырдан 4-маусымға дейін қылмыскер секілді темір торда жаттым. Босап шыққан күні Ұлттық қауіпсіздік қызметінен Мақсат есімді жігіт келіп, өзі қарайласып, қиындық туындап жатса көмек көрсететінін айтқан болатын. Бірақ ол жігітті содан кейін көрген жоқпын. Үйден ұзап шыға алмайтын да халге жеттік. Дәл есіктің алдында үнемі «KZ871 NPA 13», «KZ640 VDA 13», «KZ411 KSB 13», «KZ 135 XNL 13», «KZ 497 BBB 13», «KZ856 AH 04» нөмірлі көліктер тұрады. Яғни полиция қызметкерлері мені аңдуға көшті. Күнде таңертең 9.00-ден түнгі 12-ден асқанша тегін күзетшіге қарық болдық. Алғашқыда не болып жатқанын түсінбей жүрдік. Өзіміз тұрып жатқан «БАМ» ықшам ауданы Әл-Фараби ауданына қарасты болғандықтан осындағы тәртіп сақшысымын деп Асқар Бекжігітов қысым көрсетті. Құжаттарымызды қайта-қайта тексеріп, дүкенге тексерту де жіберіп, жауып тастауға әрекет жасады. Бірде үлкен балам бокс үйірмесіне қатысатын болып, арнайы қолғап, киімдерін сатып әпермекке жолға шықтым. Әлгілер қайта ізіме түсіп, дәл «Мега» сауда үйінің қасына барғанымда қолымды қайырып, Қаратау аудандық ішкі істер бөліміне апарды. Сосын бұл жігітті де таппай қалдық. Одан соң учаскелік өкілмін деп Бақытжан Төлебаев келді. Оған: «Бір жерде екі учаскелік полицей болушы ма еді?» – деп едім, А.Бекжігітовті танымайтындығын айтып құтылды. Біреулер есік алдында отырған соң балаларым көшеге еркін шыға да алмайды. Аңдушылар пайда болғалы үйден шығулары мұң болды. Жаздың кезінде бір бөлмеде жеті адамның жүруі тіптен қиын тиіп жатыр. Мейлі, бұған да шыдармыз. Тек полиция аңдуын, қоқан-лоққы жасауын қойса екен. Олар тағайындаған жазаның барлығына көндіктім, оларға қарсы шағым да жазбадым. Момын деді ме, еркін тыныстауға тыйым салып тастады ғой. Содан күйіп кеткенім сонша, қала әкімінің алдында өзімді өртеп жібермек едім», – дейді ол. Осы кезде әңгімеге Нұржанның жары Бағлан апай араласты. «Бес баламызды қайтсек асыраймыз, тәрбие береміз деп жүргенде мына жағдаймен миымыз ашып кетті, – дейді ол кісі. – Ұл-қыздарымның алдының жасы әлі онға да толмаған. Бірінен кейін бірі Алланың қалауымен жарық дүниеге келген перзенттеріме жағдай жасай алмағанымызға налимын. Осы жағдайлар оларға да әсер етіп жатыр. Дүкеннің есігін ашқан кезде: «Мама, кешегі ақ «Нива» бұрышта тұр!» – деп жүгіріп келеді. Ал ең үлкен қызым Ақелік Құдайға хат жазыпты. «Е, Жаратқан ием, сізден өтініп сұраймын. Бізге көмек берші! Үлкен де әдемі үйіміз болсыншы. Әрқайсымызға жеке төсек, әдемі киімдер сыйлаңызшы. Ата-анаммен қол ұстасып, қыдырып жүрсек екен. Олар қиналмасыншы. Сол үшін көп ақша беріңізші!» – деген жазбаны оқығанда бетімді жас жуып кетті. Пәтер жалдап жүріп, туа бергені несі дейтіндер де көп. «Ұлы сөзде ұят жоқ» деген бар. Қанша сақтансам да бойыма бала біте берді. Тіпті болмаған соң Ташкенттегі ең білікті дәрігерге жатырымды байлатып едім, көп ұзамай бесінші балаға аяғым ауырлап қалды. Бесеуін де «Кесарь тілігі» арқылы босандырды. Бұған таңданбаған дәрігер қалмады. Алланың әмірі ғой«....Айта кетейік, Нұржан Мұхаммедов 10-шілде күні қалалық әкімдік алдына наразылық танытуға бес баласы және әйелімен бірге барған. «Біз құл емеспіз! Қудалауды тоқтат!» деп ұзын қағазға үлкен әріптермен жазылған талаптарын көтеріп, наразылық танытқан болатын. Бұған дейін де «Ютуб», «Фейсбук», тағы бірнеше әлеуметтік желілерде бейнеүндеу жасапты. Қала әкімімен кездесе алмаған соң Н.Мұхаммедов әкімдік алдында өзімен ала келген бензинін үстіне құйып, өртемек болады. Сол кезде қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай шығып, оған ішке кіріп сөйлесуді ұсынған. Қайрат Нұртай белсендінің шағымын тыңдап болған соң полицейлерге тиісті тексеру жүргізілетінін айтыпты. Бұл кездесуден соң әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов олардың тұрып жатқан үйін барып көріп, әкімшілік тарапынан көмек беруді қарастыратынын, үй алулары үшін кезекке қосатындарын да жеткізіпті. Н.Мұхаммедов: «Полициядан бұдан кейін де қысым көретін болсам, Астанаға барып, Ақорданың алдында өзіме от қоямын, өзіме қол жұмсаудан тайынбаймын», – дейді....Сонымен Н.Мұхаммедов өзінің басындағы жайға қоғам назарын аударды. Қала әкімдігі мәселені біледі, полицияның іс-әрекетіне тиісті бағасын беруге уәде етіп отыр. Сондай-ақ әкімдік тарапынан Н.Мұхаммедов отбасының тұрмыстық жағдайына қарасу жағы да ойластырылатын болыпты. Бұл сөздердің іс жүзіне асу-аспауы алдағы уақыттарда белгілі болмақ. Д. ӘБДІМАНАП.
Показать
еще 1 фото
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет18 июля 2018 в 8:51
Серікжан БІЛӘШҰЛЫ:«Көп әйел алайық, көбейейік, қазақтар!» «Замананың» өткен 2-шілде күні жарық көрген нөмірінде әлеуметтік желі қолданушыларына аты жақсы таныс азамат – Серікжан Біләшұлының ұлттық мүдде тақырыбындағы бір лекциясын жариялаған едік. Бүгін жұртқа айтары көп жанның тағы бір лекциясына газет бетінен орын беруді ұйғарып отырмыз. Бұл жолы Серікжан Біләшұлы төмендегідей әңгіме айтты. Біз 100 миллионға жетуіміз керек Ассалаумағалейкум, құрметті жамағат! Менің аты-жөнім – Серікжан Біләшұлы. Қазақ интернет әлемінде «Жарқын Жеті» деген ат… — Читать дальше
пен 2009-жылдан бері жұртқа танылғанмын, әсіресе жастар жағына. Менің бүгін айтайын дегенім мынау: Қазақ халқының басына келген осы бір ауыр зұлмат күндерде соны шешудің сан түрлі амалын қарастырып, жүгіріп жүрміз ғой. Мысалы, үш мәрте баспасөз мәслихатын өткіздік, жәшік-жәшік арызды Сыртқы істер министрлігіне, құзырлы мекемелерге жеткіздік, ақпарат саласына беріп, құзырлы мекемелермен бірлесіп маңызды деген деректерді қолдарына ұстатып отырдық. Өз шама-шарқымыз жеткенінше екі мәрте құран-хатым өткізіп, Қытай жақтағы шаһид болған бауырларымызға, жаназасыз жерленген бауырларымызға арнап құран бағыштадық. Енді осы Қытай қазақтарының басындағы сұмдық оқиғаларды Елбасының назарына, Сыртқы істер министрінің назарына, қоғам назарына ұсынамыз деп жанталасып жүргенде мынадай бір ой келді: Қазақ көп болғанда осындай қорлық көрер ме еді? Санымыз 50 миллион, 100 миллион болғанда осындай қорлық көрер ме едік? Мынау ұланғайыр дала – әлем бойынша 9-орын алатын үлкен территория, асты-үсті толған байлық, мұнай мен газ өндіруден жер бетінде 9-шы елміз. Алпауыттардың, империялардың бәрі сілекейі ағып, көзі қанталап қызығады. Осы байлық жау шақырады, осы маң дала жау шақырады. Сондықтан біз көбейейік. Санымыз 50 миллионға, 100 миллионға жетуі керек. Ол үшін бүгіннен бастап іске кірісу керек. Әрбір қазақ азаматы үштен, төрттен әйел алсын шариғат талабы бойынша. Қазақ қыздарын жатжұрттықтарға, кәпірлерге бермей, өзіміз алайық. Сондықтан осы іске бел шешіп кірісейік. Оған «анау», «мынау» деп сылтау айтпайық. Қарындастарымыз, келіндеріміз, жеңгелеріміз түсінсін. Біз көбеймесек мынау ұланғайыр даланы ұстап тұра алмаймыз, тәуелсіздігімізді ұстап тұра алмаймыз. Енді сенің ұрпағың, немере-шөберелерің, шөбереңнің шөбересі жат қауымдардың тепкісінде шырылдамасын десең, зарламасын десең, осы тәуелсіздікті ұстап тұрсын десең, қиямет-қайымға дейін, заманақыр – жер тақырға дейін бай-бақуат өмір сүрсін десең, біз ірі болайық. Ірі болу үшін тірі болайық. Сол үшін көбейейік. Саннан сапа туады, сондықтан көбейейік. Айналайын қарындастар, әпке-жеңгелер, рұқсат беріңдер! Айналайын жігіттер, сендер де жерге қарап отырмаңдар. Қатын – ерге, ер жерге қарайтын сұмдық заман басымызға келмесін десек, көбеюіміз керек. Қытай мен Ресей қазақтарын жоғалтқалы тұрмыз Кешегі жоңғар шапқыншылығында, «Ақтабан-шұбырынды» болғанда, «Сырдың суы мен қамысы болмағанда қазақтан тірі пенде қалмас еді» дейтін сол бір заманда «Бас-басыңа бай қайда?» – деп Төле би бабамыз айтқан жоқ па? Жеңілген жаудың қатын-баласын бөлісіп алған жоқ па ата-бабаларымыз? Сонда қырылған, соғыста шаһид болған жора-жолдастарының әйелдерін жаппай алған жоқ па? Сол қаптаған тоқалдардан біз туған жоқпыз ба? «Тоқал» деген сөз соншалықты сүйкімсіз сөз емес. Құнанбай тоқал алмаса Абай қайдан туады? «Атадан – алтау, анадан – төртеу, жалғыздық көрер жайым жоқ», – деп Абай айтқан жоқ па? Шоқан Уәлиханұлы ше? Сондықтан бұл жерде шариғат бойынша рұқсат беріп тұр. Шариғатта «бәйбіше-тоқал» деген ұғым жоқ, шариғатта әйелге тең қара дейді. Ендеше, алайық! Онсыз да біздегі «кәрі қыздардың» санын бір Құдай біледі, пәленбай жүз мың «кәрі қыз» бар болуы мүмкін. Онсыз да жатқа кетіп, кәпірге тиіп, жұрттың абыройын түсіріп жүрген жоқ па? Ендігі жағдай мынау болып тұр. Қытайдағы 3 миллион қазақтан тірідей айырылып отырмыз. Ресейдегі 1 миллион 500 мың қазақ, ол енді қазақ болмай кетті олар. Біз енді олардан тірідей айырылдық. Ал Өзбекстан қазақтары келді. Неге? Болмаса сол өзбек тілі де, ділі де өзімізге ұқсас халық еді. Болмаса үлкен қысым жасаған жоқ. Сол өзбектер қазақпен тамырлас халық еді. Тіпті сол қазақтар өзбектеніп кетсе де өкінбес еді. Аталас, туыстас халық. Бірақ олар қазақ боламын деп келді. Неге? Қандары, бойларындағы ұлттық рух бар. Тілі жойылмаған, рухы жойылмаған халық өзінің сол Құдай берген қасиетімен қалуды ойлады. Ал Ресейдегі қазақ неге келмей қойды? Бір жарым миллион қазақ? Себебі олар орыстанып кетті. Тура сол сияқты ертең Қытай қазақтары да енді бір жиырма жылда қытайланып болғанда басыңды тауға ұр, тасқа ұр, ол да келмейді. Қазіргі Қытайдың геноцидтік сұмдығында оның келе қоюы да екіталай. Енді Құдайдан бір көмек болып, Елбасы араласып, Қазақстан саясаткерлері немесе әлем саясаткерлері араласып, бір мұғжиза болмаса дәл қазіргі мынау қырғын, геноцид, нәсілдік, ұлтты құрту саясаты жүре берер болса ол жақтағы қазақ енді біз үшін алғанда жоқ деген сөз. Яғни 3 миллион қазақтан тағы да айырылғалы тұрмыз. 1916-жылғы соғыста қырылған қазақ, 1921 – 1922-жылдарда, Лениннің кезінде 2 миллион 500 мың қазақ қырылды, 1931 – 1933-жылдары 4 миллион 500 мың қазақ қырылды, 1937 – 1938-жылдары қазақтың тұтас зиялылары қырылып қалды. 1941 – 1945-те соғысқа салды, Еуропа соғыс майданынан қайтқан қазақтарды Іле бетіндегі, Алтайда Шығыс Түркістан қазақтарына қарсы айдап салды. Одан аман қалған қазақты анау Қытайдың теріскей-шығыс жерін жапон басқыншыларынан тазалау соғысына салды. Сонда бұл қазақтың қырыла-қырыла жеткені бүгін. Ал Қытай қазағы ше? «Оңшылдарға» қарсы күрес, «солшылдарға» қарсы күрес, мәдени төңкеріс – осында қанша қазақ қырылды? Бүкіл зиялыңды Тарымға айдады. Өткенде бауырларымыз айтып отыр: 1949-жылы Қытайда 1 миллион 500 мың қазақ болған екен, соның 500 мыңнан 1 миллионға дейінгісі сол Компартия қолынан қырылды дейді. Бұл да – тарихтағы тың деректер. Ал одан бұрынғы «Дүнген қырғыны», «Ақ орыс қырғыны», «Орыс қырғындарын» есепте Қытай қазақтарының басындағы. Одан бұрынғы Тибет асқан қырғын, бәрін есептеші – тек қырылу. Қынадай қырылған ата-бабаңды ұмытпа! Біз көбейейік, бауырлар! Ал көбеюге қандай амал бар? Қазақты «копиялайтын» аспап таппаймыз, жалғыз-ақ жолы – көбейейік! Көбеюдің жолы – көп әйел алайық. Алла дұрыс көріп тұр ма, шариғат 4 әйел алуға рұқсат беріп тұр ма – Алла дұрыс көрген нәрседе бір хикмет бар. Алла дұрыс көрген нәрсені жек көретін сен кімсің? Алла дұрыс көрген нәрсені құптамайтын сен кімсің?! Тоқсан түрлі сылтауды қалтаға сал да, ұлттың мүддесі үшін іске кірісейік! Ертең ұрпағың аздығынан тағы да басқа қауымдарға құл болмасын десек, шөбереміз, шөбереміздің шөбересі бақытты өмір сүрсін десек біз бүгін іске кірісуіміз керек. Бәріміз көп әйел алайық, көп ұрпақ сүйейік! Менің жасым – 43-те. Төрт әйелді бағуға шамам жетеді. Құдай бой да берген, ой да берген, ақыл да берген. Кейде адуын мінезіміз де бар. Бірақ шариғатты ұстанамыз. Мысалы, менің шариғат жолын ұстанатын, намаз оқитын және өте ұлтшыл, қазақ десе жүрегін жұлып беретін қыз алғым келеді. Мейлі ол ажырасқан болсын, мейлі жесір болсын, мейлі оның баласы болсын немесе болмасын, шариғат талабына сай болса, болды. Әкелері, уәлилері, туыстары дұрыс көрсе, алғым келеді. Қазақтың бір емес, бірнеше қызын бақытты етуге шамамыз жетеді. Бір Алланың разылығы үшін және қазақтың қамы үшін. Жә, жігіттер, іске кірісейік ұлт мүддесі үшін! Бірақ мұны күлкі қылуға, нәпсінің әңгімесі қылуға, мазақ етуге немесе тұрпайы әзілдің әңгімесі етуге болмайды. Жігіттер, ұлт тағдыры әңгіме болғанда жеңіл әзілді қойыңдар! Бұл – салмақты, өте салмақты тақырып. Қынадай қырылған ата-бабаңды ойлағанда жын тартып тұрған күлкіні ұмыт! Егер жын түртіп, әзілге, зинаға, ойын-күлкіге, ырбақ-тырбаққа қарай бұрып бара жатсаң, қынадай қырылған, осы уақытқа дейін қырылған, осы өткен ғасырдың ішінде ғана сан мәрте қырылған ата-бабаңды бір сәт есіңе ал! Сол ата-бабаларың не үшін қырылғанын бір сәт ойлан да, ендеше Құдай ұнатқан шаруаны сен де ұнат! Ұлттың ұлы мұраты жолында, Алаш арыстарының арманы жолында, әр қазақ, қолыңнан басқа ештеңе келмесе де осы шаруаға кіріс! Серікжан Біләшұлының байланыс телефоны:.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет17 июля 2018 в 14:04
Франция ғалымдарын мойындатқан қазақ қызы Байлық тек дүниемен өлшенбейді. Өмірдегі ең басты қазына – денсаулық. Сол себепті басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса, ем іздеп алдына баратын дәрігерлердің қоғамда орны ерекше. Ақ халатты абзал жандарды адам жанының арашашысы деп бекер айтпайды. Олардың біліктілігі мен науқасқа деген қамқорлығы қашанда қажет. Осындай жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген жанның бірі – Жанар Төребаева. Ол кісі өзінің білімін сонау Еуропада, Франция елінде дәлелдеп жүр. Бүгінде ол Ренн қаласында тұрады. Франция м… — Читать дальше
едицина ғылымдарының докторы. Франция дәрігерлері жоғарғы аттестациялық Кеңесінің кеңесшісі. Басқа да маңызды, қоғамдық қызметтерді қоса атқарады. Таяуда бізге ол кісімен сұхбаттасудың сәті түсті. – Жанар ханым, әңгімемізді балалық шағыңыздан бастайықшы. Шетелдің ғалымдарын мойындатқан дәрігер Жанар бала күнінде қандай еді? – Балалық шағым Алматы облысындағы Шелек ауылында өтті. Сол жердегі Абай атындағы орта мектепте оқыдым. Бірінші сыныптан үздік болдым. Бірақ бітірер сәтте мектеп басшылығының жемқорлығы кесірінен аттестатыма «4» түсіп қалды. Себебі сол заманда «Алтын белгі» алу үшін балалар мектеп директорына ат мінгізеді екен. Оны әке-шешем білмепті. Кеш естідік. Шыны керек, «Алтын белгі» алмағаныма сол кездері қатты қапаландым, жыладым. Бірақ кейін, жоғары оқу орнына түскенде өкінішім кішкене басылғандай болды. Тегінде адамның басындағы білім бағамен өлшенбейді ғой. Аттестаттағы «төрттік» менің ең жақсы деген оқу орнында жоғары білім алуыма еш кедергісін тигізбеді. Медицина саласын таңдадым. Емтиханды «өте жақсы» деген бағаға тапсырып, «Ұлттық кадр» бағдарламасы бойынша Ленинградтағы медициналық педиатриялық университетке жолдама алдым. Небәрі он студентке берілетін мүмкіндіктің бірі осылайша менікі болды. Қалғандарының бәрі профессор, академиктердің балалары. Бәрі орысшаға судай. Арасында мен-ақ қазақша білім алғанмын. Ауылдың қызымын. Бірінші курс маған қиынырақ болды. Дегенмен талап пен еңбектің арқасында 1990-жылы Ленинградтағы оқу орнын «4» пен «5»-ке бітіріп шықтым. Бірге барған 10 студенттен үшеуіміз ғана диплом алдық, қалғандарының кейбірі түрлі себептермен оқудан шығып кетті, кейбірі Алматы мединститутына ауысты. Себебі ол кезде Мәскеу мен Ленинградтағы медицина университеттерінің дәрежесі мен талабы өте жоғары болатын. Ал енді ата-анам жөнінде айтар болсам, ол кісілер – Шелек тұрғындарының арасында зор беделге ие болған жандар. Әкем – инженер, анам Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен, «Қазақстанның ардагер ұстазы» атағын алған. Біздің сабақты жақсы оқуымызға анамның ықпалы зор болды. Отбасымызда төрт перзент болсақ, соның үшеуі мектепті үздік бітірді. Бірақ, өкінішке қарай, 1996-жылы інім бұзақылардың қолынан қаза тапты. Сол кездері заман қиын, экономикалық жағдай өте ауыр еді ғой. Ақшасын тартып алмақ болғандар мерт қылды. Бұл жағдай біздің отбасымыз үшін ауыр соққы болды. Болашағынан көп үміт күттіретін, алғыр, қабілетті, адамгершілігі мол жігіт еді. Амал нешік… Қалғандарына ғұмыр берсін деп тілеймін. Қазір Алматыда ата-анам, бауырларым, жиендерім өмір сүріп жатыр. – Ал сіздің медицина саласын таңдауыңызға не себеп болды? – Менің анам ата-анасының жалғыз қызы болған. Нағашы атам соғыс кезінде Талғар ауданындағы Фрунзе ауылында қызмет еткен. Өзіңіз білесіз, ол кездегі жағдай өте ауыр еді, ер-азаматтарымыз ауыр тірлікке салынып, бейнетті көп көрген. Атамыз соның зардабын тартып, соғыс бітер жылы жүрек ауруынан қайтыс болыпты. Кейіннен әжеміз бізбен бірге тұрды. Анамның алаңсыз жұмыс істеуіне, ұстаздық етуіне сол кісінің қосқан үлесі зор. Біздерді бағып-қақты. Мен әжемнің қызы болдым. Ол кісі мені ерекше жақсы көретін. Жасы 70-тен асқанда қант диабеті деген дертке шалдықты. Ауруының асқынғаны сондай, күндердің күнінде «комаға» түсіп, бір аптадай ес-түссіз жатып қалды. Сол кезде қатты қиналдым, әжемнен айырылып қалам ба деп ойладым. Бірақ көрер жарығы бар екен, есін жинады. Осы жағдайдан кейін мен дәрігер болам деп алдыма мақсат қойдым. Анам да: «Бұл өмірде ең маңызды екі мамандық бар, бірі – мұғалімдік, екіншісі – дәрігерлік», – деп айтып отырушы еді. Содан мен егер мұғалім болсам, дәрігер ретінде еңбек ете алмаймын, ал дәрігерлікті таңдасам, онда болашақ дәрігерлерді даярлауда дәріс бере аламын деп ойлап, екіншісін таңдадым. Бұл шешімім үшін еш өкінбеймін. – Ауылдан шыққан қарапайым қазақ қызы Францияға қалай тап болды? – Ленинградтағы университетті ойдағыдай тәмамдап, мемлекеттік емтиханды жақсы бағаға тапсырып болғасын университеттегі профессорлар: «Осында қалып, интернатурадан өтуіңе, сосын жұмысқа тұруыңа мүмкіндік бар», – деп ұсыныс білдірді. Бірақ анам елге қайт дегесін Алматыға келіп, облыстық балалар ауруханасында интернатурадан өтіп, жақсы баға алдым. Содан соң аспирантурада оқығым келді де, Ұлттық ғылым академиясындағы физиология институтына құжат тапсырдым. Оны да тәмамдап, медицина ғылымдарының кандидаты, PhD дәрежесін абыроймен қорғап шықтым. Сөйтіп жүргенде француздың Шеналь деген профессоры келіп, өзіне жақсы аспирант іздейді. Мынау Семей мен Чернобыль зардаптарының адам денсаулығына зияны жайлы халықаралық жоба жазу үшін. Ұстазым мені айтып, екеумізді таныстырады. Мен физиология институтында иммунологиялық әдіспен эндокринологиялық гормондарды анықтайтынмын. Профессор Шеналь: «Францияның Ренн қаласындағы университеттегі молекулалық биология лабораториясына барып бір жылдық білім алып, іс-тәжірибеден өтіп кел. Әрі тіл үйренесің, бірлесе жұмыс істеуіміз үшін бұл өте маңызды», – деді, сөйтіп ол кісі шетелде білім алуыма мүмкіндік жасады. Бірақ ол кезде заман қиын еді, Ғылым академиясындағылар менің біліміме қаржы бөле алмады. «Өз күшіңмен оқимын десең мейлі», – деді. Қарызданып-қауғаланып Францияға келдім. Алты айдан соң француз ғалымдары шәкіртақы тағайындады. Арада біраз уақыт өткенде бір профессор интернатурадан өтуге мүмкіндік берді. Бұл шалғай елден келген, Францияда ешбір туыс-туғаны жоқ мен үшін үлкен қуаныш еді. Мүмкіндікті мүлт жібермей, тәжірибемді арттырып алайын деп шештім. Сол кездері менің жасым 30-дың төңірегінде еді. Ойламаған жерден қазіргі жолдасымды жолықтырдым. Француз азаматы. Алтындай екі перзентіміз бар. Қызымның аты – Камила, ұлым – Этьен. Екеуі де білімге құмар. Ең жоғары дәрежедегі білім ордасында оқиды. Жолдасымның есімі Жан-Ив. Жартылай қазақ болып кетті, барлық салт-дәстүрімізді «беске» біледі. – Франция дәрігерлері Жоғарғы аттестациялық кеңесінің кеңесшісі қызметіндесіз. Ол нақты немен айналысады? Жалпы, Францияда медициналық қызмет көрсету сапасы мен бағасы қандай? – Медициналық 6 жыл білім алған студенттер таңдаған саласы бойынша 4—5 жыл бойына интернатурадан өтуі тиіс. Соның соңғы 2—3 жылын медицина докторы дәрежесін қорғау үшін диплом жазуға арнайды. Оны қорғап болғасын біздің Аттестициялық кеңеске келіп Гиппократ антын береді. Содан кейін ғана біз оларға дәрігер ретінде жұмыс істеуге рұқсат етеміз. Біздің кеңес сондай-ақ дәрігерлердің ары қарайғы карьерасын бақылап отырады. Жалпы, бұл кеңестің Франция үшін маңызы зор. Оған мүше болу үшін сайлауға түсуің керек. Мәселен, Францияда 13 аймақ болса, әр аймақтан бірнеше кандидат өтініш білдіреді. Оған медицина саласында еңбек етіп жүрген білікті мамандар дауыс беріп, сайлайды. Ең алғаш 2015-жылы сайландым. Екінші сайлау биыл өтіп, тағы да кеңестің мүшелігіне қабылдандым. Ал енді медицина сапасы мұнда өте жоғары дәрежеде. Халқы да талапшыл. Дәрігерлер қате диагноз қоймақ түгілі, дұрыс көңіл-күймен қарсы алмаса да шағым түсіреді. Сондықтан мамандар этиканы, деонтологияны қатаң ұстануға, берген антына адал болуға тырысады. – Жанар ханым, осы ретте біздің елден Францияға барып ем алғысы келетін кісілерге бірер кеңес бере кетіңізші. Емделушілер мен демалуға барғандар ең алдымен нені білуі тиіс? – Бірінші мынаны білу керек: Францияға өзге елден келіп емделу өте қымбатқа түседі. Өкінішке қарай, қазір бұған тек байлардың ғана шамасы келеді. Бірақ Қазақстанда жоқ, мысалы, онкологиядағы кейбір химиотерапия, гамматерапия секілді түрлерін кез келген адам осы жақтан алуына болады. Қазақстанда онкологиялық ауруларға қатысты түзілген арнайы бағдарлама болуы керек. Яғни дамыған шет елдермен конвенция жасалған. Сондықтан шет елден ем алу мүмкіндігін жергілікті аумақтағы учаскелік емхана дәрігерлерінен немесе Денсаулық сақтау министрлігінен сұрастырса болады. Ал енді маман ретінде мен қандастарыма жүрек-қан тамыры аурулары, ортопедия секілді салалардағы дерттерді емдеу Қазақстанның өзінде де жақсы дамығанын айтқым келеді. Егер қандай да бір жағдаймен шетелге барып емделер болса, науқас адам міндетті түрде қасына бір кісіні ертіп алғаны жөн. Онкологиялық дертке шалдыққандар үшін көмекші ауадай қажет болады. Сосын елден шығарда медициналық сақтандыру қағазы болса, жақсы. Шетте жүргенде қаражаттан қысылуы мүмкін, медициналық сақтандыру ақшаны үнемдеуге септігін тигізеді. Онда да алаяқтарға ұрынбау жағын ойласын, тәжірибесі мол, сенімді компанияны таңдасын. Өзге елдердегідей Францияда да жылына екі рет «сольд», яғни жаппай жеңілдік науқаны болып тұрады. Мәселен, дәл қазір, шілде айында жаздық киім-кешекке түрлі жеңілдіктер жасалуда. Сосын ақпан айында сауда жасаған жақсы. Арзан бағаға сапалы әрі сәнді киімдер алуға мүмкіндік бар. Бірақ турист ретінде жазда келу тиімсіз. Қымбатқа түседі. Айтпақшы, үлкен қалаларда ұрлық-қарлық жиі орын алады. Сондықтан Парижге барғанда әмияныңызға, қалтадағы ақша мен құжаттарға абай болу керек. Бұл жақтың ұрылары түр-әлпеті қытай, жапон, жалпы, Азия халқына ұқсайтын кісілерді тонауға әуес. Оларда ақша көп болады деп есептейді. – Сізді геронтология саласындағы Францияның озық тәжірибесін Қазақстанға енгізбек ниетпен арнайы жоба жасады деп естідік. Осыған аз-кем тоқтала кетсеңіз… – 2013-жылы Нант қаласында онкогериатрия саласы бойынша мамандығымды қорғадым. Жалпы, осы салада тәжірибем өте көп. Сосын неге осы сала бойынша диплом алмасқа деген ой келді. Бір жыл оқыдым. Диплом қорғар кезде тақырыбымды Қазақстанның медицинасына арнайын деп шештім. Сөйтіп Қазақстандағы медицина саласының күннен күнге дамып келе жатқанын, жақсы мамандар барын әңгімеледім. Елбасының бастамасымен қолға алынған онкологиялық бағдарламаларға тоқталдым. Зерттеу жұмыстарын жүргізіп Қазақстанда гериатрия саласын дамыту керек деген ұсыныс айттым. Профессорлар менің бұл еңбегімді өте жоғары бағалады, олар Қазақстандағы бағдарламалардың халықаралық дәрежеде жүргізіліп жатқанына таңқалды. Сосын мен елшілік арқылы өз жобамды Қазақстандағы әріптестеріме жолдадым. Бірталай ұсыныстар айттым. Бірақ, өкінішке қарай, Қазақстандағы гериатрия қауымдастығының басшылығындағы кейбір кісілер бағдарламамды алған соң: «Жоқ, бізге өмірді ұзартатын лабораториялық дәрігер керек, сіз секілді клиникалық дәрігер керек емес», – деп жауап бере салыпты. Шамасы, дайын жоба, кейін өзіміз дамытып аламыз деп ойлаған болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, оның Қазақстандағы медицинаға мүлдем жаны ашымаған болып тұр ғой. Обал болды. – Сіздіңше жақсы дәрігер деген қандай болуы тиіс? – Дәрігер өте білімді болуы керек, оның салғырттық танытуға құқы жоқ. Сондықтан бұл саланы шын қаламаса, сүйе білмесе, онда дәрігер болмай-ақ қойғаны дұрыс. Дәрігерлік 6—7 жылдық біліммен шектелмеуі тиіс, күніне бір жаңа нәрсені меңгеріп, тәжірибесін дамытып отыруы қажет. Қазақта «Дәрігердің жақсы сөзі – жарты ем» деген сөз бар. Қаншалықты мейірімді, жылы жүзді болсаңыз, соншалықты еңбегіңіз жемісін береді. Дәл қазіргі таңда медицина саласында білім алып жүрген жастар осыны білсе екен деймін. – Ренн қаласынан «Алматы» саябағын ашуға атсалысқаныңызды білеміз. Абайдың ескерткішін орнаттыңыз… – Алматы мен Ренн қаласы 1991-жылдан бері бауырлас қала ретінде жұмыс істей бастады. 2011-жылы біздің комитет 20 жылдық ынтымақтастықтың құрметіне Ренн қаласындағы бір көшеге Алматының атын беруді сұрадық. Бірақ көше емес, саябақ бұйырды. Ол үшін өте қуаныштымыз. Саябақ өте керемет енді, үлкен канал ағып тұр, субұрқақтары бар. Ашылуына Алматының әкімшілігінен біраз қонақтар келді. Концерттік бағдарламаларын ұсынды, апорт алмасының көшетін әкеліп отырғызды. Сол кезде мен Алматы – Ренн бауырлас қалалар қаумдастығының вице-президенті едім. 2013-жылы Ренн қаласының мэріне «Алматы» саябағының ішіне Абай атамыздың ескерткішін орнатуға рұқсат сұрадым. Олар оңайлықпен келіскен жоқ. 2014-жылы мен қауымдастық президенті болып сайландым. Біраз тер төгуге, конференциялар, көрмелер өткізуге тура келді. Абай Құнанбайұлының кім екенін, оның қандай еңбегі барын халыққа түсіндіруге барынша тырыстым. Сондай еңбектің арқасында 2016-жылы Абай атамыздың ескерткішін орнаттық. – Елге келіп, жинаған тәжірибеңізді осында бөлісу ойыңызда бар ма? – Биыл менің медицина саласындағы еңбек өтіліме 18 жыл болды. Осыдан 5 жыл алдында елге барып, сонда еңбек етсем деп ойладым. Туған еліме пайдамды тигізсем, қарттарымыздың сапалы өмір сүруіне, ұзақ жасауына үлес қоссам деген ниет болды. Бірақ, жаңа айтып өткенімдей, жобаларымды Қазақстандағы әріптестерім қолдамады, ұсыныстарымды қабылдамады. Менің ендігі сенімім Елбасында болып тұр. Менің бірегей жобамды тек сол кісі көріп, білсе ғана қолдайды, жүзеге асыруға мүмкіндік береді деген ойдамын. Егер елден жағдай жасалса, менің дәрежеме, еңбек тәжірибеме лайықты қызмет ұсынылса, онда барар едім. – Жанар ханым, абыройыңыз арта берсін, аман болыңыз! Сұхбаттасқан – С. КЕНЖАЛИЕВА.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет17 июля 2018 в 8:01
Шымкентте пәтер ақысы тағы да қымбаттады Жазда Шымкентте жалдамалы пәтер іздейтіндер қатары көбейе бастайды. Осыны білген жалға пәтер берушілер бағаны аспандататыны бар. Биыл да солай болып тұр. Мегаполис атанғалы бері қаланың шеткі аумақтарындағы жалдамалы «времянкалардың» құны да көтеріліп кетті. Әлеуметтік жарнама сайттарында бұдан бір ай бұрын осы «времянкалар» 10 мыңнан 20 мың теңгеге дейін берілетіндігі жөніндегі хабарландырудан көз сүрінетін. Үй иесімен сөйлесіп, әңгіменің соңына қарай коммуналдық төлем жайлы сұрасаң, оның пәтерақының іш… — Читать дальше
інде болатындығын айтып көңіл жайландыратын. Ал қазір «БАМ», «Қайтпас», «Самал», «Қазығұрт» және тағы басқа шағын аудандарда бұл ақыға 5 мың теңгеден қосылыпты. Мұны әрбір аялдамаға жапсырылған «Арзан бағада времянка бар» деген тілім қағазға жазылған нөмірлерге байланысып, егелерімен сөйлескенде де білдік. Ал жарнама сайттарынан «Квартираға қасыма қыздар аламын» деген жазбаны да көптеп көруге болады. Сондай жарнама берген Жазира есімді келіншекпен байланыстық. «Екі бөлмелі пәтердің бір бөлмесіне қылтың-сылтыңы жоқ үш студент қыз аламын. Коммуналдық қызмет төлем ақысын қосқанда айына 15 мың теңге төлеп тұрса болды. Үйдің қасында университет бар, мектеп, балабақша, сауда үйлері мен кафелер көп. Ауламыз да тыныш», – деп жылдам айтып өтті ол. Осындай жарнамалардың бірінен «Делдалсыз квартира беремін» дегенді көзіміз шалды. Оған да байланыстық. Өзін Н. деп таныстырған жігіт 8-шағын ауданда әрқайсысы бір және екі бөлмеден тұратын 4 пәтерінің барын айтты. Бірақ бұл пәтерлер «суткаға» ғана беріледі екен. «Осынша пәтерлерге салық төлейсіз бе?» – деп сұрап едік: «Ақшам бір жемқордың қалтасын қампайтқанша өзімде қалсын», – деген жауап алдық. Түнеуге пана іздегендер, әрине, осындай жерді жағалайды. Қалтасының мүмкіндігіне қарайтындар көбінесе бір бөлмелі пәтер алады. «Колос», «Гүлжан», «Теріскей», «Шығыс», «11-шағын аудан» және тағы басқаларда пәтер ақысы айына 45 мың теңгеден жоғары. Ал дәл осы бағада 2 бөлмелі пәтер табыла қалса ол қаңыраған төрт қабырғадан басқа ештеңесі жоқ немесе әбден тозығы жеткен болып шығады. Ал жиһазы аса жаңа емес, әйтсе де таза пәтерлердің ақысы 2, 3, 4 бөлмелісі 70 мыңнан 200 мың теңгеге дейін жетіп жығылады екен. Бүгінде үйінде студенті бар отбасыларға тіптен қиын. Аспандаған оқу ақысынан бөлек, перзентінің тұратын пәтеріне, тамағы мен киім-кешегі, жолкіресіне титықтап жүріп ақша тауып беріп отырған ата-аналарға бір Алла сабыр берсін дейміз. М. ДАНА.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет16 июля 2018 в 12:07
Әмірхан ШҮМЕНОВ: «Министр 500 мың доллар бөлеміз деген уәдесінде тұрмады» Кәсіпқой боксқа оралған жерлесіміз Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақта WBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Ол Астанада өткен бокс кешінде түрік боксшысы Хизни Алтункаяны 10-шы раундта ұтты. Осы ретте біз Бейбіттің әкесі Әмірхан Шүменовпен байланысқа шығып, тілдескен едік. – Әмірхан мырза, Бейбіт балаңыздың жеңісі құтты болсын! Боксшымыздың қазіргі көңіл-күйі, жағдайы қалай? – Бейбіттің жағдайы өте жақсы. Көтеріңкі көңіл-күйде. Жалпы, Бейбіттің көзіне екі мәрте операция ж… — Читать дальше
асатқанын білетін шығарсыздар. Содан боксты тастауға мәжбүр болған. Дәрігерлер рұқсат бермеген еді. Басқа салада еңбек етемін деп шешкен болатын. Бірақ кейін көзі жақсы болды, жазылды. Әбден тексеріліп, толықтай жазылып кеткеніне көзі жеткесін баяғы әуеніне қайта басып: «Мен боксқа қайта ораламын. Екі салмақ дәрежесі бойынша үш дүркін Әлем чемпионы болдым. Мұнымен тоқтап қалғым келмейді. Тағы екі-үш рет Әлем чемпионы атағын алғым келеді. Бокс тарихында атым қалса деймін», – деп өз ойын айтты. «Қой» дегенімізді тыңдамады. Бала күннен спортпен айналысып жүргесін тастап кете салу қиын екен. Шешіміне қарсы келе алмадық. Осылайша бәріміз бокстың төңірегіне қайта жиналдық. Ол туралы, біздің отбасы туралы деректі фильм шығарылды. Біздің Бейбіт халыққа көп көріне бермеген ғой, көбіне Лас-Вегаста жүрді. Бейбітте әлгі Головкин секілді ана есікке, мына тесікке кіру деген қасиет жоқ. Содан кейін бе, Бейбіттің боксқа қайта оралғанын бүкіл халық қолдап кетті. «Сенің дәрежең Головкиннен кем емес. Жеңіске жететініңе сенеміз!» – деп үміт артты. Міне, соның арқасында біз жеңіске жетіп отырмыз. Осы ретте айта кетейін, «Бейбіттің әкесінің базары бар. Қарсыласты сатып алған» деген әңгіме айтылуы мүмкін. Оның бәрі бос сөз. Бейбіт кілең «Әлем чемпоны» атағын алған боксшылармен жекпе-жекке шығады. Ал ондай атағы барлар ақшаға сатыла ма? Оларға да абырой керек қой. Бейбіттің әр қарсыласын сатып ала беру деген сөз миға қонбайды дегім келеді. – Осы жекпе-жектің қарсаңында Астана қаласынан бүкіләлемдік бокс ассоциациясының штаб-пәтері ашылады деген жаңалық естідік… - Иә, Қазақстанда алғаш рет бүкіл ТМД елдері бізге кіретін конвенция өткізілді. Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының кеңес мүшелері арнайы келіп, жиналыс өткізді. WBA президенті Жилберто Мендоза деген кісі қазақстандық боксшылардың әлемдік тұрғыда жоғары нәтижеге жетіп жүргенін, алдағы уақытта да кәсіби боксты дамыту мақсатында штаб-пәтер ашылатынын айтты. Шындыққа тіке қарар болсақ, штаб-пәтердің ашылуының Бейбітке түк те пайдасы жоқ. Ол елге керек. Қаншама спортшының жұлдызының жануына септігін тигізеді. Осыған байланысты екі-үш ай алдын Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек мырза бізді қабылдап: «Ой, бұл жақсы болды! Қуанып қалдым. Конвенция өткізуге, делегаттарды қабылдап, лайықты дәрежеде күтіп алуға 500 мың доллар бөлеміз», – деген еді. Бірақ соңғы сәтте олар қашып кетті. Айтып-айтып, соңында уәделерінде тұрмады. – Содан, қаржыны қайдан алдыңыздар? – Олар «500 мың доллар бөлінеді» дегесін WBA-ға ақша төлеп, санкция алып қойғанбыз. Делегацияға да шақырту жіберіліп, өткізілетін уақыты, орны – бәрі-бәрі белгіленіп қойған. Яғни шегінерге жол жоқ. Обалы не керек, Астананың әкімі Әсет Исекешов 40 миллион теңге бөлді. Ол дегеніңіз теңізге құйған тамшыдай болды. Дегенмен ол кісіге рахмет! Ал министрлік кейіннен 40 миллион теңге бөлеміз деді. Бастапқы 500 мың доллардың аты өшті. Бірақ ақшаны әлі алғанымыз жоқ. Күн сайын «ертең» деген жауап аламыз. Алдаусыратып жүр ме деп те ойлаймыз. – Ал осы іс-шараларды ұйымдастыруға, жекпе-жекті өткізуге бас-аяғы қанша қаржы кетті? Шыққан шығынның орны толды ма? – 500 мың доллардан асып кетті. Шығын өтелген жоқ. Жекпе-жекті өткізетін компания билеттерді сатылымға шығарған, бірақ ол өтпеді. Сосын мен 3 мыңнан астам билетті халыққа тегін тараттым. Зал бос болмасын деп. Жалпы, осы ретте айтарым, біздің Қазақстанда кәсіпқой боксты түсінетіндер жоқ екен. Бағалайтындар өте аз. Ал АҚШ-та мүлдем басқаша. Олимпиада чемпонына қарағанда кәсіпқой боксшыларға деген құрмет басымырақ. Себебі олар кәсіпқой бокста қаншама еңбек, маңдай тер барын біледі. – Билеттердің құны қаншадан болды? – Арзымайтын теңге тұрды. 2 мың ба, 3 мың ба… Солай енді… – Демек, шығынның бәрін өзіңіз көтердіңіз ғой? – Амал жоқ, солай етуге тура келді ғой. Оңайға түспеді. Қиналып қалдық. Намысқа тырыстық қой былайша айтқанда. Әуелден министрлік ақша бөлмейтінін білсек, бәрі басқаша болар еді. Қысқасы, ұйымдастыруы бар, басқасы бар, бәріне өзіміз жүгірдік. Бейбіт те тынған жоқ. Түнгі 3-4-ке дейін ұйқы көрмей кетті. «Балам-ау, шаршадың ғой. Қайтіп бокстасасың? Ұйықтап ал!» – деп шыр-пыр боламыз. Ал ол: «Уайымдамаңыздар, супер ауыр салмақтағы адамды құлатуға шамам келеді», – деп өз-өзіне сенімді екенін білдірді. Қарсыласы да оңай адам емес, 30 мәрте жекпе-жек өткізіп, оның 17-сін нокаутпен жеңген. Бірақ кешегі жекпе-жекте алғашқы раундтың аяқталуына бір минут қалғанда Бейбіт оның бүйірінен ұрған. Қабырғасы сынып кеткен екен. Сонда да мықтылығының арқасында 10-шы раундқа дейін шыдап бақты. Жекпе-жек біткесін біздің жігіттер ауруханаға апарып, медициналық көмек көрсетті. Шар үрлепті. Бетінің сау жері қалмаған, дап-даласы шығып кетіпті. – Енді алдағы жоспарларыңыз қандай? – Бейбіт өзінің промоутерлік компаниясын дамытсам, оншақты қазақ жігітін тартып, оларды чемпион етсем деп отыр. Ал дәл қазір біз әлі Астанадамыз. Елбасы Бейбітті қабылдайды деген хабар келді. Соны күтіп отырмыз. Ол кісі Бейбіттің кешегі жекпе-жегін тікелей эфирден тамашалапты. Біз үшін бұл үлкен құрмет. Қуанып қалдық. – Елбасымызға қаржы мәселесін айтатын шығарсыздар? – Міндетті түрде айтылады. Мәдениет және спорт министрінің сөзінде тұрмағаны бізді қатты ренжітті. Оны міндетті түрде Нұрсұлтан Әбішұлына айтамыз деп отырмыз. – Әңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан – С. ИКРАМҚЫЗЫ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет16 июля 2018 в 8:57
Жансейіт Түймебаев туралы не білеміз? Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев асқаралы 60 жасқа толды. Ол кісінің қызметтік өмір жолы көпшілікке таныс, дегенмен осы орайда оқырман назарына оның туып-өскен ортасы, отбасы жөнінде және басқа да кейбір деректер туралы айта кетуді жөн көрдік. Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 1958-жылы 8-шілдеде сол кездегі Шымкент облысының Алғабас ауданына (қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы) қарасты Қайнар ауылында, көпбалалы отбасында өмірге келген. Ж.Түймебаевтың әкесі Қансейіт Түймебаев кезінде Алғаб… — Читать дальше
ас және Созақ аудандарында партия ұйымының хатшысы қызметін атқарған. Ол кісі құдай қосқан қосағы Ұлмекен Жаманқұлқызымен отбасында 4 ұл, 8 қыз тәрбиелеп өсірген. Қансейіт Түймебаевтың үлкен ұлы Байсейіт кезінде Маңғыстау облысында жауапты қызметтер атқарған, кейін Шымкент облыстық, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдіктерінде еңбек еткен. Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау департаментін басқарған. Бәйдібек ауданының әкімі болған. Ж.Түймебаевтың туған інісі Имангелді бүгінде аймақтық басқармалардың бірінде жауапты қызмет атқарады. Оған дейін Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары болған. Жансейіт Түймебаев жұбайы Жанат Еңсебаевамен бірге Елдана және Елнар есімді ұл-қыздар өсірген. Кей деректерге қарағанда, Ж.Еңсебаева өнер галереясының директоры болып істейді, кезінде ол Түркиядағы елшілікпен бірігіп, қазақстандық үздік суретшілердің «Заманауи қазақ өнері» атты көрмесін өткізген. Ж.Түймебаев бала кезінде Шымкенттегі № 12 мектеп-интернатта оқыған. Оны алтын медалмен бітірген. Оның математика пәніне қабілеті жоғары болыпты. Ол кейін Қазақ Мемлекеттік университетін, Мәскеу Мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Бүгінде филология ғылымдарының докторы, профессор, 2-сыныпты елші дипломатиялық дәрежесінің иегері. Ол кісі – 30-дан астам ғылыми-танымдық кітаптардың авторы. Ж.Түймебаев кезінде Қазақ Мемлекеттік университетінде еңбек еткен. 1993-жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінде жауапты қызметтер атқарған, Қазақстанның Стамбул қаласындағы консулдығын, Қазақстан Президентінің Протоколын басқарған, Президенттің кеңесшісі болған. Білім және ғылым министрі болған. Ресейдегі, Түркиядағы, Албаниядағы Төтенше және Өкілетті елші қызметтерін атқарған. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне 2016-жылы қазан айында тағайындалған болатын. Биылғы 20-маусымда жаңадан құрылған Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Д. НҰРПЕЙІС.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет11 июля 2018 в 15:21
Шілдеде ыстық өткізбеңіз, суық тигізбеңіз Шілденің аптап ыстығы күшіне мінді. Осы кезде ашық далада көп жүрген адам күн өтіп ауырып қалуы әбден мүмкін. Ал оның алдын алу үшін төмендегі жайларды назарда ұстаңыз. Ең алдымен ыстықтан сақтану керек. Бөлменің температурасын қалыпты жағдайда ұстау, өте төмендетіп жібермеу қажет. Сұйықтықтарды көп ішу, жеміс-жидек, көкөністерді көп тұтынған жақсы. Ыстықтан сақтандыратын дәрілерді пайдалануға да болады. Шілденің күнінде жасы үлкен адамдар денсаулығын жиі тексертіп тұруы қажет. Бұл кезде қантты несеп ау… — Читать дальше
руы, жүрек аурулары мен қалқанша безі ауруларына шалдыққандар белсене емделгені дұрыс. Содан кейін ас әзірлеу кезінде тағамның дәмін келтіретін қоспаларды, қышқылдарды көп пайдалану қажет. Себебі қышқыл, ащы тағамдар адамның тәбетін арттырады. Күннің ыстығына қарамастан дұрыс тамақтануға көңіл бөлу керек. Себебі тамақ дененің қарсылық қуатын күшейтіп, ыстық өтуден сақтайды. Күн өтуден сақтану үшін суық сусындарды көп ішпеу керек. Әсіресе ауыр дене еңбегінен немесе дене шынықтырудан кейін суық су ішу асқазан кілегей қабығын тітіркендіріп, асқазан сұйықтығы секрециясының шығарылуына ықпал жасап, ас қорытудың бұзылуына соқтырады. Аптап ыстықта салқындау үшін кірпіш, цемент едендердің үстіне ұйықтауға болмайды. Далаға түнеуге де болмайды. Себебі мұндай кезде ағзаға тез суық өтеді. Осының салдарынан буын қабынуы, құйымшақ сүйек нервтерінің қақсауы секілді ревматизмдік дерттер пайда болуы мүмкін. Тамақтан соң бірден суға түсіп, жүзбейді, малтымайды. Ол ас қорыту жүйесінің қызметіне кері ықпал жасайды. Сонымен қатар дене суға тигеннен кейін суықтың тітіркендіруінен асқазанның тамырлары жиырылып, асқазан түйілуі, лоқсу, ас қорытудың бұзылуы секілді аурулар оңай пайда болады. Сондықтан ыстық күнде тамақтанып болған соң кем дегенде жарты сағаттан кейін суға малтыған жөн. Суық, сызды жерлерді, дымқыл орамалдарды ұзақ уақыт басып жүруге болмайды. Бұл адамды уақытша рахаттандырғанымен табаннан өткен суықтың тітіркендіруі бастың бұлшық етін жиырып, қан тамырын тарылтып, мида уақытша қан жетіспеуін туындатады. Бас ауырады. Жайбарақат, табиғи салқындауға тырысыңыз. Тез шаршататын, қуат жұмсауды көп қажет ететін әрекеттермен аз шұғылданыңыз. Аптап ыстықта күн астында ұзақ уақыт жүруден сақтаныңыз. Ыстық күнде денені күн нұрынан қорғайтын майлармен сылаңыз, ашық-шашық киінбеңіз. Жаз маусымында ауа температурасы жоғары болатындықтан денедегі ыстық ауаға тез таралып кете алмайды. Сондықтан кей адамдарға күн тез өтеді де, соның салдарынан естен тану, құсу, іш өтуі сияқты ауру белгілері байқалады. Мұндай жағдайда науқасқа төмендегідей көмек жасаған жөн: Науқасты дереу көлеңкелі, салқын жерге апарып, басын биік жастап, тыныс алуы мен денеден жылудың тез таралуына тиімді болуы үшін киімдерінің түймелерін ағытып, желдету қажет. Содан соң басына суық орамал басып, қажет болған жағдайда басына, қолтығына, шабына мұз қалтасын қою керек. Кейін аяқ-қолын дене температурасынан сәл салқын сумен сүртіп, уқалап, тамырда қанның тез жылжуына, ыстықтың таралуына ықпал жасаған дұрыс. Кейде науқастың кеудесіне дейін мұздай суға жатқызуға да болады. Бірақ бұл әдіс қарттарға, дене қуаты әлсіздерге және жүрек қан-тамыры ауруы барларға қолданылмайды.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет11 июля 2018 в 14:57
Биыл былтырғыдан қиын болды Елімізде 20-маусым мен 1-шілде аралығында мектеп түлектері ұлттық бітыңғай тест сынақтарынан өткізілді. Ал биылғы ҰБТ қалай өтті, өзгешелігі қандай? Осы сауалдар төңірегінде бірер адамдармен тілдескен едік. ҰБТ-дан 115 балл алған түлек Жанерке Әбдештің айтуынша, тест сұрақтары оңай болмапты. «Таңдаған пәнім – физика-математика. Мұғалім болғым келеді. Осыған дейін дайындалып жүрген тестілеуден сәл өзгерек демесеңіз, оқығанымның пайдасын көрдім. Ұстазымыз айтпақшы, оқысаң оңай екен. Осы ретте бір нәрсе айта кетейін. Бұ… — Читать дальше
рын тест сұрақтарын сатып алуға болады деп еститінмін. Биыл өзім осы жайттың куәсі болдым. Білімі төмен кей оқушылар «көкесі» мен ақшасының арқасында жоғары балл алып кетті. Әділдік пе осы? Мен секілді өз күшіне сенгендердің біразының төмен көрсеткіш алғанына қарап, жаным ашыды», – дейді ол. Ал тағы бір мектеп түлегі Арайлым Жарқынбек былай дейді: «Мен мүмкін болған 140-тан 93 балл жинай алдым. Бірақ оған бола көңілімді түсіргім келмейді. Байқағаным, ерекшелік баршылық екен. Математикадан гөрі математикалық сауаттылық пен Қазақстан тарихы пәндері біз дайындалған тесттен әлдеқайда қиын соқты. Сол себепті көп оқушы тарихтан 15 балға жете алмады. Әрине, барлық оқушының қабілеті бірдей емес, дегенмен әр оқушы жетістікке жету үшін еңбектенуі керек», – дейді Арайлым....Биыл еліміз бойынша 102 мың 447 түлек ҰБТ-ға қатысты, тестті қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тапсырды. ҰБТ кезінде 1206 аудитория жұмылдырылып, бейнекамералармен, ұялы телефон байланысын өшіретін құрылғылармен, металл детекторлармен жабдықталды. ҰБТ-ның бірінші күнінде облысымызда ең жоғары 137 балды Шымкенттегі Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 мектеп-лицейдің бітіруші түлегі Сухраб Камалов жинады. Одан кейінгі 136, 135 ұпайға облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған № 1 мектеп-интернатының екі оқушысы қол жеткізді. Шұғыла Сайлаудың көрсеткіші – 136, Абылайхан Шораевтікі – 135 балды құрады. ҰБТ көрсеткіші бойынша Алматы көш бастап тұр. Күні кеше 140 ұпайға қол жеткізген А.Йассауи атындағы № 123 мектеп-гимназияның түлегі Шиара Құдайбергенова енді Ұлттық тестілеу ортылығының басшысы Рамазан Әлімқұловтан «іPhone» телефонын сыйлыққа алады. Биыл облыс түлектерінің ҰБТ бойынша орташа балы өсті. Былтырғы көрсеткіш 76 пайызды құраса, биыл түлектердің орташа балы 79,6 пайызға жетті. Биыл сынаққа қатысқан түлектердің қатары 22 мың 800, яғни былтырғыдан 800 адамға артқан. Шекті деңгейден өтпегендердің саны 2500-ден асады. Бұл туралы Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлімдеді....Біле жүріңіздер, ауыл шаруашылығы және ветеринария бағыты бойынша ең төменгі шекті балл – 60. Ұлттық университеттерге түсу үшін 65 балл жинау керек, медицина бойынша да 65 балл. Биыл тест сұрақтарының 50 пайызы жаңартылыпты. Былтыр 40 мың сұрақ болса, бұл жылы 119 мың сұрақ бар. Оның 3 мыңдайы – ағылшын тілінде. 119 мың сұрақтың 11 пайызы функционалдық сауаттылыққа бағытталған, 37 пайызы бір немесе бірнеше дұрыс жауапқа арналған тест сұрақтары екен. Көптің көкейінде 50 балл жинай алмаған түлектер не істейді деген сауал да болары рас. 2017-жылы қолданысқа берілген жаңа форматтың ерекшелігінің арқасында түлектер ҰБТ-дан өтпей, яғни 50 балды жинай алмай қалса, тамыз айында қайтадан сынақ тапсыра алады. Егер тамызда да тиісті балл жинай алмаса, онда қыркүйекте жоғары оқу орнына бір семестрге ақылы түрде түсуге мүмкіндігі бар. Бір семестрден кейін, қаңтар айында тестті үшінші рет тапсыруға мүмкіндік беріледі екен. Д. БАЙЖІГІТ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет11 июля 2018 в 14:54
Екі мыңдай домбыра жасаған Таяуда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра» күні болып белгіленгені белгілі. Кешегі аптада ол бүкіл елімізде дүркіреп тұрып өтті. Біз осы орайда домбыра жасауды өмірлік кәсіп еткен бәйдібектік Ергешбай Дөңбай деген азаматпен кездесіп, арнайы сұхбаттасқан едік. – Ергешбай аға, өзіңіз туралы айта кетсеңіз. Домбыра жасауды қай кезден бастаған едіңіз? – Мен 1950-жылы бұрынғы «Красная нива», қазіргі Ақмешіт ауылында өмірге келгенмін. Алматы малдәрігерлік институтын бі… — Читать дальше
тіре сала жолдамамен Торғай облысы, Амангелді ауданында қызмет етіп, 29 жылдан соң туған жеріме оралдым. Бала кезде жоқшылық кезді бастан өткіздік. Әкемнің қасында көмекші болып, ескі-құсқы бұйымдарды жөндеуге көмектесетінмін. Әкем шебер адам еді. Ағаштан керемет бұйымдар жасайтын. Сол кісінің әсері шығар, зергерлік және өнер бұйымдары, оның ішінде домбыра жасауға ықыласым ауды. Алғашқы кезде балтамен шапқылап, пышақпен жонып жатып, бір айдың айналасында кәдімгідей домбыра жасап тастайтынмын. – Домбыра жасауға кез келген ағаш жарай бере ме? – Домбыра жасауды кәсіп еткеніме 31 жыл болыпты. Жылына 50 дана домбыра жасап шығарамын. Сонда 31 жылда жобамен 2000-ға жуық ұлттық аспаптың осы түрін шығарыппын. Жалпы, ағаш – домбыра үшін ең басты назардағы материал. Техникалық жағынан шеберлердің бәрі де аспапты жасай береді. Керегі – ағаш түрін таңдай білу. Мәселен, домбыраны базарларда, пойыздарда, вокзал маңайларында 1500 – 2000 теңгеге де сатып ала аласыз. Кейбір шетелден келген қонақтар сондай домбыраларды алады, сосын оларда қазақтың домбырасы осындай екен деген пікір қалып қояды. Шешен домбыралардың орнына 85 – 90 пайыз маңқа домбыралар қаптап кетті. Ал маңқа домбырамен қазақтың рухы турасында сөз сөйлеу мүмкін емес. Қазақтың рухын көтеретін – қоңыр үнді домбыра. Кеңестік кезеңдегі фабриканың дайын домбыраларының үні мені қанағаттандыра алмады. Одан гөрі өзімнің жасаған домбыраларымның сапасы әлдеқайда басымырақ түсіп жатты. Тәуекел деп «домбыраның сапасын, үнін халықаралық дәрежеге жеткізем» деп алдыма мақсат қойдым. Міне, бүгінгі күні сол діттеген межеме жеткендеймін. Бұрынғы қазақтар тұрғылықты жерінде өсетін ағаштардың жарамдылығын есепке алып, соған орайластырып, қажетті аспаптарын жасап отырған. Көбінде қарағайды пайдаланған. Ал акустикалық қасиеті ең жоғары, дыбысты жақсы өткізетіні – шырша. Бұған мен «нағыз қазақтың дыбысын беретін ағаш – шырша» деген теңеуді қосып айтар едім. Шыршаның дыбыс беру қасиеттілігі жоғары, әрі берік болғанымен, оның химиялық, физикалық қасиеттері әртүрлі болып келеді. Қатып қалған нәрсе жоқ. Домбыраға да, оны құрайтын материалға да адамға қарағандай сезіммен қарап, жүрекпен тыңдау керек. Мен ағашты жонып отырғанда сондай сезімге бөленіп, шабыттанамын. Сезім мен шабыттан керемет дүние шығады! Домбыраның шанағы қатты ағаштан жасалынады. Оған табылып жатса бұйра үйеңкіні, қызыл ағашты, бұйра қайыңды немесе жергілікті жарамды қарағаштарды пайдаланамын. Домбыра дыбысының 95 пайызы бетіне байланысты. Сондықтан дұрыс материал табылып, пайдалануға жарап жатса, оны аспапқа нақышына келтіріп қолдана білу, бетіне тиянақты етіп жабу – бәрі де домбыра жасаушының шеберлігіне келіп тіреледі. – Сіздің жасайтын домбыраларыңыз қаншалықты сұранысқа ие? Еліміздегі танымал тұлғалар тапсырыс берген бе? Құпия болмаса, бағаларын айтсаңыз… – Сапасыз бір аспабыңмен-ақ өз ортаңда қадір-қасиетіңді кетіріп алуың мүмкін. Шеберханадан шығып жатқан қаншама аспаптар бар. Сол аспаптардың атағы да, мақтауы да, даттауы да, айналып келгенде өзіме тиеді. Сондықтан сөз келтіретін сапасыз дүние жасамауға тырысамыз. Негізінен домбыраға тапсырыс беретіндер өте көп. Бүгінде халыққа есімі белгілі өнерпаздардың басым көпшілігіне домбыра жасадық деуге болады. Аудандағы мәдениет сарайының жартысынан көбінде, саз мектебінің барлығында, Шымкент қаласындағы № 1, 2 саз мектептерінің бірқатарында, сондай-ақ Астанадағы Өнер академиясында және филармониясында менің қолымнан шыққан бір-екіден домбыра бар. Белгілі күйші, Астанадағы Өнер академиясының профессоры Тұрар Әліпбаев та арнайы домбыра жасатқан. Менің қолымнан шыққан домбыралар Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Германия секілді елдерге жөнелтілген. Ал Арқалықта жұмыс істеп жүргенде туристік іс-сапармен АҚШ, Мысыр елдерінен келген жігіттер арнайы домбыра жасатып, өз елдеріне алып кетті. Бірақ бағаларын айта алмаймын. Дегенмен тапсырыс берушілердің қалтасына салмақ салмауға тырысамын. – Болашағынан үміт күттірер шәкіртіңіз бар ма? – Қолөнер – материалдық тұрғыда байлыққа белшеден батыратын кәсіп емес. Мұның ақысы азғантай. Ал әр күнің ақ тер-көк тер еңбекпен өтеді. Сондықтан бұған жастардың келуі сирек. Ауырсынады. Талаптанушыларға тәжірибемді үйретемін. Бұл өнеріме ұлымды баулыдым. Ұлым Нұрғиса көмектеседі. Өзі де өнерге жақын. Қолынан келгенше сандық, бесік жасайды. Маған дайындық жасауға көмектеседі. Атақты күйші Нұрғиса Тілендиевке ұқсасын деп баламның атын осылай ырымдап қойдым. – Ергеш аға, Бәйдібек ауданы сізді тек домбыра жасаудың шебері ғана емес, күйші деп те біледі. Осыған тоқталып өтсеңіз? – Менің ұғымымда домбыраны немесе қандай да бір ұлттық аспап түрін жасай білген шебер ол аспапта ойнай да білуі керек. Осы күнге дейін халық композиторларының 50-ге жуық күйін оның шығу тарихымен қоса жете білемін және оларды жанымды салып тартамын. Өзімнің шығармашылығымда «Қостұра», «Қарабура», «Төлегенге арнау», тағы басқа – барлығы жеті күйім бар. Алла-тағаладан бейнет көрмей өтуді тілеймін. Ауырып жатып қалмай, өмірімнің соңына дейін өнеріммен болуды көздеймін. Өйткені мені жасартатын да, өмірімді ұзартатын да – өнер. Немерелерімнің қызығын көрсем деймін. Күнделікті өмірдің күйбеңімен кейде еңсені басатын уайымдарды ойламауға тырысамын. Кешкі тамақтан кейін түнгі сағат 1-2-лерге дейін шеберханамда жұмыс істеймін. – Әңгімеңізге рахмет! P.S. Ергешбай шебер жасаған домбыралар көлеміне қарай әркелкі. Үлкендерге арналған, төменгі сынып оқушыларына лайықталған, балабақша бүлдіршіндеріне арналған кішкене және сый-кәделік домбыралар бар. Әдетте, домбыраны жасатқысы келіп, түр-түрін іздегендер Ерекеңнің үйіндегі шеберханаға келіп табан тірейді. Оған аудан, облыстан ғана емес, Астанадан да арнайы келіп тапсырыс беретіндер көп. Сұхбаттасқан – Дана МЕДЕУОВА.
Развернуть и показать
еще 1 фото
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет9 июля 2018 в 10:53
45 градус ыстық бола ма? Шілденің ми қайнатар ыстық күндері жүріп жатыр. Аптап ыстықты әсіресе еліміздің батыс облыстарының тұрғындары бастан өткеруде. Кешегі аптада ол аумақтарда ауа қызуының 45 градусқа дейін жеткен кездері болды. Осыған орай Оңтүстік жұртшылығының көкейінде де алдағы ауа райы қандай болады деген сұрақ жүргені анық. Сондықтан біз «Қазгидромет» ауа райын болжау орталығы Түркістан облыстық филиалына хабарласқан едік. Филиал мамандарынан төмендегідей мәліметтер алдық. «Қазгидрометтің» алдын-ала жасаған болжамдарына сәйкес, бізді… — Читать дальше
ң облыста шілде айының орташа айлық температурасы 27 – 30 градус аралығын құрамақ. Бұл – мөлшердегіден 1 градус жоғары. Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы күндіз 29 – 34 градус аралығында, кей жерлерде 34 – 39 градус аралығында болады, кей жерлерде 44 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды. Онкүндіктің ортасында оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15 – 20 метрге жететін жел тұрады, кей жерлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Онкүндіктің соңына қарай ыстықтың беті біртіндеп қайта бастайды. Екінші онкүндіктің бірінші жартысында біршама салқындау жалғасады, ауа температурасы 28 – 33 градусқа дейін төмендейді. Ал бұл онкүндіктің екінші жартысында қайтадан күн ыси келе ауа қызуы 34 – 39 градусқа дейін жоғарылайды. Айдың үшінші онкүндігінің басында ауа қызуы аздап төмендей бастайды да, кейін қайтадан көтеріледі. Кей жерлерде ауа температурасы 39 градусқа дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңына қарай оңтүстік-батыстан жел тұрады, кей жерлерде оның күші секундына 15 – 20 метрге дейін жетеді. Бұл айда жауын-шашын айлық мөлшерден аз түседі. Айдың соңында кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін....Міне, «Қазгидрометтің» Түркістан облысындағы шілде айының ауа райына қатысты жасаған болжамы осындай. Жайсыздықтарға ұрынып қалмас үшін қайда болмасын тиісті сақтық шараларын есте ұстай жүргейсіздер демекпіз. Д. НҰРПЕЙІС.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет6 июля 2018 в 8:19
Ата-енені сыйламаса не болады? Ата-енелерін жек көріп, жыны қозып шай беретін, құрметтемейтін, сөз қайтаратын, сыйламайтын келіндер, айтпады демеңіздер, қазір тікірейіп жүрсеңіздер, кейін осының зардабын тартасыздар. Ата-енелеріңіз қандай жаман адам болса да, құрметтеу маңызды. Надандық деңгейіндегі адамдар болса (ішу, былапыт сөз айту, ғайбат сөйлеу, т.б.) сізге бір нәрсені былай істеме, былай істе десе, ал ол дұрыс болмаса істемей-ақ қойыңыз, бірақ келісіңіз, үндемеңіз, құрметтеңіз. Әйтпесе біраз жылдан соң ұрпағыңыз сізге сұрқиялығыңызды қ… — Читать дальше
айтарады. Ата-енеңіз сіздің ойыңызша «оңбаған» адамдар болса, сіз де сондайсыз. Сіз де сол деңгейдесіз. Себебі бұл – өмір заңы. Сіз қандайсыз, өміріңіз де дәл сондай, таным деңгейі өзіңізбен тең адам жолығады. Сізге кездескен жанның бәрі – ұстаз. Өзіңізді бұл өмірде шәкірт, оқушы ретінде қабылдай алсаңыз ғана, өзіңізге берілген сынақтардың себептерін ұғып, шапағатын аласыз. Ата-енеңіз сіздің күйеуіңізді өмірге алып келген жандар. Олар – Жаратушының өкілдері. Сіз сонда Құдайға қарсы шығасыз ба? Сіз сонда өзіңізді Құдайдан жоғары қоясыз ба? Ата-енеңізді құрметтеңіз! Қызмет етіңіз. Кір-қоңын жуып, шомылдырыңыз. Махаббатпен шай беріңіз. Ұйықтап жатса, үстіне көрпе жабуды ұмытпаңыз! Жақсы көріңіз. Қысқасы, өз ұрпағыңыздың ата-әжелерін жақтырмау арқылы, оларға өлім тілеу арқылы сіз өзіңіздің тағдырыңызды талқандап жатырсыз. Бала-шағаңыздың өмірін қысқартумен айналыспаңыз. Ж. БАЙСЕМІЗОВА.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет5 июля 2018 в 7:39
Киімнің түсіне қарап мінезін білуге болады Ақ түс – тазалық символы. Бұл түс адам энергиясының тазалануына өз әсерін тигізеді. Ақ түс таңдайтындар әдетте жинақы, адал ниетті адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі. Егер өзіңізді мейірімді, таза адам етіп көрсеткіңіз келсе, әрдайым ақ түсті киініп жүруге тырысыңыз. Қызыл түс – өмірлік энергия түсі. Адамның өмірге деген талпынысын күшейтеді, адам ағзасындағы қан айналымы жүйесін жақсартады. Бұл түсті таңдайтын адамдар күшті, қайсар болып келеді. Кей жағдайда кек қайтаруы да мүм… — Читать дальше
кін. Әдетте бұл түс ашық мінезді адамдарға тән. Сарғыш түс – бостандықты қажет ететін түс. Адамдардың байқалмайтын қабілеттерін арттырады. Депрессия, қорқыныш билеп жүрген адамдардың көңіл-күйін жайландырады. Сарғыш түс киген адамдар өркөкірек, тәуелсіз болып келеді. Әрдайым танымал болуға ұмтылады.Бұл түсті адамдар көп келіп кететін, араласатын ортада қолданған жөн. Бұндай жерде адамдар бір-біріне ашық, мейірімді болады. Егер әрдайым көңілді, жас көрінгіңіз келсе, сарғыш түсті киім сатып алуға дүкенге жүгіріңіз. Сары түс – адамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Өзіне сенімсіз, ұялшақ адамдарға оң әсерін тигізеді. Адамға күлкі, қуаныш әкеледі. Әдетте бұл түс қуаты мол, көп сөйлейтін, әртістік өнерге, шығармашылыққа жақын адамдарға тән. Сары түсті киім адамға сарғыш түс сияқты әсер етеді. Жасыл түс – нағыз гармониялық түс. Адамның нерв жүйесін тыныштандырады. Бұл түс біреудің қуаныш, ренішіне ортақтаса білетін, достары көп адамдарға тән, оны ұнататын адамдар тұрақты, сенімді болып келеді. Бұл түсті кез келген жерде қолдана беруге болады. Жасыл түсті киім кисеңіз, сіз кез келген ортада тек жақсы жақтан ғана көзге түсесіз. Көк түс – арманыңыздың орындалуына әсер етеді. Бұл түс – шындықтың, біреуге деген сенің адалдығыңның белгісі ретіндегі түс. Егер сіз біртоға, ешкімнің қолы жетпейтін болып көрінгіңіз келсе, көк түсті киім таңдаңыз. Ашық көк түс – салқындатқыш, тыныштандыратын түс. Бұл түс – бейбітшілік, тыныштық символы. Әрдайым тепе-теңдікке, ақылдылыққа шақырады. Ашық көк түсті рухани жетістіктерге ұмтылатын адамдар ұнатады. Әдетте бұл түсті демалатын жерде қолданған жөн. Киім таңдағанда аса сезімтал, кеңпейілді көрінгіңіз келсе, ашық көк түстіні сатып алуыңызға болады. Қара түс – жұмбақ, құпия түс. Қара түс – тәуелсіздіктің белгісі. Бұл түсті араласатын ортасында өзінің лайықты орны бар адамдар ұнатады. Тәуелсіз, беделді көрінгіңіз келсе, қара түсті киім таңдаңыз!
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет4 июля 2018 в 8:29
Жылан, тасбақа, кірпі, кесірткеден дәрі жасайтын адам Жылан сату – ата-бабамыздан қалған кәсіп емес. Әйтсе де бұл кәсіп арқылы отбасын асырап, күнелтіп жүргендер арамызда бар екен. Біз Шымкенттегі Қырғы базар мен Қарабұлақ базарында осындай жылан сататындар бар деп естідік. Сондай-ақ кейбір жарнама сайттарында да ем-домға арналған жылан сатамын деген хабарландырулар жеткілікті екен. Содан жылан сатушы мен одан дәрі жасап, науқастарды аяққа тұрғызып жүрген емші кісіні тауып, тілдескен едік. 8 мың теңгеге саудалап тұр Шымкенттің орталық базарын… — Читать дальше
ан осы кәсіппен айналысқанына жеті жылдан асып қалған Нариман есімді кісіні кезіктірдік. Ол құтыдағы кішкентай ғана көлбар деп аталатын жыланды 8 мың теңгеге сатады екен. Қалтаңыз көтермесе аз-маз түсуге ыңғай білдірген сатушы «тауарын» үйінен әкеліп беретінін айтты. Себебі бұл бауырымен жорғалаушы аптап ыстыққа шыдай алмайтын көрінеді. Ол кісі тұрақты алушыларының өте көп екенін айтты. «Қазіргі таңда халық дәрі-дәрмектен гөрі жылан сорпасын ішудің денсаулыққа пайдалырақ екенін біліп қалды», – дейді ол. Нариман өзін іздеп тапқан сатып алушылардың жағдайына түсіністікпен қарап, ұзақ саудаласпайтынын айтады. Ол дертіне шипа іздеген жанға жыланды баяу отта 12 сағат қайнатып, әбден езіліп піскенде ғана күніне үш рет ашқарынға бір ас қасықтан ішу керектігін түсіндіріп айтады екен. Дертті кетіріп, жараны, әжімді жоятынын айтады Бәйдібек ауданында жыланның 21 түрінен, сонымен қоса кірпі, кесіртке, тасбақа, тіпті улы шегірткеден дәрі жасайтын адам бар. Мұндай іспен айналысатын, соңғы 25 жылдан бері осы тәсілмен науқастарға шипа дарытып жүрген Зиябек (есімі өз өтінішімен өзгертілді) емшіні жұртшылық жақсы таниды. Аудан көлемінде ғана емес, Алматы мен Астанадан балдаққа сүйеніп, дерті жанына батып келген адамдарды емдеу ісімен айналысып жүрген Орынбек қарияның жасы 63-те. Ол кісіге ауылдағы қойшылардан бастап, ойнап жүріп жылан ұстап алған балаларға дейін емдік жыландарды өткізеді екен. «Әдетте ем ретінде «атпажылан» мен «оқжылан», «қарашұбар», «көлбар жылан», яғни ел арасында «сарыжылан» атанған жорғалаушыны жиі пайдаланамын. Ал таптыра қалса ешкіемер жыланы тіптен мың емге дауа, – дейді Орынбек емші. – Негізі түрлі ауруларға шұбар жылан мен қарашұбар жыланды да пайдалана беруге болады. Жылан аулаушылар 10 мың теңгеден жоғары тұратын қарашұбар, май жыланды табуға тырысады. Ал құны 35 мыңнан кем емес ешкіемерді қолға түсіру өте қиын. Бұл жақта көп кездескенімен шапшаң қимылының арқасында бой тасалап үлгеретін ақылды жылан саналады. Мен бір жыл ішінде 300-ге жуық жылан сатып алып, одан небәрі 2—3 ай көлемінде дәрі жасап, тауысып қоямын. Осыдан-ақ науқастардың көптігін аңғаруға болады. Жайбасар тасбақа ақ қан (лейкемия) ауруына таптырмас ем саналады. Өмірден түңіліп, бойын қорқыныш билегендерге де тасбақа ерекше әсер етеді. Оны пісіріп болғанда дәмі тіл үйірер «мармелад» шығатынын естігендер сирек шығар. «Сол мармелад» бауыр дертіне керемет дәрі. Кірпінің көптеген жараларға ем екендігін кез келгеніміз білеміз. Ал улы шегіртке теміреткі мен псориазға жақсы шипа болып табылады. Қыз-келіншектер үшін ешбір косметикалық отасыз әжім кетіруге арналған ем-доммен бөліскім келеді. Естігенде құлаққа оғаш тигенімен жыланның жұмыртқасы әжімнің жауы екенін біле жүріңіздер. Әйел заты ай сайын бет күтімінің өзіне бірталай қаржы жұмсайды емес пе? Бетке ине салдырып, қымбат крем жақтырып, уақыты мен ақшасын текке жұмсағанша табиғи жылан жұмыртқасын қолданғаны жөн ғой». Ауылдастары да мақтап отыр Біз емшіден осындай әңгімелер естідік. Ол кісі туралы жұрт жаман айтпайды. Солардың бірі – ауыл тұрғыны Ербол кісі бізге былай деді: «Бұл кісінің бас ауруынан, асқазан жарасы, ұйқы безі қабынуынан, бауыр, бүйрек дерттерінен, бөртпе, аллергия түрлерінен, төсекке жіберіп қоятын энурезден сауықтырып, аяққа тұрғызғанын талай рет көрдік. Туған ағамның балалары бірінен соң бірі денесін жара басып, абыржығаны бар еді. Үйдегі жақпаларды жағып көріп, болмаған соң Зиякеңе алып келді. Жыланды сойып, жылдап дәрі жасап, бауырларыма ішкізді. Олар содан жазылды, денелерінде жара атаулының ізі де қалмады», – дейді ол....Біз жылан және басқа да жәндіктерден дәрі жасайтын адамнан осындай әңгімелер естідік. Жалпы, аталған дәрі-дәрмектерді барлық науқастарға бірдей әер етеді деуден аулақпыз. Емшінің қызметін пайдалану-пайдаланбау – әркімнің өз ырқындағы іс. Д. МЕДЕУОВА.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет3 июля 2018 в 14:02
«Кәрі қыздың» жан сыры «Биылдан қалмай кету керек еді. Әйтпесе шай үстіндегі үнсіздіктен ыдыс-аяққа дейін «қашан енді?!» деп тұратындай. Әкеммен жанарым түйіспесінші деп діріл қағып, жанарымды басқа горизонтқа аудара саламын», – дейді ол. Статистика елімізде 350 мың «кәрі қыз» бар деген дерек беріпті. Ал «кәрі қыз» неден қорқады? Бұған қатысты кейбір «білгіштер» былай дейді: «Еркіндігінен, мүмкіндігінен айырылып қалудан, карьерасы тоқтап қалудан, таңдағаны «таз» болып шығудан, қатал ененің қабағынан, күнде келетін қонақтың тамағынан, жалғыздығ… — Читать дальше
ы мен тыныштығын бұзатын баладан, тағы басқа толып жатқан нәрселерден қорқады. Сонымен қатар ол осы жоғарыда айтылғандардың бәрін аңсайды. Әрине, алдымен жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай ер-азаматын аңсайды. Әйелге сәл-пәл әдемілік пен тауықтың миындай ми ғана болса жетеді. Тым ақылды болса ол да жаман. Еркекке диктатор қатын керек емес. Рас қой, ақылды болып тұрмыс құрмай жүрген талай қыз бар. Ешкімді керек қылмайды. Сондықтан ақымақ, сары ауыз балапан кезіңде кетіп қалу керек». Ал «Кәрі қыздың» өзі былай дейді: – Қыздардың бірі әлі ерте деп жүріп, қалай кеш болғанын байқамай қалады. Екіншісі оқимын-тоқимын, сосын барып «шоқимын» деп жүрсе керек. Ал негізінен мәселе санада. Әрекет еткенге Құдай қашан да берекетін береді. Жұмысты да жандандырып, отбасын да ойлап жүруге болады. Түйсікпен не қалайтыныңызды түсінсеңіз болды, механизм іске қосылады. Мені «ақша табу оңай емес» деп өсірді. Сол оймен жүргенде 4—5 сағаттық ұйқы және таусылмайтын жұмыс мені шыр айналды. Сөйтіп жүргенде жеке өмірден де біраз алшақтап кетіппін. Ал бар болмысы «жұмыс» деп тұрған қыз жігіттің көзіне іліге ме? Кейін бір сәтке ойланып, бәрін қайта жоспарлауға көштім. «Ақша табу оңай», «жұмыс аз, ақша көп», «менің жеке өмірім бар» деп өзімді қинап тұрып ойымды өзгерттім. Күнде таңертең жұмысқа бара жатып жол бойы осы сөздерді қайталаймын. (Басқасы да бар). Сізге өтірік, маған шын, нәтиже көп күттірмеді. Шынымен де жұмыс біраз азайды, тіпті кітап оқуға да уақыт табылды. Ақшамен де достасып үлгердік. Мені айналам байқай бастады. Өміріме жаңа адамдар енді. Айтпағым: кәрі болайық, жас болайық, өмірді, өзіңді, ең маңыздысы – ойыңды өзгерту ешқашан да кеш емес. «Кәрі қыздарда» да шанс бар. Ал мен, бұйыртса, тұрмысқа шығатын сияқтымын. Енді жеке басым туралы ойды жиып қойып, «кәрі қыздардың» санасымен саралап көрейін. Қалай «кәрі қыз» болмайсың? Егер айналаңдағы еркектен сен батылырақ болсаң. Егер жаныңдағы жігіттен сен ширақтау болсаң. Бір-екі критериіне көнбей қалсаң, шалқасынан түседі. Бұлданшақ жігіт жарытып бай бола ма? Жақында бір ақыл естідім: жақсы көрген жігітіңді құрыққа түсіру үшін көнбіс болу маңызды екен. Ұнасын-ұнамасын мейлі, ол айтты – сен бас шұлғыдың! Қалғанын үйленген соң құрақ сияқты келістіріп аласың дейді тәжірибелі «байвумендер». Бірақ тағдыр тимейсің десе, тіліңді он есе қысқартсаң да тимейсің-ау осы Тыпыршып, тірлік істеп қалған қыздың бірден сүмірейіп қалуы ешбір заңдылыққа сыймайды. Жігіттің мінезі, киім киісі, күлгені, жүргені, тұрғаны ұнамады. Болды, жолына ақ мата төсеп, қол бұлғап, «артыңа қарама!» деп «қара тізімге» шығарып салдың. Қартайғанда соқа басым сопиып жалғыз қалады-ау деп қорқатындар болса, ойыңызды өзгертіп, іске кірісіңіз. Алайда бірінші, екінші, үшінші ұсыныс жасаған адамға «байсыз қалмасам болды» деп тиіп кетіп жүрмеңіз. Байсыз қалу – «одно», байлы боп тұрып байсыз болу – ең жаман нәрсе! Біздің үйдің ұраны – еріңе қарсы сөз айтпа! Демек, тәрбие. Қазір қыздарды кімдер және қалай тәрбиелейді? Біріншісі кімдер: ата-анасы, ортасы, инста-өмір, қоғам. Төрт тәрбие ошағы төрт түрлі. Ата-ананың тәрбиесін тарқатпай-ақ қояйық, бәрі түсінікті. Ал инста-өмір және қоғам қалай әсер етеді? Қазір күйеуінен ажырасқандар бірден бақытты боп кетіп жатқан сияқты. Яғни осы уақытқа дейін «бағын байлап жүрген» күйеуі боп шығады. Бірден құлпырады, іспен айналысады, фитнеске қатысады. Өмірлерін қайдам, парақшалары өзгереді. «Бәрі бұрынғысынан да жақсы». Соларды көріп біреуге қырсықсаң мақсатыңа жетіп, тез бақытты боласың-ау деген ой туады. Мотивация – экс-күйеу, экс-ата-ене. Болды, осылардың алдында өзіңді дәлелдеп бердің. Ал бармақ шайнайтындардан бұрын бала ше? Сосын жүргені жұртқа жалтақ боп. Менің де айналамда түрлі ой айтушылар көп. «Шықпа, Лондонға кет. Оқы. Жұмыс істе! Байға шығуға үлгересің! Ол жақ түк қызық емес!» – дейді бірі. Екіншілері: «Осылай жүре бересің бе?! Қыз мұраты – кету. Жар бол, келін бол, ана бол. Оның орны бөлек», – дейді. Бәрін тыңдап, бәріне басымды изеп, санаң мен жүрегіңе төрелегін айт деп сөз бересің. Қысқасы, биылдан қалмай кетіңдер енді! («Кәрі қыздың» жазбасынан). Дайындаған – Д. МЕДЕУОВА.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет3 июля 2018 в 9:10
Ажырасу – қазаққа жат құбылыс Кез келген ата-ана баласының бақытты болғанын қалайды. Әсіресе қыз өсіріп отырған әке-шеше олардың оң босағада отырып қалмай, теңін тапқанына қуанады. «Барған жеріңде тастай бат, судай сің!» – деп тілейді. Бағы ашылып, сол әулетке сіңісіп кетсе, нұр үстіне нұр. Ал олай болмаса ше? Өзінен он жас үлкен әйелмен көңіл қосқан екен Бұл әңгімені біз не үшін қозғап отырмыз? Таяуда біздің редакцияға Аяулым деген жас келіншек (есімі өзгертілді) хабарласты. «Сіздердің газеттеріңіз үнемі пайдалы, өмірге қажетті кеңестерді… — Читать дальше
жариялайды ғой, сондықтан басқа ешкімге айта алмай жүрген сырымды жеткізгім келді», – деп жыларман болған қыздың оқиғасын біз бастан-аяқ тыңдадық. Жағдай төмендегідей болған екен. Шымкент қаласындағы фармацевтикалық академияда оқитын бойжеткен ауылынан шығарда бір көлікке мінеді. Иесі жас жігіт екен. Ә дегеннен әңгімесі жарасып кетеді. Не керек, екінші кездескенде жігіт Аяулымды еркінен тыс алып қашып кеткен. Беташар өтеді, «хабаршы-қуғыншы» дегендей, барлық жөн-жоралғылар жасалады. Қыз да, қыздың ата-анасы да дұрыс жерге келін болды деп дән риза болысады. Бірақ бар қызық кешке, екі жас оңаша отауға кіргенде болады ғой. Қызық дейміз-ау, бойжеткен үшін бұл түн қасіретті түн ретінде есінде мәңгі сақталып қалған сияқты. «Жеңгелері төсекті салып, өз жөндерімен кетті. Достарымен сыртқа шығып кеткен Айдосты ары күттім, бері күттім, сол бойы келмеді. Неке түнін жалғыз қарсы алдым. Және оның не үшін бұлай еткенін түк түсіне алмадым. Жылай-жылай көзім ісіп кетті. Таңертең үлкен абысыным шақырып алып, мән-жайды түсіндіргендей болды. Естігенде есімнен танып қала жаздадым. Сөйтсем маған үйленген Айдос өзінен 10 жас үлкен, бір баласы бар әйелмен бұрыннан жақын қатынаста екен. Әке-шешесі мен бауырлары ақыл айтқанымен, бірақ ол жеңіл жүрісін тоқтатпаған. Содан анасы: «Мені көрінде тыныш жатсын десең, мына масқараны тоқтат та, үйлен! Әйтпесе ақ сүтімді кешпеймін!» – деп шарт қойған. Ақыры мынау болды, «сендерге керегі келін болса, міне» дейді де, өзінен үлкен әйелдің үйіне кетіп қалады. Міне, бір аптадан асты, күйеуімді әлі көрген жоқпын. «Балам, сабыр ет, қайтарамыз оны. «Ат айналып қазығын табар» деп қайынатам кетіп қалуыма қарсы болып отыр. Не істерімді білмей дал болып мен отырмын», – деп әңгімесін аяқтаған Аяулымға тап сол сәтте не айтарымызды білмедік. Ендігі жерде әлгі қыздың тағдыры не болмақ? Төркініне қайтып барса, олар не дейді? Жанын түсінетін жақсы жігіт жолықса құп, ал жолықпаса ше? Сүйген жарын кейін ұнатпай қалыпты Таяуда тағы бір жағдайды есітіп, жаға ұстадық. Тараз қаласында тұратын қыз бен жігіт бірнеше ай сөз байласып, ақыр соңында үйленуге шешім қабылдаған екен. Екі жақтың ата-анасы кездесіп, «тәтті шай» ішеді. Қыз беретін жақ ұзату тойын істейміз деп дайындыққа білек сыбана кіріседі. Тойханасы бар, басқасы бар, бәрін ең жоғары дәрежеде атқарады. Ал екі жастың үйленгендеріне екі-үш ай өткенде бала: «Сен маған ұнамай қалдың, менің арманымдағы адам емес екенсің», – деп айтады да, басқа қалаға жұмыс ауыстырып, тайып тұрады. Қайынжұртына айтар уәжі болмағасын қарабет боп қашып жүр. «Мұның не? Қызымыздың қандай жазығы бар?» – деп сұрамақ болса, телефонын көтермейді. Жә, келіннің өзінен де бірдеңе бар шығар деуіңіз мүмкін. Артық-ауыс әңгіме айтылды ма, әлде тірлігінде шалалық болған шығар деп жігітті ақтап алуға тырыстық. Бірақ қисыны келмеді. Келіннің кем-кетігін толықтырып, тігісін жатқызып, екі жастың бір-біріне үйренісіп, үй боп кетуіне ата мен ененің ықпалы зор емес пе? Жас келіннің жақсысын асырып, жаманын жасырып: «Әй, сенің мұның не?! Көзіңді байлап, мойныңды бұрап, аяқ-қолыңды байлап үйлендірдік пе? Өзің таптың, енді неге біреудің қызын жылатып отырсың?! Ертең осы сенің қарындасыңның басына келмесіне кім кепіл? Ақымақтық жасама!» – деп ақылын айтып, тоқтау салатын ене жоқ. Керісінше: «Балам солай десе қайтем, екеуі жараспаса не дей алам…» – деп күмілжи беріпті. Ендеше, қызды қалай кінәлауға болады? Жаман жүрісті жігітті ағайын арасынан аластатқан Бала күнімде болған бір оқиғаны баяндайын. 1990-жылдардың басында Сағындық дейтін ағайын ағамыз қалаға барып оқимын деп бір әйелмен көңіл қосады. Ауылда үш баласы мен әйелі бар. Оларды еш елеп-ескермейді. Қит еткенде қалаға қарай тартып отырады. Сөйтіп жүргенде көңілдестің аяғы ауырлап, ақырында сонымен тұрамын деп бар киім-кешегін жинап, тайып тұрады. Жылап-еңіреген бала-шағаға, «Не жаздым?!» – деп аяғына жығылған әйеліне де бұрылып қарамайды. Міне, осы жағдайды естіп-біліп отырған ағайын арада ай өткенде әулет жиналысын жасайды. Күйеусіз қалған келін мен оның төркінін, басқа да кісілерді шақырады. Жиында әулеттің үлкені Байдолла ақсақал: «Қарағым, түріңнен де, тірлігіңнен де мін таппаймыз. Ұл десе ұл, қыз десе қыз тудың. Ақылың болса, елден алыстама. Мына үш перзент елінен ажырап қалмасын. Үй сенікі, балаларды жетілдіру біздің мойнымызда. Ештеңеден таршылық көрмейсің. Ал әлгі оңбаған біз үшін ендігі жерде шіріген жұмыртқа боп қалады. Артынан бардық, ұрыстық, таяқтап та алдық. Дуаланып қалған ба, бізді елеп-ескермеді. Ендігі жерде ол біз үшін өлді. Той-томалағымызға, өлім-жітімге келмесін. Өзінен кейінгілерге мұндай өнерін өнеге етпейік», – деп сөзін түйіндеген еді. Осы пәтуаға барлығы келісті. Тек ана-жүрекке баласынан баз кешу оңай емес қой. Анда-санда барып, құрт-майын беріп келеді екен. Есептеп көрсем, содан бері 24 жыл уақыт өтіпті. Байдолла атамыз әлдеқашан бақилық болған. Қалаға кеткен ағамыздың артындағы ұл-қыз да жетілді, үйлі-жайлы болды. Бірақ ешбірі баяғы айтылған сертті бұзған емес. Ағайын Сағындық ағаны сол бойы еш тірлікке араластырмады. Есесіне ақсақалдың бір ауыз сөзіне тоқтап, арын сақтап қалған жеңгенің ағайын арасында абыройы артты. Бар тірліктің басы-қасында сол жеңгеміз жүреді. Аман болсын! Ал қайдағы бір әйел үшін туған-туыстан ажыраған ағамыз іштей өкініп, бармақ тістейтін шығар, кім білсін?…Қазақ қашаннан қызды арым, ұятым, намысым деп қараған. Қазақ қызының көзінен аққан тамшы жас үшін талай жігіт қасық қанын төгуге дайын тұрушы еді. Ал қазір олай емес. Қыздың тағдыры, оның ертеңгі өмірі, көз жасы дегеннен қорықпайтын болдық. Адамның тағдыры ойыншыққа айналып бара жатқандай. «Отан отбасынан басталады» деген мәтелдің мағынасы неткен керемет десеңізші! Отанды жақсы көру, оны дамыту және уайым жеу отбасыдан басталады екен. Отбасын кіші мемлекет десек, отбасында да мемлекеттегі сияқты қиыншылықтар мен сәтсіздіктер, ішкі және сыртқы әсерлер, қаржылық дағдарыс сияқты жайттардың орын алмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Осыны түсіндіретін, жастардың жарасымды отбасы болып кетуіне атсалысатын ақсақалдар дәл қазіргі кезде керек-ақ. Сіз қалай дейсіз, құрметті оқырман? Айтар ойыңыз, қосар пікіріңіз болса, ортаға салыңыз! С. КЕНЖАЛИЕВА.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет3 июля 2018 в 7:25
Серікжан БІЛӘШҰЛЫ: «Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Серпіл, қазақ!» Серікжан Біләшұлы есімді азаматтың (суретте) есімі бүгінде әлеуметтік желі қолданушыларына жақсы таныс. «Атажұрт» ерікті жастары» деп аталатын ұйымның белсенді мүшесі ретінде ол Қытайдан елімізге қоныс аударған талай азаматтарға көмек көрсетіп жүр. Сондай-ақ оның Қытай қаупіне қатысты оқып жүрген лекцияларынан да жұртшылық әлеуметтік желі арқылы құлағдар. Ел мен жер амандығын ойлап, төніп тұрған кейбір қауіптерден сақтандырып жүрген С.Біләшұлының таяуда тағы да бір лекциясы жарияланд… — Читать дальше
ы. Оның толық мәтіні мынадай: Біз бұған бәріміз де кінәліміз Қытайға қазақтың қыздары тиіп жатыр. Қытайлар Қазақстанға келіп, үйленіп, азаматтық алып, балалап, көбейіп, өсіп жатыр. Енді осыған кім кінәлі? Ең бірінші кінә өзімізден. Сол қыздарға, сол қыздардың ата-аналарына біз, біріншіден, діни, шариғи тәрбие бере алмадық, құлақтарына жеткізіп айта алмадық қызы кәпірге тисе кәпір болатынын, мұртәд болатынын, діннен шығып кететінін түсіндіре алмадық. Ол кінә осындағы өзін мұсылман дейтін және мұсылмандарға дін уағыздап, секта-секта, топ-топқа бөлініп алып, бір-бірін жамандап, «халал» өсек айтып жүрген күллі аталмыш діндарлардан бастап, жай бұқараға дейін, өзін намазхан деп жүрген барша мұсылманның мойнында. Біз діннен алыстап қалған сол бір қауымдарға, Алла уағызы жетпей жатқан, Алла сәулесі түспей тұрған сол отбасыға барып, қызын кәпірге берсе оның күнәсі ата-анасына да, аға-бауырларына да болатынын, ал сол қыздың тозақта өртенетінін, мұртәд болып, діннен шығатынын түсіндіре алмадық. Біз кінәні алдымен өзімізден іздейік. Қай жылдары «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып жатқан қазақ қызын анау Тайланд елінің буддист, кәпір жігіті өлтірді, ол оның азаматтық некедегі, яғни зинақор күйеуі екен, пышақтап өлтірді. Біз мемлекеттің ақшасымен шетелге жіберген аталмыш үздік студент шетелде кәпір күйеуінің қолынан өлді. Дүнияуи білімі болып, «Болашақ» бағдарламасымен шетелге барса да онда шариғи білім болған жоқ. Бойына ұлттық рух, ұлттық намыс дегенді сіңіріп, одан кейін шариғи білім сіңіріп болып, одан кейін барып оларды шетелге жіберу керек еді. Қазіргі біздің халықта осының екеуі де жоқ болып тұр. Құстың екі қанаты болатыны сияқты ұлтты да сақтайтын – екі-ақ нәрсе: біріншісі – діні, екіншісі – оның дәстүрі, яғни оның ұлтшылдығы. Мен қазақпын дейтін, қазақ десе жүрегін жұлып беретін, қазақ болғаны үшін мақтанатын және қазақ болғаны үшін осы жерді, осы елді, осы мемлекетті менің ұстап тұруым керек дейтін сондай бір рухты біз жастарымыздың бойына дарыта алдық па, сіңіре алдық па? Мектептердегі бүлдіршіндерге оны тарата алдық па, жүйесіне, жүйкесіне жеткізе алдық па? Жоқ. Өзгені зор санауды қою керек Қазіргі біздің жұртымызда не шариғи ілім жоқ, не патриоттық сезім жоқ. Ұлтшыл болуға қорқады. Себебі бодандық заман, отаршылдық заман, құлдық заман оған ұлтын сүюді сондай бір қорқынышты етіп көрсетіп қойған. Кім қазақты сүйсе, сол атылған, сол шабылған, сол қорланған заман, содан барып халық өзінің ұлтын өзі сүюден қорқып қалды. Кім ұлтын сатса, сол өсетін болды, кім ұлтын сүйсе, сол өшетін болды. Соның дерті, соның салқыны әлі жүр. Біз сол бодандық, құлдықтан әлі арыла алмай келе жатырмыз. Сондықтан жалпақшешей, сондықтан толерантты болып, сондықтан әлгі «Жаман үйді қонағы билейді» дегендей біз бәрін қазақтан үстем қойдық. Бәрінің мүддесі қазақтан артық, қазақтың мүддесі ең төменде тұрған бір бейшара халге түсіп қалғаны содан. Адам өзінің ұлтын сүйгені үшін ешқандай кінәлі болмайтынын әрбір қазақ білуге тиіс еді. Қазақтығымыздан жасқанып, қазақты сүюден жасқанып қалдық біз. Біздің сорлылығымыз сонда. Бала өз туған анасын сүйгені үшін және туған анасы үшін жүрегін жұлып берердей балалық махаббаты болғаны үшін кінәлі ме? Ол кінәлі емес. Қазақтың қазаққа деген, қазақтың елге, жерге, Отанға деген махаббаты тура сондай – сәби баланың анасына деген махаббатындай махаббат. Біз соны халыққа айта алмай, бас көтере алмай, оян деп алашордашылар осыдан бір ғасыр бұрын жылап айтып кеткен сол идеяны бүгіннің өзінде де айта алмай, мұрнымызбен сөйлеп, міңгірлеп отырмыз. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген мақалдың заманы өтті, «Кең болсаң, кем боласың» дейтін мақал тууы керек бізге. Біз не тапсақ та сол дарақылығымыздан таптық, көңілшектігімізден, ақкөңілдігімізден, орынсыз тыраштанып, өзге, келімсектерді төбемізге шығаратындықтан, өзімізді қор, өзгені зор санайтындығымыздан, еттен өтіп сүйекке, қанға дарып кеткен құлдық, тобырлық санадан арыла алмай осы бейшара халде тұрмыз. Оянатын кез келді Шетелдік қазақтарды айтайықшы. Қытайда қазір 500 мың қазақ түрмеде отыр деп Америка ақпарат құралдары хабарлағалы бір жылға таяды. Қытайдағы қазақ молдалары, өкіметтің өзі Ислам институтында оқытқан сол молдалардың 99 пайызы тұтқында отыр. Қазақстанға туыстарына келіп қайтқан қазақтың бәрі «екі беткей – қос жүрек» деп сотталып болды. Қазақстанға қоңырау шалса немесе Қазақстаннан «Вичат» деген әлеуметтік желі арқылы қоңырау қабылдаған қазақ саяси үйрену концлагерінде, түрмеде отыр. Ал Қытайдағы 3 миллион қазаққа жасап жатқан қорлығын, зорлығын айтып, таңды таңға жалғасаң да таусылмайды. Міне, кеше Сайрагүл Сауытбайқызы Қазақстанға азаматтық алып кеткен күйеуі және екі баласымен қауышу үшін шекараны бұзып өтті. Қазір Талдықорғандағы түрмеде отыр. Сол Сайрагүл журналистерге сұхбат берді. Бір айда қытайдың үйіне түнеуге барлық қыз-келіншектерге міндеттелген. Сайрагүл өз аузымен айтып отыр, «Абай.кз» порталында жарияланды. Туыстасасыңдар деп қазақтың үйіне қытайдың еркегін кіргізіп, қытайдың үйіне қазақты кіргізіп қойған. Ал қазақтың еркегінің дені қазір түрмеде жатыр. Оны, міне, Сайрагүлдің сөзінің өзі-ақ дәлелдейді. Екеуі сол үйде бірге тұрып, бірге тамақ ішіп, бірге базарлап, азық-түлік алған суреттері әлеуметтік желілерде жүр. Қарашы, әйел затының көбі қазақ пен ұйғыр, еркек заты – қытай. Сонда әкелері қайда? Өткенде бір мақала жарияланды: «Шеше, менің әкем қайда?» – дейді. Ана еркектің өз әкесі емес екенін біледі. Жарайды, Қытай қазақтарын асып жей ме, пісіріп жей ме, өзі біледі, біз біреудің ішкі ісіне араласпаймыз деп тағы да толерантты, жалпақшешей болып, бейшара болып, қол қусырып отырайық. Ал Қазақстандағы, тәуелсіз қазақ еліндегі өз қаракөз қыздарың топ-тобымен қытайға байға тиіп жатқанда мына ел болып, мемлекет болып бір оянатын кез келді ғой. Біз тағы да телісі мен тентегін тыятын сондай бір жалпақшешей, сондай бір толерантты, ез бір халыққа айналып қалдық па, айналайындар? Алматыда, Астанада, Ақтөбеде, Атырауда, Ақтауда, Қызылордада талтаңдап жүрген қытай, соның бәрі сұқтанып, сенің қарындасыңа, сенің қызыңа қарап отыр. Сен бүгін біреуін тыймасаң ертең ол сенің қызыңа келуі мүмкін, ол кезде қызыңды жүкті етіп қылып қойып, мына сенің қызыңның ішінде менің балам жатыр дейді, сонда қайтесің? Сен бүгін ұл-қызыңды ұлтшылдыққа тәрбиелемесең, ертең бәрі кеш болады. Сондықтан, серпіл, қазақ! Ұл-қызға шариғи және ұлттық тәрбие беру керек Қазақты екі-ақ нәрсе құтқарады: біріншісі – шариғи білім, екіншісі – ұлтшылдық. Әрбір қазақ ұл-қызын қазақ десе жүрегін жұлып беретін ұлтшыл етіп тәрбиелесін! Әйтпесе қытайға құл боламыз. Ойлан, қазақ! Біздегі өзін мұсылман сезінетін топтар халықты Исламнан жеріндіріп, жирендіріп болды. Бір-бірін жамандап, бір-бірін өсектеп, өсектің «халал» түрін шығарып алды. Біз сөйтіп жүріп қазақты Исламнан жеріндіріп жібердік. Оны доғарайық! Ашамайды қалай жуады дегенді – он жыл, байпаққа мәсіх тарта ма дегенді жиырма жыл даулап, жынды болып, мына халықты жеріндіріп қойған, анау – секта, мынау түріктің, мынау арабтың, мынау ата-бабамның сектасы деп жынды болып, жақ-жақ болып жүргенше мына халыққа анау кәпір, мынау мұсылман дегенді осы бастан негізін білуді үйретіп алшы ең алдымен. Мен ашығын айтамын. Айдаһар аузын ашып тұр. Мен Қытайды шексіз құдіретті деп халықты үрейлендірейін деп тұрған жоқпын. Мен бар болғаны халыққа сақтанайық деп тұрмын. «Ютубтан» тыңдаңыз: «Қытайдың жұмсақ күші», «Қытай қалай жаулайды?», «Қытай түрмесінің халі», «Сингапур синдромы және Қытай қаупі», тағы басқа лекциялар толып тұр. Мен тек бар болғаны қазақты төніп келе жатқан осы тасқыннан қалай құтқарамын деймін, қалай сақтаймын деймін. Менде басқа ой жоқ. Қытайды шексіз құдіретті көрсетіп, оны Құдайға теңеген мен емеспін. Бірақ сақтан, жем болма деп ескертіп отырмын. Қаупің неден болса, қатерің де содан. Сақтан, қазақ! Орыс – үйреніскен жау, 300 жыл жаулағанда, қазақтың қыздары бытырлап орысқа тиіп, орыстан қатын алғанда біз орыстанған жоқпыз, орыстың дініне сенген жоқпыз. Сол орысың тәуелсіздік кезінде миллиондап өз жеріне кетті. Мына жерді демографиясымен жаулап тұра алған жоқ. Тіпті керек десең солтүстік облыстардың өзі қазір қазақтанып жатыр. Себебі олар аз еді. Ал мына қарақытай – милиардтаған халық, ол балалайды, барған жерінен қатын ала береді ол. Бір қытай келіп, бір қазақтың қызына үйленсе тоқтамайды ол, бір бала туып тоқтамайды, бір шаһарға сауда дүкенінің бір филиалын ашса, он шаһардан он қатын алып жүре береді. Сондықтан, айналайын қазақ, оян! Басқа төнгелі тұрған қатерді білейікші! Әлеуметтік желілердегі анау жыртың-жыртың әнші-мәншілерге назар аударып, солардың байдан-бай ауыстырғанына жынды боп қарап отырмай, түрік пен кәрістің, үндінің жынды сериалдарына қарап уақытты өткізбей, бір уақ бала-шағаға назар аударып, соларға шариғи және ұлттық тәрбие берейікші! Әй, айналайын діндарлар, дау-дамайды тоқтатып, енді халқымызды мына кәпірлерден қалай сақтау керегі туралы уағыз жүргізейікші! Айналайын саясаткерлер, бір-біріңді мүйіздемей, жастарға отаншылдық, ұлтшылдық туралы тәрбие берейікші! Қазақты құтқару әрбір қара жұмысшы қазақтан бастап билікте отырған ақ жағалы қазаққа дейін соның міндеті болсыншы! Әйтпегенде біз бүгін оянбасақ, біз бүгін қазақ үшін ұмтылмасақ, ертең біз оянғанда қытайдың құлы болып оянамыз. Мен тек сақтандырушымын, ескертушімін, дабыл қағушымын. Сақтанайық! Серікжан БІЛӘШҰЛЫ. Серікжан Біләшұлының байланыс телефоны:.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет2 июля 2018 в 13:35
17 миллион теңгені иемденіп кеткен бе? «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамына қарасты «Кедентранссервис» компаниясының вице-президенті Ғалым Мұқанов пен басқарма басшысы Дулат Ұбаев қамауға алынды. Оларға 17 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген деген күдік келтіріліп отыр. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин хабарлады. Тергеу болжамынша, «Кедентранссервис» мемлекеттік тапсырыс бойынша жеке кәсіпкермен жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты 24 мил… — Читать дальше
лион теңгеге келісім-шарт түзген. Бірақ бұған қатысты ешқандай да жұмыстар атқарылмапты. Көрсетілген соманың 17 миллион теңгесін аталған азаматтар иемденген деген күдік бар. Егер кінәлары дәлелденсе, олардың әрқайсысы мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін. Т. ТҰРАН.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет2 июля 2018 в 12:54
Бұрынғы прокурор бас бостандығынан айырылды Түркістан қаласының бұрынғы прокуроры Махат Зұлпыхаровқа қатысты сот үкімі шықты. Оған аса ірі мөлшерде пара алған деген айып тағылды. М.Зұлпыхаров 2017-жылы Түркістан қаласындағы жер кадастры орталығының қызметкерлерін бірнеше жер телімін басқа адамдарға заңдастыруға мәжбүрлеген деген күдікпен ұсталған болатын, оған 100 мың доллар пара алған деген күдік келтірілген еді. Заңда мұндай қылмыс үшін алынған параның 80 еселенген көлемінде айыппұл салу немесе дүние-мүлкін тәркілеп, 10-нан 15 жылға дейін ба… — Читать дальше
с бостандығынан айыру жазасы көзделген екен. Сот Махатовты 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім әзірге күшіне енген жоқ. Бұрынғы прокурор өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Дегенмен сот оның кінәсі дәлелденді деп шешіп отыр. Т. ТҰРАН.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет2 июля 2018 в 11:22
1941-жылғы 22-маусымда өмірге келген азамат «Уақыттан да құдіретті күш бар. Ол – адамдардың жасампаз еңбегі». Бұл – Дінмұхамед Қонаевтың қанатты сөздерінің бірі. Димекеңнің осы сөздері тура менің Бақыт Бексұлтанов ағама арналып айтылғандай. Үнемі халық үшін шыр-пыры шыға жанталасып, үлкенді-кішілі жиналыстарда ел мұңын батыл қозғап жүретін ол кісіні мен, әрине, онша жақсы тани бермейтінім де рас. Әйтсе де Бәкеңнен бұрын ол жайлы жақсы пікір, оңды лебіздер білдірген жандар аз болған жоқ. Әкесі немістің де, «сәбеттің» де тұтқынында болған екен Ба… — Читать дальше
қыт Әбубәкірұлы 1941-жылы Түлкібас ауданындағы Жиынбай ауылында (бұрынғы Дмитров) дүниеге келген. Осы ауылдағы жетіжылдық мектептен соң 1958-жылы Састөбедегі Макаренко атындағы орта мектепті үздік тәмамдаған. 1961-жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің химия-биология факультетіне оқуға түсіп, оны 1966-жылы аяқтаған. Ол өзінің еңбек жолын 1966-жылы Келтемашат ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы № 17 мектепте ұстаздық етуден бастаған. Осы мектепте отыз жыл талмай еңбек етті, өзіне берілген жұмыстарды тиянақты орындайтындығымен көзге түсті. Бос уақытта шығармашылықпен де айналыса білді, аудандық, облыстық басылымдарда оның проблемалық мақалалары, өлеңдері жарық көріп тұрды. Ауыл ақсақалдары Бәкеңнің іскерлігіне сүйсініп, өнеріне таңырқап, өз перзенттеріне тәрбие беруде, ағайын-бауырға көмекке келгенде одан мейірбан жан жоқтығын мақтанышпен айтады. Осындай жеңістері нәтижесінде ағамыз «Еңбек ардагері» медалімен және бірнеше мәрте Мақтау қағаздарымен марапатталған. Қазіргі таңда ол кісі құрметті демалыста, зейнеткер, Құдай қосқан қосағы Зәбира жеңгеймен бірге 3 ұл, 4 қыз өсіріп, 13 немере сүйіп отырған жағдайы бар. Қашанда жақсы адамның аты өшпейді емес пе? Қайырымдылығымен, адамгершілігімен аты шыққан Әбубәкір ақсақалдың өнегелі өмір жолын көнекөз қариялардың әлі де тамсана айтуы, әрине, тегін емес. Жалпы, есімі бүкіл аудан, облысқа әйгілі әкесі туралы оның ұлы не айтар екен? Бақыт ағамыз асқар таудай әкесі жайлы қойған сауалымызға төмендегіше жауап қайтарды. «Әкем Әбубәкір 1916-жылы 5-ші мамыр күні Жетіүңгір қыстағында дүниеге келген екен. Шешесінен жастай жетім қалып, өгей анасының қолында тәрбиеленіпті. Бабамыз Бексұлтан 40 жасында қайтыс болыпты, малы көп, тұрмысы бақуат әкемізді байдың ұлы деп сол кезде шолақ белсенділер қудалап, дүние-мүлкін тәркілеген. Содан ол Әжібек атасының арқасында өзі қатарлы Шілдебай Момындықов деген баламен бірге «детдомға» орналасады. Сол жердегі мектептен сауатын ашады. Сабақты жақсы оқыған әкем Тараз қаласындағы педучилищеге түседі. Оны бітірген соң Жуалы ауданы, Амансай елді мекеніндегі мектепке директор болып жұмысқа кіреді. Мұнда ол анамыз Несібелімен танысып, отау құрады. 1941-жылы әкеміз армия қатарына алынғанда мен анамның құрсағында қалған екенмін. Хат жазғанда әкем ұл туса атын – Бақыт, қыз туса –Балғын қоямыз деп айтады екен. Сонымен, дәл соғыс басталған күні – 1941-жылы 22- маусымда мен дүниеге келіппін. Әкем майданда еріксіз тұтқынға түсіпті. Талай қиындықтарды бастан кешіреді. Еті тірілігінің, ширақтығының, ең бастысы – сауаттылығының арқасында тұтқында жүрсе де талай игі істерді атқарады. Өлім жазасына кесілген талай жандарды қорғап қалған екен. Соғыстан кейін әкемізді неміс тұтқынында болғаны үшін опасыз деп кінәлап, 25 жылға соттаған. Ол соттың қатал кесімін Ресейдің Кемер облысында өтейді. Одан Примор өлкесіндегі Артем қаласында жалғастырады. Өзі қатал режимде жүрсе де азын-аулақ ақшасын бізге, елге жіберіп тұрыпты. Тағдыр тәлкегімен әке тәрбиесін көрмеген мен нағашыларымның қолында, нағашы апам Зиякүл мен Ұмсынды және өз анам Несібеліні еміп өстім. Тынықбай, Таубай дейтін нағашы аталарымның тәрбиесін көрдім. Әкеммен бірге туылған әпкем Пернекүл де кезінде көп қиыншылық көрген кісі. Інісінің жазықсыз сотталғанына жаны қатты ауырып жүрді. Әкемнің нағашылары – Кеңес Одағының Батыры, қазақтың даңқты ұлы Бауыржан Момышұлы, Социалистік Еңбек Ері Мәнтай Жәрімбетов болғанын мақтан тұтамын. Асылдың сынығындай бұл кісілердің ұрпақтарымен әлі кездесіп тұрамын. Әкеміз түрмеден шыққан соң әкесінің інісі Қожамберді атамыз қысыр бие сауып, жүдеп келген оны емдеген екен. Қантай шешеміз де әкемізге қолдан келген бар жақсылығын аямайды. Осылайша денсаулығын біршама түзеп, адам қатарына қосылған әкеміз өзінің ұстаздық жолын одан әрі жалғастырады. 55 жыл мұғалім болған әкем Оңтүстік өлкеге сыйлы, ұлағатты ұстаз бола білді. Кейінірек толық ақталып, мемлекет ақы төлемек болғанда әкеміз оның бір тиынын да алмаған екен. Адал еңбек еткен әкем Әбубәкір 1991-жылы өзі өмірге келген күні – 5-мамырда дүниеден өтті. Артында 9 ұл, 1 қыз бала қалды. Қанша қиыншылық көрсек те табиғат берген төзімділік пен сабырдың арқасында бәрін жеңіп келеміз. Өзі де талай шәкірт тәрбиелепті Өз басым өткен өміріме ризамын. Жоғары оқу орнында ашқұрсақ болып жүрсем де қазақтың біртуар ұлдары – академик Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ыдырыс Ноғайбаев, Мүлік Сүртібаев, Шәмші Қалдаяқовтармен кездесіп, дәм-тұз татқанымды әрқашан да мақтан тұтамын. Бүгінде өткен өміріме қарасам, талай асуларды бағындырған екенмін. 30 жылдай еткен еңбегім нәтижесіз қалмапты. Көңіліме сондай жақын, қасиетті қара шаңырақ – Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептен талай шәкірттерім қанаттанып ұшып шығыпты. Олардың арасында Есенкелді Керімбеков, Спандияр Ақаев ғылым докторлары болса, Ғаппар Маймақов, Мұхтар Қазбеков – ғылым кандидаттары, Әнуар Маймақов – бас дәрігер, Дархан Мыңбай – облыс әкімінің орынбасары, Түлкібас ауданының әкімі, министр, Мәжіліс депутаты болса, Ахметжан Бердіқұлов – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Мәртөбе» газетінің редакторы. Бұлардың бәрі менің кешегі шәкірттерім, бүгінгі заманның көшбасшылары. Мамандығы мейірбике, 25 жыл Келтемашат ауруханасында қызмет еткен жұбайым Зәбирамен өмір арнасында бірге келеміз. Өзім көбінесе ел арасында, қарапайым адамдардың ортасында жүргенді ұнатамын. Бойдағы өнердің арқасында түрлі байқауларға да қатысып тұрамын. Атап айтар болсам, «Ауылдың алты ауызы» фестивалінің лауреаты, «Білім беру ісінің үздігі», «Төле би Әлібекұлына – 350 жыл» мерекелік медальдарының иегерімін. «Өмір өткелдері» және «Масат жырлары» кітаптарының авторымын. ҚР Білім беру ісінің үздігімін». Міне, Бақыт Бексұлтанов ағамыз осылай дейді. Әбубәкір Бексұлтанұлындай ардақты азаматтың ізін жалғаған ол кісінің өмір жолы да көпке өнеге. Біз осындай жандармен мақтанамыз, олардан үлгі аламыз. Орынтай КӨМЕКОВ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет27 июня 2018 в 12:48
Шөл қандырудың да өз «құпиясы» бар Жаздың аптап ыстығында қанша су ішкенімен шөл қанбайтын кездер болады. Әсіресе күн астында, көшеде жүрген кезде суды көп керек етеміз. Ал шөлді дұрыс қандыру үшін қандай сусын алған жөн? Және оны қалай ішу керек? Суды асықпай, аздап, жұтып ішу керек. Қағып салып көп ішу арқылы тер бөлінуін күшейтуіңіз мүмкін. Одан кейін тез шөлдейтін боласыз. Салқын сусын ішпеңіз. Ол, біріншіден, тұмауға ұшыратса, екіншіден, ағзаға жай сіңеді. Күніне 2,5 – 3 литрден артық су ішпеңіз. Ағзада судың көп болуы жүрек соғысын жиілет… — Читать дальше
іп, қан қысымын көтереді. Сондай-ақ ентікпе мен ісіктерге жол беруі мүмкін. Жаздыгүні шөл қандырудың ең жақсы амалы – газсыз су ішу. Ол ағзадағы жоғалған сұйықтықтың орнын толтырады және құрамында ешқандай калория болмайды. Газдалмаған суды сатып алғанда оның категориясына мән беріңіз. Ол сусынның этикетінде көрсетіледі. Жоғары категориялы су алған жақсы. Оның құрамында адамға аса қажетті микроэлементтердің бәрі бар және санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормативтерге сай болады. Ыстық күнде көк шай да шөлді жақсы қандырады. Сондай-ақ ол қызуды жақсы реттейді. Көк шайдың құрамындағы таниндер ағзаны суытады, шөлді қандырады және ағзадан термен бірге шыққан микроэлементтердің орнын толтырады. Сондай-ақ көк шай күннің ыстығында қиындықпен жұмыс істейтін тамырларды нығайтады. Бірақ оны кәдімгі судан үш есе аз ішу керек. Жаңа піскен немесе кептірілген жемістерден әзірленген морс пен компот та шөлді жақсы қандырады. Бірақ оның құрамында қанттың өте аз болғаны жақсы. Сонда ол жоғалған су мен минералды заттардың орнын толтырады. Ал тәтті компот қатты шөлдетіп жіберуі мүмкін. Табиғи жолмен ашытылған квас та шөлді жақсы қандырады, асты жақсы сіңіреді және құрамында пайдалы амин қышқылдары бар. Оның ашытқысының құрамында дән, қант пен су ғана болады. Ал құрамында консерванттар, ароматизаторлар, тәттілендіргіштер, бояғыштар, сүт қышқылы, лимон және сірке қышқылдары бар квас сусынын алмай-ақ қоюыңызға болады. Ол дисбактериозға ұшыратуы мүмкін. Емдік минералды суды күн ыстықта тек дәрігердің тағайындауымен ғана ішу керек. Олай болмағанда минералды су бүйректе тас түзілуіне соқтыруы, буындарға кері әсерін тигізуі мүмкін. С. МАҚҰЛБЕК.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет26 июня 2018 в 9:05
Жұмыс іздегендер алданбаса екен деймін Бүгінде жұмыс ұсынатындар да аз емес. Әсіресе желілік маркетингтен көз сүрінеді. «Жедел жұмыс», «Жұмыс тәжірибесі мен жасы маңызды емес», «Оператор, вахтер, лектор-педагог», «Зың-зың жұмыс», «Оян, қазақ, жұмыссыз болма мазақ!» деген, айлық жалақысы 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін жетіп жығылатынын жарнамалаған хабарландырулар көп. Аялдамадан, көпқабатты үйлердің кіре берісінен, қоғамдық орындар мен көліктерден, кейбір мекемелердің қақпасынан осындай жазуы бар бір тілім қағаз көресің. Жұмыс іздегендер «тұр… — Читать дальше
ақты табыс», «қосымша жұмыс» дегенді оқығанда телефонынан әлгі жазбаның соңындағы байланыс нөмірін қалай тергенін байқамай қалары анық. Мен де дәл осылай жасадым. Енді өзімнің «сетевой маркетинг» әлеміне қалай еніп кете жаздағаныма тоқталсам деймін. Жарнама арқылы тапқан осындай бір жұмыс орнына түйіндемемді алып барғанымда мені күтіп алған адам өзін ірі компанияның өкілі әрі бір бөлімнің меңгерушісі ретінде таныстырып, үміткерлермен сөйлесу жүргізетін біреуге ертіп кірді. Ал шырттай киінген жас жігіт компанияны таныстырып болған соң: «Сізбен кешке байланысамыз», – деп шығарып салды. Олар кешкі 9-дан асқанда барып телефон шалды. «Сіз „собеседованиеден“ өттіңіз. Құттықтаймыз! Ертеңнен бастап екі күндік оқуға қатысасыз. Сонан соң қызметке кірісесіз», – деді. Ертеңіне әлгі жерге қайта барсам, жұмыс іздегендер қаптап жүр. Жасы да, жасамысы да бар. Қызық болғанда, қырыққа жуық адамды бір сәтте „лекция» бөлмесіне кіргізіп жіберді. Түк түсінбей, бір-бірімізге жалтақтасып қараймыз. Арамызда отырған бір апа: «Әй, қарақтарым-ау, осы отырғандардың барлығы бір орынға үміткерсіңдер ме?» – деп таңқала сұрады. Басқалар да бір-біріне осындай сұрақ қойып, таңданысып жатты. Бір кезде өзін компанияның дистрибьютерімін деп атаған жігіт келді. Жиналған көпшілікке осы деңгейге қалай жеткенін, қанша көлемде айлық алатынын айтып, қызықтырды. Одан соң сауда-саттық, өнімдердің сапасы, соңыңнан адам шақыру жайында мағлұматтар бере бастады. Осылай үш сағат бойы құлағымызға сары майдай жағатын «ақша“, «көлік», «үй» туралы баяндама оқыды. Баяндама бітті ме десек, түс қайта, ертеңгі күні кешке дейін осы тұрғыда тағы да оқу өтеді деді. Келесі күндері компанияның «қола», «күміс», «алтын» қызметкерлері өз жетістіктерімен таныстырды. Айтып отырса өмірлері бейне бір ертегі секілді. Сонда оларға бұл қандай компания, немен айналысады, қандай сауда-саттық жасайды, бұған өзі сенуге бола ма деген сияқты сұрақтарды жаудырдым. Ұққаным, мұнда өсу үшін жұлдызға ие болу керек екен. Ол үшін 67 мың 200 теңгеге компанияның өнімін сатып аласың, сосын оны сатасың. Мұны бір рет сатып алу арқылы «Д4» жұлдызға қол жеткізесің. Онан кейінгі жұлдыздардың ақысы бұдан екі, үш есе көлемінде көбейе береді. Ал өзі жұмыссыз, қаржыдан қысылған адамда мұндай ақша қайдан болсын? Кейінгі міндетімізге әлеуметтік желілердің барлығына тіркеліп, жұмыссыз сандалғандарға өтімді жарнамалар жариялау кірді. Енді осы жерде арамыздағы жалғыз апаның шыдамы сарқылды білем: «Әй, шырақтарым, мына айтқандарың маған ұнамады. Менің жұмыс істегім келеді. Тегін берсеңдер, өнімдеріңді сатайын. Тіпті соңымнан адам шақырайын. Бірақ интернетіңді игере алмасым анық. Мен тіркелген кезде 2000 теңге бергенмін. Соны қайтарыңдар. Қайтамын», – деді. Осыны күткендей оншақты адам бірден орындарынан тұрып, есіктен шығып кетті. Содан төртінші күні барсам, мұндағылар шулап жүр. Бізден кейін тіркелген 19 жастағы бойжеткен ата-анасын 1,5 миллион теңге несиеге батырып, тоғыз жұлдыздың барлығын сатып алыпты. Компанияның қыз-жігіттерінің айтуларына қарағанда, бұл бойжеткен енді 400 мың теңге айлық жалақы алып, шет елдерде жылына екі рет саяхаттай алатын көрінеді. «Мейлі ғой, солай-ақ болсын. Сонша қаржы құйған соң тиісті жұмыс атқармаса отбасы бекерге несие әперген болып шықпай ма? Ата-анасы сорламаса жарар еді» деп ойлаған күйі кеңседен шығып жүре бердім. Өйткені бұл қыз секілді тиісті жұлдыздарды жабатын ақшам да, оны әперетін адамым да жоқ еді. Содан «сетевой маркетинг» сандалтқанының басы да, соңы да осы болсын дедім. Осы көріп-білгенімнің арқасында кез-келген жұмысқа шақырту жөніндегі жарнамаларды қай компания беріп жатқанын білетін болдым. Жалпы, жұмыс іздеу едәуір көзімді ашты дей аламын. Сондықтан алған тәжірибеммен бөлісіп отырмын. Әрине, әркім өзі біледі ғой. Дегенмен жұмыс іздегенде әлдебіреулердің арбауына түсіп, уақытты босқа жоғалтып алмаңыздар демекпін. Д. БАЙЖІГІТ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет26 июня 2018 в 8:12
Шымкентке ұзақ жасайтын мүйізді қарға келе жатыр Жуырда Алматы хайуанаттар бағы шымкенттік әріптестеріне абиссиниялық мүйізді қарғаны сыйға тартыпты. Бұл жаңалықты Шымкент зообағының «Фейсбуктегі» парақшасынан білгесін ұзақ жыл өмір сүретін ерекше қарғаны көргіміз келіп сонда барған едік. Біз онда мекеменің нұсқаушы қызметкері Бақыт Оразбаевамен жолықтық. «Мүйізді қарғаны сыйға тартқаны рас, бірақ ол бізге әлі әкелінген жоқ, – дейді Б.Оразбаева. – Құс немесе басқа экзотикалық жануардың қай-қайсысы болса да алдымен арнайы тексеруден өтіп, біз… — Читать дальше
дің климатқа үйретілуі керек. Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің міндеті жануарларды аман-есен өсіріп, санын көбейту болып табылатындықтан осындағы тіршілік иелерін баламыздай әлпештеп қараймыз. Жалпы, біздің зообаққа демеушілер есебінен аң-құстар жиі тарту етіледі. Бүгінгі таңда 249 түрлі 2478 бас жан-жануар мекендейтін мекемемізде төлдеу науқаны аяқталды деуге болады. Сонымен қатар, бағымыздың қақ ортасынан түрлі жыртқыштар мен жан-жануарлардың ескерткіші қойылған субұрқақ ашылды. Алда қала тұрғындарын тосын сый күтіп тұрғандығын да айтқым келеді. Келуші балалардың ең көп тамашалайтыны – сусиыр, тауыс және дала қыраны, балықтар мен жыртқыш аңдар. Сонан соң қояндар мен олардың көжектері. Биылғы жылдың сәуір айынан бастап зообаққа кіру құны қымбаттағанымен бұл келушілердің көңілін түсірмеді. Қайта, керісінше, мұнда келушілердің саны көбеюде. Мысалы, биылғы жылдың 5 айында 60 мыңнан Сонымен қатар, бағымыздың қақ ортасынан түрлі жыртқыштар мен жан-жануарлардың ескерткіші қойылған субұрқақ ашылды. Алда қала тұрғындарын тосын сый күтіп тұрғандығын да айтқым келеді. Келуші балалардың ең көп тамашалайтыны – сусиыр, тауыс және дала қыраны, балықтар мен жыртқыш аңдар. Сонан соң қояндар мен олардың көжектері. Биылғы жылдың сәуір айынан бастап зообаққа кіру құны қымбаттағанымен бұл келушілердің көңілін түсірмеді. Қайта, керісінше, мұнда келушілердің саны көбеюде. Мысалы, биылғы жылдың 5 айында 60 мыңнан астам адам келді. Бұл төмен көрсеткіш емес». Бізге Бақыт апай осындай әңгімелер айтып берді. Біз жануарлар бағын аралап, басқа да жаңалықтармен таныстық....Ал кешегі аптада Астана қаласының 20 жылдығына тарту ретінде қайта құрудан соң пайдалануға берілген Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағының ашылу рәсімі өтті. Заман талабына сай, ашық табиғи ортаға бейімделген «Африка» аталатын павильон саябақтың көркін ашып тұр. Енді осы аумақты жан-жануармен толықтыру мақсатында басқа әріптес зообақтардан аңдарға сұраныс беріліпті. Одан бөлек, «Mafunyane», «Amazonіa Zoo», «Anіmals azіa», «Іnternatіonal Zoo» секілді әлемнің басқа да құрлықтарынан жануар алып келетін фирмалармен келіссөздер жүргізілу үстінде екен. Жалпы, Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы деп бекітілуіне орай, мұнда 2020-жылы жануарлар түрін 1000-ға және келушілер санын 1 миллонға жеткізу жоспарлануда. Д. БАЙЖІГІТ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет26 июня 2018 в 7:42
Біздің балалар қандай сурет салуға құмар? Таяуда Шымкент қаласындағы орталық саябаққа жолымыз түсіп, «Оқушылар сарайы» ғимараты жанында оқушылардың сурет көрмесін тамашаладық. Мұнда қаламыздағы сурет салумен әуестенетін ұл-қыздардың қиялынан туған туындылар көп екен. Балалардың қиялында шек жоқ қой. Бірақ суреттердің көпшілігі шетелдік мультфильм кейіпкерлері екен. Яғни «Череп», «Маша мен аю», «Золушка», қару асынғандар мен шайқасқан көріністер, көліктер, аң-құстар бейнеленген. Бұл жерден ұлттық киімдегі бойжеткендер мен «Әз-Наурыз» мерекесінен… — Читать дальше
көріністі көрдік. Дегенмен қатысушылардың арасында қазақтың баласы саусақпен санарлық екені бізді біраз ойға жетеледі. Балаларды сөзге тартқанымызда А.Пушкин атындағы № 1 мектептің Юлия есімді 2-сынып оқушысы анасының бағдар беруімен сурет салу әлемімен танысқанын айтты. 4 жасынан-ақ бейнелерді қағаз бетіне түсіретін болыпты. Сондай бейнесінің бірі – «Бақыт кілті» біздің назарымызды аударды. Тұмсығына ақша қыстырып, музыкалық нотаның үстінен ұшып бара жатқан тауыс құсына қарап: «Сен бақыттың кілті ақшада деп түсінесің бе?» – деп Юлияға сұрақ қойдық. Тоғыз жасар қыз ақшаның бақытты болу үшін маңызды екенін айтты және оны табудың жолы музыка, яғни өнер саласында деген пікірін жеткізді. Ал 16 жастағы Мадиярхан Шынтасов бізге былай деді: «Сурет үйірмесіне інім екеуміз келеміз. Ата-анам айына 7 мың теңге төлейді. Бояулар мен қағаздарды өзіміз сатып аламыз. Үйірме біздің отбасымыз үшін қымбат болса да анам сурет салу ісімен шұғылданғанымызды қалайды. Менің туындыларымда «Табиғат», «Киіз үй», «Астана» және адам басының қаңқасы да бейнеленген. Ойыма не келсе, көңілімнен шыққанша сала беремін. Биыл мен үйірмені бітірдім. Үйірмеден үйренгенім көп. Келешекте архитектор болғым келеді«....Көрмені ұйымдастырушылар жас суретшілердің суреттері арқылы оларды ізденісін, эстетикалық талғамын қалыптастырсын дейтін шығар. Әйтсе де жылына екі рет өтетін мұндай байқауларда ұлттық салт-дәстүрімізді көрсететін үміткерлер некен-саяқ секілді. Осы жағын көрме ұйымдастырушылары ойластырса екен. Қазаққа тән пейіліміз, бауырмалдығымыз бен тазалығымыз суреттің өзінен де сезіліп тұрса, кәнеки! Д. БАЙЖІГІТ.
Показать
еще 1 фото
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет25 июня 2018 в 13:25
Қазақ қызы қытай азаматына тұрмысқа шықты Кейбір қазақ қыздарының елімізге келген қытай ұлты өкілдеріне тұрмысқа шығып жатқаны туралы ел ішінде таралған сөздер негізсіз болмай тұр. Оған әлеуметтік желіде жарияланған мына тойға шақыру қағазы дәлел. Той 21-маусымда болады деп шешілген еді Міне, осы тойға шақыруға қатысты бүгінде әлеуметтік желілерде ашу-ызаға толы пікірлер жарияланып жатыр. Солардың бірі – өзінің ұлтжанды мінезімен танымал болған Жәнібек Иманмәзір деген азамат: «Алматыда қытайға тиген қазақ қыздың тойы болайын деп жатыр. Талай ад… — Читать дальше
амдар қытайға тиме десе де қыз: «Одан аяғым ауырлап қалған, енді қалай ажырасамын?» – деп қырсығып отыр екен. Той Талғар жолындағы «Диана» мейрамханасында болады», – деген жазба қалдырды. Желіде осы тойға шақыру қағазын көріп, зығырданы қайнаған басқа да азаматтардың аудиожазбалары жүр. Солардың бірі: «Әлгі тойы болатын қытайды білдім. Әкесінің біз жақта әжетхана қағазын шығаратын зауыты бар екен», – дейді. «Қаным қайнап отыр. Бәріміз барайық. Бетпе-бет сөйлесейік. Не мақсатпен тиіп отыр? Не дер екен? Кім екен ол қытай? Сол жерде әке-шешесінің бетіне басайық. Бұған қарсылар бәріміз барайық. Бесағаштың бергі жағындағы бұрылыстағы мейрамхана екен ғой күнде көріп жүрген», – дейді тағы бір азамат. «Жергілікті ме, оралман ба? Есі дұрыс па? Қанды қарайтты-ау! Сөйлесу керек дұрыстап!» – дейді тағы бір жігіт. Тағы бірер азаматтар аталған тойхананы бейнежазбаға түсірді, аудиожазбалар жариялады. Белгілі болғаны – қытайлықтардың бұл тойханаға тапсырыс бергені рас екен. Жұртшылық шулап кеткеннен кейін мейрамхана иесі ондағы ішіне лимузин кіргізуге болатын залын аталған той үшін беруден бас тартыпты. Өздеріне телефон шалған қазақ жігітке осыны айтқан мейрамхана қызметкерлері сөз арасында қалыңдықтың қарны шермиген жүкті екенін, Алматыдағы барлық тойханалардың бұл тойға тапсырыс қабылдамай қойғанын айтады. Кей қазақ қыздарының қытайлықтарға тұрмысқа шығуына түбегейлі тосқауыл болмағанның өзінде бұл әрекеттің кімге де болса терең ой салары анық. Талғардан, Шымкенттен жігіттер барыпты Кешегі сәрсенбіде, яғни қазақ қызы мен қытай азаматының тойы өтеді деген күні «Диана» тойханасына бірнеше көліктермен жүздеген қазақ жігіттері барыпты. Олар бұған қатысты бейнежазба жариялады. Онда аталған мейрамхана төңірегіне жан-жақтан көліктер барып жатқаны түсірілген, шағын автобус ішіндегі жігіттер оқиғаның қалай өрістегені туралы айтуда. «…Қаптаған полиция. Жігіттер келіп жатыр, қазақтың жігіттері. Той болмайтын болды. Ақшасын қайтарып беріпті. Міне, жігіттер келіп жатыр. Талғардан мың жігіт келіпті. Шымкенттен де келдік, Қазығұрттан жігіттер бар. Жолдың арғы бетінде полиция отыр. Біз олардан қорқып тұрған жоқпыз», – дейді бейнежазбада сөйлеген азамат....Қысқасы, жұрт бір дүрлігіп басылды. Бұл өзі кім-кімді де ойсыз қалдырмайтын оқиға болды. Жылап отырып өлең жазған Дәл осы күндері әлеуметтік желіде бір қазақ әйелінің өлеңі жарияланды. Өлеңді автордың өзі оқыды. Біз оны сөзбе-сөз жазып алдық, оқырманға қаз-қалпында ұсынуды ұйғардық. Ол былай дейді: Кеткенің қалай ұлтыңа, елге сыя алмай? Жылап отырмын… Жасып қалғандай жігерім. Жылап отырмын, Не деген сұрқай күн еді! Қазақтың қызы тағдырын қосып кәпірмен, Ұлты үшін мәңгі қалады болып тірі өлік. Жылап отырмын… Қазақтың қызы, артыңа неге қарамай Кетіп қаласың сан мың жүректерді жаралай? Жылап отырмын… Қазақтың қызы – өз қаным, Тартқанда бөрі етектен, алғаның қалай жағадан? Жылап отырмын, Жаттарға сені қия алмай. Жылап отырмын, Сүйегім күл боп сынардай. Азаматы бар ғой қазақтың мың сан қаншама, Кеткенің қалай ұлтыңа, елге сыя алмай? Жылап отырмын… Оралмайсың-ау қайтадан, Қай сайтан екен санаңды бұзып, шайқаған? Бөлтірік әкеп еліңе жау боп шабатын, Не болды, Ұлжан, сөз өтпейді-ау, әй, саған?! Көрген жөн еді бүйткенше өлім, қазаңды, Тартарсың бәлкім екі дүниеде де жазаңды. Кәпірге кеттің, талғамың солай, не дейміз, Қазақтың саны бір қызға ғана азайды. Ақымақ ару, не дейміз үстірт талғамдарыңа, Шек қойса екен қайта осы жалғанбауына. Алладан тілек тілейміз жылап, қайтеміз енді, Сана берсін деп, ақыл қонсын деп қалғандарына....Әлеуметтік желіні қолданушы кей азаматтардың айтуынша, бұл өлеңді Сайрагүл Сауытбайқызы жазған көрінеді. Ол бүгінде қамақта отыр деседі. Яғни күйеуі мен балалары Қазақстанда тұратын оны біздің жақ шекарадан заңсыз өткен деп кінәлап отырғаны белгілі, ол Қытайға қайтарылуы мүмкін. Дегенмен оны арашалауға әрекет жасап жатқан азаматтар бар. Бұл жөнінде әлеуметтік желілерде де, бірқатар ақпарат құралдарында да жарияланған болатын. Н. ӘБДІ.
Показать
еще 1 фото
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет22 июня 2018 в 14:17
«Жедел жәрдемнің» жұмысы қауырт Әне-міне дегенше аптап ыстығы мол қырық күн шілде басталып та кетті. Ал бұл кездің ағзаға жайсыздау тиетіні, әсіресе денсаулығында кінәраты барларды әбіржітетіні белгілі. Осыған орай «Жедел жәрдем» қызметінің жұмысы да қауырт сипат алады. Біз кешегі аптада осы сала қызметкерлерінің қасында бірге жүріп, жанкешті еңбектерінің куәсі болдық. Оған жол бермейтіндер де бар «Алло, «жедел-жәрдем» қызметі тыңдап тұр. Айта беріңіз, қандай шағымыңыз бар? Соңғы бір жыл көлемінде ит қауып, кене шаққан жағдай болған жоқ па? Ме… — Читать дальше
кен-жайыңызды толық айтыңыз». Міне, біз естіген қоңырауларға жауап осы болды. Тұтқаның арғы жағында бейтаныс адам жағдайының төмендігі жөнінде шағымын айтып жатты. Осы кезде кезекшілік қызметтегі шұғыл көмек бригадасы да даяр тұрды. Жалпы, арнайы орталық «103» нөміріне келіп түскен қоңырауларды қабылдап, қала аумағындағы 9 «жедел жәрдем» бекеттеріне үлестіріп отырады. Диспетчерлер қабылданған қоңырауларды шұғыл саралап, одан кейін дереу «GPS» бағыттаушысының көмегімен жақын маңдағы жедел жәрдем көлігіне хабар береді екен. Ондағылар тез арада іске кіріседі....Біз сол күні № 13 реанимациялық бригадасымен кезекті шұғыл шақыру бойынша жолға шықтық. Топ құрамында дәрігер мен бір фельдшер бар. Дәрігерлерге арнайы берілген планшетке кезекші диспетчерден «Тельман» бөлімшесіндегі «Меруерт» деп аталатын шаштаразда қан қысымынан қиналып жатқан әйел жайлы ақпар келіп түсті. Біздер нақты көрсетілген мекен-жайға жол ұзақтығына, кептелістерге байланысты 20 минутта әзер жеттік. Осы ретте айта кетерлігі, жедел жәрдем көлігіне кейбір көлік иелерінің жол бермеуі көмек көрсетуге асыққан құрамды едәуір қобалжытты. Үшінші мегаполис атанған қалада жеңіл көліктердің бұдан кейін де көбейетіні рас. Өмір мен өлімнің арасында арпалысқан жандар мен ажалға араша болмақ әрекеттегі медицина қызметкерлеріне «темір тұлпар» тізгіндеген адамдар кедергі келтіргеніне іштей қынжылдық. Оқиға орнына жеткесін дәрігер М.Яров пен фельдшер Ш.Сұлтанов қызметіне жедел кірісіп, науқасты қарай бастады. Тексеру барысында осы шаштаразда жұмыс істейтін 50 жастағы М.Юлдашованың аяқасты қан қысымы көтерілгені белгілі болды, оған тиісті көмек көрсетілді. Ол кісі бәрібір де өзін жақсы сезінбей тұрғанын, ауруханаға барғысы келетінін айтты. Денсаулығына байланысты есепте тұратын науқастың қан қысымы екпеден кейін біршама төмендеген соң оны жұрт «Фосфор» ауруханасы» деп атап кеткен мекемеге жеткізіп, бақылауды сондағы мамандарға тапсырды. Осы салада 13 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан дәрігер Михаил Яров, 10 жылға жуық кезекші дәрігердің ойын қабағынан оқуды үйреніп, қас пен көздің арасында қимылдай білетін фельдшер Шәкір Сұлтанов, алты жылдан бері осы құрамды аман-есен діттеген жерге жеткізуге асығатын жүргізуші Сергей Гриценко өз ісінің майталман мамандары екеніне көз жеткіздік. Арада көп өтпей біз № 14 кардиореанимация құрамымен «Азат» шағынауданы, «Ақбастау» көшесі № 164 үйге жол тарттық. Мұнда 60 жастағы Ф.Камалдинова жүрек тұсының қысып ауыратынын, аяқ-қолы мұздап, қан қысымының көтеріліп тұрғанын әзер айтты. Апа он жылға жуық уақыттан бері жүрек дертімен күресіп, соңғы бес жылда екі рет инсульт алған екен. Көзі өте нашар көреді, сол жағы ақырын ғана қозғалады. Жүріп-тұруы қиын апаға жасы егде тартса да ата қарап отыр. Дәрігер Гүлнұр Нұрмағанбетова ем-шара көрсетіп, көңілін аулап отырды. Келе сала апаның қан қысымын өлшегенде 190-ды көрсетіп тұрған еді, жылы сөздер мен екпеден кейін 140-қа түсті. Атаның айтуына қарағанда, инстульттің кесірінен жарының мінезінде өзгерістер пайда болыпты. Тез ашуланып, жылап қала береді екен. Содан жүрегі мазалап, қан қысымы да жедел көтеріледі. Фаузия апаға анасындай қарап, денсаулығын күтуді өтініп айтқан мамандар басқа науқастарға асығуы керектігін айтып, қайтуға жиналды. 24 сағат бойы қалтқысыз, шапшаң, сапалы медициналық көмек көрсетуді парыз деп білетін дәрігер Г.Нұрмағанбетова мен фельдшер Фархат Абдуллаевтың да осы салада жүргеніне 10 жылдан асыпты. Бригада мамандарымен бірге жүріп, олардан жаз айларында ішек инфекциясы, қан қысымы, жүрек ауруларынан және қазір елді дүрбелеңге салған менингит ауруы мен кене шағу жағдайлары бойынша көптеп шағым түсетінін, сондай-ақ күз бен қысқы мезгілде суыққа шалдығу бойынша жиі шақыртулар болатынын білдік. Олар жергілікті учаскелік дәрігерлер науқастармен тығыз жұмыс жасауы керек екенін, бұрынғыдай екі фельдшер, бір дәрігер құрамда жұмыс істегені тиімді еді дегенді тілге тиек етті. Өйткені кейде жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен ауыр жағдайларда бір фельдшер науқасты қозғауы қажет болып немесе ауыр заттың астынан шығарып алуы керек болады. Сондайда қосымша қол күші жетпей жататын көрінеді. Мәселен, фельдшер Фархат сол күні таңертең қаладағы саябақтардың бірінде жас қызды ағаш басып қалып, жедел жеткен. Ұзақ уақытқа дейін не бойжеткенді, не ағашты жүргізуші екеуі қимылдата алмай, әуреге түсіпті. Сонда жүрген бір жігіт қол ұшын беріп, әупірімдеп ағашты ары құлатып, қызды құтқарған. Шақыртушының өзі қиындық тудыратын кездер көп Халық арасында жедел жәрдем қызметіне көптеген наразылықтар айтылып жатады. Әсіресе шақырған уақыттан кешігіп келуі, дұрыс қарамауы, салғырттық таныту, керекті дәрі-дәрмектері жоқ деген секілді реніштерін білдіреді. Әрине, кемшілік барлық жерде болады. Осы орайда жедел жәрдем диспетчерінің жедел қызмет көрсетуі 4 категорияға бөлінетінін түсіндіре кетуді жөн санадық. Яғни 1-категория бойынша жедел қоңырау – науқас адамның өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда тез арада медициналық көмекке мұқтаждық; 2-категория бойынша жедел қоңырау – науқас адамның өміріне қауіп төніп тұрған, бірақ медициналық көмекке мұқтаж емес жағдайда; 3-категория бойынша жедел қоңырау – науқас адамның денсаулығына қауіп төніп тұрған, бірақ медициналық көмекке мұқтаж емес жағдайда; 4-категория бойынша жедел қоңырау – науқас адам дертінің асқынған немесе тұқым қуалайтын ауруына байланысты, өміріне және денсаулығына аса қауіпті зақым келмейтін жағдайда. Жедел жәрдем станциясына алғашқы 1,2,3 категориядағы қоңыраулар келген жағдайда автоматтандырылған тәртіппен қызмет жасалып, диспетчер арнайы жасақталған жедел жәрдем тобын жіберуге міндетті. Диспетчер қоңырауды қабылдағаннан кейін жедел жәрдемнің келу уақыты: 1-категория бойынша – 10 минут ішінде келуі керек, 2-категория бойынша – 15 минутқа, 3-категория бойынша – 30 минутқа, 4-категория бойынша 60 минутқа дейінгі уақыт ішінде жетуі керек. Негізінен азаматтарға 6 деңгей бойынша мынадай көмектер жасалады: І, ІІ, ІІІ деңгейдегілерге жол бойында орын алған апаттар, жаяу жүргіншілер зақымданғанда, денеге түскен жарақаттар, күйік шалу, ішкі ағзалар күйіп, яғни сірке суын ішіп, өз-өзіне қол жұмсау әрекетінде, құрысу, қан қысымының көтерілуі, аяғы ауыр азаматшаларға, жүрек ауруларына, ғимараттардан құлап сынық жарақаттарын алғандарға, жануарлар тарапынан шабуылдарға ұшырағандарға, дене қызуы көтеріліп естен танып қалған жағдайда, соқыр ішек болғанда 10 минуттық уақыт шеңберінде жетеді. Бұлар аса ауыр халдегі немесе күрделі науқастар қатарына кіргізіледі. Ортаңғы ІV, V деңгейлерге ішек инфекциясы, тағамдардан улану, несеп жолдары ауруларында, аллергиялық белгілер анықталғанда, бөртпе пайда болғанда 20 минут уақыт аралығында науқасқа барады. Соңғы VІ деңгейге жарты сағат көлемінде мұрыннан қан кету секілді жеңіл жарақат алған азаматтарға дер кезінде тиісті шаралар жүргізіледі. Осы орайда сала мамандарының да айтары бар. Тұрғындар арасында ұзақ уақыт ауырып жатқан азаматтар кездеседі, бірақ олар аймақтық дәрігер бақылауында болмаған, мүлдем қаралмағандар, ауруы асқынса да ауруханаға ат ізін салмағандар. Жедел жәрдем бара қалса, құлантаза айықтыруды қалайды. Олардың міндеті – сол мезетте науқастың жағдайын қадағалап, кеңес беріп, алғашқы медициналық әрекеттерді жүзеге асырады. Сондықтан бөлімше мамандары жан саулығын қалайтын жұртшылыққа тек жедел жәрдемге жүгініп қана қоймай, емханаға барып, дәрігерлердің нұсқаулықтарын тыңдап, уақытында емделуге кеңес береді. Талай жылдар бойы халық арасында мамандығын шыңдап келе жатқан жандар кейбір кезде итке таланып, тұрғындардан ауыр сөздер де естиді екен. ЖСН нөмірлерін сұрата қалса, бермей қояды. Қысты күндері автокөлік кіре алмайтын жерлерге жаяу барады. Қазіргі таңда көшелердегі тұрғын үй нөмірлерінің ауысуына орай да айтарлықтай қиындықтар туындаған. Тұрғындар хабарласқан кезде бұрынғы үй нөмірлерін айтып жаңылысады. Мекен-жайлар нақты болмағандықтан көп уақыт жоғалтуға тура келеді. Тағы айта кететін жайт, жоғарыда көрсетілген деңгейлерге жатқызылатын науқастарды іріктеп, шұғыл көмек қажет ететін ауыр халдегі науқастарға тезірек жетуге тырысады. Кейінгі сырқаты орташа саналатын науқастарға да кезек күттірмей аттанады. 2000-ға жуық шақырту қабылдайды Жедел жәрдем стациясына берілген 95 автокөліктің іші ауыр халдегі науқастарға арналған медициналық құрал-жабдықтармен жасақталған. Десе де дамылсыз қызмет ететін «темір тұлпарлар» жаңартылуды талап етіп тұрғандай. Жедел жәрдем станциясының бір күндік тіршілігімен таныс болуымызды ұйымдастырып берген Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем көрсету станциясының бас дәрігері Гүлнәр Мамытқызының айтуынша, алдағы уақытта барлық бригада соңғы үлгідегі автокөлікпен қамтылатын болады. Одан кейін қызметкерлердің біркелкі киімі де жаңартылмақ. Қазіргі таңда аймақтағы 9 бекеттегі қызметкерлерді қосқанда станцияда 1457 маман жұмыс істейді екен. 301 дәрігер, 593 фельдшер, 370 жүргізуші және кіші буын қызметкерлері еңбек етіп келеді....Күніне 2000-ға жуық шақырту қабылдайтын Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем көрсету станциясының жедел-жәрдем құрамының мазасыз күндері осылайша жалғаса береді. Түнгі ауысымдағы жағдай бұдан да жауаптырақ екені айтпаса да түсінікті шығар. Біздер бөлімшеден шығып бара жатқанда да «Call» орталығына дамылсыз қоңыраулар түсіп жатты. Д. МЕДЕУОВА. Суреттерді түсірген – автор.
Показать
еще 1 фото
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет21 июня 2018 в 12:04
Эстондар қоғамдық көлікте тегін жүретін болды Эстонияда алдағы 1-шілдеден бастап қоғамдық көліктер жұртшылыққа тегін қызмет көрсететін болды. Бұл шаруа арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша қолға алынды. Дегенмен мәселені елдің әр аумағының өз қарауымен шешуге құқы бар. Жалпы, мұндай бағдарлама осыдан 5 жыл бұрын бастау алған еді. Ел астанасы – Таллинде бұған қатысты сауалнама жүргізілген, сонда тұрғындардың басым бөлігі оған қуана қолдау білдірген екен. Сосын ол біраз жерлерде сынақ ретінде қолданысқа ендіріліпті. Бір қызығы, қоғамдық көліктер… — Читать дальше
дің жұртшылыққа тегін қызмет көрсетуі экономикаға ешқандай да шығын әкелмейді екен. Яғни оның орны салық саласындағы кейбір өзгерістер есебінен жабылып отырады. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, кіріс жағы шығыннан екі есеге көбейген көрінеді. Адамдардың мейрамхана, дүкен, дәмханаларға баруы көбейе түскен. Тіпті кейбір бай адамдар мен жеке көлік иелері де жұмысына қоғамдық көлікпен қатынауға көшкен. Осының арқасында көшелердегі көлік нөпірі азайып, ауа тазара бастапты. Міне, сондықтан да эстон билігі алдағы шілде айынан бастап тұтас ел көлемінде қоғамдық көліктер қызметін тегін етуге шешім шығарыпты....Эстония – Еуроодақ мүшесі, онда 1 миллион 500 мыңға жетер-жетпес адам тұрады. Осы шағын ел тың жаңалығымен бүкіл Еуропаға үлгі көрсетіп отыр. Қоғамдық көлік қызметін тегін ету бүгінде Франция, Германия сияқты елдердің жоспарында да бар. Ал Ұлыбританияның құрамындағы Уэльсте қоғамдық көліктер демалыс күндерінде тегін қызмет көрсетеді екен. Д. НҰРПЕЙІС.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет21 июня 2018 в 8:27
Түркістан облысына – Түймебаев, Шымкент қаласына Әбдірахымов әкім болды Президент Жарлығымен Түркістан облысының әкімі қызметіне Жансейіт Түймебаев тағайындалды. Ол кісінің бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталып келген өңірімізді 2016-жылдың қазан айынан бері басқарып келгені белгілі. Яғни ол қызметін енді аты өзгерген Түркістан облысында жалғастыратын болды. Ал кеше ғана республикалық маңыздағы қала мәртебесін иеленген Шымкентке жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметті осыған дейін «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып келген Ғабидолла Әб… — Читать дальше
дірахымов атқаратын болды. Ғ.Әбдірахымовтың 2015 – 2017-жылдар аралығында Шымкент қаласының әкімі болғаны белгілі. Кейін Астанаға ауысқан еді. Ал Шымкент қаласының әкімі қызметін 2017-жылдың қараша айынан бері атқарып келген Нұрлан Сауранбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл лауазымнан босатылды. Н. ӘБДІ.
Показать
еще 1 фото
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет20 июня 2018 в 7:32
Фонограмма қолданатын алаяқтарды сахнадан қуатын кез жетті Аузы бардың бәрі әнші. Дауыстың керегі жоқ. Неше түрлі конкурстар ұйымдастырылғанымен бірен-сараны болмаса, бәйгеге қатысушылар дайын фонограммамен барады. Ел ішінде дайын фонограмманы қоса салып, аузын жыбырлатып ақша тауып жүргендер өте көп. Тіпті атағы дардай әншілердің өзі ел ішіндегі концерттерде әндерінің көбін фонограммамен орындайды. Табынушылары бас ұрып жүрген кей әншінің табиғи дауысын естігенде жылағың келеді. Алаяқтық деген осы емес пе? Ең сорақысы, өсіп келе жатқан жас өр… — Читать дальше
кен «өнер деген осындай халтура екен ғой» деп қабылдайтын болды, соған ұмтылушылар қатары артты. Қысқасы, заңмен тосқауыл қоймаса, фонограммамен халықты алдайтын алаяқтар саны жыл санап арта түскелі тұр. Осының алдын алу мақсатымен Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов мынадай мәтіндегі депутаттық сауалын жария етті: «Адамның бойында биік парасаттылықты, жоғары талғамды, елі мен жеріне деген ыстық ықыласын қалыптастырып, оның эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мәдени құндылықтардың ішіндегі ең кең тарағаны – ән. Ғасырлар қойнауынан бастау алатын халықтық әнмен бірге заманауи әндер де қатар дамып, қанат жайды. Талапты әрі талантты жас буын әншілер қалыптасты. Халықтың құрметіне бөленген, шет елдерге Қазақстанның атын шығарған хас шеберлер де бар. Дегенмен қоғамда осы салаға, әсіресе эстрада жанрындағы әншілердің өнеріне, әннің мәтініне орынды сындар айтылуда. Тұрғындармен кездесулерде олар ән өнерінің болашағына алаңдаушылық білдіріп, бұл саланың жекелеген тұстарын заңнамалық тұрғыдан реттеу туралы ойларын айтады. Соның ішінде әншінің шынайылығы, табиғилығы, өзінің дауысымен ән орындауы өзекті мәселе болып тұр. Фонограмманы қолдану көрерменнің тұтынушы ретіндегі құқығына нұқсан келтіреді. Ән өнеріне оның ақысын төлеп келген әрбір адам әншінің жанды дауыстағы сапалы қызметін алғысы келеді. Бұл – әділ және заңды талап. Фонограмманы жаппай қолдану техника мүмкіндігін пайдалану арқылы өнерден алыс кей адамдардың сахна төріне шығуына жағдай туғызады. Бұл – осы уақыттың ақиқаты, көпшіліктің ойында ғана емес, аузында жүрген әңгіме. Сырт елдерге танымал аға буын әншілердің де пікірі осындай. Әлемнің дамыған елдерінде фонограмманы қолдану мәселесі заңдылық тұрғыдан шешілген. Мысалға, АҚШ-та фонограмманы заңсыз қолдану, концерттік іс-шараларды рұқсатсыз өткізу алаяқтық болып есептеледі және заңмен қудаланады. Ұлыбритания, Малайзия, Индонезия мемлекеттерінде бұл сұрақ лицензиялау арқылы реттеледі. Сол сияқты, Қытай, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Түркіменстан және Беларусь елдерінде де фонограммаға шектеу қойылған. Ән өнеріндегі тағы бір өзекті мәселе – әннің мәтіні. Ән сөзіне қойылар талап жоғары болуы тиіс. Әннің жүректі жаулар әуені оның мағыналы мәтінімен астасып жатса, ол – рухани байлық. Өкінішке орай, мағынасыз мәтіндерге шығарылған әуенсіз әндер көбеюде. Мәтіні тұрпайы, кей жерлерінде анайылыққа дейін жететін әндер құлаққа түрпідей тисе де жастардың арасында кеңінен таралуда. Сырлы саз бен әсем әуенге негізделген әнге сусындамаған жастар болашақта қандай құндылықтарға ден қояды? Әннің мәтінінің сапасына талдау жасайтын кәсіби алқалы орган жұмысын ұйымдастырудың уақыты келген сияқты. Бізбен көршілес кейбір елдерде осындай тәжірибе бар». Сенатор осылай деп қалыптасқан жағдай заңнамалық тұрғыдан реттеуді қажет ететініне назар аудартты. Шет елдерде концерттік қызметті негізінен қоғамдық ұйымдар арқылы лицензиялау жолымен шешіп отырғанын айтқан депутат С.Еңсегенов Үкімет басшысы Б.Сағынтаевтан тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беріп, аталған мәселелерді заңнамалық тұрғыдан шешу жолдарын қарастыруды талап етті....Сол талғамсыз тыңдармандардың арасына сіз бен біз де бармыз. Егер концертке барсақ, маңдай терімізбен тапқан адал ақшамызға шынайы дауысымен көркем өнер көрсете алатын талантты әншілердің лайықты қызметін сатып алуға тиіспіз. Ал аузын жыбырлатып, сахнада ары-бері секірген түрін көріп, әні фонограмма екенін біле тұра алаяқтыққа көну ұлтты талғамсыздыққа ұрындырады. Сахнада тек таланттарды қалдырып, алаяқтарды қасиетті өнерден ығыстыратын уақыт жетті. Әділбек ҚАБА.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет18 июня 2018 в 7:49
«Харекеттің» үлгілі әрекеті Олар 8 айда 13 отбасыны шаттыққа бөледі Елімізде «Харекет» деп аталатын қайырымдылық қоры жұмыс істейтінінен бүгінде көзіқарақты жұрт құлағдар. Оның «1000 теңгеге – баспана!» деген ұранмен жұмыс бастағанын әлеуметтік желі арқылы бүкіл қазақстандықтар біледі десек болады. Біз таяуда осы қордың негізін қалаушы әрі жетекшісі Гүлмира Мұқанқызымен сұхбаттасқан едік. Желі оқырманының ұраны ой салды «Мен Түркістан қаласында туып-өскенмін, – дейді ол. – Алланың пендесіне парыз еткен міндеттерін қалтқысыз орындайтын жанмын.… — Читать дальше
2003-жылы Астанаға отбасыммен көшіп бардым. Қысы қатал қалаға үйрену маған оңайға соқпады. Әсіресе астаналықтардың ұғымы, таным-түсінігі мені қатты таңқалдырды, қалалықтардың көпшілігінің тілінде кәлимасы жоқ екен. Осыдан қорықтым. Сондықтан 2013-жылы «Facebook» желісіне тіркеліп, «Иманашар» деген топты жүргізіп отырдым. Қазіргі таңда 25 мыңға жуық оқырмандарым уағыздарым мен кеңестерімді оқып тұрады. Күндердің күнінде оқырмандарымның арасынан бір жігіттің: «1000 теңгеден «Черная касса» ойнайық!» – деген ұсынысын оқып қалдым. Оған талай адамдар түрлі пікірлер айтып, ұсыныс та жазып жатты. Осы кезде санама ой келді. Мың теңгені көпшілік «гәп» деп білетін бас қосуға жаратқанша, осы ақшаны халық болып жинап, неге үй-күйсіз жүрген жандарға баспана әпермеске? Осыны түнімен ой елегінен еткіздім. Сөйтіп парақшама: «1000 теңгеге – баспана! Шиеттей бала-шағамен пәтерден-пәтерге көшіп, бір үйге зар болып жүрген жандарға қол ұшын берейік. «Әр қазақ – менің жалғызым» деген қағиданы Алланың рақымы үшін ұстанайық!» – деп жазып қалдырдым. Арада бірнеше сағат өткесін көптің пікірін білейін деген ниетпен телефонды қоссам, 2000-дай адам бұл бастамамды құптайтынын білдіріпті. «Гүлмира апай, сауапты істі өзіңіз қолға алыңыз. Біз қолдаймыз, ай сайын ақша аударып, көмек көрсетуден қашпаймыз. Қазақтың қазаққа жаны ашуы керек!» – деген жазбаларды оқығанда Аллаға сансыз мадақ айттым. Әуелі Алла, одан соң қайырымды жандардың пейіл-тілегімен «Харекет» қайырымдылық қоры құрылды. «Харекеттің» мүшелері де жасақталды. Олар: Алғадай Әбілғазыұлы, Ардақ Байғабыл, Азамат Елубайұлы, Қуат Қабдолда, Алмагүл Мұқанқызы және мен. Қордың заңды құжатын 2017-жылдың 6-қазанында қолымызға ұстадық. Сонда: «Мұсылман бауырлар! Әр айда 1000 теңгеден кемі 5 мың адам 5 миллион жинайды екенбіз. Осы қаржыға мұқтаж жанға бір үй салып беруге әбден болады. Ортамыз толып, қайырымды жандар қатары артып жатса, бір жылдың ішінде 5 – 10 мұқтаж отбасыға үй әперсек деген ниет бар. Әрине, сіздердің қолдауларыңызбен! Бауырлар, бұдан кейін жақсылық жасап жарысайық! Қажетті қаржы жиналса, баспанаға зәру жандар табылады. Осы күнге дейін 300-ден аса өтініштер тіркеліп қойды. Адал ниет, ақ пейілмен, Алла жолында бүкіл халықтың атынан қор өз жұмысын бастады», – деп жазғанымда талай адамның төбесі көкке жетті. Үлкен бастаманы көпшілік қолдап, маған сенім артқаннан кейін оны қалайда жүзеге асыруға тиіспін дедім. Көмек береді-ау деген мекемелер мен елге белгілі азаматтардың да, өнердегі жұлдыздардың да алдынан өттім, жоспарларыммен таныстырдым. Қысқасы, баспаған тауым, ашпаған есігім қалмады Алматы мен Астана қалаларында. Жаратқанның берген күші мен төзімінің арқасында бұл игі бастама іске асты. Мұқтаждарға баспана бере бастадық Қор жұмысын бастаған алғашқы екі айда 300 мың теңге жиналып, ақшаның басы баяу құралды. Бірнеше күннен кейін есеп-шотымызға бір кісі 900 мың теңге аударды. Кейін бұл жомарт жанмен сөйлесіп, сауапты іске атсалысқанына алғысымды айттым. Әйтсе де ол кісі аты-жөнін жариялауымызды қаламады. Осылай тағы екі айға жуық уақыт өтіп, қаржы көлемі 1,5 миллионға жеткенде баспанаға зәру жанды іздеуді бастадық. Бұл қаржыға жақсы үй табыла қоймады. Ақырында Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында шағын баспана тез арада сатылады деген жарнаманы «OLX»-тен көріп, сол қалаға бардым. Үй мәселесі шешімін тапқан соң мұқтаж жандарды анықтау үшін жергілікті «Балмағанбет» мешітінің бас имамы Қондыбай Серікбайұлына, Сәтпаев қаласының дін істері бойынша ақпарат және кеңес беру орталығының директоры Дулат Рашидұлына жолығып, келген жағдайымды айтып, түсіндірдім. Ол кісі өзі жақсы білетін екі отбасыны ұсынған соң олардың тұрмыс-тіршілігін бірге көруді өтіндім. Айтылған отбасылардың бірінде 4 баласы болса, екінші жанұяның жағдайы тіпті мүшкіл екен. Осындағы мекеменің бір бөлмесін жалдап тұратын, жеті баласы бар, жастайынан жетім өскен көпбалалы ананың тағдыр тауқыметі тебірентпей қоймады. Қордың мүшелеріне бәрін тәптіштеп түсіндіріп, олардың келісімімен сол отбасыға үйдің кілтін табыстадық. Сонда көпбалалы ана: «Шиеттей бала-шағамен өмір бойы көшіп-қонып, баспанаға зар болған күйі өтемін бе деуші едім. Алланың рақымы түсіп, сіздер көмек бердіңіздер. Барша жомарт жандарға үлкен алғыс білдіремін!» – деген болатын. «Шын сұрасаң, Алла береді» деген осы. Алғашқы баспананың берілгені жөнінде әлеуметтік желілерде суреттерімен жариялап, қуанышты жаңалықпен бөлістім. Құттықтаулар легі толассыз болды. Қордың жұмысы кеңінен таныла бастағанда біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға көмекке мұқтаж жандардан, олардың туыстарынан күн сайын хаттар мыңдап түсіп жатты. Хаттар әлі де келуде. Алғашқы кезде келіп түскен хаттарды қалай екшейміз деген сауал тұрды көкейімізде. Әр хаттың артында үмітпен күткен жандардың тағдыры бар деп түсініп, қалалар мен мұқтаждарды іріктей бастадық. Әрбірінің жайын 1 ай көлемінде мұқият тексеріп отырдық. Қаржы көлемі де осылай, есеп-шотқа түсіп жатқан әрбір тиын қатаң бақылауда болады. Өзіміз жаратқан ақша баспана табу үшін жүретін жол қаражатына ғана жұмсалды. «Өнер қырандарымен» біріктік Кейін «Харекет» қайырымдылық қоры «Өнер қырандары» театрымен бірігіп жұмыс бастады. Театрдың жетекшісі Мадияр бауырымыз ұсынысымызды қабыл алып, осы күнге дейін жарнама жасап, қордың игі бастамасын өздерінің әрбір кезекті концертінде насихаттап жүр. Оларға Алланың нұры жаусын! Енді баспаналардың кімдерге, қай өңірлерден берілгені жөнінде айтып өтейін. Бірінші үйді Қарағанды облысындағы Сәтпаев қаласының тұрғыны, 7 балалы ана, екіншісін Ақтөбе облысындағы Қандығаш қаласының тұрғыны алды. Үшінші баспана Орал қаласы жанындағы «Озёрное» елді мекенінде тұратын бес балалы, жалғызілікті Толқын Исатайқызына берілді. Үйлердің төртіншісін «Өнер қырандары» бастаған топпен бірге Аягөз қаласының тұрғынына тарту еттік. Аягөзді тасқын су басып жатқан кез еді. Үй осында пәтер жалдап тұрып жатқан үш балалы, жалғызбасты Гүлжайна Тұрсынбекқызына берілді. Үйдің кілтін табыстау рәсіміне Аягөз қаласының әкімі Жұмағали Дүйсенбаев, қала имамы Думан Нәдірұлы, қалалық мәслихат депутаты Еркін Юсупов, Мамырсу ауылындағы мектептің директоры, ақын Ринат Зайытовтың әкесі Рифхат Зайытұлы, «Хабардың» жергілікті тілшісі Болат Көкенайұлы қатысты. Бұл аталған азаматтардың осы отбасын таңдауға көмектескенін де айта кету керек. Үйдің кілтін алып тұрып Гүлжайна: «Мен анамның мейірімін көрмей өскен едім. Осы мейірімді сіздерден көріп отырмын», – деп ағынан жарылды. Бесінші баспана Павлодардан 20 шақырым жердегі «Красноармейка» ауылындағы төрт баланың анасы Венера Ерболатқызына табысталды. Алтыншы баспанаға екі қызы бар (кішісі туабітті мүгедек) көкшетаулық Гүлнәр Жұмабекқызы, жетінші үйге Шымкент қаласындағы Гүлдар апа Ботабекқызының жиен немересі Айшабибі ие болды. Сегізінші үйді Семей қаласының тұрғыны, 6 баланың анасы Тоғжан Нұржанқызына, 9-ыншысын тараздық мүгедек жігіт Мағжан Асылбекұлына тапсырдық. 10-шы үйді Қызылорда облысындағы Шиелі кентінің тұрғыны, 7 баланың анасы Индира Құдайбергенқызына, 11-ші үйді Қостанай облысының Әулиекөл ауылындағы 6 балалы Бақыт Өміртайқызына табыс еттік. 12-ші үй атыраулық Алтыншаш Ғанибайқызына табысталды. Ол кісінің 4 қызы бар, қыздардың біреуі «ДЦП» дертінен тауқымет тартып келеді екен. Ал 13-ші үй 11-маусымда астаналық Мұхамедәлі Рысмаханға берілді. Қысқасы, өткен жылдың соңғы айлары мен осы жылдың 11-маусым аралығында, яғни сегіз айдың ішінде 13 үй өз иелерін тапты, баспанаға зәру жандардың арманы орындалды. Үйсіз жүрген тағы сан мың адамның үміт оты оянды. Бақыттан бал-бұл жайнаған балалар мен аналардың шат күлкісі, ақ тілегі жазылған бейнежазбалар әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр. Алла қолдап, әлі де сүйінші хабар көп болады деген сенімдеміз. Алдағы мақсат – Алматыдан көпқабатты үй салу Бізден жәрдем сұрайтындар мен көмек қолын ұсынғандар жетерлік. Осы іске ықпал етіп, демеушілік жасаймыз дейтін кәсіпкерлер, өнер жұлдыздары мен спортты өміріне серік еткен азаматтар қаржы салайық деп хабарласуда. Жасыратыны жоқ, мұқтаждар арасында несие қарызын жабуға, көлік алуға, ұл-қызын оқуға түсіруге ақша сұрайтындар мен жұмысқа тұру үшін таныс тауып беруімізді өтінетіндер де бар. Оларға «Харекет» қайырымдылық қоры тек қана баспана алып беруге жәрдем етеді дегенді айтамыз. Бізбен бірге жұмыс істеуге ниет етіп жүргендер көп. Соның ішінде «Зың-Зың» шайын шығарушы мекеме қорымызбен келісім-шарт жасасып, әрбір сатылған шайдан түскен қаражаттың 5 теңгесін қорымызға аударып тұратын болды. «Димали» баспаханасы қайырымдылық қор ашылғалы бері барлық жарнамалық буклеттерімізді арзан бағада шығарып беруде. Оларға Алла жар болсын, кәсіптерінің берекесін көрсін дегіміз келеді. Алдағы уақытта қолдауға ниет білдірген кәсіпкерлердің ықпалымен Алматы облысынан 5 қабатты үй тұрғызып, баспана күткендерге пәтер сыйласақ деген жоспар бар. Осы орайда хабарласамын деушілер нөміріне байланысса болады». «Харекет» қайырымдылық қорының басшысы осылай дейді. Біз бұл қормен бірлесіп сауапты істерге атсалысамын, ақша аударамын деушілер үшін оның есеп-шоттарын жариялауды ұйғардық. Олар мынадай: Жеке тұлғалар үшін: («Каспий терминалдан») «Каспий-депозит»: ИИН 720208401907, «Каспий-голд»: 5169493114170866, «Каспий-әмиян»: 08.02.1972 87474749014. «Киви-әмиян»: Осы шоттарда Гүлмира Мұқанқызының аты шығады). «Халық банкі»: 5354510004237615. ИИН 720922403102 (Алмагүл Мұқанқызының аты шығады). Заңды тұлғалар үшін: ОФ «Благотворительный Фонд „Харекет“». БИН 170940025833 KZ91722S000001298489 – KZT КБе – 17 АО „KASPІ BANK“ БИК CASPKZKA. Дана МЕДЕУОВА.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет15 июня 2018 в 9:35
Молда қандай түс көрген? Баяғыда бір ханның ауылында молда болыпты. Халықтың алдындағы беделі сұмдық екен. Құран оқып, ас-жиындардың бәрін өзі атқарып, ақшаны қырып табатын көрінеді. Әлгі молда осылайша ханға ғана сәлем беріп жүргенде ауылға бір мықты құрылысшы келіпті. Неше түрлі әсем ғимараттар, ханға арнап сарай салыпты. Жұрттың аңсары енді құрылысшыға ауа бастаса керек. Беделі де күннен-күнге асқақтай түсіпті. Мұны молдекең көре алмай жүріпті. Не істесем екен, қалай мына бәледен құтылсам екен деп жүргенде бір күні басына бір ой сап ете қалы… — Читать дальше
пты. Дереу ханға жүгіріп барып: – Хан ием, бүгін бір түс көрдім, – депті. – Қандай түс, не көрдің? – деп сұрайды хан. – Сіздің әке-шешеңізді көрдім. Сізге бұйымтай айтты. – Не бұйымтай? – Әке-шешеңіз пейіште нұры шалқып жүр екен. Ол жақта жанға керектің бәрі бар, бірақ бір нәрсе жоқ екен. – Не жоқ екен? – Мешіт жоқ екен. Соған сізге мешіт салып берсе деген сәлемдемесін айтты. Ауылдағы атақты құрылысшыны жіберсін деді. – Оны қалай жібереміз? – Оның амалын ойластырып қойдым. Құрылысшының өзіне көр қазғызып, тірідей көмейік, сосын ол о дүниеге барып, мешіт салады, – дейді молда. – Ойбай, онда солай етіңдер! – депті хан. Осылайша құрылысшыға өзіне көр қазғызыпты. Құрылысшы да қу болса керек, қазып жатып, арғы шетінен шығып кететін есік жасап қойыпты. Сонымен көрді қазып біткен соң оны тірідей көмеді. Құрылысшы құпия есікпен шығып, бірнеше жыл басқа ауылда өмір сүріпті. Содан бір күні құрылысшы баяғы ханның ауылына қайта келіпті. Жұрттың бәрі аң-таң. Тіке хан сарайына тартыпты. – Уа, хан ием, мен келдім. Әке-шешеңіздің тілегін орындадым. Үлке-е-ен мешіт салып бердім. – Жарайсың, разымын. Тағы басқа бұйымтайлары бар ма екен? – депті хан. – Иә, хан ием, бір бұйымтай айтып жіберді. Мен салып берген мешітке молда керек екен. Соған сіздің ауылдағы молданы жіберсін деп жатыр, – депті құрылысшы. – Оны қалай жібереміз? – Мені қалай жіберсеңіздер, оны да солай жіберуге болады. – Онда молданы тірідей көміңдер! – деп хан бұйрық берген екен....Біреуге ор қазамын деген молда осылайша өз қулығының, өз сұмдығының құрбаны болған деседі.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет13 июня 2018 в 12:12
Бұл маусымда жұғатын дерт аз емес Жайдары жаз күндерінде адам табиғат аясына әуес, онда тынығып, жан рахатын сезінеді. Дегенмен абайламаса, бұл кезде де адамды төңіректейтін дерттер бар. Сондықтан қандай аурудан сақтанып жүру керектігін білген абзал. — Аптап ыстықтың тамырлар мен жүрекке зияны барын ұмытпаған жөн. Жалаңбас жүрмеген абзал. Жүрек-қан тамырларына ыстық өте жайсыз әсер етеді. Сондықтан күн өтуден сақтану керек. — Жазда өкпе қабынуы да жиі кездесіп тұрады. Өйткені адам ыстық күн астында жүргенде өкпе өз мүмкіндігі шегінде жұмыс істе… — Читать дальше
йді. Одан су мен түрлі ыдыраған заттар өкпе арқылы буланып шығады. Сол кезде пневмония туындауы әбден мүмкін. — Гипертониясы барларға күн астында жүру инфаркт қаупін туғызады. — Ағзаға артық салмақ көп түсетіндіктен бронхит пен бронх демікпесі де осы кезде асқынады. Патогендік бактерия түссе, дерт бірден ушығады. — Бұл кезде ангина да жиі кездеседі. Яғни денесі қызып, терлеп тұрған адам суық сусын ішсе, ол бірден көтеріледі. — Жазда бөртпе, безеу, сары жара сияқты тері аурулары да адамға үйір. Сондықтан теріні қажет кезде арнайы маймен ылғалдандырып, күн сайын ауыспалы душ қабылдап тұрған дұрыс. — Бұл кезде түрлі ішек аурулары да көбейеді. Сондықтан жеке бас гигиенасын, әсіресе қол тазалығын ұмытпау керек. — Жазда адам суды көп ішеді. Бұдан бүйрекке түсетін салмақ артады, ол артық суды ағзадан шығаруға үлгермейді. Ағзада айналымдағы қан мөлшері артады. Бұдан созылмалы аурулардың қозуы туындайды. Ал бұл жүрек-қан тамырлары дерттері мен гипертониядан зардап шегетіндер үшін қауіпті. — Сондай-ақ жаз кезінде жыныстық жолмен ауру жұқтыру қаупі де артады. Яғни кездейсоқ жақындасулардан да сақ болған дұрыс. Т. БЕРІК.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет13 июня 2018 в 9:09
Хафиза ХАСЕНҚЫЗЫ: «Әбекең маған әке де, аға да, іні де бола білді» Ардагер-ұстаз, әдебиеттанушы ғалым, ұлт әдебиеті мен мәдениетінің жанашыры, филология ғылымдарының кандидаты, ХҚТУ профессоры, тыл ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Әмір Мұсақұлов 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Саналы ғұмырын елге қызмет етуге, өскелең ұрпаққа тағлымды тәрбие, сапалы білім беруге арнаған ұлағатты ұстаздың шаңырағында болып, 65 жыл отандасқан өмірлік жары, 83 жасқа аяқ басып отырған Хафиза Хасенқызымен әңгіме өрбіткен едік. Университетте бірге оқыған Сұ… — Читать дальше
хбатымыз Әмір ағаның жұмыс бөлмесінде өтті. Онда Әмір Мұсақұлұлының өз шығармашылығынан басқа қазақтың танымал барлық ақын-жазушыларының жыр жинақтары мен роман-повестері тізбектеле орналасқан. Көзімізге ерекше түскені – Әбділда Тәжібаев, Зәки Ахметов, Сімет Кеңесбаев, Асқар Сүлейменов, тағы басқа жазушылармен естелік суреттері олардың кітаптары тұрған сөреге қоса қойылғандығы. Осындай суреттердің арасында жұбайы Хафиза апамен және отбасылық фотосуреттері де жарқырай көрінеді. – Хафиза апа, Әмір атамен алғаш қайда, қалай танысқан едіңіздер? – Әбекеңмен 1955-жылы Қазақ Мемлекеттік университетінде оқып жүргенде таныстық. Жаңа жылды қарсы алуға дайындық жүріп жатқан. Барлығымыз концерттік бағдарлама, безендіру, дастархан мәселесімен абыр-сабырда жүрген кезде Әбекең мені сырттай көріпті. Дос қызымның да кім екенін білген, құрбыма өтініш қылып, таныстыруын сұранған ғой. Дос қызым ақыры: «Танысшы, салмақты, сабырлы жігіт сияқты», – деп ескертті. Алғашында басымды алып қашқанмын. Бірақ кейін сырттай көріп, білген соң танысудан бас тартпадым. Осылай қыз-жігіт болып жылдан аса қол ұстасып жүрдік, сосын үйлендік. Апалы-сіңлілі үш қыз жастайымыздан әкеден қалған соң аға-іні, әкенің мейірімін тек ойша елестетумен өстік қой. Ал Әбекең маған аға да, іні де, әке де бола білді. Мен Семейдің қызымын. Анам жарықтық 27 жасында үш қызбен жесір қалған. Ауыр еңбекке жегіліп, біздерді жетілдірді. Қырманнан, егістіктен белі бүгіліп, шаршап келсе де біздің әкеміз Хасен жайлы білгіміз келіп қойған сұрақтарымызға жауап беруден шаршаған емес. Ол кісі бірінен кейін бірі туылған қыздарына барынша мейіріммен қарап, не істесе де қыздарым үшін деген қамқор әке болыпты. Ағайын-туыс, жақын мен көрші-қолаңға да жайдары, кішіпейіл, қолынан келгенше көмек беруге тырысып жүретін қамқор адам болған екен. Әттең, «Халық жауы» деген жаламен атылып кете барған. Анам үнемі: «Сендерге жақсы да парасатты, қамқор, иманды жар жолықса екен», – деп айтып отырушы еді. Сол тілегі қабыл болды. Үшеуміздің де өмірлік серігіміз анамызға ұлындай бола білді. – Әмір аға ғалым адам болды ғой, дегенмен де ол кісі қонаққа қандай еді? – Біздің үйден қонақ арылмайтын десем артық емес шығар. Қонақтардың басым көпшілігі де Әбекеңнің жора-жолдас, үзеңгілес достары болатын. Мына үйді 1959-жылы бізге Шымкент педагогикалық институты салып берген. Содан бері 60 жылға жуық уақыт өтіпті. Бұл үй – киелі, береке дарыған шаңырақ. Шаңырағымызға академиктерден бастап, жазушы, белгілі қоғам қайраткерлері келіп, дәм татқан. Мәселен, Әбділда Тәжібаев, Зәки Ахметов, Сімет Кеңесбаев, Сейіт Қасқабасов, Рахманқұл Бердібаев, Кеңес Нұрпейісов, Өмірзақ Айтбаев, Мұрат Әуезов, Асқар Сүлейменовтер Әбекеңнің соншалықты қонақжайлығы мен ақыл-парасатына тәнті болып, Шымкентке келген сайын біздің Әбекеңмен сәлемдеспей кетпейтін. Әбекең ылғи: «Отағасы тек қана өз отбасының айналасында қалмай, өскен, қоршаған ортасына да көбірек көңіл бөлуі тиіс. Отағасы мен отанасының мәдениеті, бүкіл болмысы, жан-дүниесі, бетінен көрініп тұрған иман-ұяты, балаларына берген тәрбиесі, тіптен жүрген жүрісі, сөйлеген сөзі, киген киіміне дейін көрген сәтте бойыңа лып етіп жылу дарытатын ерекше қасиеті болуы тиіс», – дейтін еді. Осы асыл сөздерін айтып қана қоймай, іспен де дәлелдеп өтті ғой. Әбекең өте әділ адам болған – Ағамыз үлкен қызметтердің тізгінін ұстады. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстаздың туыстарымен байланысы қандай еді? – Атамыз Мұсақұл Бейімбетов өте сауатты, қызмет істеген кісі болған. Екі әйел алып, олардан жиырмадан аса ұрпақ сүйген. Бәйбіше-ападан 6 ұл, 2 қыз туылып, мен келін болып келгенде Әбекең, Әбекеңнің ағасы және інісі бар еді. Басқа бауырлары жас күнінде көз тиіп, шетінеген көрінеді. Ал екінші апамыздан 13 ұл-қыз дүниеге келіп, оның 10-ы бүгінде аман-есен өмір сүріп жатыр. Екі әйелдің балалары деп бөлектеніп, бір-бірімен араласпай отырғанын көрмеппін. Үлкен енеміз – Әбекеңнің анасы жаны жайсаң, өте сұлу жан еді. Балакөңілді енеміздің біреуге ренжіп, ұрсысып тұрғанын ол кісі жарық дүниемен қоштасқанша білмеппін. Екінші апамызға туған сіңлісіндей қарайтын. Отбасында ақшаны үлкен енеміз ұстады. Қажеттінің барлығын өзі әкеліп, ұқсатып жаратты. Оның санау білмейтінін бүкіл ауыл тұрғындары жақсы білсе де бір тиын ақшасын артық алған емес. Ал, екінші апамыз өте балажан, артық іспен шаруасы жоқ қарапайым кісі болды. Міне, екі анадан тараған бауырлар бір-бірімен қоян-қолтық араласып, басы қосылса бір қауым ел боламыз. Әбекең барлық бауырларына қолынан келгенше көмек берді. Оқуға ынта білдіргендері Әбекеңнің үйдегі сынағынан өтпей оқу орнына жіберілмейтін. Жазуға, үйренуге қабілеті бар ма, соны тексеріп, дұрыс болса, оқуына өзі ертіп баратын. Оқуға қабылданған күннен жоғары білімді маман атанғанша барлығы да біздің үйде жатып оқыды. Олардың аяқтанып, үй болуына да отағасы көп жәрдемдесті. Сондықтан болар, бауырлары Әбекең десе ішкен асын жерге қоюға даяр тұратын. Сіздерге бір жағдайды айтайын. Әбекеңнің төртінші атадан туыс болып келетін ағасы бар еді. Ілгеріде дүние салған. Ол кісінің төрт қыз, бір ұлы болатын. Сол жалғыз ұл үйленді деген тойға шақыру келді. Әбекең көп ойланбастан: «Бұл тойға баруымыз қажет. Бір марқайып, әкесін көргендей болсын. Дайындал!» – деді. Білген екен, тойға кіріп келгенімізді көрген абысыным ұлымен бірге көзіне жас алып, біразға дейін құшақтары жазылмай тұрды. Қайтатын уақытта да: «Қонақ болыңыздар. Өзіміз апарып саламыз. Араласып тұрайық», – деп сыйлап шығарып салған еді. Туыстық қан «туысқан» деп тартады да тұрады екен ғой, шіркін! Әмірдің бауырмалдығы, жомарттығы мен мәрттігі шексіз еді. Бауырымыздан өрбіген 4 ұл, 2 қыздан қазір немере-шөбереміз бар. Оларға үнемі: «Арам ақшамен келген асты дастарханыңа қойма! Ауқатыңды адал табыспен іш. Әйтпесе бойыңды сайтан билеп, үйіңнен береке қашады», – дейтін де отыратын. Әбекең ақшадан қатты қорқатын. Кафедрада оқытушы кездің өзінде тамыр-таныстар ұл-қыздарын жетектеп келіп, 5—10 теңгесін оқуға түсіру үшін ұсынатын болған. Ондайда Әмірдің жауабы біреу ғана: «Балаңның сауаты мен оқуға ынтасы болса қолдан келгенше оқытуға даярмын. Ал ақшаңды қалтаңа салып қой. Мені ақша алыпты дегенді кімнен естідің? Бұдан кейін мұндайыңды көрмейтін болайын!» – деп қысқа қайыратын. Еш уақытта дүниеге қызығып, нәпсінің жетегіне ерген емес. Дінді де берік ұстанатын. Намазы мен оразасын қаза қылмаушы еді. Кейінгі жылдары «Хафиза, Алла-тағала маған тағы өмір берген болса, дәл осылай оқытушы болып, бірақ шәкірттеріме ауыз әдебиеті сабағын дінді оқытудан бастайтын едім», – дегенді көп айтып жүрді. «Өсиет» кітабын бастаған – Әмір ағаны намазын қаза қылмай, өмірінің соңына дейін ораза ұстаумен өтті дедіңіз. Ендеше, Әбекеңнің денсаулығында ешқандай кінарат болмаған шығар? – Сіздерге өтірік, маған шын, Әбекең біз отандасқан 65 жылдың 50 жылын ауырумен өткізді. Алғаш рет 1964-жылы қатты жөтел мазалап, бір күні қан түкірді. Қызуы көтеріліп, тамаққа тәбеті де жоғалды. «Жедел жәрдем» шақырайын», – десем көнбей, ақыры тұруға дәрмені қалмай, көп көлемде қан түкірді. Мұны көріп, тіпті есім кетіп: «Неге дәрігер шақырмай отыра бердім, дерті асқынып туберкулезге ұласып кетсе не болмақ? Мұншалық ақымақ болғаным-ай!» – деп өзімді сөктім. Тексеруден тексеру жасалып, ақ халаттылар көңіл көншітерлік ештеңе айтпады. Тек үш күн бойы бақылау жүретінін, осы үш күнде беті бері қарамаса, дайындала беріңіздер дегенді ғана ескертті. Әбекең не су, не тамақ ішпейді. Есін әлсін-әлсін ғана біледі. Ағзасы аурумен күресіп, үшінші күн дегенде жеңді-ау. «Бұл ауруға қалай тап келдің?» – деп бірде сұрағанымда айтып берді. Замандас досы Мыңбай Ілесовті ұлты өзбек жолдасы үйіне қонаққа шақырған екен. Сонымен ілесіп, әлгі жолдасының үйіне барады. Қыс мезгілі. Қонақ шақырса да үйіне от жақпаған өзбек ағайын суық бөлмеге дастархан жайып, үлкен ас деп палау ұсынған. Әбекең мұздай көрпешеге жайғасқан сәттен бастап өзін жайсыз сезініп, қайтар уақытта орнынан тұра алмай қалыпты. Сол суықты елемей жүріп, ақыры бір өлімнен қалып отыр ғой. Біршама уақыт емделіп, жағдайы жақсарған соң қайта жұмысқа шығып кетті. Кейіннен қан қысымы, қалқанша безінің ұлғаюы (зоб), кіші инсульт ауруларынан қиналып жүрді. Алланың берген ғұмыры шығар, оның үстіне таза жүріп, таза тұратын, бес парызын түгелдей орындаған пейілінен болар, 85 жылға жуық өмір сүрді. – Атаның соңғы арманы қандай еді? – Арманы – ата-бабалардың шежіресін жазып, өсиет қалдырғысы келді. Әулетіміздің, отбасымыздың кім болғанын осы «Өсиет» арқылы келер ұрпағымызға таныстыруды көздеп, біраз дүниелерді бірлесіп жазған едік. Соны ғана үлгере алмай кетті. Енді, Алла жазса, бұл істі мен соңына дейін жеткізсем деп отырмын. «Өсиетті» жазуға түрткі болған бір жағдай бар еді. Осыдан бір жыл бұрын Әбекең екеуміз үйде шай ішіп отырғанбыз. Балалар сыртта болатын. Осы сәтті пайдаланып: «Хафиза, мені сенімен қосқан Аллаға ризамын. Екеуміз тату-тәтті, бақытты ғұмыр кештік. Әр сөзім мен ойымды қас-қабағымнан ұғып отырдың. Алтындай ұл-қыз сүйдірдің. Саналы етіп тәрбиеледің. Сол үшін де саған алғысым шексіз. Бұл сөздерімнен қорықпа! Жер бетінде ешкім мәңгі емес. Саған соңғы өтініш болсын, екеуміз өсиет жазайық», – деп менімен қайырласқан еді. Әбекең қайтыс болардан бір күн бұрын анам түсіме кірді. Жарық сәуле төгіліп, арғы жақтан: «Хафиза, мен есікті ашып қойдым. Кіре берсін», – деді. Менде үн жоқ. Ояна сала жақсылыққа балағаныммен, төсекте жатқан жұбайыма қарағанымда «бүгін үзіледі» деген дауыс құлағыма келді де тұрды. Алланың өлшеп берген ғұмыры қасиетті Рамазан айының екінші жұмасында таусылды. Мен көндіктім. – Хафиза апа, жарыңызды Алла алдынан жарылқасын, жанын жәннаттық етсін дейміз. Сұхбаттасқан – Д. МЕДЕУОВА.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет13 июня 2018 в 7:36
Қырғызстанның ішкі ахуалы қандай? Таяуда Жанышбек деген бір қырғыз азаматымен (аты өзгертілді) кездейсоқ танысып, әңгімелесіп қалдық. Ол әр нәрсеге өзіндік көзқарасы бар, ел ішінде болып жатқан жайлардан құлағдар, сауатты кісі екен, сондықтан оған Қырғызстанның қазіргі ішкі ахуалына қатысты сұрақтар қойдық. «Демократия аралы» атанған – Жанышбек, Қырғызстанда қазіргі күндері не болып жатқаны бізге қызық. Сондықтан осы жөнінде сауалдар қойсақ деп отырмыз. – Сұраңыз, шамамның келгенінше жауап беруге тырысып көрейін. – Жұрт Қырғызстанды Орта Азияда… — Читать дальше
ғы демократиясы жоғары ел санайды. Расында да солай ма? – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ Қырғызстан «Орта Азиядағы демократия аралы» деп атала бастаған. Біздің елде демократия бар. Әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарында. Үкіметтік екі-үш газет пен 1 телеарнадан басқасында жұртшылық Президентке, Үкіметке, министрлерге, депутаттарға қатысты сынын еш қаймықай айта алады. Бұл тұрғыда тек кейбір саясаткерлерге ғана шектеу болып тұрады. Өйткені олардың қай-қайсысының да меншігі бар, шектен шығып бара жатса, билік оны осы жағынан қыса алады. Демократияның тағы бір көрінісі – ашық сайлаудың өтуі. Бізде жұртты дауыс бер деп қинау жоқ, сайлауға қатыс деп үгіттеп-сүйрелемейді. Дауыс беруге құқылы азаматтар сайлау нысандарына өз қалау-еркімен барады, олардың 30 пайыздан астамы жиналса, сайлау өтті деп есептеледі, ал ол шекке жете алмаса, сайлау болмай қалады. Өткенде шамамен осынша сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс беріп, Жиенбеков Президент болып сайланды. Бізде қандай да бір мәселеге қатысты митинг өткізуге де қатаң тыйым жоқ. Тек Бішкектегі орталық алаңда ғана шеру өткізуге болмайды. Басқа жерде көпшілік жиын өткізуге шектеу жоқ. Бірақ ол үшін қала басшылығымен алдын-ала келісілуі керек, шеру кезіндегі адамдар қауіпсіздігіне оны ұйымдастырушылар жауап береді. Тәртіп болуы үшін милиция тек сыртынан ғана қадағалап жүреді. Бұрынғылардың көбі қызметінен босатылған – Бүгінде жемқорлық деген нәрсенің кей елдердің жазылмастай кеселіне айналғаны белгілі. Ал Қырғызстанда жемқорлық бар ма? Атамбаев билікке келерде оны түп-тамырымен жоюға уәде берген сияқты еді… – Кеңес өкіметі құлағаннан кейін Қырғызстанда да мүлік талан-таражға түскен, соны тоқтату үшін жұртқа жекешелендіру купондары таратылды, оған меншік сатып алуға болатын еді. Бірақ қарапайым халық оны негізінен күнкөріс қамына жаратты да, қолында билігі, мүмкіндігі барлар, көзі ашық жандар жай халықтан көптеп купон сатып алып, кейін сонымен шаруашылық нысандарын, кәсіпорындарды жеке меншікке иеленді. Қазір олардың жағдайы жақсы. Мысалы, сол кездері өмірге келген балалардың жасы қазір 25-ті шамаласа, одан үлкендерінің жасы 70-тің төңірегіне жетіп отыр, қазіргі билік басында, ірі бизнесте жүргендердің бәрі де солар, солардың ұрпағы, туыстары. Қарапайым халыққа үкіметтен ешқандай да жәрдем жоқ, әркім әрекеттеніп, өзінің күнін көріп жатыр. Ал Атамбаев жемқорлықты жоямын деген уәдесін орындай алмады. Бұл бүгінгі күндері анық белгілі болуда. Қазір біздің елде жемқорлыққа қарсы күрес жаңа қарқынмен жүріп жатыр. Атамбаевтың кезіндегі министрлердің бәрі дерлік қызметтен босатылды. Біреулері шетелге қашып, енді бірі құқық қорғау органдарына жауап беріп те жатыр. Мысалы, бұрынғы вице-премьер Шадиев шетелге кетті, Премьер-министр болған Ысқақов Бішкектегі жылу орталығына қатысты былықтар бойынша жауап беруде. Атамбаевты дербес құқығынан айыра ма? – Қазір Қырғызстанның бұрынғы және қазіргі Президенттерінің арасы ушыққаны туралы сөз көп. Бұл қаншалықты негізді? Олар әу баста сырт көзге тіл табысып жұмыс істейтіндей көрінген еді… – Бүгінде жұртшылық арасында бұл жайында аз айтылып жүрген жоқ. Атамбаев әу баста Жиенбековке қолдау көрсеткенімен кейінгі кезде аралары алшақтай бастады. Ол Жиенбековті өзінің ықпалында ұстап, кейін билікке қайтып келуді көздеген болса керек, бірақ Президент болып сайланғанына екі айға жетпей-ақ Жиенбеков өз бетімен жұмыс жүргізуге кірісті. Оның Қауіпсіздік Кеңесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеміз дегенін білесіздер, қазір іс жүзінде де солай болып жатыр. Соның нәтижесінде Атамбаевтың кезінде сыбайлас жемқорлықтың тіпті де азаймағаны айқын көрініп қалды. Жиенбеков қазір басты бағыттарға басшылыққа өзінің адамдарын қойды. Дегенмен де жұрт бәрін көріп отыр, олардың да кейбірінің қолы таза емес. Жиенбеков бірте-бірте ондайлардан да арылатын шығар. Олай болмаса, Президент қырғыз халқының сенімінен айырылады. Сондықтан бүгінде Жиенбековке оңай болмай тұр. Атамбаевпен арасы нашарлады, оның үстіне оппозиция Жиенбековті Ақаев пен Бакиевтің кезіндегідей кландық басқаруға бет бұрды деп кінәлауда. Сол себепті Жиенбеков қазір аяғын аңдап басып, өте сақ қимылдауға мәжбүр. Тағы бір айтарым, бүгінде Жоғарғы Кеңес депутаттары экс-президенттің жеке басының дербес құқықтылығына қатысты заңды қарастырып жатыр. Ол кісі 80 мың сом (400 мың теңге) зейнетақы алады екен, Қырғыз Республикасының Батыры атағы берілгендіктен ол екі есеге көбейіп, 160 мың сомға теңелген. Қазір бұрынғы Президенттің өміріне қол сұғылмаушылығы, оған тиіспеу жөніндегі мәселе қаралуда. Депутаттар соны алып тастау керек дейді. Егер Жиенбеков бұған келіссе, онда кей мәселелерге қатысты Атамбаевтың басына бұлт төнуі де ғажап емес. Қазірдің өзінде ел арасында ол туралы «бизнесін шетелге көшіріп жатыр екен» деген сөз шығып тұр. Бірақ Атамбаев үнемі өзінің тазалығын айтады, қандай жағдай болғанда да Отанымнан қашпаймын деген сөзі бар. Қырғыздар нені армандайды? – Ал жалпы халықтың ахуалы қандай? Қырғыз ағайынның көбі көрші елдерге жұмыс іздеп кеткені, жағдайдың нашарлығы туралы естіп жатамыз. Ресейдің өзінде миллионға тарта қырғыздар жүр деп те айтылады. Жұмыссыздық өршіп тұр деседі. – Қазір Қырғызстандағы халықтың жағдайын аса ауыр деуге болмайды. Осы сіздердегі сияқты әркім шама-шарқынша күнін көріп жатыр ғой. Кейбір әлеуметтік жеңілдіктерді алу үшін жұмыспен қамту орталығына тіркелу керек болады, жұмыссыздар көп деп солардың берген ресми дерегі бойынша айтатын сияқты. Былайша саудамен, жеке шаруашылықпен айналысады дегендей, әркімнің өз күнкөрісі бар. Ал енді еңбек мигранттарын айтар болсақ, ресми дереккөздерде Қазақстанда 100 мың шамасы, Ресейде 500 мыңдай қырғыз бар деп айтылады. Түркияға кетіп жатқандар да жоқ емес. – Жалпы, Қырғызстанның экономикалық ахуалы қандай? – Егер Президент жақсы басқарып, жұмыстар орнымен жүргізілсе, Қырғызстанның өзін-өзі асырауына, шетелдерге экспорт жасауға толық мүмкіндігі бар. Мысалы, қазірдің өзінде бізден шетке электр қуаты, көмір, ноқат, сүт, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, тағы басқа да заттар шығарылады. Бізде әсіресе ауыл шарушылығын дамытуға болады. Кен орындары көп, тек оларды игеру жағы қиын болып тұр. Сондықтан да, мысалы, Қытайдан инвестиция тартуға мәжбүрміз. – Қытай демекші, Қырғызстанда қытай тілін үйрену сәнге айналып келеді дегенді естиміз… – Ол рас, бүгінде бізде қытай тілін үйренуге құмартушылар көп, тіл үйрететін курстарды жиі кезіктіруге болады. Дегенмен де жұрт Қытайдан қорқады. Қарызымызды өтей алмай, жерімізден айырылып қалмайық деп дабыл көтеріп жүргендер бар. – Ал халықтың Ресейге көзқарасы қандай? – Шынымды айтайын, біздің халық Ресейді қорғанымыз деп ұғады. Өйткені Қырғызстан тұрғындары аз ғой, 6 миллион төңірегіндеміз. Қытайдан біз түгілі Ресейдің өзі де аяқ тартады емес пе? Ұжымдық қауіпсіздік ұйымына, соның ішінде Ресейге сеніп, иек артпасақ болмайды ғой. Шындығында Ресейдің де, Қытайдың да, АҚШ-тың да өз көздегендері бар. Соның ішінде Ресей бізге жақындау, көпшілік жұрт осылай ойлайды....Қырғыз азаматы Жанышбектен біз осындай жайларды білдік. Ондағы халық ел тізгінін ұстаған басшылар Отан игілігі үшін жұмыс істесе, Қырғызстан көштен қалмас еді деп армандайды екен. Құдай қырғыз ағайынның бұл тілеуін берсе екен дейміз. Д. НҰРПЕЙІС.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет12 июня 2018 в 14:37
Руымыздан гөрі ұлтымыздың жоғары тұратынын ұмытпасақ екен Кейде қазыналы қарт деп жүрген егде жастағы ел ағалары сәл «қуып» кетеді. Бір тойда отырмыз. Содан жасы алпыстан асқан ағаларымыз тарихтан сыр шерте бастады. Басында әңгіме тәп-тәуір еді. Артында «біздің ру бүйткенде сенің руың сөйткен», «ана батыр мына батырды ұрыс даласында тастап кеткен», «бізден мынанша батыр шыққан, сендерден шықпаған», «Біздің ру – ең батыр, супер-пупер ру» дегендей тақырып кетті. Өздері қып-қызыл боп, қызылкеңірдек болып жатыр. Жастар да сол тақырыпты қуып отыр.… — Читать дальше
Сондай қарияларды түсінбеймін. Тарихтың өнбейтін дауын қуып, өспейтін дәнін теріп, өздерімен өздері мәз болып отырады. Оған қосылып жастар да бір-бірін жұлып жеуге дайын. Ру сұрасып, шежіре тарқатып, тарих айтқан тамаша ғой. Сонымызбен қазақпыз. Бірақ тарих ұлтты бөлшектеуші емес, біріктіруші фактор болуға тиістігін үнемі жадымызда сақтауға тиіспіз! Мына ру мына руды ұрыс даласында тастап кеткенін емес, керісінше, рулар қосылғанда қазақтың жоңғардың сағын сындырғанын неге айтпайды? Сол мың есе қайырлы тарих емес пе?! Бөлінгенде жоқ болғанын, біріккенде жоқ қылғанын неге насихаттамайды? Ұрпақтар арасына іріткі салатын тарихсымақты айтып, оның саяси әсерін ескермейтін қартсымақтардың барынан жоғы жақсы. Алдыңғы буынның жүрісіне қарап артқы буын жолға түспек. Үлгі алмақ. Оны ешқашан ұмытпау керек. Дәл қазір қазақтың бірлігі анталаған жаудың арасында отырған сәтте ауадай қажет. Тарихты ұлттың ұйытқысы болу үшін айту керек, іріткісі болу үшін емес. Әр қазақта ру бар, шежіре бар, өткен жолының жеңісі мен жеңілісі бар. Бірақ оның руынан да жоғары құндылығы бар. Ол – ұлты, қазақ деген халқы. Ру – сол құндылықты құраушы басты бөлшек. Ендеше, ол бөлшекті бөлшектемейік! Асхат ҚАСЕНҒАЛИ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет12 июня 2018 в 8:48
80 жыл бойы туған жерін аңсаумен өткен қазақ Қызылорда облысының Шиелі, Жаңақорған жағы – біздің Созақ ауданымен көршілес жатқан аудандар. Осыдан екі жыл бұрын жолым түсіп ауданымыздың қиян түкпіріндегі Ақсүмбе ауылына барғанымда жаңақорғандық Алшынбай Түртанов есімді ағамызбен дастархандас болып қалған едім. Сергек, сөзге шешен, көпті көрген кісі екен. Талай жылдар партия, кеңес органдарында, тәуелсіздік жылдары басшылық орындарда қызмет атқарыпты. Алшынбай аға әңгіме үстінде жақында үшінші мәрте Түркияға барып қайтқанын, сонда Алаш қайратке… — Читать дальше
рі Мұстафа Шоқайдың көзін көріп, қанатының астында болған жерлесімізді кездестіргені туралы айтты. «Мен біршама мемлекеттерге сапарлап барған адаммын, – деді ол кісі. – Соның ішінде ерекше есімде қалғаны – Түркия сапары. Түркияға баратынымды естіген ақтөбелік Роман Рақиев есімді танысым хабарласып, сол жақта сонау 1939-жылдан қалып кеткен туысы туралы ақпарат берді, сол кісінің амандығын біліп келуді аманаттады. Содан не керек, Қызылордадан ұшаққа отырып, бес сағатта Ыстамбұл қаласына табанымыз тиді. Түркияның көрікті жерлерін аралап, Мәрмәр теңізін көріп, беті-қолымызды жудық. Есте қаларлықтай серуендер жасап демалдым. Бір-екі күн өткен соң Роман бауырымның аманатымен жерлес ақсақалды тауып алдым. Үйінде екен. Қария өте ширақ. Қазақстанды 1939-жылдан бері көрмегенін айтты. Қариямен әңгімені бейнетаспаға түсіріп алдым. «Мен 1917-жылғымын. Қазір 99 жастамын», – деді ол кісі. Қария сонау бала кезінде әкесі жаттатқан жеті атасын ұмытпай жүріпті. «Кіші жүз Шөмекей, Шөмекейдің ішінде Аспанымыз. Әкем, ата-бабаларым – Әбсалам, Төремұрат, Алмат, Тобаберген, Киікбай, Қалап, Бекет, – деп мүдірмей айтып берді. – 1939-жылы Алматы қаласындағы консерваторияны бітірдім. Одан әскерге алындым. Польшаның Брест-Литовск қаласы маңындағы тұтқындар лагеріне түстім», – деді. Қысқасы, Отанға кері қайту мүмкіндігінен айырылған жас жауынгер тұтқындар лагерінде қалыпты. Бірде лагерь бастығы мұның құжаттарын қарап отырып, музыкант екенін, оның ішінде скрипка тартатынын біледі. Өзі рояльде ойнайтын музыкант екен. Содан неміс офицері жоғарғы басшылыққа арнайы хат жолдайды. Тұтқындар ішінде керемет музыкант қазақ жігіті бар екенін, өнер адамының қолынан кісі өлтіру келмейтінін айтып, оны босатуды өтінеді, музыкалық білімін арттыруға рұқсат сұрайды. Көретін жарығы, татар дәмі бар қазақ баласы осылай тұтқыннан босайды. Әлгі неміс офицерімен бірлесе түрлі кештерде концерт қояды. Берлин консерваториясында жоғары білім алады. Татар қызы Еділмен отбасын құрады. Осы Берлин консерваториясында әйгілі қазақ скрипкашысы Әйткешпен кездеседі. 1930-жылдары Алматыдағы музыкалық техникумда алғашқы ұстаздары И.Лесманның қабылдау емтихандарында жиырма шақты талапкердің ішінен іріктеліп екі бала қалған екен. Осы екі баланың бірі Ғалымжан Әбсаламов, екіншісі Әйткеш болған. Кейін Ғалымжан Париж консерваториясының түлегі Е.Антопольскийдің класына ауысып кетеді. Соңғы рет олар бірін-бірі соғыс жылдары Вена қаласында көрген екен. Ғалымжан кейін аты жөнін Әлім Алмат деп өзгертеді. Алматыда да, Берлиндегі консерваторияда да Әйткеш оқуды одан кейін бітірген екен. Кеңес әскері Берлинді басып алғаннан кейін Ғалымжан Австрияның Вена қаласына көшеді. Кейін Францияға кетеді де, Париж қаласында көп жылдар тұрақтап қалады. Сол уақыттарда Мұстафа Шоқайдың үйінде тұрады, оның әйелі Марияның қамқорлығын көп көреді. Мария Яковлевна генерал Ермоловтың қызы екен. Олардың балалары болмапты. «Бірі христиан, бірі мұсылман бола тұра бір-бірінің дінін, салт-дәстүрлерін қатты құрметтейтін, озық ойлы, парасатты жандар еді. Олар консерваториядағы оқу, жатын орын, ас-ауқат пен киім-кешек қажеттіліктеріне ақшалай көмектесіп тұрды. Менің туған нағашым әйгілі Алаш ардақтысы Темірбек Жүргенов болатын. Ұзақбай Құлымбетов деген туысымыз болды, Қазақ өлкелік орталық атқару Комитетінің (КазЦИК) төрағасы болған. Әліби Жангелдин менің әкемнің досы еді. Революция кезінде әкем оған көп көмек берген екен. Мен 1939-жылы Алматы консерваториясын бітірген соң соғысқа алынып, кейін немістерге тұтқынға түсіп қалдым. Содан бір жарым жыл пленде отырдым», – деді Ғалымжан ақсақал көзіне жас алып», – деді Алшынбай аға. Алшынбай ағамен болған әңгімесінде Ғалымжан ақсақал өзінің Төре есімді жалғыз ұлы, Фусун деген келіні және екі ұл немересі бар екенін айтыпты. Бірі Швейцариядағы, екіншісі Голландиядағы университеттерді бітірген, қазіргі таңда Австрияда қызмет атқарады екен. Ақсақалдың қолында үй күтушісі Карина есімді армян қызы болыпты. Өз ана тілін мүлде ұмытқан, түрікше таза сөйлейтін ол да революция кезінде шетелге бой тасалап кеткен армян азаматының қызы екен. «Біз Қазақстанда болып жатқан үлкен өзгерістер мен жаңалықтарды қуана тыңдаймыз, көріп, мақтанамыз. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болғанға» ештеңе жетпейді екен. Елге, Ырғызға, Ақтөбеге, Астанаға, Қызылордаға, Алматыға – бәріне, жалпы Қазақ даласына жұдырықтай жүрегі атажұртым деп алас ұрған кәрі кеудеден сәлем айт! Ел аман, жұрт тыныш болсын. Атың өшкір сұм соғыс болмасын!» – деп көзінен жасы төгілген қарияны жұбата алмай қоштастым», – деген еді Алшынбай аға сонда. Өкініштісі, сол күтуші армян қызы Каринаның хабарлауынша, атақты скрипкашы Ғалымжан Әбсаламов 2018-жылдың 1-ақпанында, 101 жасында Ыстамбұл қаласында өмірден озыпты. Сүйегі Ыстамбұлдағы мұсылмандар зиратына жерленіпті. Тағдыр жолының басқа арнаға түсуіне кешегі талайларды қан қақсатқан Ұлы Отан соғысы себепкер болған қазақтың бір перзентінің өмірі осылай аяқталған екен. Мақсат ҚАРҒАБАЙ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет11 июня 2018 в 12:07
4800 түп раушан гүлі қурап кетті Еліміздегі үшінші мегаполисті жасыл қалаға айналдыру – басты назарда. Осы бастаманы негізге алған Шымкент қаласының әкімдігі «Жасыл қала» мекемесін құрып, олар қала көшелерін гүлдендіру ісін бастап кеткен еді. Бұл мекеме биыл қаламыздың кіре берісіндегі Бәйдібек би даңғылынан «Жайлаукөл» демалыс аймағына дейін гүлдендіру жұмыстарын қолға алған болатын. Таяуда «Жайлаукөл» жаққа барғанымызда «Наурыз» алаңынан саябаққа барар тұста егілген қыруар раушан гүлдерінің қурап тұрғанын көзіміз шалған болатын. Ал оларды е… — Читать дальше
шкімнің тегін сыйлыққа бермегені белгілі. Яғни бұл гүлдерді сатып алуға бюджеттің миллиондаған теңге қаржысы кеткені анық. Сондықтан бұл іске кім жауапты деген сұрақты қою үшін тиісті мекемені іздеп жүргенімізде ол жер «жаңарып», қураған гүлдер жойылды, орнына басқалары егілді. Біз кешегі сейсенбіде осы мәселе бойынша «Жасыл қала» мекемесі жұмысшыларымен тілдескен едік. Олардың айтуынша, раушан гүлдері осыдан бір айдай бұрын егілген екен. Қоршау бойымен 4800 түп раушан отырғызылған. Алайда жерсінбеді ме, әлде басқалай себеп болды ма, олар көп ұзамай қурап қалған. Сосын олардың орнына басқа гүл отырғызу жөнінде шешім қабылданған. Бұл алаңның тазалығына, гүлдердің жайқалып өсуіне қарауға үш әйел және бір сушы ер адам бөлінген екен. Олар өз қолдарымен гүл егілгенге дейін тастақ жерді тазартып, тыңайтқыш есебінде берілген екі көлік көңді сеуіп, өңдепті. Бес мыңға жуық гүлді қаз-қатар егіп болған соң «Гумад 7» деп аталатын арнайы дәріні сумен араластырып, тамшылатып құйып шыққан. Суару үшін де барлық қажеттіліктер жасалып отырған. Жұмысшылар өз бағындағы гүліндей қарап, тиісті күтімнің барлығын жасағанын айтады. Гүлдердің қурап кету себебін сары топырақтан көретінін айтқан бағбан апай, осыдан бір апта бұрын қураған раушан орнына «Канны» гүлдерінің отырғызылғанын жеткізді. «3800 дана бұл гүл енді бір ай ішінде қызыл және сары түсті болып жайқалып өсуі керек», – дейді ол кісі. Иә, өссін, оған біз шын жүректен тілектеспіз. Бірақ бұл тұсты жерсінбей кеткен 5000-ға жуық раушан гүлі тегін алынбаған болар? Әрбір талын 500 теңгеге сатып алынды деп есептегенде 2,5 миллион теңге желге ұшты дегенді білдірмей ме? Жаңадан егілген төрт мыңға жуық «Канны» гүлдерінің құны да бірнеше миллионның басын құрайтын шығар. Сонда тиімсіз жұмсалған қаржы үшін ешкім де жауап бермей ме? Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін ұлттық бюро басшылары бұл мәселені білер ме екен? Д. МЕДЕУОВА.
Развернуть
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет11 июня 2018 в 9:25
Мегаполис деген не? Таяуда Шымкент қаласының халқы 1 миллион адамға жеткені туралы ресми түрде айтылды. Енді Шымкент мегаполис деп аталатын болды. Сөйтіп ол Астана, Алматы қалаларымен қосқанда еліміздегі ірі үш мегаполистің бірі дәрежесіне жетті. Ал мегаполис дегеніміз не? Ол басқа қалалардан несімен ерекшеленеді? Жалпы, «мегаполис» деген атау грек тілінен шыққан, ежелден бар, ол «үлкен қала» дегенді білдіреді. Яғни бұрынғы заманда мыңдаған тұрғындары бар ірі қалаларды мегаполис деп атаған. Дегенмен қалалар халқының 1 миллионға жетіп, одан асуы… — Читать дальше
ХІХ ғасырдан бастау алады. Бүгінде тұрғын халқының саны 1 миллионнан асқан, жан-жағындағы елді мекендердің қосылып, агломерация түзуімен өскен қалаларды мегаполис деп атайды. Алайда бұл атау кез-келген қалаға берілмейді. Ол үшін қалада адамдарға заманауи жағдайлар жасалған болуы, онымен қоса қала әлеуметтік, экономикалық, мәдени, тарихи маңызға ие болуы тиіс. Болашақта оның өнеркәсібі дамып, халық саны өсе түсуі тиіс және тұрғындардың қауіпсіз, жайлы өміріне қажетті жағдайдың барлығы да жасалуы керек. Осы орайда мына бір нәрсені де айта кетейік: Біріккен Ұлттар Ұйымының тұжырымынша, тұрғындары 10 миллионнан асқан қалалар ғана мегаполис атана алады. Мысалы, бүгінде мұндай қалалардың алғашқы ондығында мына қалалар бар: Мәскеу (онда 12 миллионнан аса адам тұрады), Шанхай (18 миллион), Нью-Йорк (21 миллионнан аса), Мехико (22 миллион), Сеул (24 миллион), Токио (35 миллион). Жақын көршіміз – Ресейде «мегаполис» деген атау ресми түрде қолданылмайды. Бұл елдің Санкт-Петербург қаласында 4 миллионнан аса адам тұрады, тұрғындар саны 1 миллион адамнан асатын тағы да оншақты қаласы бар. Дегенмен олардың ешқайсысына мегаполис атауы берілген емес. Яғни халқы миллионнан асқан қалаға мегаполис мәртебесін беру – әр елдің өз қарауындағы іс. Бүгінде Орта Азияның бізге жақын елдерінде де мегаполис аталатын қалалар жоқ. Өзбекстан астанасы Ташкентте 2 миллион 500 мыңдай адам тұрады, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан астаналарының әрқайсысының халқы 1 миллион адамның төңірегінде....Қысқасы, Шымкент қаласы үлкен мәртебеге ие болып отыр, ол – мегаполис. Сондай-ақ енді облыс орталығы Түркістан қаласына көшіріліп, Шымкент республикалық маңыздағы қала мәртебесін иеленбек. Бұл оның мегаполис ретінде өркендеп-дамуына тың серпін береді. Өйткені мемлекеттік маңызы бар қаланың дамуына республикалық бюджеттен де қомақты қаржы бағытталып отыратын болады. Т. ТҰРАН.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет8 июня 2018 в 9:39
Өлейін десем, ақшам жоқ… «Өлем!» деп ойладым. Өлгенде, бекерден бекер өле салмайсың ғой, просто қатынымның «жұрттың өзіңдей еркектері» деген сөзі өтіп кетті да. Өзім пәтер жалдап тұрамын, айлығым жер алып, үй салуға жетпейді, қарыз деген шаш-етектен. Қаным басыма шауып тұрғанда жұрттың еркегі де бәле болды. «Пәленшенің байына қарашы әні!» – деген сөзден-ақ жүйкем жұқарып бітті. Қыз күнінде «сіз» деп сызылып тұратын сыпайы қатынымнан бұл күнде жұрнақ та қалмаған, бірдеңе айтсаң, бетіңнен алып, төсіңе шауып тұрады. Табысың мардымсыз болса қат… — Читать дальше
ын екеш, қатынға да абыройсыз екенсің ғой. Бәрінен құтылудың ең тиімді тәсілі – өле салу еді. Бұл – қатыныммен кезекті ұрыстан кейін басыма келген соңғы ой, нақты шешімім болатын. Сол қарқыныммен сарайға кіріп, асылатын жіп іздеп жүргенмін, тапқаным да сол, қожайыным жетіп келгені. – Өй, тыныштық па? Не істеп жүрсің менің сарайымда? Бұл құрып кеткір сарай екеш, сарай да менікі емес екені сонда ғана есіме түсті. – Өлейін деп жүрмін. Шаршадым бәрінен… – Басқа өлетін жер таппадың ба? – Не бопты? – Қой, айналайын, өлесің бе, басқа жерге бар. Ертең сен тұрсаң асылып, мен жүрсем млисаға жауап беріп… Басыма бәле тілеп алар жайым жоқ, айналайын, шық былай! О, сұм дүние десеңші! Мен өлейін деп тұрсам, қожайын өз басының тыныштығын тілеп тұр. «Қой, айналайын, ашуыңды бас, қазір кім жетісіп жүр дейсің?» деген сияқты жылы сөз күткен едім негізі. Аптығым басылып қалды. Сонда да бой бергім келмей: «Ешкім мазаламайды. Өз еркіммен өлдім деп қағаз жазып кетемін…» – деп далбасалап кеттім. Қожайын көнбеді. Көнбек түгілі: «Келін, а, келін!» – деп үй жаққа қарап айқай сап қатынымды шақырып алды. Оның да ашуы оңайлықпен басыла қоймайды, шашы жалбырап, етегі далаңдап лезде жетті. – Ойбай-ау, келін, мынауың өлем дейді! Тым құрыса «күйеуің» де деген жоқ. «Мынауың»… – Кім? – Мынау да… Әйелім «мынаудың» кім екенін енді түсінгендей, бетіме ажырайып қарады. – Өлем дей ме? – Сөйтеді. Сарайды апыр-топыр шашып, жіп іздеп жүр… – О-о, сорлы! – деді қатыным. – О, сорлы, өлгішін қарай гөр бұның!.. – Мен де соны айтам да, – деп қожайын қыстырылды. – Сен сұмырай неменеңе жетісіп өлмексің? Сенің түгің кетпейді, өлесің де кетесің. Екі ортада мен сорлаймын ғой. Өлгенде тоғыз адам сынап келеді, біреуі жылап келеді. Сенің жетің, қырқың, бейсенбілігіңді өткізу менің сорым болады ғой. – Қазір жүз күндік деген шыққан, – деп қожайыны құрғыр тағы қыстырылды. – Соны айт. «Өлім – бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» деген… – Жұма сайын нан пісіріп, әруаққа құран бағыштап отырмасаң ұятты, – деп қожайыным үлкен ықыласпен тағы қыстырылды. Әйеліммен бірінші рет ұрысуым емес, бірақ мақалдатып ұрысқанын бірінші рет көруім. Қожайыным қоштап, ол бастап, біраз жерге барды. Сөзінен түсінгенім, өлсем, көмусіз қалады екенмін. Қысқасы, менің өлімім ол үшін қып-қызыл шығын, сол шығынымды өтеп алсам болды, жолымнан қалдырып, етегімнен тартайын деп тұрған ешкім жоқ. – «Жақсы ит өлігін көрсетпейді» деген. Өлесің бе, шығыныңды жауып кет. Саған бола тыраштанатын жайым жоқ, – деп қатыным тоқетерін айтты. Бір қарағанда оныкі де рас енді, өлуін мен өлемін, ол байғұс жаназама дастархан жасап, басыма тас қойып… Қой, құрысын, шығынымды жауып кетейін деп ойладым. Ары-бері ойлап, өзімді көметін «спонсор» табуым керек деп шештім. Шешкенде, бұл мәселеде көмек беретін бір ғана адам – бала күннен бірге өскен досым Асан еді. Ол қазір жеке кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты, жағдайы жақсы, қалтасы қалың. Қатыным айтатын «жұрттың еркегі». Салып ұрып соған бардым. Баруын бардым ғой, алдына зорға кірдім. Обалы не керек, жақсы қарсы алды. Хатшы қызға шай алдырды. Шай үстінде жағдайымды, неге келгенімді сұрады. «Болары болды», не жасыратыны бар, өлетінімді айттым. Асан досым ұзақ ойланды. Көзін бір нүктеге қадап алып, облыс көлеміндегі мәселені шешкелі тұрғандай ыңыранды кеп. Менде де үн жоқ, шәйнектегі тегін шайды сораптап отырмын. Әлден уақытта Асан тілге келді. – Сені ауылға апарып қоямыз ба, әлде, осы қалада қоямыз ба? Досымның бұл сөзі «саған төсекті төргі бөлмеге салайық па, әлде далаға жатасың ба» дегендей жайбарақат шықты. – Ауылда әке-шешем жатыр… Туған жерім ғой… – Дұрыс қой, бірақ менде уақыт тапшы, өзің білесің… – Мейлі онда, қалада-ақ қала берейін. Екеуміздің әңгімемізді сырттан естіген кісі мені әскери борышын өтеп қайтуға барады екен деп ойлаған шығар. – Қалада қалғанда… Дайындап қойған жерің бар ма еді өзі? Алғашында әзілдеп отыр екен деп ойладым. Ойбай-ау, қалада жерім болса, моламды салғанша үй салмаймын ба? Асанға осылай дедім. – Сонда сен маған зираттан жер әпер деп отырсың ба? – Енді… Ыңғайына қарай көрсең… – Ой, айналайын, сен ол жақтан жер алу қанша екенін білесің бе? Сенің өлуің ештеңе емес, моладан жер алу керек, одан кейін қатарыңнан кем болмауың үшін басыңа кесене тұрғызу керек… Қысқасы, Асан досым спонсорлықтан бас тартты. Тартқанда түбегейлі емес: «Сен алдымен жеріңді дайындап ал. Басқасын мен көтерейін», – деп жомарттықтың тамаша үлгісін көрсетті. Ол да болса көңілге демеу, асылып өлетін арқанымды жоғалтып алмай тұрғанда жататын орнымды ыңғайлап алайын деп қала шетіндегі молаға тарттым. Барсам… О, тоба-ай, тоба… Шынымды айтсам, мәйіттердің жатын жайы менен әлдеқайда ілгері екен. Осы біз қаладағы кейбір байлардың үйіне қызығамыз ғой. «Керемет екен!» деп. Мұндағы кейбір марқұмдардың басына соғылған кесене кереметтің өзін таңқалдырады. Кесене түгілі, біреулердің басына қойылған тастың құны мен секілді оншақты байғұстың бір жылдық табысы шығар. Дұрыстап өлудің өзі де бір бақыт екен ғой. «Қой, – деп ойладым мен. – Өлген соң жұртқа күлкі болмай, дұрыстап өлейін. Мен де біл әулеттің азаматы едім ғой. «Пәленшенің басында белгі тас та жоқ» деп аузы жеңіл біреулер ертең молама күлер…» Сол оймен сүмірейіп үйге қайттым. – Банктен хабарласты. Несиені төлеңдер дейді, – деп әйелім табалдырықтан аттамай жатып тағы бір міндеттеме жүктеді. Демек, кесенеге емес, несиеге ақша жинау міндеті тұр алдымда....Тірі адамға тіршілік бітпейді ғой, сол оқиғадан кейін алты жыл өтті. Күні кеше несиемді төлеп біттім. Енді кесенеге ақша жинауым керек еді, тек бала өсіп қапты. «Менің пәтерден пәтерге сандалғаным жетер. Тым құрыса балам өз шаңырағында отырсын» деп, енді балам үшін ақша жинап жүрмін. Соған кішігірім баспана тұрғызып берсем, сосын, өзіме… Оған дейін өзім де бір жақты болармын. Зәулім кесене болмаса да кең даланың бір бұрышынан тоқымдай жер тиер. «Әкем салған баспана еді» деп мені төргі бөлмеге сақтап қоймасы анық. Ленин емеспін ғой. Ал әзірше өлейін десем, ақшам жоқ. Пернебай САПАРОВ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет8 июня 2018 в 6:47
Шымкенттің халқы 1 миллионнан асты Шымкент қаласының тұрғындары 1 миллион адамнан асты. Осылай деп айтуға негіз бар. Ресми дерек бойынша Шымкент қаласының 1 миллионыншы тұрғыны 2018-жылдың 17-мамырында өмірге келіпті. Кешегі аптада Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттің 1 миллионыншы тұрғынына пәтер кілтін табыстады. Өмірге келе салып пәтер иеленген бақытты сәбидің аты-жөні – Айсұлу Саматқызы Еламан. Ол жас отбасының тұңғыш перзенті екен. Қаламызда қуанышты оқиғалар көп болғай! Д. НҰРПЕЙІС.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет7 июня 2018 в 13:50
Еркек боп жаратылмағаныма шүкір деймін «Осы қызды алсаң, ең болмағанда нәскиің бүтін, шайың қайнатулы тұрады». Бұл сөзді алғаш естігенімде шамамен сегіз жасқа енді толған кезім. Бір туысқан ағамыз үйленемін деді. Әскерден енді келген, ой десе ойы, бой десе бойы бар, көз қызығатын жігіт еді. Бірақ оның таңдауына үйдің үлкендері қарсы болды. Сол кезде алпыстан енді асқан әжем: «Жатыры – жаман, оңбайды», – десе, анам ағамызға ғашық басқа бір қызды меңзеп: «Осы қызды ал, құрығанда нәскиің бүтін болады», – дейтін. Баламыз. Екі ананың айтқандарын м… — Читать дальше
ен сол уақытта түсінбедім. Ағам да онша түсінбеген, әлде түсінгісі келмеген болса керек, үлкендердің сөзіне құлақ аспай, өзінің қалағанын алды. Арада бір-екі ай өтті. Шағын-шағын «концерттерге» етіміз де әбден үйреніп қалды. Дегенмен бір күні жеңгеміз «шығармашылық кешін» «кетемін» деп, чемоданын жинап, есікті тарс еткізген актімен аяқтады. Бірақ кетемін деген адам сол айтқанымен кетіп, құрып, тыныштық бермейді екен ғой, о тоба! Не керек, жеңгеміз содан кейін жүз келіп, жүз кетті. Ақыр соңында ажырасты. Онымен тынбай, ортадағы жалғыз баланы ағамызға біресе «алып кет» деп, біресе «келме, көрсетпеймін» деп әлек етті. Соған шыдамады ма, әлде өзі жұмсақ мінезді ме еді, ағамыз ішіп кетті. Жеңгеміз болса, сол кеткеннен бір-екі рет күйеуге тигенін білем. Арғысын ешкім айтпады, мен де сұрағаным жоқ. Ал анам айтып жүрген қыз – бүгінгі таңда төрт баланың анасы. Кейде сол кісіге қарап отырып, «мына балақайлардың бәрі біздің үйдің баласы болар ма еді?» деп ойлап қоямын. Ағамыз да, анам айтпақшы, үсті-басы бүтін, әдемі бір шаңырақтың отағасы болар ма еді, шіркін! Қайдағы-жайдағы еске қайдан түсті деймін де. Кеше бір туысқанымыздың келіні чемоданын жинап, кетіп отырыпты. Содан үйдегі ата-ене баласын алып кел деп жіберсе: «Ішке сыйған қыз сыртқа да сыяды», – деп келіннің шешесі жанына жолатпайды екен. Жігіттен кінә бар ма деп ортаға алсақ, ішпейді, шекпейді, жұмыс істейді, әйеліне қол көтермек түгілі, дауыс көтермейді. Енді не боп қалды? Өздері үш жылдай қыз-жігіт болып сыйласты. Өліп-өшіп, жақсы көріп қосылды. Енді бір жыл тұрмай, кетіп отырды. Не жетпеді дегенді әрі ойлап, бері ойлап, менің ақылым жетпеді. Біз де отағасымен бір шаңырақ астында тұрып жатқанымызға ресми дата бойынша бір айдан соң бір жыл толады. (Ресми емесі әлбетте, одан әлдеқайда ұзақ). Бірақ менің кетем дегенді айтпақ түгілі, бірде-бір рет ойыма да келмепті. Өткенде бір сайқымазақ құрбым: «Әрине, күйеуге алғаш рет отыз бірде шықсаң, кете алмайсың. Жақсы жігіт түгілі, жалпы, жігіттердің дефицит екендігін біліп қалдың ғой», – деп ішіміз ауырғанша күлдірткен еді. Әзіл өз орнымен, бірақ барлығы адамның тәрбиесі мен санасына байланысты болса керек. Мәселен, мен еркек боп жаратылғанымда кетіп қалған қатынның соңынан бармас едім. Кетті ме, құрысын! Тіпті өзі қайтып оралса да қабылдамас едім. Неге? Себебі ол кетіп қалған соңғы түндерін кімнің құшағында өткізді? Мейлі, ата-анамның, әпкемнің, одан қалды, құрбымның үйінде десін. Бірақ оның орны – менің қойнымда! Ашу – дұшпан, ашуланып, есікті тарс жауып кеткенде басқа еркек жұбатқан-жұбатпағанын мен иіскеп білем бе? Қарт анам: «Тауық-екеш тауық та өз қорасына келіп қонақтайды», – дейтін. Қатты ашуланса, басқа бөлмеге барып жатсын, бірақ кетіп қалып, қаңғып, адал тәнін мұздатып, кейін менің қойныма кірудің қажеті жоқ. Болды. Кетті ме, давай прощаться!…Е-е-е, еркек болып жаратылмағаным қандай жақсы болған деймін де. Әйтпесе мына түріммен біреуді одан қайтып табалдырық аттамайтындай етіп жылатып, обалына қалар ма едім?.. Клара ЕРМАҒАМБЕТОВА.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет7 июня 2018 в 9:43
Алақан сызықтарына қарап тағдырыңды болжайды Басыма мұндай жағдай түседі деп әсте ойламаған едім. Біз бақытты отбасы болатынбыз. Алды – 12-ге, кішісі 4-ке келіп қалған ұл-қыздарым ата-әжесінің қамқорлығы, әкесінің қолдауымен еркелеп өсіп келе жатқан. Ал біздің жұбайлық татулық пен сыйластығымызға туған-туыс, дос-жаран тәнті болатын. Қызыға қарайтындар да көп еді. Қайынатам ауылдағы үйді сатып, қаржысын бізге берді. Ақылдаса отырып, біз киім сататын шағын дүкен аштық. Мен енді Қырғызстан мен Қытайдан тауар таси бастадым. Бір жарым жылдан кейін… — Читать дальше
көлік жөндейтін шағын станция аштық. Күйеуім екеуміз жұмысқа ерте кетіп, кеш келетін болдық. Осының бәрін жолға қойып болғанда ол бізге салқын тартып, кейде үйге қонбай қалатын болды. Баста мән бермеуші едім, оның жұмыс дегені сылтау ғана екені де сезіле бастады. Табысы да азайып, мінезі де өзгеріп кетті. Мұның сырын ұялы телефонындағы «хаттардан» ұқтым. Ол көлденең жүріске салынған екен. Бұл нәрсе қай әйелге ұнасын? Ұрыс-керіс көбейді. Одан жалыққан ата-енем бізге енші беріп, бөлек шығарып жіберді. Ата-енеден бақылау болмаған соң күйеуімнің ерсі мінезі мен қылығы тіпті өршіп кетті. Бұрын-соңды арақ дегенді татып алмайтын ол күн сайын ішетін болды. Оның телефонынан маған намысыма тиетін және қоқан-лоққы қоса жазылатын хаттар келетін. Оны кім жазып отырғанын мен жақсы біліп отырамын. Ақыры шыдай алмай, пал аштырдым. Отбасымды сақтауға көмектесетін адам іздедім. Жасырмаймын, бірнеше палшының алдынан өттім. Шығындандым да. Сонда бір таныс келіншек Шымкентте Аида деген көріпкел барын айтты. Міне, осы көріпкелдің көмегімен біздің отбасылық бақытымыз баяғы қалпына келді. Аида маған: «Сабырлы бол, бұл бірден және тез арада бітетін іс емес. Мен саған ештеңе уәде етпеймін. Бірақ қолымнан келгенше көмектесемін», – деген еді. Таро картасымен пал ашып, алақан сызықтарына қарап тағдыр жолыңды айтып беретін ол шырақ жағу тәсілімен тазалау, су мен адыраспанға дем салып беру, шөптен дәрі жасау сияқты бірнеше тәсілді біледі екен. Не керек, мен одан бірнеше күн ем алдым, ол үйге шырақ беріп жіберді, оны таусылғанша жағып қой деп тапсырған еді. Шырақ үйдегі жағымсыз энергияны жояды, татулық шақырады деп түсіндірген болатын. Ал күйеуіме арақты тастау үшін шөптерден тұнба әзірлеп, оған дем салып берді. Оны күніне бір рет, бір шай қасықтан суға қосып беріп жүрдім. Осылайша Аида екі ай дегенде екі жыл бойы берекесі кеткен отбасымды бұрынғы бақытты күндерге толы қалпына келтіруге көмектесті. Содан бастап мен осы көріпкелмен хабарласып тұрамын. Ауырып, мазамыз кетсе де, жолымыз болмай жатса, қарыз ақшамызды қайтара алмай қалсақ, бизнесіміз алға баспай қалса да Аидаға жол аштырып алу әдетімізге айналды. Білетінім, Аида жасы келсе де жұбын таппай жүргендерге жасалатын ерекше бір жоралғыны біледі екен. Сондықтан оған жалғыздықтан жапа шеккендер де көп барады. Ол пал ашу, алақан сызықтарына қарап тағдырыңды болжау, көлік, үй сату, бизнестің алға басуына көмектесетін, тіл-көз бен қарғысты кетіретін дұғалармен көмектесуді меңгерген. Егер сіз Аида көріпкелдің көмегін қажет етсеңіз, оған нөмірлі телефон арқылы хабарласуға болады. Маржан ӨТЕПБЕРГЕНОВА.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет7 июня 2018 в 7:43
Ескі «Москвичтен» «Гелендваген» құрастырып шығарды Бәйдібек ауданындағы № 19 колледждің студенттері «Москвич» автокөлігінен заманауи «Мерседес-гелендваген» құрастырып, оқу орнының алғашқы брендін жасап шығарды. Автокөлікті жөндеу слесары мамандығының 2-курс студенттері оны өндірістік оқу шебері Айдар Бейімбетовтің жетекшілік етуімен іске асырды. «Қолымызға түскен „Москвичтің“ сыртқы көрінісін өзгертіп, бөлшектерін ауыстырып, жаңа автокөлік жасап шығару ісіне қызыға кірістік, – деді бізге 2-курс студенті Бақдәулет Қалмырза. – Оны колледждің ұста… — Читать дальше
лар бөлмесіне апарып, шанағын, қозғалтқышын, беріліс қорабын, жүріс бөлігінің агрегаттарын бөлшектедік, сосын оны қайта жөндеп, құрастырдық. 4 есікті, 5 орынды «Седан» автокөлігінің шанағы орта бөлігінен 75 сантиметр, артқы бөлігінен – 25, алдыңғы бөлігінен 10 сантиметр кесіліп, ұзындығы 3 сантиметр кішірейтілді. Шанақтың ені 39 сантиметрге қысқартылып, көлік бөлшектеріне өзгерту енгізілді. Содан кейін ол 2 есікті, 2 орынды, үсті ашық кабриолетке айналды. Кейін беріліс қорабын, жетекші белдігін және жүріс бөлігінің агрегаттарын толық жөндеуден өткізу арқылы «Мерседес-гелендваген» жасап шығардық». Жаңартылған автокөліктің тиімділігі – салмағы жеңілдеген сайын қозғалтқыш күші артып, жанармай шығыны азаяды. Сондай-ақ бұл көліктің басты ерекшелігі – мұнда 2-ші дублер қондырғылары қойылған. Студенттер оны жаттығу сабақтарында көлік жүргізуді үйрену үшін пайдаланады. Ал оны құрастырып шығуға 180 мың теңге қаржы жұмсалыпты. Жаңалыққа құмар, ізденуден талмайтын өнертапқыштарды даярлап отырған оқу орны бұл жобасының брендке айналатынына сенімді. Д. МЕДЕУОВА
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет6 июня 2018 в 14:31
Оңтүстік – ағзада тас түзілуіне бейім аймақ екенін есте ұстаңыз! Оңтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тарапынан қоршаған ортаға зиянды заттардың бөлінуіне тұрақты түрде зертханалық тексерулер жасалып, мониторинг жүргізіліп отырады. Зерттеу ауаға зиянды заттар бөлетін өндіріс орындарының санитарлық қорғау аймақтарында, тұрғын үй алаптарында, көлік қозғалысы көп қамтылған жол жиектерінде, мазут пен көмірді пайдаланатын жылыту станцияларының аймағында жүргізіледі. Осы мақсатта Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тарапы… — Читать дальше
нан «Қауіптілік картасы» жасалынған. Ауаға бөлінетін зиянды қоспалардың денсаулыққа қауіптілігін зерттеудің нәтижесінде облыстарды қауіптілігі жоғары, қауіптілігі өте жоғары және экстремалдық қауіпті аймақтар деп 3 топқа ендірген. Оңтүстік Қазақстан облысында бұл жұмыстар Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларында бірнеше жыл жүргізілген зертханалық зерттеулердің қорытындыларын қамтыған және біздің облыс төменгі топқа, қауіптілігі жоғары аймақтардың қатарына енгізілген. Ал облысымыздың тұрғындары пайдаланатын ауыз судың әсер ету қаупінен туындауы мүмкін бүйрекке тас байлану және өт-тас аурушаңдығының тіркелуі бойынша түзілген қауіптілік картасында біздің облыс қауіпті топтар қатарына енгізілген. Пайдаланылатын ауыз судың санитарлық-химиялық көрсеткіштері: судың қаттылығы, құрғақ қалдық, кермектік, хлорид, сульфат бойынша сәйкес келмеуі осы аурулардың пайда болуына, өсуіне әкеліп соғуы мүмкін әсерлердің негізі болып саналады. Бүйрекке тас байлануы бойынша 2017-жылы облыста 1849 жағдай жаңадан тіркеліп, көрсеткіші 63,7 пайызды құрады. Бұл аурушаңдықтар ауыз суды ашық су қоймасынан пайдаланатын Шардара қаласында, таулы аймақтарда орналасқан, су құрамында сульфаты жоғары болып келетін Түлкібас, Төлеби және Сайрам аудандарында біршама көп тіркелген. Ал өт-тас аурушаңдықтарының 2017-жылы 2620 жағдайы тіркеліп, көрсеткіші 90,2 пайызды құрады. Аурушаңдықтың көрсеткіші Түлкібас, Шардара, Ордабасы, Төлеби аудандарында және Шымкент қаласында жоғары болып келеді. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі келешекте бұл аурушаңдықтың көптеп тіркелу себептерін әлі тереңірек зерттеп, анықтау үшін медицина қызметкерлерімен бірлескен жұмыстар жүргізілуін ұйымдастыруды жопарлап отыр. Қазіргі кезде облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін 487 орталықтандырылған ауыз су жүйелері біздің тұрақты бақылауымызға алынған. Кәсіпкерлік Кодексіне және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 836 бұйрығына сәйкес, жылына 1 рет ерекше тәртіппен жоспарлы тексеріліп отырады. Нысандарды тексеру кезінде 465 сынама микробиологиялық көрсеткіштерге тексеріліп, 4 сәйкессіздік анықталса, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 391 сынамалар тексерілген, сәйкессіз сынамалар анықталмаған. Тұрғындарға ауыз су беретін 437 орталықтандырылған су жүйелері тұрақты түрде зертханалық өндірістік бақылаумен қамтылып, суы тексеріліп отырады. Тұрғындардың денсаулығына әсер ететін қоршаған ортаның қауіпті әсерлерін анықтап отыру – жауапты және заңдылықтарды терең білуді қажет ететін қиын жұмыс. Осы орайда тұрғындарға өз тарапынан күнделікті пайдаланатын ауыз судың сапасына көңіл бөлу қажеттілігі ескертіледі. Өз денсаулығыңыз бен туыстарыңыздың денсаулығына қамқор болыңыз! Әбдіғали КЕМЕЛОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет6 июня 2018 в 9:24
Даламыздың жуасын да жалмап жатыр «Қызылорда – Жезқазған» бағытындағы тас жолдың жиегін жағалай біршама адамдар даланың сарымсақ-пиязын (оны жуа деп те атайды) жинап, оны жаппай Қытайға өткізумен айналысады екен. Бұрын мия тамырын (корень солодки) жинап, оны Қытайға өткізгенін естіген едік. Көктемгі даланың сарымсақ-пиязы көптеген ауру түрлеріне шипа екені белгілі. «Тұқым шашып үлгертпей жинап алып жатқан даланың сарымсақ-пиязын ертең өзіміз сол даладан іздеп таба алмай қалмаймыз ба?» деген қаупім де жоқ емес. Дәруменге толы емдік сарымсақты та… — Читать дальше
мырымен жұлып жүргендер даладағы емдік шөптерге мемлекеттің жанашырлығы жоғын пайдаланып, қазақтың есебінен Қытайдың фармацевтика өнеркәсібін дамытуға атсалысып жүргендерін біле ме екен? Тонаудың осы түріне тыйым салынатын заң шығару керек-ақ. Баяғыда Қаратауда өскен гүлдің сол жерден жойылып, Голландияда өсе бастағанын естіген едік. Қазір сол қызғалдақтардың неше атасын голландтардан сатып аламыз. Арқаның киігін атуға бейімбіз. Дәрумендерге бай емдік өсімдіктерді жыртқыштан бетер жоюға бейімбіз. Қазақ, қайда барасың?! Мақпал ОРЫНБЕТОВА.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет6 июня 2018 в 8:50
Құтырған иттің даусы қарлығып шығады Өткен жылы Шымкенттің өзінде бірқатар адамдардың құтыру ауруына шалдыққан оқиғалары болғаны белгілі. Сондықтан бұл қауіпті дерт жөнінде жұртты жиі құлағдар етіп отыруды парыз санаймыз. Құтыру – жүйке жүйесін қатты зақымдайтын ауру. Бұл дерт адамдарға жан-жануарлардың тістеуі арқылы, сілекеймен қанға берілу арқылы жұғады. Құтырма энцефалиті (бас миының қабынуы) сал ауруы, құрысқақ түрінде шығады. Негізінен құтырған жан-жануарлардың сілекейі ауру белгісі білінбестен, бірнеше күн бұрын-ақ жұқпалы болады. Ол ада… — Читать дальше
мдарға көбінесе үй хайуанаттарынан – ит, мысықтан (сирек кездеседі), сондай-ақ етқоректі аңдардан (қасқыр, түлкі) тарайды. Ауырған ит тынышсызданады, тамақ жемейді, одан кейін су көрсе үрейленіп, қаба бастайды, үргенде даусы қарлығып шығады, аузынан сілекей шұбырады. Құтырманың асқынып кетпеуінің өзіндік жолы да бар, ол – уақтылы антирабикалық вакцинаны егу. Жасырын кезең орта есеппен 1 –2 айға, кейде 7 аптадан 1 жылға және одан да көп уақытқа созылады. Дерттің үш сатысы бар: — Продромалды кезең 1—4 тәулікке созылады, дене қызуы көтеріледі, бас ауруымен, шаршау, тәбетті жоғалтумен сипатталады. Жануар тістеген, қапқан тұсқа жақын маңда невралгия, терінің жоғары сезімталдығы білінеді. — Қозу сатысы 4—7 күнге созылады және психомоторлық ұстамамен сипатталады. Жарыққа, әртүрлі дыбыстарға, шуларға жоғары сезімталдық байқалады. Науқас озбыр, долы келеді, галлюцинациялар, сандырақтау, қорқыныш сезімі пайда болады, құрысу, бұлшық ет парездері мен салдануы бірге жүреді. — Салдану сатысында көз бұлшық еті жансызданады, жұту функциясы бұзылады. Науқастың аузынан көбік ағады, ол судан қорқады. Өлім тыныс алу аппаратының зақымдануынан, тыныс тоқтауынан болады. Дерт 58 күнге, кейде 10—12 тәулікке созылады. Құтырудың хайуандарда көрінетін белгілері: Біртүрлі күйде болады, кейде сұлқ жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады, аузы көбіктенеді, ішіп-жей алмайды, жанына жолағанның барлығын қауып, тістеуі мүмкін. Хайуан 5 – 7 күннің аралығында өледі. Адамдардағы клиникалық көрінісі: Сырқат көбінесе жағымсыз күйлерден басталады. Хайуанның тісі батқан жер ауырады. Мұның арты қызбаға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар адамның ұйқысы қашып, көңіл-күйі болмайды, мазасызданады, ашуланшақ болады, шаршау сезімі мен түрлі дыбыстарға, бейнелерге түршігіп тұрады. Сондай-ақ аузы көбіктенеді, ішіп-жей алмайды, тыныс алуы мен жұтынуы қиындап, ақыл-есі бұзылып, сандырақтауы мүмкін және онда судан, жарықтан үрейлену пайда болады, бет-әлпеті жаңа ғана жылаған адамға ұқсас келеді. Аузының сілекейі қоюланып, желімделе береді, құтырып, аласұрады. Өлім алдында талма ұстап, дене құрысып, сал болып қалады. Бұл қатерлі дерттің алдын-алу үшін мына жайларды есте ұстаған абзал: Егер сізге біреуді тістеген немесе қапқан хайуан құтырған болуы мүмкін деген ой келсе, хайуанды байлаңыз немесе бір апта сыртқа шығармай ұстаңыз. Тістеген жерді сабынмен, сумен және сутегі асқын тотығымен жақсылап тазартыңыз, жараны жаппай ашық қалдырыңыз. Егер хайуан бір аптаға жетпей өлсе немесе ұстатпай кетсе зардап шеккен адамды ауруханаға апарыңыз, сол жерде оған қатарынан бірнеше рет құтыруға қарсы дәрі егіледі. Айгүл ТҰРЫМБЕТОВА, Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет5 июня 2018 в 14:02
«Іш бұзылуын» тоқтататын тәсілдер Жаздың ыстық күндерінде кейбір жағдайларда адам көп тұрып, бүлінген тағамдарды байқамай жеп қойып ауыратыны бар. Іш бұзылып, адамның мазасын алатын мұндай кездерінде не істеу керек? Төмендегі кеңестер осы жөнінде: Біріншіден, бұл күні тамақ жеудің қажеті жоқ. Суды көбірек ішу керек. Ол асқазан-ішек жолын улы заттардан шаю үшін және іш бұзылуынан жоғалған сұйықтың орнын толтыру үшін қажет. Мөлдір түсті сусындар (қара, көк шай, бульон, алма, итбүлдірген, мүкжидек морсын, цитрус жемістерінің, помидордың шырынын) і… — Читать дальше
шкен жақсы. Шырынға қант қосу керек, ол сұйықтың ағзаға тез сіңуіне жол ашады. Тәтті шай, әсіресе қант қосылған алма шырыны диареяға қарсы күресте аса пайдалы. Табиғи таза шырындар мен кефир де асқазан-ішек жолындағы бактерияларды өлтіреді. Тамақ жегіңіз келсе, тауық етін, бұқтырылған сәбіз, банан жеңіз. Асқазан-ішек жолында ашып-пысу тудыратын нан сияқты жасымығы мен көмірсуы көп азықтар жемеген дұрыс. Суға, буға пісірілген пектинге бай алма жеген де пайдалы, ол ағзадағы улы нәрселерді шоғырлап, сыртқа шығарады. Белсендендірілген көмір түйірлері (10 кило салмаққа 1 түйір), «марганцовканың» әлсіз ерітіндісі де микробтарды жақсы өлтіреді. Тамаққа тұз қоспаңыз, өйткені ол ағзадан улардың қуылуына кедергі келтіреді. Үй «дәмханасында» кептірілген тауық бөтегесінің сары қабаты үнемі тұрғаны дұрыс. Оны үгітіп сумен ішеді. Кәдімгі жаңғақтың ішіндегі қабықшаларының тұнбасының он тамшысын жарты стакан суда тұндырып ішкен де көмектеседі. Ал тұнбаны былай әзірлейді: спирт пен жаңғақтың ішкі қабықшаларын тең дәрежеде араластырып, үш күн тұндырады да, сүзіп алып, тоңазытқышқа салып қояды. Қара келімдәріні суға езіп ішсе де көмектеседі. Жалпы, диареяға ұшырамас үшін тамақты шыны ыдыста сақтаған дұрыс. Соустар екі күннен артық сақталмайды. Тамақты тоңазытқыштан тыс екі сағаттан артық ұстаған дұрыс емес. Тоңазытқышта да ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Қысқасы, диареяға ұрынбас үшін бүлінген тамақ жеп қоюдан сақтанған дұрыс. С. ИКРАМҚЫЗЫ
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет5 июня 2018 в 12:54
100 сомың болған жақсы ма, әлде 100 досың болғаны дұрыс па? Маған хат жазатын қыздардың көбі «Ақшаны табудай-ақ табамыз, бірақ судай ағып кетеді. Жинай алмаймыз. Қанша тапсам – сонша құртамын, ақша жинауды үйретіңізші» деп өтінеді. Жалпы, біздің санамызда баяғыдан «Ақша – қолдың кірі», «Ақшаның құлы болма!», «100 сомың болғанша, 100 досың болсын» деген ақшаға қатысты негативті ақпарат сіңіп қалған. Яғни оны қажет емес дүниеге айналдырып тастау сигналы ойнайды. Бұл стереотиптен бас тарту керек. Керісінше, ақшаны жақсы көріңіз, онымен сөйлесіңіз,… — Читать дальше
күнде таңертең тұрғанда әмияныңызды ашып, теңгелеріңізді санап, реттеп салыңыз. Умаждап, «бәрібір қазір біреуге берем ғой» деп сумкаңызға лақтыра салмаңыз. Сыйғанынша әмияныңызға реттеп жайғастырыңыз. Өйткені ақшаның өз энергиясы бар. «Менде ақша тұрмайды» деп қайғырмаңыз. Жақсылыққа жұмсап жатсаңыз – ғанибет. Керісінше, сіз өзіңізге одан да көп байлық шақырып жатырсыз. Сіз қаншалықты ақшаңызды игі істерге жұмсадыңыз, яғни, киіміңіз, тамағыңыз, сұлулығыңызға ақша шығындасаңыз, соншалықты ол сізге қызмет етті деген сөз. «Осы коммуналдық төлемдердің түбіртегі ай сайын келіп қалады, өкіртіп жазыпты» деп ақшаны жынданып төлегеннің орнына, «Қандай керемет, маған қанша адам қызмет көрсетті, үйім жылы, газым жанып тұр, ыстық су, мұздай суым келіп тұр» деп сол мекемелерде сізге қызмет көрсеткен адамға алғыс білдіріп ақша төлеп үйреніңіз. Кафеде тамақ ішіп болған соң азын-аулақ болса да даяшыға қызметі үшін ақшалай раxмет айтуды ұмытпаңыз. Ол сізге он есе боп қайтады. Ақшаны қатты қысып та ұстамаңыз, шашып та тастамаңыз. Алақаныңыз жартылай ашық, жартылай жабық болғаны абзал. Өзіңізден аямаңыз, сіз – маңызды капиталсыз. Денсаулығыңызды жылына бір рет тексертіңіз. Әсіресе, тісіңізді… Білімге де ақша аямаңыз. Өсіп-жетілуге, күніне кем дегенде бір нәрсе білуге, үйренуге мән беріңіз. Әмияныңызды реттеп жүріңіз. Сары қағазға өзіңіздің ақша шақыратын кодыңыз бен (туған күн, ай, жыл нөлсіз жазылады) қаржы кодыңызды (туған күн сосын ай сосын жылыңыздың қорытынды сандарын қосқанда шығатын 4 таңбалы код) жазып қойыңыз. Егер әмияныңыз әрдайым бос болып, ақша тұрмаса, онда оны жаңасына ауыстырыңыз. Сосын оған ескі әмияндағы затты салмаңыз. Бәрін жаңалаңыз. Жаңа ай туғанда әмияныңызды босатып, ішіндегі заттарының бәрін шығарып терезенің алдына бір түн қойып алыңыздар. Және айлық алған күні оны түні бойы айнаның алдына қаратып қойыңыз. Табысыңыз еселене түседі. Әмиянға оралсақ, оның ішіндегі ақшада адамның суреті болса сізге қарап тұрғаны дұрыс. Және бүктелмейтін әмиян алыңыз. Жалпы, ақшаға қатысты ырымдарды дінмен шатастырудың қажеті жоқ. Аллаға сеніңіз, оның құдіретіне шек келтірмеңіз. Сондай-ақ ғылымға да сүйеніп, ақша шақыратын, оны көбейтетін амалдарды да жасап көрудің артықтығы жоқ. Айнұр АСАНБЕРДІ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет4 июня 2018 в 13:36
«Кондуктордың» мәдениеті кем боп тұр… Осыдан бір жылдай уақыт бұрын, Шымкент қаласын Ғабидолла Әбдірахымов басқарып тұрған тұста көптеген шенеуніктің жұмысқа біраз уақыт қоғамдық көлікпен қатынағаны елдің есінде болар. Әкімнің қоғамдық көліктің жүру тәртібі мен тазалығын осылайша қадағалап, ретке келтіру ойы, өкінішке қарай, жүзеге аспады. Қызметі ауысып кеткесін қарамағындағы қызметкерлер бұл жайды мүлдем ұмытты. Осылайша қоғамдық көліктер бұрынғы қалыптасып қалған «жүйе» бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Мұны біз не үшін айтып отырмыз? Ке… — Читать дальше
шегі сәрсенбіде біздің тілшімізге Шымкент қаласының Гүлвира Торпақова есімді тұрғыны хабарласты. Ол кісі таяуда № 35 бағытта жүретін («Грин Бас» компаниясына тиесілі) автобусқа отырған екен. Сондағы болған оқиғаны газет бетінде жариялауды сұрайды, тиісті адамдарға тәртіпке сай шара көрілсе дейді. «10-мамыр күні Байтұрсынов көшесіндегі „Баян сұлу“ аялдамасынан „35»-ке мінген едім. Негізі күйеуімнің көлігі бар. Қажет жерге негізінен сонымен жететіндіктен автобусқа көп мінбейтінмін, – дейді Гүлвира ханым. – Сол күні баратыным тиіп тұрған жер ғой деп автобусқа міне салдым. Ішінде адам көп екен. Дені – жастар. Бірақ ешқайсысы үлкен адам тұр-ау деп орын бермеді. Сосын автобустың алдыңғы жағына барып тұрдым. Кондуктор келіп, жолкіре сұрап еді, көпбалалы аналарға берілген куәлігімді көрсеттім. Сол кезде-ақ ол маған жақтырмай қараған еді. Арада бірнеше минут өткенде: «Былай тұрыңыз, менің өтуім керек! Сіз маған «мешать“ етіп жатырсыз!» – деп дүңк етті. «Аяқ басар орын жоқ, қайда тұрайын?» – деп едім: «Ұятсыз! Тегін мініп алып орын сұрап тұрсың ба?!» – деп айқай салды. Соңында шешемнен боқтады, оған нала болғаннан қанымның қысымы көтерілді. «Үстіңнен арызданамын. Мен тегін мінген жоқпын, куәлігімді көрсеттім. Әлі-ақ осы сөздеріңе жауап беретін боласың!» – деп едім: «Баратын жеріңе бара бер. Қолыңнан не келеді? Мен штаттан тыс қызметкермін, ешкім маған ештеңе істей алмайды!» – деп айқай салды. Оны әлгі автобустың жүргізушісі де естіп отыр, бірақ қызметкеріне бір ауыз қой деп айтпады. Жалпы, мен мұны тәрбиесіздік, тексіздік дер едім. Ұлыммен жасты баланың осылай шапшуының өзі оның кім екенін көрсетіп тұрған жоқ па? Ендеше қоғамдық көлікте қоғаммен тіл табыса алмайтын, адаммен қалай сөйлесу керегін білмейтіндердің жұмыс істеуі қаншалықты заңды? Өзім бірнеше баланың анасымын. Мемлекет берген куәлікті көрсетіп, автобусқа ақша төлемегенім үшін олардың мені балағаттауға қандай қақысы бар?» Гүлвира Торпақова осылай дейді. Ол сол күні аялдамадан түскен бетте № 35 бағытта жүретін әлгі автобустың нөмірін жазып алыпты. «KZ 289 AO 13» нөмірлі автобустың кондукторы тиісті жазасын алса деген талабы бар. Жалпы, шымкенттік тұрғынның бұлай ашынуы тегін емес. Қаладағы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы расында да сын көтермейді. Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы бұл мәселеге бейжай қарамас деп сенгіміз келеді. С. МАҚҰЛБЕК.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет4 июня 2018 в 9:53
Жау танкілерімен тайсалмай шайқасқан батыр Қарсыбай Сыпатаевтың туғанына – 100 жыл Биыл қазіргі Ордабасы ауданындағы Қ.Сыпатаев ауылының тумасы, осы ауылға аты берілген жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Сыпатаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. Ұлы Отан соғысында зеңбірекші болған ол әйгілі Сталинград шайқасында бір өзі жаудың бірнеше танкісімен шайқасып, осы ұрыста ерлікпен қаза тапқан еді. Бүгінде арамызда батырдың көзін көрген, оның жерленген зираты анықталуына өзіндік үлесін қосқан, оқиғаның куәсі болған адамдардан Қарсыбай Сыпатае… — Читать дальше
в өмірінің соңғы сәті туралы көзбе-көз естіп, ізденіп-зерттеген адам бар. Ол – жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, бүгінде жасы 90-нан асып отырған абыз ағамыз Еркінбек Тұрысов. Біз кешегі аптада ол кісіге арнайы жолығып, осы тақырып төңірегінде әңгімелестік. Шаянға жақын жердегі Қарауылтөбе тұсында өмірге келген екен «Мен Қарсыбай Сыпатаевты соғыс басталған 1941-жылы жазда, бір-ақ рет көрдім, – дейді Еркінбек аға. – Ол кезде 5-сыныпты енді бітірген баламын. Каникулда шабындықтан шөп шауып, жинауға үлкендерге көмектесіп жүргенбіз. Бір жас жігіт: «Соғыс! Соғыс басталыпты, Германия басып кіріпті!» – деп үрейлене айқайлап жетті. Жұртшылық, әсіресе әйелдер жағы жау келіп қалғандай қатты күңіреніп кетті. Әркім өзінің баласын, туысын уайымдады. Ол кезде біздің ауылдан үш азамат әскерде еді. Біреуі менің ағам Сауқымбек, сосын Ақылбай Түсіпбаев деген жігіт, олар сол кезде Ресейдегі Орал әскери округінде, ал үшінші жігіт Польшамен шекараға жақын Белосток қаласында қызмет етіп жүрген. Кейін жасы жеткендерді әскерге алу басталды. Менің әпкем Сейсенкүл Төрткүл жаққа тұрмысқа шыққан, күйеуі Дүйсенбай Ахметов екеуі де мұғалім еді, көп ұзамай жездем де соғысқа кететін болғасын анам мені Төрткүлге, әпкемнің жанында біраз болуға жіберді. Сол күндері жездем аудандық әскери комиссариатта тексеруден өтіп жүрген екен, алдымен арбамен Шаянға жеттім. Жездемнің Қарсыбайға туыстығы бар, түс кезінде ол мені сол кісінің Шаяндағы мешітке жақын тұстағы үйіне ертіп барды. «Менің жеткіншек інім ғой, әпкесінің жайын білуге ауылға бармақ екен», – деп таныстырды. Қарсыбайдың үйіндегі жеңгеміз Бибіәсия шай берді. Қарсыбай – орта бойлы, қараторы, сымбатты жігіт, сол кезде жасы 23-те, аудандық партия комитетінде нұсқаушы екен. Өзі колхозда жұмыс істеп жүріп есепшілер курсын бітіріпті, шаруашылықта есепші болған, соғыстың алдында Компартияға өткен. Ол кезде Төрткүл жақ Шаян ауданына қарайды, сондықтан әскерге алынардан бұрын Шаян аудандық партия комитетіне нұсқаушы қызметіне қабылданған екен. Содан мен ертеңіне ат арбамен Көктөбе ауылына, сосын Төрткүлдегі әпкемнің үйіне жеттім. Сол жақта жүріп қазіргі облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың әкесі Қансейітпен таныстым. Сол сапарда әпкемнің үйінде 20 күн болып қайттым. Менің Қарсыбай Сыпатаевты көруім сол, ол туралы басқа әңгіменің бәрін жездем Дүйсенбайдан, кезінде сол «Көктөбе» колхозының төрағасы болған, өзі Қарсыбайға аталас туыс болып келетін Қонысбек Ауқатов деген кісіден естігенмін. Қарсыбайдың Шаянға қарай бара жатқандағы үлкен жолдың оң жақ бетінде тұрған Қарауылтөбе маңында, оның төңірегін Құрсай деп те атайды, соның тұсында өмірге келгені туралы осы Қонысбек Ауқатов айтып берген болатын. «1918-жылы көктемде, ауылымыз Қаратаудың беткейіне қарай көшіп бара жатқанда өмірге келді. Көш тоқтап, бір күн сол жерде болғанбыз. «Заман өзгеруіне қарсы туылды, Қаратауға бара жатқанда дүниеге келді», – деп атын Қарсыбай қойған», – деген еді ол кісі. Қарсыбай майданға 1942-жылдың наурыз айында кетіпті. Орта Азиядан алынғандардың бәрін Сталинград маңына апарған екен, қазақтар мен қырғыздарды атты әскер құрамына алыпты. Қ.Сыпатаев атты әскер құрамындағы зеңбірекшілер дивизионында қызмет еткен екен». 150 жауынгермен бірге мерт болыпты Қатардағы жауынгер Қарсыбай Сыпатаев «Оңтүстік» майданындағы 4-атты әскер корпусына қарасты 61-атты әскер дивизиясының құрамындағы 13-ші жеке атты артиллериялық дивизионның қатарында шайқасыпты. Ол 1942-жылы 26-қарашада күші басым жаумен болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан. «Бұл жөнінде елге 1943-жылы белгілі болды, – дейді Еркінбек аға. – Облыстық партия комитетінің Қаулысымен сол жылы Көктөбе ауылына Қарсыбай Сыпатаевтың есімі берілді. Шымкенттегі № 7 мектепке аты берілгені де сол жыл еді. Соғыстан кейінгі жылдары Қарсыбай Сыпатаевтың батырлықпен қаза тапқанынан басқа дерегін ешкім білмеді. Оқиғаның нақты қалай болғаны, оның қайда жерленгені беймәлім еді. Бірде, ол кезде мен «Оңтүстік Қазақстан» газетінде істеймін, ауыл жаққа, аудандық газетке барып тұрамын, жолым түсіп, барсам, редакцияда бір хат жатыр екен, соны оқып көрдім. Сталинград шайқасына қатысқан бір майдангер Қарсыбай Сыпатаевтың қайда жерленгенін анықтау жөнінде 4 беттік өтініш хат жазыпты. «Мынау бір қызық хат екен», – дегенімде сонда жауапты хатшы болып істейтін түркістандық Мәмедәлі деген кісі: «Осы мәселемен айналысып көрсең қалай болады?» – деді. Содан мен бұл жөнінде Мәскеудегі Бас штабқа, Сталинград облыстық газетінің редакциясына, облыстық әскери комиссариатқа хат жаздым. Арада көп өтпей ол жақтан жауап келді. Сталинград шайқасы деген қала мен оның төңірегінде ғана болмаған ғой, ол 300 шақырымнан аса аумақты қамтыған. Сондықтан әскери комиссариат бастығы – Артемов деген генерал 61-ші атты әскер дивизиясының азат еткен елді мекендері Қалмақ АКСР жеріне қарайды деп сол жақтан іздестіруге сілтеме жасапты. Содан ол жаққа да хат жазып, жауап алдық. Олар шайқас болған жерден 150 жауынгердің сүйектері жиналып алынғанын, осы уақытқа дейін олардың 36-сының ғана аты-жөндері анықталғанын, ішінде Сыпатаевтың жоғын жазыпты. Солдаттардың «Бауырластар зиратына» қойылған сүйектерін 1965-жылы қазып алып, орталық саябаққа жерлеген екен. Арада көп өтпей сол кездегі аудандық атқару комитетінің төрағасы Әбжапар Жылқышиевтің жазып берген қатынас хаты бар, тағы басқа құжаттармен Қарсыбай Сыпатаев ерлік көрсеткен жерді барып көріп қайттым. Көптеген басшылар, жергілікті тұрғындар күтіп алды. Біздің жауынгерлер қорғаған шоқыны Бауыш деген жергілікті қалмақ азаматы ертіп барып көрсетті. «Кейін шайқас болған жерден біздің жауынгерлердің бір жерде тұтас дене, бір жерде бөлек-бөлек жатқан аяқ-қол, басқа да дене мүшелерін жинап, бір үлкен шұңқырға көмдік. Көбісі қазақтар екен», – деді ол. Қысқасы, не керек, тиісті жұмыстар атқарып, Қ.Сыпатаевтың сол жауынгерлердің арасында жатқанын дәлелдедік. Бұл 1970-жыл еді. Кейін ол жерге обелиск орнатылды. Ондағы есімдері белгілі болған жауынгерлердің тізімінің ең үстіне «Здесь захоронен Герой Советского Союза, славный сын казахского народа Карсыбай Сыпатаев» деп жазылған». Соңғы минамен танкті ұрып жарған Еркінбек аға кейін сол шайқасқа қатысып, тірі қалған Виктор Дашкевич деген генералмен де кездесіпті. Сол шайқас кезінде Дашкевичтің шені лейтенант, ол дивизионның штаб бастығының көмекшісі болған екен. Осы азамат «Правда» газетінде «И танк был остановлен» деген көлемді мақала жазыпты, сонда шайқастың қалай өрістегенін, Сыпатаевтың ерлігін егжей-тегжейлі баяндапты. Осыны оқыған Еркінбек Тұрысов кейін хат жазысып, Дашкевичтің өзімен кездескен. Сонда ол кісі төмендегідей жайларды айтыпты. Немістің фельдмаршал Паулюс бастаған армиясы Сталинград түбінде қоршауда қалған кезде оны құтқару үшін фельдмаршал Манштейннің танк корпусының бөлімдері келген екен. 26-қарашада олар Қызыл армия бекіністеріне 400-ге жуық танкпен лап береді. Алдында қар жауып, еріген, кейін 20 градус аяз қысқандықтан тоң болып қатып қалған жерді шала-шарпы қазып бекінген, құрамында Қарсыбай Сыпатаев бар зеңбірекшілерге де қаптаған танктер шабуыл жасайды. Алапат шайқас барысында бірталай неміс танктері қиратылып, жаяу әскері жойылады, ал біздің жауынгерлер түгелдей опат болыпты. Сонда жалғыз қалған Қарсыбай Сыпатаев зеңбірекке оқ тасушы да, көздеуші де, атушы да өзі болып, жаумен ұзақ арпалысыпты. Соңғы минаны атып үлгере алмайтын болғасын жер бауырлап сүйрелей барып, құшақтай көтеріп жау танкінің шынжыр табанына ұрыпты. Оны бергі жақтағы қорғаныс шебінен дүрбімен көріп тұрған командирлер таныған екен. «Сыпатаев жер бауырлай жылжып бара жатыр, танктің пулеметінен себелеген оқ үстінен өтіп, бергі беттің топырағын бұрқылдата көтеруде. Нысанаға дәл тигізу үшін танк артқа бере бастады, енді көп ұзамай жауынгерге оқтың тиері анық. Соны білген Сыпатаев шегініп бара жатқан танкке 10 – 15 метрдей қалғанда атып тұрып, жүгіре жеткен бойда минаны оның шынжыр табанына ұрды, жарылыс болып, танк істен шықты. Сыпатаев та қаза тапты», – депті Дашкевич. Олар Қ.Сыпатаевтың ерлігі туралы дивизия басшыларына хабарлайды, одан армия басшылығы құлағдар болады, хабар Мәскеуге жетеді. Содан 1943-жылдың көктемінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қарсыбай Сыпатаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліпті. Дашкевичтің айтуынша жоғарыда аталған шайқас кезінде жау танктері ақырында шепті бұзып өткен екен, біздің әскерлер 10 шақырымға дейін кері шегініп, алдын-ала әзірленіп қойған қорғаныс шебіне бекінеді. Арада көп өтпей Қызыл армияның жаппай қарсы шабуылы басталып, немістер шегінеді. Ал шоқы басындағы қорғаныста қаза болған жауынгерлердің сүйектері содан кейін барып жиналып, жер қойнына тапсырылған екен. Кейін, Қалмақ республикасындағы салтанатты кездесу кезінде батырдың зиратынан алынып, шайы шүберекпен оралған хрусталь ыдысқа салынған топырақ Еркінбек Тұрысовқа табысталыпты. «Ол кейін Қарсыбайдың анасы қайтыс болғанда оның қабіріне, анасының жастығына қойылды. Батырдың анасының бейіті қазіргі Төрткүл ауылында», – дейді Еркінбек аға....Міне, бізге жазушы Еркінбек Тұрысов осындай әсерлі әңгіме айтып берді. Естігендерімізді, аталған адам аттарын, ел, жер атауларын толық қамти алмағанымызға көңілдің қоңылтақсып тұрғаны да рас. Дегенмен Қарсыбай Сыпатаевтай батыр ағамыздың өр тұлғасын, жарқын бейнесін оқырманның көзіне елестете алсақ, мұны біз ел қорғаған батырлардың, өмірі өнегелі алдыңғы толқын өкілдерінің алдындағы парызымыз деп ұғамыз. Д. НҰРПЕЙІС. Еркінбек Тұрысовтың байланыс телефоны:
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет1 июня 2018 в 14:24
Кезінде Буденный шомылған «Түркістан» моншасы жермен-жексен болды Шымкенттегі талай ұрпақтың көзін көрген әйгілі «Түркістан» моншасы бұзылып жатыр. Енді бірер күнде оның орны ғана қалмақ. Қаланың жаңа жоспары бойынша ол тұрған жердің үстінен Қонаев даңғылы өтетін болады. Кешегі сейсенбіде біз «Түркістан» моншасын барып көрдік. Онда моншаны бұзу жұмыстары қауырт жүргізіліп жатыр. Арнайы техника қабырғаларды құлатып, бульдозер сүріп, жұмысшылар жарамды құрылыс материалдарын іріктеп, «КамАЗ» көліктері қоқыс пен материалдарды артып әкетуде. «Моншан… — Читать дальше
ы бұзуға 23-мамырда кіріскенбіз. Жұмыстарды аяқтау үшін 10 күн уақыт берілген. Үлгеруге тырысып жатырмыз», – деді бізге осындағы жұмыстарды басқарып жүрген Батырхан есімді жігіт. Моншаның шатырын бұрынғы иесі бұзғызып әкетіпті. Ал қабырғаларды арнайы техника қатты күшпен соққылап құлатып жатқанына қарамастан кірпіштердің көбі бүтін күйінде дерлік түсіп жатыр, олардың әлі де құрылысқа жарамдылығы көрініп тұр. «Кеше бізге осы маңда тұратын бір қария келген. Айтуынша, бұл моншаның салынғанына 125 жыл болған көрінеді. Жасы 80-нен асқан ақсақал бұл монша менің бала кезімде бар болатын деп айтты», – деді Батырхан біздің қойған сұрағымызға орай. Біз бұдан кейін осы маңдағы үйлердің бірінде тұратын Оксана есімді апамен сөйлестік. Ол кісінің жасы 70-те екен. «Бұл біздің әке-шешелеріміздің де көзін көрген монша, – деді Оксана әжей. – Үлкендер оған Шымкентке келген кезінде маршал Буденныйдың шомылғанын айтып отыратын. Бұл шамамен 1930-жылдар болса керек. Қалай дегенде де «Түркістан» моншасы – қаламыздағы ең алғашқы, ең көне қоғамдық монша. Бұрын жұрт суы таза, шипалы деп оған көп баратын. Өйткені оның жұмысына қажетті судың бәрі Қошқарата бұлақтарынан алынып тұрған. Су тікелей бұлақ көзінен тартылған ағаш құбырлар арқылы жеткізіледі деп еститінбіз. Моншаға осы төңіректің бүкіл адамдары баратын. Ол демалыссыз, күнде таңғы сағат 9-дан түнгі 10 – 11-лерге дейін істейтін. Адамдар сағаттап кезек күтетін кездері болған. Кір жуатын бөліміне үйдегі төсек жаймаларын апарып, ақысына жуғызып алатынбыз. Мен жақын маңдағы Тұрысов көшесінде тұрамын. Біздің үйлер де ескі, салынғанына 100 жылдан асқан, ол туралы үлкендерден естігенбіз. «Түркістан» моншасы да кемінде бір ғасыр жасаған болар деп ойлаймын». Оксана әжей осылай дейді. Ал сол маңнан өтіп бара жатқан бір өзбек кісіні сөзге тартқанымызда ол өзінің үлкендерден «Түркістан» моншасының 1928-жылы пайдалануға берілгенін естігенін айтты. Қалай болғанда да «Түркістан» моншасының тарихы тереңде жатқаны анық. Өйткені ол тұрған «Түркістан» көшесінің өзі сонау 1870-жылдары салына бастаған екен....Сонымен енді бірер күнде қаламыздағы ең алғашқы салынған қоғамдық моншаның тегістелген орны ғана қалмақ. Одан кейін сол маңдағы тағы да бірнеше ондаған үйлер сүріледі. Барлық ғимарат иелеріне тиесілі компенсациялар төленіп те қойыпты. Енді көп ұзамай осы аумақтан Қонаев даңғылы әрі қарай жалғастырылып, келешекте оның бір шеті «Забадам» аталып жүрген ауылға барып қосылады екен. Т. ТҰРАН.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет1 июня 2018 в 9:27
Сіз анаңызды мейрамханаға шақырдыңыз ба? Үйленгеніме 20 жыл болғанын атап өтуге дайындалдым. Мақсатым – әйелімді разы қылып, тосын сый жасау еді. Кешкісін сөз бастадым. «Өмірлік жолдасым, балаларымның анасы, сүйгенім, сені қалаған мейрамxанаңа қонақ етейін», – дедім. Әйелім жай ғана күлімсіреп: «Балаларымның әкесі, 20 жылдық өмірді атап өтуге менен де сені көбірек сүйген, менен де саған жақын бір әйел бар, соны шақырмайсың ба?» – деді. Шошып кеттім. «Не дейсің? Қай әйел жайында айтып тұрсың? Менің сүйгенім сен ғана», – дедім қызбаланып. «Жоқ, с… — Читать дальше
ені менен де көбірек сүйетін сол әйелді шақыр. Ол – сенің анаң. Анаңды мейрамxанаға шақырып, бір сыйламайсың ба?» – деді. Әйелімнің сөзі жүрегіме қанжар ұрғандай болды. Ақырғы рет анаммен қашан мейрамxанада отырғанымды ұмытып қалыппын. Әкемнің өлгеніне 19 жыл болыпты. Содан бері анаммен бір сағат отырып сырласпаппын, шүйіркелесіп отырып тамақ та ішпеппін. Әйеліме риза болдым да, телефонды алып, анама телефон шалдым. «Апа, демалыс күні мен сізді қалаған мейрамxанаңызға мейман етейін. Келесіз бе?» – дедім. Сөйтсем ананың жүрегі басқа екен: «Балам, не болды, тыныштық па? Келінмен ұрсысып қалдың ба? Әлде немерелеріме бір нәрсе болды ма?» – деп сұрақтың астына алып жатыр. «Тыныштық, апа. Жай ғана сізбен оңаша отырғым келді», – десем: «Айналайын балам, садағаң кетейін! Сен шақырсаң жоқ деймін бе, әлбетте барамын. Бірақ маған үлкен мейрамxана керек емес. Есіңде ме, әкең тірі кезде ауылдың шетінде бір кішкене кафе бар еді ғой, сол жерге барайық», – деді анам. «Болды, апа, демалыс күні барамын», – дедім жүрегім тулап. Демалыс күні машинаммен өзім өскен, жалғыз анам тұрып жатқан қара шаңыраққа келсем, анам мені тағатсыздана күтіп сыртта жүр екен. Мен жанына келіп тоқтадым. Апам сондай сұлу болып кеткен. Көңіл бөліп, апамның үстіне қарап: «Бұл көйлекті қайдан алдыңыз? Керемет жарасып тұр сізге», – дедім. «Е-е, осыдан 19 жыл бұрын өлер алдында әкең алып берген көйлек қой», – деді апам онша мән бермей. Сонда осы уақытқа дейін анама бір рет те жаңа көйлек әпермегенімді ойлап жүрегім шым етті. Сонымен ауылдың шетіндегі жұпынылау кафеге келіп отырдық. Даяшы қыз ас мәзірі жазылған қағазды қолымызға ұстатты. Тамақтың біраз түрі бар екен. Қарасам, байғұс анамның көзі жетпей қиналып отыр. «Апа, мен оқиын», – деп жазылған тамақ атауларын оқи бастадым. Апам көзіне жас толып: «Кішкене кезіңде сені алып келетін едім, бүгін, міне, сен маған қызмет жасап жатырсың. Ендеше бүгін тамақты сен таңдап әпер», – деді шаттанып. «Анашым, ақылсыз балаңды кешір! Қарызыңды өтейтін уақыт келді. Осынша жылдар қарыздарымды өтемей келіппін», – деп іштей езіліп, өкініп отырмын. Апам аз ғана тамаққа тапсырыс берді. Тек сөйлеп отыр. 2 сағат, 3 сағат отырдық, апамның әңгімесі таусылар емес, марқұм әкем жайында, бауырларым жайында, менің балаларым жайында әңгіме бітер емес. Кафе жабылар кезде алтын анашымды машинаға отырғызып, үйге апардым. Жолда апам өзін көршілерінің, құрбыларының асыға күтіп отырғанын айтты. «Сен телефон шалғалы бері барлығына мені ұлым мейрамxанаға шақырды деп мақтана айтып едім, олар енді не болар екен деп күтіп отыр. Құдай қаласа, қазір барып, бәрін айтып беремін», – деді апам мақтанышпен. Машинадан түсерде апам менің маңдайымнан сүйіп: «Алтыным, балам, бұл кездесудің мен үшін қандай бақытты кездесу болғанын білген жоқсың. Балам, сенен бір өтінішім бар, жоқ демегін, уәде берсең, айтайын», – деді. «Апа, уәде берем, айтыңыз». «Онда менің өтінішім, осы кафеге тағы бір рет отырсақ. Менің ішімде әлі айтарым көп, сенің дидарыңа, жарық маңдайыңа тойған жоқпын». «Апажан, сен айтқан күні келемін», – десем: «Менің бір шартым бар», – деді. «Не шарт?» «Келесі келгенде кафенің ақшасын мен төлейін. Сенің бала-шағаң бар», – деді. «Мақұл», – деп келістім де, үйге қайттым. Бір жұма өткенде кенеттен суық xабар келді. Мен апамның шақыруын тағатсыздана күтіп жүрсем, анам дүниеден өтіпті… Бауырмал, мейірімділік символы болған қайран анам, бірнеше жыл болған басындағы қатерлі ісік жайында айтпапты баласына. Анамды арулап, ақырғы сапарға шығарып салдық. Бір күні апам екеуміз отырған кафеден шақыру келді. «Осы біздің кафеден екі адам қонақ болып кетсеңіздер» деген. Әйелім екеуміз бардық. Апам екеуміз отырған үстелді жасап қойыпты. Даяшы қыз бір конвертті қолыма ұстатты. Конвертті ашып, оқысам, онда мынадай сөздер бар екен: «Алтыным, балам! Жаным, көзімнің қарасы, нұрым! Сенімен қайта кездесеріме көзім жетпеді. Себебі сендер менің қатерлі дертпен ауыратынымды білмейтін едіңдер. Міне, бүгін өмірлік жолдасың екеуің мені естеріңе түсіріп, жақсы демалып кетіңдер. Сені сүйген, сен үшін жанын беретін, сен үшін құрбандыққа дайын болған апаң», – деп жазып қойыпты. Анам тіпті кафенің ақысын да төлеп қойған екен. Менің жүрегім жылап тұрды. Бақұл бол, қайран анажаным! Кешір ақымақ балаңды......Құрметтілерім, ақырғы рет анаңызбен қашан сырластыңыз, оны қашан мейман еттіңіз? Анаңыз үшін дұға жасадыңыз ба? Алла ата-анасы барлардың ардақтыларына баянды ғұмыр берсін! Дүниеден өткендерін Алла өз раxымына алсын! Бардың қадірін бағалайық, ағайын! Ардақты.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет1 июня 2018 в 8:54
Ар-намысты алтыннан биік қойған Анайя 2012-жылы Испанияда ұйымдастырылған халықаралық жеңіл атлетика жарысында алыс қашықтыққа жүгіруден Лондон Олимпиадасының күміс медаль иегері Абель Мұтай бәсекелестерінен ат шаптырым озып алда келе жатты, мәреге бар-жоғы оншақты метр ғана қалған болатын… Ол соңында журналистерге берген сұхбатында: «Мен өзімді мәреге жетіп қойдым деп ойладым. Қуанғаным соншалық, басымды еңкейтіп, қолымды жоғары көтеріп, бір орында секіре бердім. Ал басымды көтерген кезде жанкүйерлер маған бір нәрсе деп айқайлап, қолдарын ер… — Читать дальше
беңдетіп жатты. Мен испанша білмейтіндіктен олардың не айтып жатқанын түсінбедім. Артымдағы бәсекелестердің әлдебіреуі мені қуып жетіп, алға қарай итеріп қалып мәре сызығынан өткізіп жіберген кезде ғана бұл жарыстан енді ғана озғанымды түсіндім», – деп болған оқиғаны айтыпты. Оны итеріп мәре сызығынан өткізіп жіберген желаяқ – Испания спортшысы Иван Фернандес Анайя болатын. Оның Мұтай осылай не болғанын түсінбей жатқан кезде мәре сызығынан бірінші болып өте шығып, аса мол ақшалай сыйлықпен қатар Әлем чемпионы атағын алатын мүмкіндігі бар еді. Бірақ ол оны пайдаланбады. Өзінен: «Сіз бұл бәйгеде озып келуді армандаған жоқ па едіңіз?» – деп сұрағанда, ол ешбір ойланбастан: «Армандап едім», – деп жауап берген болатын. Және ол өзінің осы жолғы әрекеті туралы: «Бүгінде адамдар өтірікші, алдамшы, дүниеқоңыз, өз басының қамын ғана ойлайтындарға куә болуда. Бұндай жамандықтар тек саясатта ғана емес, спорт әлемінде де болып жатқанын мен білемін. Сондықтан бұл мүмкіндікті пайдаланып, озып кетер болсам, мен өзімді кешірмес едім. Ар-намысым маған қандай болмасын жоғары сый-сияпаттан, алтын медальдан да жоғары болмақ», – деп түсіндіріпті. Бұл әрекетімен адал испан азаматы чемпиондықтан да артық абыройға ие болған еді. А. ТОЙШЫБАЙҰЛЫ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет1 июня 2018 в 8:19
Қалта телефонын қалыптан көп қолданбаңыз Ұялы байланыс және мобильді интернет соңғы жылдары кеңінен таралған.Ұялы байланыстың негізі электромагниттік сәулелену болып табылады. 15 жылдан астам уақыт бойы халық мұндай байланыстарды кеңінен қолданып келеді. Осы уақытта оның қоғамдық денсаулыққа тигізетін әсері мен оны жоққа шығару қаупін дәлелдейтін көптеген зерттеулер жүргізілді. Ұялы байланыстың ықтимал зиянды төмендету және халықтың денсаулығын сақтау үшін заманауи коммуникациялардан бас тартпастан, нормаларды және пайдалану ережелерін сақтауғ… — Читать дальше
а болады. Радиотехникалық қондырғылар (РТО) мен қайта құру және орналастыру жобаларында санитариялық-эпидемиологиялық есеп «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар мекеменің иесін мұндай есеп айырысуды жүргізу үшін қажетті деректермен қамтамасыз етеді, сондай-ақ осындай есептеулер үшін қажетті деректермен өзара алмасуды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта электромагниттік өрістердің (ЭМӨ) организмнің иммунологиялық реактивтілігіне теріс әсерін көрсететін деректер жеткілікті жинақталған, бұл иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. ЭМӨ сәулелену аймағында ұзақ уақыт бойы болған адамдар әлсіздік, шаршау, жады жоғалту, ұйқының бұзылуы туралы шағымданады. Жиі байқалатын бұл белгілер автономдық функциялардың бұзылуымен байланысты. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуы әдетте нейроциркуляторлық дистониялар: импульстің және қан қысымының жоғарылауы, гипотонияға бейімділік, жүректегі ауырсыну және тағы басқа. Әйелдердің жүктілік кезінде эмбрионына электромагниттік өрістің нақты әсері мүмкін екендігі туралы пікір айтылды. Жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесі әйелдердің электромагниттік сәулеленумен байланысты болуы баланың мерзімінен ерте туылуына әкелуі, ұрықтың дамуына әсер етуі және ақырында туа біткен кемістіктердің даму қаупін арттыруы мүмкін деген қорытындыға әкеледі. Қорытындылай келе, электромагниттік өрістің адам денсаулығына жағымсыз әсер ететініне қарамастан, қазіргі уақытта ұялы антенналарсыз өмір сүре алмаймыз деп айта аламыз. Бірақ сіз оны қалыпты түрде пайдалансаңыз және рұқсат етілген уақыттан асырмасаңыз, өзіңізді түрлі жайсыздықтардан құтқара аласыз. Н. МАМАШ, А. ГОЛОВАНЬ, Оңтүстік Қазақстан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас мамандары.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет31 мая 2018 в 14:44
ҰБТ-да ұту үшін… Оқу жылы аяқталып, мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тест сынақтарын тапсыратын күні де таяп келеді. Ол жақындаған сайын мектеп бітіруші баланың ұйқысы қашып, мазасызданатыны рас. Осы орайда педагог-психолог Алма ҚҰТТЫБАЕВА мынадай кеңес береді: 1. Оқушы, ата-ана, мұғалім ҰБТ-дан күтілетін нәтижеге байланысты өздерінің күмәнді ойларын өзгертіп, қуанышқа бағдарланған ойларға бойларын үйретуі керек. Адам бір нәрсеге теріс баға берсе, соған қатысты оның жан-дүниесін жағымсыз эмоция жайлап алады. Жағымсыз эмоция есте сақта… — Читать дальше
уға, зейінді шоғырландыруға, тест тапсырмаларының мазмұнын түсінуге үлкен кедергі келтіреді. 2. Ата-анадан мейірім, шыдамдылық, төзімділік, балаларын кез келген сәтте қолдай алатындай парасат керек. Себебі ҰБТ – өмірдегі бір ғана баспалдақ, ол бала өмірінен, денсаулығынан артық маңызға ие бола алмайды. 3. ҰБТ тапсырғалы тұрған баланы «біз неге болса да дайынбыз», «біз сені әрқашан жақсы көреміз» деген сияқты оптимизм, жақсы көру сезімін танытатын, сабырлылыққа шақыратын сөздермен қоштау керек. 4. ҰБТ тапсыруға психологиялық даярлықты оқушылардың өз уақыттарын дұрыс пайдаланулары да анықтайды. Оның өзінде әрбір 30 минуттан кейін үзіліс жасап, демалған жөн. Бірақ бұл үзіліс 3 – 5 минут қана болуы керек. Ал әрбір екі сағаттан соң 20 – 30 минуттық үзіліс жасаған жөн. Жалпы, тестке күніне 6 – 8 сағат дайындалған дұрыс. Үзіліс кезінде теледидар көру, музыка тыңдау, агентте отыру дұрыс емес. Бұл кезде қозғалыс, қимыл қажет. Сонымен қатар тестке даярлық кезінде бала әдеттегіден бір-екі сағат ұзағырақ ұйықтағаны дұрыс болады. Бала уақытымен тамақтанып, дем алуы керек. 5. Балаға «ұйқы ашуға жақсы» деп кофе, шай беруге болмайды. Сынаққа дайындалып жүрген балалардың жүйке жүйесінде қозу процесі өзінен-өзі аса жоғары болады. Оның үстіне ащы немесе көп мөлшердегі кофе, шай бұл процесті одан сайын арттырып жібереді. Соның нәтижесінде зейін тұрақсыз, шашыраңқы болып, бала материалға зейін қоя алмай, оның дайындығына зияны тиеді. 6. ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу қажет? Ең алдымен бір рет оқып қоя салғаннан материалдың ұмытылып қалатынын білген жөн. Материалды бір рет оқып алған соң 10 – 20 минуттан кейін оны тағы бір рет оқып шыққан дұрыс. Одан кейін, 4 – 5 сағаттан соң есте қалғанды жазып, сызып, бейнелеу керек. Тағы бір рет бір-екі тәуліктен кейін оқып шыққан дұрыс. Сонда әр материалды үш реттен қарастыру ұзақ мерзімді еске сақтауға мүмкіндік береді. 7. ҰБТ кезінде тест тапсырмаларын бір қарап шығып, өте жақсы білетіндерді бірінші орындаған дұрыс. Қиындық туғызған тест тапсырмаларының жауаптарын соңына дейін мұқият оқыған жөн. Бірақ олардың арасынан бірінші кезекте дұрыс жауапты іздемеу керек. Алдымен дұрыс емес жауаптарды анықтап алған абзал, соңында дұрыс-ау дегені қалады. Сонда дұрыс жауап беруге мүмкіндік артады. 8. Тест тапсыру кезінде қасыңдағы балалармен ешқандай қарым-қатынас болмағаны дұрыс. Ол өзіңе де, оларға да пайдалы бола қоймас. «Ерте бітіп қойдым» деп уақыттан бұрын шығып кеткенше, тест жауаптарын ең соңында тағы бір оқып, қарап шығу керек. Сынаққа дайындалуда, сынақ кезінде тыныштандыратын немесе белсенділікті арттыратын дәрі ішуге болмайды. Бұл әрекет теріс нәтиже беруі мүмкін. 9. Жалпы, сынақтан әр кезде білімділер мен психологиялық даярлығы жоғары оқушылар өтеді. Сондықтан ҰБТ кезінде барынша ерік-жігер жұмсап оқу керек. Бірақ тым жоғары мақсат қойып, өзіңе артық үміт артуға болмайды. С.ИКРАМҚЫЗЫ
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет31 мая 2018 в 11:48
Елбасы Н.Назарбаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған үндеу жолдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай қазақстандықтарға үндеу жариялады. Үндеу мәтіні «Егемен Қазақстан» басылымында жарық көрді. Құрметті отандастар! Біз бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтеміз. Біз ХХ ғасырда халқымыздың басынан өткен қасіретті оқиғалардың түп-тамыры мен себептері неде екенін терең түсінуіміз керек. 1917 жылы болған Қа… — Читать дальше
зан саяси революциясы мен одан кейінгі Азамат соғысы, дәстүрлі өмір салтының күйреуі, сондай-ақ Кеңес билігі жүргізген ауыл шаруашылығын жедел ұжымдастыру науқаны және оған ілесе келген жаппай ашаршылық пен зорлық-зомбылық елдің эволюциялық дамуын күрт үзді. Соның салдарынан халқымыз бүкіл әлем тарихында сирек болатын алапат демографиялық шығынға ұшырады. 1929—1933 жылдары 2 миллионға жуық адам қаза болып, тағы миллиондай адам жан сауғалап, елден босып кетті. Одан кейінгі саяси репрессия қазақ қоғамының элитасын жаппай қырғынға ұшыратты. Саяси себеппен 103 мың адам сотталып, оның 25 мыңы ату жазасына кесілді. Қазақстан аумағында 11 жазалау лагері құрылып, онда сотталғандар мен олардың отбасылары адам төзгісіз қиын жағдайда күн кешті. Қуғын-сүргіннің зобалаңын қазақтар ғана емес, Қазақстанға еріксіз, күшпен жер аударылып келген 1,5 миллион өзге этнос өкілдері де көрді. Қазақ халқының жанашырлығы мен көмегінің арқасында олар жан сақтап, аман қалды. Мұның бәрі – «коммунизмнің жарқын болашағы» атты жалаң ұранмен жасалған қасіретті тәжірибенің салдары. Эволюциялық дамудың орнын революция басқанда, осылай болады. Еліміздің әр қиырында бой көтеріп жатқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументтері – қазақ жерінен пана тапқан сан түрлі халықтардың шынайы ризашылық көңілінің көрінісі. Орасан шығынға ұшырағанына қарамастан, біздің халқымыз өзінің бірегей ұлттық болмысы мен асыл қасиеттерін сақтап қалды. Қатыгездікке бой алдырған жоқ, сан ғасырлық даналығын да жоғалтпады. Бірақ, еліміз басынан өткен осынау сұмдық сынақтарды ешқашан ұмытпайды және ең ұлы қазына – Тәуелсіздікті бағалап, сақтай біледі. Тарихымыздың осы ащы тағылымы оны Қазақстанның қазіргі ұрпағының жадына тоқып, зердесіне түйе білуімен құнды болмақ. Сондықтан Қазақстандағы әлеуметтік бірлік пен ұлтаралық келісім, елдің тұрақты экономикасы мен биік халықаралық абырой-беделі халқымызды ХХ ғасырда бастан кешкен зобалаңдардан сақтай білетін сенімді кепіл болып саналады. Өткен ғасырдың қасіретті кезеңдерін енді ешқашан қайталамау үшін біз бұл жетістіктерді бағалай білуге тиіспіз, — делінген үндеуде.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет31 мая 2018 в 9:56
Өндірістік бақылау – маңызды мәселе Бүгінде өндірістік бақылау арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету де – маңызды істердің бірі. Осыған орай 2009-жылғы 18-қыркүйекте елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 193-ІV Кодексі шыққан. Оның 144-бабы 6-тармағына сәйкес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы өкілетті орган тарапынан көптеген нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, қолданысқа берілген. Соның бірі – Ұлттық экономика министрлігінің 2016-жылғы 6-маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген «Өндірі… — Читать дальше
стік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары. Өндірістік бақылаудың мақсаты – объектіде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу арқылы өнімнің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады. Зертханалық – аспаптық өлшеулердің ұсынылатын көлемдері, өлшем шарттары және кезеңділігі № 239 Санитариялық қағиданың № 1 қосымшасында көрсетілген. Өндірістік бақылау объектілері Ұлттық экономика министрлігінің 2015-жылғы 30-мамырдағы «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» № 414 бұйрығымен бекітілген өнім және эпидемиялық маңызы бар объектілер болып табылады. Өндірістік объектілерде жүргізілетін өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақтағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына жарты жылда 1 рет, кейінгі айдың 5-күніне осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады. Денсаулық сақтау объектілері, коммуналдық, өнеркәсіптік гигиена, радиациялық гигиена объектілері, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, интернаттық ұйымдары мен тамақ өнімдерін өндіру және айналымы объектілерінде зертханалық – аспаптық өлшеулердің ұсынылатын көлемдері, өлшем шарттары және кезеңділігі осы Санитариялық қағиданың 1-қосымшасында берілген. Өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеуді дара кәсіпкер, заңды тұлға өз бетінше немесе санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдарды тарта отырып жүзеге асырады. Жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақтылығын, толықтығын және дәйектілігін қатамасыз ету дара кәсіпкердің және заңды тұлға басшысының бұйрығымен тағайындалатын лауазымды тұлғаларға жүктеледі. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 90-бабындағы 4-тармағының 4-тармақшасында «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес, ҚР заңнамасы негізінде өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті екендігі» айтылған. А. МОНТАЕВА, Шымкент қаласындағы әл-Фараби ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет31 мая 2018 в 7:35
Өндірістік бақылау – маңызды мәселе Бүгінде өндірістік бақылау арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету де – маңызды істердің бірі. Осыған орай 2009-жылғы 18-қыркүйекте елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 193-ІV Кодексі шыққан. Оның 144-бабы 6-тармағына сәйкес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы өкілетті орган тарапынан көптеген нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, қолданысқа берілген. Соның бірі – Ұлттық экономика министрлігінің 2016-жылғы 6-маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген «Өндірі… — Читать дальше
стік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары. Өндірістік бақылаудың мақсаты – объектіде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу арқылы өнімнің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады. Зертханалық – аспаптық өлшеулердің ұсынылатын көлемдері, өлшем шарттары және кезеңділігі № 239 Санитариялық қағиданың № 1 қосымшасында көрсетілген. Өндірістік бақылау объектілері Ұлттық экономика министрлігінің 2015-жылғы 30-мамырдағы «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» № 414 бұйрығымен бекітілген өнім және эпидемиялық маңызы бар объектілер болып табылады. Өндірістік объектілерде жүргізілетін өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақтағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына жарты жылда 1 рет, кейінгі айдың 5-күніне осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады. Денсаулық сақтау объектілері, коммуналдық, өнеркәсіптік гигиена, радиациялық гигиена объектілері, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, интернаттық ұйымдары мен тамақ өнімдерін өндіру және айналымы объектілерінде зертханалық – аспаптық өлшеулердің ұсынылатын көлемдері, өлшем шарттары және кезеңділігі осы Санитариялық қағиданың 1-қосымшасында берілген. Өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеуді дара кәсіпкер, заңды тұлға өз бетінше немесе санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдарды тарта отырып жүзеге асырады. Жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақтылығын, толықтығын және дәйектілігін қатамасыз ету дара кәсіпкердің және заңды тұлға басшысының бұйрығымен тағайындалатын лауазымды тұлғаларға жүктеледі. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 90-бабындағы 4-тармағының 4-тармақшасында «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес, ҚР заңнамасы негізінде өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті екендігі» айтылған. А. МОНТАЕВА, Шымкент қаласындағы әл-Фараби ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет31 мая 2018 в 7:32
Мухибулла имамның бесінші мәрте үйленгені рас па?
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет30 мая 2018 в 14:34
Түркіменстанда азық тапшылығы тереңдеп барады Түркіменстанда азық-түлік тапшылығы туындағанын біз газетіміздің өткен нөмірлерінде жазғанбыз. Әсіресе ұн жетіспей, жұрт бидай кебегін, қатты жүгері ұнын пайдаланып жатқанын айтқанбыз. Бұл елде азық-түлік дағдарысы 2016-жылы басталған болатын, өткен жылдың желтоқсан айынан бері тіпті қиындап тұр. Бүгінде елдің басқа аумақтарын айтпағанның өзінде Ашхабадтағы азық-түлік дүкендерінің алдынан ұзын-шұбақ кезекте тұрған адамдарды көруге болады. Осыған орай азық-түлік бағасы да шарықтай өсуде. Ел билігі те… — Читать дальше
к қана жетістіктер жайында жариялап, жағдайды жасыруға тырысқанымен бүгінде Түркіменстанның ахуалынан әлем құлағдар болып отыр. Т.ТҰРАН
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет30 мая 2018 в 7:44
177 мың доллар жұмсап, 560 адамды түрмеден босатты Біріккен Араб Әмірліктерінде тұратын үндістандық миллиардер Фироз Мерчант қасиетті Рамазан айының құрметіне үлкен бір сауапты іс жасады. Ол осы ел түрмелерінен босатылғанымен тұрғылықты жеріне жете алмай жүрген 500-ден аса адамға көмек көрсетті. Зергерлік компанияның иесі Ф.Мерчант бұл адамдардың қажеттілігіне 177 мың доллар қаржы жұмсады. Ақша қарызын өтей алмағандықтан түрмеде ұсталып, үйіне, еліне жете алмай жүргендерге жұмсалмақ. Ол Аджман әмірлігінің түрмелерінен шыққан 300 адамға, елд… — Читать дальше
ің басқа аумақтарындағы қамақтардан босаған тағы да 260 адамға осындай жәрдем көрсетіп отыр. Негізінен бұл адамдардың бәрі қылмыскерлер емес, олар – жұмысынан айырылып қалғандықтан, бизнесі банкротқа ұшырағандықтан, тағы басқа осыған ұқсас жайлардан соң қарызға батып, ақырында қамауға алынған жандар. Ал Ф.Мерчант мұндай қайырымдылық іспен кейінгі бірер жылдардан бері айналысып келеді екен. Ол осы уақытқа дейін қарызын қайтара алмауы себепті абақтыға қамалып, туған жеріне, еліне жете алмай отырған 1000-нан аса адамға қаржылай көмек көрсеткен. Ол алдымен түрмеге барып, онда отырған жандардың жағдайымен, түрмеге түсу себептерімен танысады да, сосын өзі көмек көрсетуді шешкен адамдардың тізімін жасатады. Кейін олардың бүкіл қарызын «сатып» алады, оған қоса еркіндікке шыққан адамның үйіне дейін жетуіне қажетті шығынды өтейді. Бұл мейірбан азаматтың шапағатын Бангладеш, Шри-Ланка, Үндістан, Пәкстан, Малайзия, Филиппин, Индонезия, Эфиопия, Марокко, Непал, Сирия, Йемен, Оман, Гана елдерінің, тіпті іргеміздегі Өзбекстанның бірнеше азаматтары да көріпті. Осындай мақсатқа ол өткен 2017-жылы ғана 1 миллион доллар қаржысын жұмсаған екен. Т.ТҰРАН
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет30 мая 2018 в 7:22
«70-тегі отағасының тағы да әйел алуына қарсы емеспін», – дейді Жеңісгүл Ермұқамет Тоқал. Бұл сөз қазіргі қоғамда әйелдердің құлағына түрпідей тиетіні рас. Әрине, кім өзінің сүйіп қосылған жарын өзгемен бөліскісі келер дейсіз?! Әйтсе де арамызда тоқал болуды қолдайтын, тіпті өзі тоқал бола тұра күйеуіне үшінші әйел алып бергісі келетін бір әйел бар. Ол – Жеңісгүл Ермұқамет. Қытайдың Алтай өңірінде туып-өсіп, өзінен 25 жас үлкен кісіге тоқал болған Жеңісгүл ханым «Замананың» тілшісіне арнайы сұхбат берді. – Жеңісгүл, жолдасыңыз Мұхамеди мырзамен… — Читать дальше
қалай танысып едіңіз? Әңгімемізді осыдан бастайықшы. – Ол кісімен 1995 – 1996-жылдары танысқанбыз. Мен ол кезде Алтай қаласындағы зергерлік бұйымдар шығаратын үлкен фирмада бас техник болып жұмыс істейтінмін. Фирма жұмысшылары кілең қытайлар, арасында екі-ақ қазақ едік. Қазақтан мұндай өнерді меңгергендер ол кезде некен-саяқ болатын. Ал Мұхамеди мырза Көктоғай деген жердікі. Бастапқыда мұғалім болып істеген, кейін жеке кәсіпке бет бұрып, содан өсіп-өркендеген екен. Кәсібі өрге жүріп тұрған тұста кен қазу, асыл бұйымдарды өңдеу цехын ашпақ болады да, өзіне жұмыс істейтін қазақ іздестіреді ғой. Содан не керек, ол кісі мені өзінің мекемесіне жұмыс істеуге шақырды. «Қытайдың бизнесін өркендеткенше, өз қазағымның кәсібін көтермеймін бе?» деген оймен ұсынысын қабыл алып, бірге жұмыс істей бастадық. Арада бірнеше ай өткенде ол кісінің менде көңілі барын білдім. Екінші әйел алсам деген арманы бар екен, оны ашып айтты. «Бәйбіше төрт баладан кейін құрсақ көтермей қалды. Ал менің қазақтың санын көбейтсем деген арманым бар. Елге көшсем деген жоспарым бар. Менің жарым болуға қалай қарайсың?» – деп ұсыныс білдірді. – Қандай сезімде болдыңыз? Ол кезде жасыңыз нешеде еді? – 24-те едім. Естіген кезде құлағыма түрпідей тигені рас. «Әйелінен обал емес пе?» деген ойдан арыла алмадым. «Бұл мүмкін емес нәрсе. Мені дұрыс түсініңіз, ұсынысыңызды қабылдай алмаймын. Бірақ уәде бергесін кәсібіңіз бір жолға түскенше жұмыс істейін, өзімнен кейін қалатын бір адамды үйретейін», – дедім. Содан не керек, «кетем-кетеммен» жүргенде өзім де ол кісіге бауыр басып қалдым. Шынайы сезімі барына көзім жетті. «Кеткенде қайда барамын? Осындай жақсы адам кездесе ме, жоқ па?» деп ақырында ұсынысын қабыл алдым. Сөйтсем бәйбішесі де бұл жағдайдан хабардар болып, рұқсатын беріп те қойған екен ғой. Тек бір шарты болыпты, яғни Мұхаң өз кәсібін бәйбішеге, балаларына өткізуі тиіс. Ол кісі де, мен де бұған аса уайымдаған жоқпыз, шартын орындадық. – Әйтсе де әке-шешеңізге шешіміңізді жеткізу қиын болған шығар? Өзіңіздің 25 жас үлкен, балалы-шағалы азаматпен бас қосатыныңызды олар қалай қабылдады? – Анам қарсы болды. Ақылын айтты, қой деді. Ал әкем қарсы сөз айтпады. «Балам, сенің талғамыңа сенемін. Пешенеңе жазылған тағдырың осы шығар. Кейін өзіңнің өкінбейтініңе көзің жетсе, осы кісімен сыйласып тұра аламын десең, онда ақ батамды берейін», – деді. Мұхаң ол кезде біздің өңірге танымал азамат болатын. Шамасы, сол да ықпал еткен болса керек. Қысқасы, біз осылай шаңырақ көтердік. Біраз уақыт құжаттарды туралай алмай жүрдік. Себебі ол өңірде тоқал алу, екінші мәрте үйлену деген нәрсе жоқ. Бұл Қытайдың заңына да қайшы негізі. Үйленген жағдайда да балалы болуға тыйым салынған. Себебі ол еркектің бірінші әйелінен балалары бар. Екіншісінен балалы болуға рұқсат жоқ. – Содан ол мәселенің шешімін қалай таптыңыздар? – Үйлене сала елге кетеміз деп ойлағанбыз ғой. Бірақ құжат туралаудың, сол жақтағы кәсіптің мәселесімен ойлағанымыз іске аспады. Сөйтіп жүргенде жүкті болдым. Бірақ алғашқы екі балам шетінеп кетті. Одан кейінгі бойыма біткен баланы Қытай заңы бойынша алдыртуыма тура келді. – Ана үшін баладан айырылу оңай емес… – «Құдайым-ай, мен қандай елде, қандай қоғамда өмір сүріп жүрмін?!» деп күні-түні жылаған кездерім көп болды. «Алла берген баланы өлтіріп күнәға батып жүрмін» деп өзімді әбден жазғырушы едім. Бірақ енді амал жоқ қой, бойыңа бала біткеннен дәрігерге баруға міндеттісің. Олар арнайы дәрі ішкізіп, түсік жасайды. Қайғырамын, күндер өте ұмытылады. Кейін тағы осы жағдай қайталанады. Қысқасы, осылай күн кештік. Ақырында баламды жасырын түрде туамын деп шешім қабылдадым. – Қалай болды сонда? – Басқа, бізді ешкім танымайтын бір ауылға бардық. Ол кезде қазіргідей интернет те дамымаған, қалай босану керегін де білмеймін. Әйтеуір тәуекел еттім. Жолдасым «Аллаға аманатсың. Бірге жүрсек көптің көзіне түсіп қаламыз», – деп тастап кетті. Баланың кіндігін кесетін пышақ, басқа да қажетті заттарды салып алғанбыз. Солармен әупірімдеп жүріп өзім босандым. Қазір ойласам, сол кездегі әрекетім ерлікпен тең екен ғой. Есіме алсам, қорқып кетемін. – Елге қай жылы келдіңіздер? – 2004-жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына, Марқакөл ауылына көшіп келдік. Келгесін баяғы кен іздеу, асыл тастарды өңдеу саласы бойынша еңбек етсек деп ойлағанбыз. Сол мақсатпен кейін Ұлан ауданындағы Асубұлақ кентіне қоныс аудардық. Бірақ бізге билік тарапынан рұқсат берілмеді. Елбасына дейін хат жаздық, еш қайран болмады. Соңынан олай болса бізге жер беріңіздер, мал бағып күнелтейік деп өтініш білдірдік. Асубұлақ кенті өндірістік саламен айналысатын өңір болғасын жайылымдық, шабындық жерлер жоқ деген жауап алдық. Ондай жағдайда Асубұлақта тұрудың не қажеті бар? Балалар білім алатын жерге кетейік деп Астанаға көштік. Ауылдағы үйімізді сатып, Астананың шет жағынан шағын баспана сатып алып едік, атымызға аударып үлгермей жатып-ақ «сносқа» кетті. Сонымен үй де, ақша да жоқ, далада қалдық. Үйдің кезегіне тұрайық десек, Асубұлақта атымызда үй болғаны кедергі келтірді. Бес жыл өтпей кезекке тұра алмайды екенбіз. Сондықтан қазір бір жатақхананың бөлмесінде тұрып жатырмыз. Әкімшіліктікі екен, көпбалалы ана болғасын уақытша паналауға рұқсат берді. – Қытайда жағдайларыңыз жақсы болған екен, қазір осылай үйсіз-күйсіз жүргендеріңізге өкінбейсіздер ме? – Алдымен Алла, сосын қазағым деген жандармыз. Біз үшін қазақтың топырағына аунап жатқанымыздың өзі бір бақыт. Елге аман-есен келіп алғанымызға шүкір деп отырмыз. Жұмыстың да реті болмай тұр. Қытайда жүріп тапқан екі бала мен елге келгесін көрген алты баланың барына шүкір, қара су мен қара нан жесек те разымыз. Перзенттеріміз оқып, қызметке тұрса, бұл күн де ұмытылар деген үміттеміз. – Ниеттеріңізге жетіңіздер! Енді Мұхамеди мырза жөнінде айтып беріңізші. Естуімізше, ол кісі үшінші әйел алуға ниетті екен. – Жолдасым биыл 70-ке келді, денсаулығы, күш-қуаты жақсы. Үйленсем қайтеді деп жүр. Оған мен де қарсы емеспін. Әлдеқашан рұқсатымды беріп қойғанмын. Тек қазір тұрмыс жағдайын түзеп алсам деп күтіп жүр. Бұйыртса, кім біледі, үшінші мәрте үйленетін шығар. Ол енді алдағының еншісіндегі дүние. – Ал бәйбішемен қарым-қатынасыңыз қандай? – Жақсы. Ол кісіні мен «Бәйбіше» деймін. Ол менің атымды атайды. Ал балалары, келіндер мені «Жас апа» дейді. Қазір олар Қытайда тұрып жатыр. Жолдасым жылына бір-екі мәрте арнайы барып, жағдайларын біліп қайтады. Татумыз, шүкір. Мен елге келгенде ең бірінші не ойладым, білесіз бе? «Мына қазақтың кең даласында адам неге аз? Қытайдағыдай құжынаған халық жоқ қой. Мына жерге ие болатын қазақ баласы керек екен ғой», – деп ойладым. Жалпы, қазақтың көбейгені қазақтың саясаты, болашағы үшін өте маңызды. Ал қазақтың саны бір әйелден көбеймейді. Сондықтан ер-азаматтар оң босағада отырып қалған қыздарды әйелдікке алсын, ұрпақ өрбітсін, қазақтың санын арттырсын деп тілеймін. Мұны тіпті мемлекеттік деңгейдегі мәселе ретінде қарастырып, қолға алу керек. – Әңгімеңізге рахмет, аман болыңыздар! Сұхбаттасқан – С. КЕНЖАЛИЕВА.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет29 мая 2018 в 14:53
Халыққа қарсы қару қолданған полицейлер жауапқа тартылады Арменияда сәуір айында орын алған «Барқыт төңкерісінің» қызуы әлі де басылмай тұр. Кешегі аптада болған Үкімет жиынында Армения полициясының бастығы халықтың өткен шерулер кезінде өздеріне күш қолданған полицейлерді жауапқа тартуды талап етіп жатқанын жеткізді. «Азаматтар ондай полицейлердің анықталып, жауапқа тартылғанын қалайды. Осыған қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Таяу арада олардың тізімін жариялаймыз», – деді ол. Қысқасы, Армения полициясы Ереванда және елдің басқа да қала… — Читать дальше
ларында болған наразылық шерулері кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып, халыққа жұдырық жұмсаған, арнайы құралдар мен қару қолданған құқық қорғау органы қызметкерлерінің аты-жөндерін жариялағалы отыр. Олар жауапқа тартылатын болады. Арменияның арнайы тергеу қызметі бүгінге дейін осындай 50-ге тарта адамның үстінен қозғалған қылмысты істі қарауға кірісті. Премьер-министр Никола Пашинянның өзі де: «Азаматтарға шабуыл жасалған, көлігін зақымдаған оқиғалар болды. Оларға келтірілген шығынды кім және қалай өтейтінін ескеруіміз керек», – деп мәлімдеді. Сөйтіп полиция қызметкерлерінің өкілеттілігін асыра пайдалануы кезінде келтірілген зиянның бәрін анықтауға шақырды. Жоғары лауазымды шенеуніктер шеруге қатысушыларды ұрып-соғу оқиғаларын «жабулы қазан» күінде қалдыруға болмайтынын, оның мұқият тексерілуі керегін ескертті. Қысқасы, Арменияда болған халықтың бейбіт шеруін күшпен баспақ болып, асыра сілтеп жібергендер енді ертеңгі күнін ойлап, уайымға бата бастады. Т.ТҰРАН
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет29 мая 2018 в 11:44
Мәйіт шыққан үйде тамақ берілмесін дегенге қосылмаймын «Замананың» өткен аптада жарық көрген нөміріндегі «Біз неге асыра сілтеуден алдымызға жан салмаймыз?» деген мақала маған терең ой салды. Авторы Марат Борықбай дұрыс айтып отыр. Азалы үйде тамақ берілмесін деген дұрыс емес. Осы орайда бала кезімізде орын алған мына бір оқиғаны айтайын сіздерге. Бірде мал сойып, үйге қарияларды шақырғанбыз. «Шырақтарым, естеріңде болсын, – деген еді сонда ауыл молдасы бізге. – Күнәсіз адам болмайды. Адамдар мәйітті жерлеп, зираттан қырық қадам ұзаған соң мар… — Читать дальше
құмнан Мүңкір-Нәңкір сұрақ-жауап алады екен. Жақыны қайтыс болғандардың жерлеуден кейін ас беретіні марқұмның сұрақ-жауабы жеңіл болсын деген ырымнан туған. Марқұмның жетісін, қырқын, жылын беретін себебі – бір аптада мәйіттің іші жарылады, қырық күнде еті сүйектен ажырайды, ал 1 жылда буын-буындағы сіңірлер іріп түседі. Сол кезде шыбын жаны қиналмасын деп көпшілікті жиып ас беретіні содан. Осыны естен шығармаңдар. Құдайды бір деп, Пайғамбарды хақ деп, Құранды ақиқат деп білген бабаларымыз ақымақ емес. Қазіргі молдалар арабшаны жақсы білетін шығар, бірақ көбі Құранды терең түсінбейді«....Қысқасы, біреу айтты деп ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрімізден неге бас тартуымыз керек? Солар Пайғамбарымыздың марқұмның үйінде тамақ берілмесін деген хадисі бар болса, көрсетсінші. Мұсылман баласын сауаппен теңгеремін деп уәде берген Алла-тағала Пайғамбарымызға. Адамдар мал сойып жегенде, жаңалық ретінде алғашқы көкөністі, жеміс-жидекті жегенде міндетті түрде құран оқитыны – әруаққа сауабы тие берсін дейді. Әр мал сойылғанда құран міндетті түрде оқылады. Сол үшін марқұмның үйінен тамақ берілмеуі керек дегенді доғарған жөн, ағайын! Аста-төк ысырап етпе десе, онда жөн. Бұл – менің өз пікірім. Жалпы жұртты ойландырып жүрген жай болған соң өзімнің көзқарасымды білдіруді ұйғардым. Мұрат КӘУКЕНОВ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет29 мая 2018 в 8:55
Пайда көріп отырып, парыз жайын ұмытпайық Бір бай кісі жол жүріп келе жатса, қайыр сұрап отырған мүсәпірге көзі түседі. Қасына келіп: «Не себепті қайыр сұрап отырсың?» – деп сұрайды. Әлгі бейшара: «Бір жыл болды, жұмыссыз жүрмін, мырза», – деп жауап береді. «Сіз бай адам көрінесіз, маған жұмыс берсеңіз, қайыр сұрауымды доғарар едім», – деп қосып қояды. Сонда бай оған күлімдеп қарап: «Мен саған көмек берейін. Алайда ұсынарым жұмыс емес, одан да артық дүние. Сен менің кәсібіме серіктес бол. Бірігіп бизнес ашайық», – депті. Қайыршы өз құлағына өз… — Читать дальше
і сенбей: «Мырза, сіз не деп тұрсыз?» – дейді. Бай: «Менің күріш алқабым бар. Содан түскен өнімді дүкендерге сатсаң болады. Дүкенді жалдап беремін, бар болғаны күрішті сатып берсең болды. Айдың соңында бизнес серіктестер болып пайданы екіге бөлеміз», – дегенде, кедейдің көзінен қуаныштан жас тамады. «Мен 5 пайызын, ал сіз 95 пайыз пайданы аласыз ба? Мен кез-келген келісімге отыруға дайынмын», – дейді қайыршы. Бай басын шайқап: «Жоқ, сен маған пайданың тек 2,5 пайызын бер, ал 97,5 пайызы сенде қалсын», – дегенде қайыршы қатты таңқалып, айтарға сөз таппай қалады. Мұндай келісім шындыққа жанаспайтындай көрінеді. «Сен маған пайдадан 2,5 пайызын берсең, әрі қарай дамып, өсуіңе болады», – деп бай тіпті таңқалдырады. Содан қайыршы жақсырақ киім киіп, дүкенде күріш сатумен айналысыпты. Жұмысқа бар күшін салады. Таңымен ерте тұрып, түнде кеш жатып жүреді. Күріштің сапасы жақсы болғандықтан саудасы да өрлейді. Бір айдан соң ол пайдасын есептей бастайды. Сосын өзіне-өзі: «Серіктесіме 2,5 пайызды не үшін беремін? Бір ай бойы оның жүзін де көрмедім. Күнімен, түнімен қара тер болып жұмысты жалғыз өзім атқардым. Істің бәрі менің мойнымда болды. Пайданың 100 пайызын да өзіме қалдыруға әбден құқылымын ғой», – дейді. Бай айдың соңында өзінің 2,5 пайыз үлесін алуға келгенде бұрын қайыршы болған жігіт: «2,5 пайыз пайданы алуға құқылы емессің. Мен бұл үшін тер төктім, демек, ақшаның бәрі менікі», – деп жауап беріпті....Байдың орнында бизнес серіктес сіз болсаңыз, қандай күйге түсер едіңіз? Бірақ біз осындай әрекетке барып жүрміз ғой. Алла-тағала – біздің бизнес серіктесіміз. Жаратқан бізге өмір берді, әрбір тынысымыз – Алланың сыйы. Бойымызға дарын беріп, сөйлеуге, ойлауға, әрекет етуге, ақша табуға мүмкіндік берген де – Құдай. Алла-тағала мына тәнімізді, көздерімізді, құлақтарымызды, қос қолымыз бен жалғыз жүрегімізді сыйлады. Алла-тағала ойлау, қиялдау, сезіну, сөйлеу қабілетін дарытты. 2,5 пайыз (сенің зекетің) бере отырып, алғысың мен махаббатыңды көрсетесің. Пайда көріп отырып, парызың жайлы ұмытпа! Зәуре ДӘУЛЕТОВА.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет29 мая 2018 в 8:06
Рамазан айында жақсыны үйреніңіз, жаманнан жиреніңіз — Айналаңыздағы мұқтаж-ау деген бір адамды таңдап, соған ізгілікке толы, жанын жылытатын хат жазыңыз; — Ұзақ уақыт бойы сөйлеспеген ескі досыңызды кешіріп, онымен татуласыңыз; — Көршіңізге бір жақсылық істеңіз. (Тамақ дайындап апару, шайға шақыру, ауланы тазалау, т.б.); — Өзіңіздің ең сүйікті асыңызды әзірлеп, өзіңіз жемей, сонымен кедей адамды тамақтандырыңыз; — Мешіттердің біріне Құран апарып қойыңыз. (Оны оқыған әр адамның сауабы сізге жазылады); — Өзіңіз танитын барлық өмірден өткен адамд… — Читать дальше
арды тізіп жазып, солар үшін шын жүректен дұға жасаңыз. Өзіңіз дүниеден қайтқанда адамдардың сіздің артыңыздан қандай дұға жасағанын қалайтын болсаңыз, сіздің бұл дұғаңыз да сондай болсын; — Маңайыңыздан «Фатиха» сүресін білмейтін бір баланы тауып, үйретіңіз. Ол бала өмірінің соңына дейін әр оқыған сайын сізге сауап жазылады; — Жаңа хадис үйреніп, оны ұстануға тырысыңыз; — Құраннан қысқа сүре жаттап, оның тәпсірін оқып, маңайыңыздағы бір адамға айтып беріңіз; — Өзіңізді қолға алып, өсек пен ғайбатқа мүлде жоламаңыз. Мұны қатты қадағалаңыз; — Жұмыста бірге істейтін адамдарға аз-маз сыйлықтар (кәмпит, жеміс) алып келіңіз; — Ата-анаңызды қуантып, жиі құшақтаңыз, бетінен сүйіңіз. Өмірден өткен болса, дұға жасаңыз; — Ұзақ уақыттан бері хабарласпаған туыстарыңызға хабарласып, жағдайын біліңіз; — Бір-бірімен араз екі адамды тауып, татуластыруға барыңызды салыңыз; — Үйсіз хайуанды тамақтандырыңыз; — Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаяны туралы кітап сатып алып, күнде оқып тұрыңыз; — Көзіңіз, тіліңіз, жүрегіңіз кездескен жандарды сынамауын қадағалаңыз. Кемшілік көрсеңіз, сыртынан дұға етіңіз; — Кездескен жанның бәріне жылы сөз айтыңыз. — Биыл тәуекел етіп, оразаны алғаш ұстаған бес адамға сыйлық жасаңыз; — Үш жаңа жақсы қасиетке ие болыңыз; — Үш жаман қасиеттен арылыңыз; — Осы айдағы табысыңыздың 10 пайызын қайырымдылыққа жұмсаңыз; — Рамазан айында жамағатпен тарауих намазын оқыңыз; — Ауызашар ұйымдастыруға атсалысыңыз; — Ұжымдық түрде мешіт тазалығына атсалысыңыз.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет29 мая 2018 в 7:40
Екі түйе сүйкенер болса, арасындағы шыбындай өліп қалмайық Соңғы жылдарда әлемдік даму үдерісі, саяси-экономикалық қарым-қатынастар, осыған байланысты халықаралық жағдай күрделілене түсуде. Адамзаттың тыныс-тіршілігіне тек бұрынғыдай демографиялық, экологиялық және с.с. дағдарыстар ғана емес, терроризм және әлемдік соғыс қаупінің күшеюі де тікелей әсер етуде. Өткен ғасырда, байланыс жүйелерінің қазіргімен салыстыруға келмейтін жағдайында соғыс қаупі қоғам мүшелерінің санасында онша терең орын ала қоймайтын. Негізінен халық өз билігінің идеологи… — Читать дальше
ялық ұстанымы мен саяси позициясына ден қойып, оның осы саладағы позициясына ортақтасатын. Ал қазір түсінік бөлекшелеу. Интернет, әлеуметтік желілер өз ролін атқаруда. Қолданушылар арасында «білгіштер» өте көп. Қым-қиғаш, қарама-қарсы пікірлер жетіп артылады. Мемлекеттік идеологияның тарландары, сала ғалымдары, зиялы қауым өкілдері өз ойларымен, сараптамаларымен, зерттеулерімен көрінулері өте сирек. Мүмкін, солай болуы керек те шығар? Бұл да заңдылықтың бір көрінісі болар? Қалай болғанда да XXІ-ғасырдың бастапқы ширегінде әлемдік соғыс қаупінің күшеюі кездейсоқ, «билікке тұншыққан бір-екі тентектің» жағымсыз ісі емес шығар? Қоғам дамуының шынында да заңдылығынан туындаған жағдай ма екен?! Менің жеке пікірімше бұл – заңдылық, түбі тереңде жатқан, шешілуі адамзат үшін оңайға соқпайтын қоғамдық қарама-қайшылықтан туған проблема. Ең басты себеп – қазіргі билік құрған әлемдік экономикалық жүйе. Оны «бүгінгі капитализм» дейсіз бе, «нарықтық экономика» дейсіз бе, жоқ әлде, басқа дейсіз бе, бәрібір. Бір шетінде аштық, кедейшілік, надандық, қоғамдық және ғылыми-техникалық прогрестен, мәдениеттен алшақтық, ал қарсы бетінде ат төбеліндей олигархиялық топтар мен олардың қолына су құюшылар. Жылдан-жыл өткен сайын олардың саны көбейіп, қоржындарындағы «көк қағаздар» мөлшері де ұлғая түсуде. Ең бақуаттыларының байлығы 100 млрдтың ол жақ – бұл жағына да жетіп қалған сияқты. Сол қаржылық алпауыттардың бірі – Бил Гейтстің: «Мен сонша дүниемнен екі ұлымның әрқайсысына 10 млннан ғанасын қалдырамын. Осы мөлшер кәсіппен айналысамын десе де, еш нәрсемен айналыспаймын десе де жетіп-артылады. Мен одан көп қалдырып, олар тек уақыт өткізумен айналысса, онда біртіндеп малға айналып кетуі әбден мүмкін» – дегені бар көрінеді. Бір адамның колына түскен қаншама байлық екенін ойланып, толғана беріңіздер. Қанша жерден еңбегі болса да, әлемнің байлығын, миллиондаған азаматтардың еңбегінің нәтижесін жекелеген адамдардың қолына түсіруге мүмкіндік беретін экономикалық жүйе байлар мен кедейлердің, тоқтар мен аштардың, тіршілігі «сәттілер» мен әрекеті «сәтсіздердің», «өркениетті» және «жабайы» елдердің арасындағы текетіресті үдетпей, дами алмайды. Ең жаңа дәуірдегі әлемдік экономикалық биліктің негізгі иегерлері – англоамерикандар, англосакстар, масондар және олардың одақтастары – жер беті мен оның астындағы табиғи байлық көздерінің азая бастауына байланысты бүгінде өз назарын Ресейге қарай бұрып отыр. Тап қазір дүние жүзіндегі ең жоғарғы табиғи және экономикалық байлық потенциалы біздің солтүстік көршімізге тиесілі болып тұр. Сондықтанда, егер осы әлемдік билеуші экономикалық жүйе қанша уақыт бар болып тұрса, сонша уақыт Ресеймен тірескені тірескен. Иванның Сэмге әлі келмейді. Сэмнің Иванды құлату қолынан келмейді. Атамыздан қалған: «Екі түйе сүйкенсе, – арадағы шыбын өледі» деген сөз бар. Бізге олардың соғыспағаны керек. Әзірге көпвекторлы сыртқы саясаттың арқасында «тіріміз». Кейбір жағдайларда «былай бұрсаң өгізің өлетін, былай бұрсаң арбаң сынатын», көпвекторлы әдісіңнің өзі жәрдем бермейтін ахуал қалыптасуы да әбден мүмкін. Мұндайда құдекеңнің қолдауына, басшымыздың даналығына сенгеннен басқа жол бар ма екен, өзі? Әлеуметтік желілерді, әсіресе «Фейсбукті» қарай қалсаң небір «білгіштердің» АҚШ-ты құдасындай көріп, ақырзаманнан да құтқаратын англосакстар деп даурығып жатқанын көресің. Тіптен, өткендегі Сирияның кейбір объектілерін зымырандармен атқылап, әуеден шабуылдағанына қуанып, тақиясын аспанға атып жатқандар да болды. Екіншісінің орысты нағашысындай мадақтап, бар сенгенім сен дегендей «ыстық» ықыласын көрдік. Әрине, бұл – қандастарымыздың қалың көпшілігінің пікірі емес. «Не десең, ол де. Бары-жоғы – сенің жеке пікірің» деп қоя салуға да болар еді. Бірақ жастармен, әсіресе студент-жастармен бетпе-бет кездескенде олардың дәл осы «білгіштердің» үстірт, талдаусыз, еліміздің саяси позициясына да, саясаттанушыларымыздың салмақтап, сүзектен өткізген ойларына да сәйкес келе бермейтін «даналықтарымен» қаруланып алғанының куәсі боламыз. Тағы бір сорақылық сонда, осы және басқа да көп қоғамдық проблемалар бойынша, белгілі журналистер, ғалымдар, қайраткерлер позитивті ықпал, немесе әсер ету мақсатында араласа қалса, әлеметтік желі «геройлары» оларды жау көріп, «құтырған итше» талауға дайын тұрады. Қазіргі замандағы біз келіссек те, келіспесек те бір ақиқат айқын: Әлемдегі үш полярға бөлінген, болашақта бірден-бір иегерліктен үміткерлер – Батыс альянсы, Ресей және Қытай – өз мақсаты жолында бірін-бірі еш уақытта аямайды. Басқа «ортан қолдар мен майдапашақтарға» да мейірімі түспейді. У.Черчиллдің: «Англияның достары жоқ, тек мүддесі бар», – деген қанатты сөзі олардың басты үрдісі. Неге жұмыр жердің бетіндегі ең күшті алпауыт Қытайға ашық және көп шүйлікпейді? Біріншіден, «аспан асты» елі Ресейден гөрі шағылуы қиын жаңғақ. Екіншіден, ала алған күннің өзінде одан түсетін «олжа» орыс елінен түсетіннен көңіл көншітпес дәрежеде. Үшіншіден, хансулармен Ресей «тірі» тұрғанда шайқассаң, көршілік тағдырға байланысты, кейінгі кезек кімдікі екені айдан анықтығына байланысты орыс-қытай билеушілеріне Сталин мен Мао Цзе-дун уақтындағы «пролетарлық ынтымақтастықтың мәңгілігі» лезде-ақ күн тәртібіне ене салады. Сол себепті қалай болғанда да, алдымен Ресей! Ал «социалистік» Қытайдың капиталистік Ресей үшін қан төгісуге баруы екіталай… Орыс-батыс текетіресінде біздің ел АҚШ пен оның одақтастарының сателлиті болуы мүмкін бе? Жоқ! Ол – мүмкін емес. Русофобтар қанша жерден еңіресе де. Ресей бізді экономикалық, тіптен компрадорлық қарым-қатынасқа жібергенімен, олармен территориялық арақатынасқа да, бодандық қатынастыққа да қалай болғанда да жібермейді. Қазақстан аумағын өзінің аса қауіпті жауларына әскери, немесе соғысқа пайдалану мақсатында беріп қою дегеніміз олар үшін өзін-өзі өлтіргенмен бірдей құбылыс. Бұл – Қырымды, Украинаның шығысын қайта жоғатқаннан да үлкен қауіп. Сол себепті де Ресей мұндай геостратегиялық кеңістікті басты қарсыласы пайдалану қаупі туындаған жағдайда тікелей аннексиялаудан да тайынбайды. Сондықтанда біз өзіміздің әскери доктринамызда түбегейлі мүдде етіп жерімізді қандай жағдайда болмасын басқа елдердің әскери мақсатта пайдалануына жол бермеуді алға қоюымыз керек. Тап осындай тәуелсіздігіміздің темірқазығына айналып тұрған мәселеге орай шын мәніндегі «Мәңгілік елдің» талабына қол жеткізу үшін бірінші кезекте қандай стратегиялық маңызы мол іс-шараларға көңіл бөлуіміз керек? Біріншіден, Қарулы Күштеріміздің қару-жарақ жағын да, құрылымдық-ұйымдық жағын да одан әрі жетілдіре түсіп, оның ұтқырлық (мобилдік) деңгейін мейлінше көтеруіміз керек. Денсаулығы мен моральдық саулығы әскери талапқа сай барлық республика азаматы болып табылатын жастар бір жылдық және екі жылдық (күрделі әскери қару және техникамен жарақталса) әскери қызметтен, немесе үш айлық әскери даярлықтан (жұмыс, не оқу орнын сақтай отырып) өтіп барып запасқа тіркелуі керек. Запастағы солдаттар мен офицерлер белгілі мерзімде бір айлық қысқа даярлықтан өтіп тұруы керек. Армиядағы аты-шулы «Дедовщинаны», тағы басқа да криминалды, қылмысты фактыларды түп-тамырымен жою керек. Екіншіден, елдің қорғаныс қабілетін, тәуелсіздігіміздің тұрақтылығын тиісті деңгейде қамтамасыз ету жолында Президентіміздің бұрыннан көтеріп жүрген «Қазақстандық патриотизм», «Қазақстандық біртектілік» саясатының да атқарар ролі бір төбе. Ұлтаралық, этносаралық жіктелу үдерісінің қалғанын біртіндеп, біржола, атымен ысыруымыз керек. Үшіншіден, біз, қазақ халқының өкілдері, мемлекет құрушы ұлттың азаматтары екенімізді әрдайым санамызда, жадымызда ұстауымыз керек. Ол – ел біздікі, жер біздікі деген аргументтермен ғана шектелмей, тіршіліктің барлық салаларында ешкімнен де кем түспейтін саяси, экономикалық, әлеуметтік, моральдық-психологиялық иммидждің иегерлері болуымыз МІНДЕТ деген сөз. Осы МІНДЕТКЕ қол жеткізу – еліміздің сыртқы да, ішкі де қауіпсіздігі арқылы тәуелсіздігімізді баянды етудің бірден-бір кепілі. Осыған байланысты әлі де болса, кәсіби, саяси, құқықтық, әскери мәдениетке толықтай қол жеткізу – алда тұрған асу болып тұр. Шешуін күткен мәселелер аз емес. Ең бастысы – ұлттық өз бірлігімізге, шынайы Отансүйгіштікке, арадан қыл өтпейтіндей дәрежеге қалай және қашан қол жеткіземіз?! Жауынгерлік бағытта өткенді жаңғыртып, еске түсіріп, бабаларымыздың жауынгерлік ерліктерін, рухын қайтаруға әрекет етіп жатқанымыз өте дұрыс. Біз өмір сүріп отырған осы тарихи кезеңде әлемнің алыптары бүкіл жер шарының байлықтарын өзіне қарату мақсатымен «Жаhандану» саясатын белсенді түрде жүргізуді бастады. Ілесе аламыз ба? Жоқ, ілесе алмаймыз ба? Онда мықтылардың шаруасы жоқ. Баяғыдан келе жатқан «өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» тіршілігімізді мәңгі ұмытатын кез келді. Тәуелсіздігіміз баянды, тереземіз басқалармен тең, шаруашылығымыз тиімді, мәдениетіміз жоғары, ырыс-несібеміз мол, қорғанымыз берік болсын десек, уақыт ұттырмай жаңғыруымыз да, жаңаруымыз да керек. Сапарбек САХОВ, Қазақстан инженерлі педагогикалық Халықтар достығы университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет28 мая 2018 в 14:46
Қоғамдық көлікте қашан тәртіп орнайды? Қазығұрт ауданындағы Үшбұлақ ауылының тұрғыны Иса Дадабаевтың есімі көпшілікке таныс. Ол кісінің өз жеке шаруа қожалығын құрғаны, Ленгір қаласындағы «Фудмастер» компаниясымен серіктес болып жұмыс істейтіні белгілі. Біз ол туралы газетімізде кезінде бірнеше мақалалар жазғанбыз. Кейінгі кездері шаруаны балаларына тапсырып, өзі басқа жұмыстармен айналысып жүрген Исекең кешегі сейсенбіде редакциямызға келді. «Кейінгі бірер жылда Алматыдағы баланың үйінде тұрып жатырмыз, – дейді ол кісі. – Ұлымыз бен келін жұм… — Читать дальше
ыс істейді, сондықтан балаларына, үйіне қарап отырмыз. Қазір Алматыдан келе жатқан бетім. Өздеріңмен амандасып, бір жағы өзімді толғандырып жүрген жайлар жөнінде айта кетейін деп едім. Соның бірі Шымкенттегі қоғамдық көліктер жайлы. Қала ішінде жүргендерге білінбейтін шығар, ал сырттан келген жанға, әсіресе Алматы сияқты жерден келгендерге мұндағы қоғамдық көліктерде тәртіп жоғы анық көрініп тұрады екен. Қара түтінін будақтатып бара жатқан автобустар, есіктен басын шығарып алып: «Аймауытова», «Пивзавод», «Озеро» деп аялдама аттарын шатып-бұтып тұрған «контролерлер». Солар автобус ішінде: «За проезд», – деп жолкіре сұрайды. Ал автобустар жарысып жүретінін әлі де қоймапты. Аялдамаларда екі-үшеуі, тіпті бес-алтауы қатарласып тұратынын көресің. Бір кездері тәртіп орнатамыз деп жатқандарды естіп едік, мұнда әзірге ештеңе де өзгермепті. Ал Алматыда қазір мұндайды көрмейсіз. Көшелерде қоғамдық көлікке тиесілі жолақты белгілеп қойған, автобустар тек сонымен жүреді, оған басқа көліктер түссе, айыппұл салады. Қара түтінін будақтатып бара жатқан автобус атымен жоқ. Жолда басқа көліктер кептеліске түсіп жатса, автобустарда ондай болмайды. Себебі барлығы тәртіпке келтірілген. Олар бір-біріне кедергі келтірмейді. Аялдамада екі автобустың қатар келіп қалғанын көрмейсің. Олар ұзақ тұрмайды, тәртіппен жүреді, екіншісі жетіп қалса, дереу орнынан қозғалады. Осыны көріп, сүйсініп жүр едім, Шымкентте әлі де ештеңе өзгермегенін көріп, көңілім түсіп қалды. 2 миллионнан аса халқы бар Алматыда болған тәртіп халқы 1 миллионға енді жеткен Шымкентте неге жоқ?«…Исекең осылай дейді. Оңтүстіктің бір патриоты, біздегі түрлі кәсіптердің адал жолмен дамып, өркендеуін армандайтын ол кісінің бұл сөздерін де жанашырлық деп қабылдаған жөн. Осы мәселені тиісті басшылар назарға алып, оңды нәтиже шығарып жатса, кәнеки! Р. ҚЫДЫР.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет28 мая 2018 в 8:34
Ленинді Абайға айналдырған қандай шебер?
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет25 мая 2018 в 8:57
Сіз «Құралайдың салқыны» не екенін білесіз бе? «Бес қонақ» өткен соң, шамамен 14 – 28-мамыр аралығында екі-үш күнге ғана созылатын қатты жел тұрады. Оны халық «Құралайдың салқыны» дейді. Бұлай айтылу себебі, осы уақытта киік (ақбөкен) лақтайды, құралайын суық жерден тұрғызып, жүгіртеді. Киік желге қарсы жүгірген жағдайда ғана төлдеуге қабілетті болады екен. Төлі аптап ыстыққа шыдамайды, сондықтан жылда көктемнің үшінші айы – мамырдың аяғына қарай табиғаттың тылсым күшімен қатты суық жел тұрады. Киіктің төлдеуі екі-үш күнге ғана созылады. Бір ғ… — Читать дальше
ажабы, олар қанша көп болса да «Құралайдың салқыны» кезеңінде төлдеп үлгіреді. Ал жаз маусымы толықтай өз күшіне содан кейін енеді екен. Тағы бір қызығы, қасқыр дәл осы уақытта тәбеті қашып, етке жақындай алмай қалады екен. Оның етке тәбеті ақбөкендер жаппай төлдеп, құралайлары аяғынан тұрып кеткен соң ғана қайта оралады дейді....Әлқисса. Адам ата Жерге түскен соң барлық жан-жануар Ұлық Алланың орынбасарын көруге ынтық болыпты. Сол кезде ең алғаш Адам атаны көрген ақбөкен екен деседі. Ол «Алланың халифасы жерге түсті» дегенді естігенде қазақ даласынан Жидда тауына қарай желіп отырыпты. Ол кезде Адам ата мен Хауа ана Жидда тауының етегінде үй салып, тіршілік кешіп жатыр екен. Ақбөкен ұзақ жол жүріп, шаршап-шалдығып, Адам атаның тұрағына жеткенде құлап түседі. Адам оны көтеріп алып, үйіне әкеледі де, оған інжірдің жапырағын беріп асырапты. Адам ата мейірленіп, оның тұмсығынан сипағанды жақсы көреді екен. Пайғамбардың қолы тигендіктен ақбөкеннің тұмсығы өзге аңдардікінен ерекше, сұлу болып бітіпті. Арқасынан сипағанда денесінен хош иіс шығыпты. Аяғынан сипағанда тұяғына қасиет бітіпті. Қуғанды жеткізбейтін жүйрік жануарға айналыпты. Тұяғы мың бір ауруға ем болыпты. Көзінен өпкенде жанарына көрік бітіп, сұлу жануарға айналып шыға келіпті. Мүйізінен ұстағанда оған да шипалық қасиет дарыпты. Пайғамбардың алақаны беліне тигенде буаз кезінде іштегі төлінің жынысын қалауына қарай өзгерте алатын болыпты. Ақбөкеннің арнайы келісіне риза болған Адам ата: «Жануарым, мен саған ризамын. Бұйымтайың болса, айт. Мейірімді Алладан дұға етіп, бір мұқтаждығыңды өтейін», – дейді. Сонда ақбөкен: «Төлдеген кезімде құралайым шыбын-шіркейге жем болады. Одан қалса, қасқыр шабады. Даланың шөбі төлге ауырлық етіп, қоң жинай алмайды. Осы қиындықтан құтқарсаң», – депті. Адам ата Аллаға ақбөкеннің арызын жеткізіп, қиындықтан құтқарыпты. Содан бастап киіктер төлдейтін кезде Алланың әмірімен Бетпақдалада шыбын-шіркейді шығармайтын суық болады екен. Мұны қазақта «Құралайдың салқыны» деп атайды. Ұлық Алла сол уақытта қасқырдың киікке деген тәбетін тыяды. Құралайлар көшке ілескенше қасқырлар оларға жақындай алмайды. Жас киікке арнап даладан түйетабан деген шөп шығарады. Ол тек ақбөкен төлдейтін кезде ғана көгеріп, көктеп, кішкене лақтарға азық болады екен. Ақбөкен Ұлық Алланың халифасын көріп, қолынан жем жеп, мақсаты орындалған соң Бетпақдалаға қайтпақшы болады. Сол кезде Адам ата оған: «Сахараға сән болып, Құт пен кие, мән қонып, Өсіп-өнсін нәсілің. Бір Құдайым жар болып, Аллам өзі қолдасын, Бар бәледен қорғасын. Саған зауал келтірген Ешқашан да оңбасын. Сайын түзден тап мекен, Басқа орнасын бақ бекем. Қу медиен түздерге Ырыс дарыт, ақбөкен!» – деп батасын береді. Содан бастап киікке кие бітіп, қасиетті түз тағысы саналыпты. Оны нақақ өлтірген адам Адам атаның қарғысына ұшырайды деген түсінік бар. Діни қиссаларда Адам ата жерге түскен кезде пейіштен інжірдің бес жапырағын алып түскені айтылады. Сол жапырақтың біреуін бал арасы, біреуін жібек құрты, біреуін киік жеген делінеді. Қалған екеуін Адам ата жерге егіпті. Киік пейіштің жемісін жегендіктен киелі аңға айналыпты. Ел аузында өте көп айтылатын аңыздардың бірінде Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар киікті құтқарамын деп жанын құрбан еткені туралы да сөз бар. Бірде киік аңшының құрған торына түсіп қалыпты. Киіктің мүшкіл жайын пайғамбар намаз оқып отырып көреді. Дереу атына мініп, аңшының тұзағына барыпты. Қараса, аңшы олжасын бауыздайын деп жатыр екен. Пайғамбар аңшыға: «Киікті босатып, менің жанымды ал. Құрбаның болайын, тек өлтіре көрме!» – деп алдына бас ұрады. Аңшы пайғамбардың мейірім-шапағатына риза болып, киікті босатып жібереді. Ел арасында «Киікті нақақ өлтірме», «Киікке Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар араша болған», «Киік үшін пайғамбар жан берген» деген насихат кең тараған. Киікті өлтірсе Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың наласы ұрады деген де наным бар. (Әлеуметтік желідегі әңгіме).
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет24 мая 2018 в 13:12
Жақсылыққа ұмтылған әйел Редакциямызға ел ішінен хат келді. Авторы өзінің аты-жөнін, нақты қайда тұратынын көрсетпепті. Тек Қазығұрт ауданы жақтан жолданғанын ғана аңғардық. Ал хатта төмендегідей мәселе жөнінде айтылады. «Менің бұл хатты жолдауыма «Замананың» өткен 7-мамырдағы жарық көрген № 18 нөміріндегі Г.Әшірбекованың «Жетесіз жеңге мен кекірейген келін» атты мақаласы түрткі болды. «Әр адамның өмірі жаза берсең өзінше бір кітап» дейді ғой. Сол секілді мен де өз өмірімнен қысқаша үзінді келтіргім келіп отыр. Иә, адам әр түрлі мінезбен туылға… — Читать дальше
нымен әсіресе қызды бала күнінен тәрбиелейтін – оның анасы. Менің де анам барлық уақытта Гүлмира замандасымның анасы секілді: «Шырағым, маған алғыс әперемін десең, барған жеріңде «Сені өсірген анаңа рахмет!» – дегізетін дәрежеде бол. «Атаңа нәлет иттің өсіргені!» – деген сөзден сақта», – деп ақылын айтып отыратын. Содан болар, мен мектеп қабырғасында, оқу орнында жүргенде де тек жақсы жағымнан танылдым. Уақыт өте келе, 21 жасымда тұрмысқа шықтым. Ол кезде Оңтүстіктегі жұрттың әдеті – жаушылар өзің қаламасаң да сыртыңнан көрсетіп, бір үйдің босағасына апарып, басыңа орамал салып, бір міндетінен құтылғандай кете барады. Міне, мен сондай жаушылардың бірінің құрбаны болдым. Оның үстіне күйеуім 30 жастағы адам, бұрын үйленіп, екі перзентімен ажырасқан екен. Сол кездегі біздің ұяңдығымыздан ғой, ата-анама сөз келмесін деп аттаған босағамнан кері қайтуға намыстанып, сонда қала бердім. Мен келін болып түскен үйде үлкен әжем, ата-енем, күйеуімнің ағасы, екі қайынсіңлім болды. Қайнағам жұмыс бабымен қалада тұрады, өз жанұясы бар. Үлкен қайынсіңлім тұрмыста, ол ата-енесінен бөлек қалада тұрады. Ал кіші қайынсіңлім менімен қатар болатын. Мен қаламай барсам да сол үйдің отымен кіріп, күлімен шықтым. Бірде үлкен қайынсіңлім үйге келіп анасымен сөйлесіп отыр екен. Сонда қайынсіңлімнің анасына: «Күйеу балаңыз ауылға, үйге барып тұрамыз, сен үйде әке-шешеме қарап отырасың, мен вахтовый жұмысқа кетемін деп жатыр», – дегенін естідім. Сондағы менің енемнің берген жауабы мынандай болды: «Тапқан екен ақымақты! Бармайсың сен ол жаққа! Оның әке-шешесіне қарап отырмақшысың ба? Бармайсың! Менің қызым қара есек емес ешкімге!» Осы сөзді естігенімде қатты таңқалдым. Сол кезде қандай күйде болғанымды білсеңіздер ғой! Мен таңның атысы, күннің батысы оларға келіндік қызметімді атқарып жүрмін бе десем, сонда бұлардың ойынша мен есек болғаным ба деп күйіне ойладым. Қысқасы, не керек, енем қызы мен күйеу баласының арасына түсіп, болмаған соң қызын ажыратып алды. Сондағы себеп – жаңағы жоғарыда айтып өткенімдей. Енемнің кіші қайынсіңліме де барлық уақытта айтатын ақылы басқаша еді. «Ешкімді төбеңе мінгізбе! Айтқаның – айтқан, дегенің – деген болсын. Жұмыс істесең, айлығыңды өзің ұста. Сені олар оқытқан жоқ, мен оқыттым», – дегендей сөздеріне таңқалатынмын. Ал мені сол үйге келген күңнен бетер кемсітіп, қатты сөздер айтумен болатын. «Үлкенге қарсы келме» деген анамның сөзі жадымда сақталған соң тек ешкім жоқ жерге барып, екі көзіме ерік беретін едім. Алладан әмір келді ме, енем кейін қатты ауырды, 1 жыл 7 ай төсек тартып, тұра алмай жатты. Сол кезде өзіме айтқан сөздері жанымды әбден жараласа да мен оның жағдайына қарадым. Анам келген сайын: «Апаңа қара. Таза ұста, сөзге қалма», – деп ескерту жасап тұратын. Ал ол ауырып, күні таяп жатқанында екі қызы келіп анамыз екен деп қарамады да. Аналары өмірден өткен соң алтындарына өзара таласып жатты. Мен ол екеуі ғана солай екен деп жүргенмін. Сөйтсем, қателесіппін. Оған кейін көзім жетті. Енем қайтыс болғаннан он жыл өткен соң үлкен әжеміз жасы 90-нан асып, төсек тартып жатып қалды. Ол кісіге де қарау оңайға соқпады. Жасы келген адам бір сәтте айнып, үстіндегі киімдерін жыртып, айғайлап, жерге жата аунап әбден әбігерге түсіретін. Ол кісінің атамнан кіші төрт қызы бар еді, бұрын-соңды сол кісілер жақсы, көпті көрген, салиқалы адамдар ғой деп ойлайтынмын. Жоқ, мүлдем басқаша екен. Не керек, мен енді науқас әжеммен алты ай арпалыстым. Өзім күндіз жұмыста болсам, кешке үйдемін, үйдің тірлігінің өз бір басқа. Түнімен әжеме қарауыл болатынмын. Сол кезде де тағы анам: «Әжеңе қара. Орамалын кірлетпей ұста. Уақтылы тамғын бер. Ол әдейі істемейді ғой. Алланың ісі…» – деп күнделікті телефон арқылы хабарласып тұратын. Әжеме қарап жүргенімде мен жақсы адам едім, ол кісі көз жұмып, жерленгеннен кейінгі күнім құрысын. Аналарын мен өлтіргендей маған шүйліу басталды. Түсініктері өте төмен адамдармен өмір сүріп жүргенім жаныма қатты батқаны-ай! Осыны айтып жылағанымда анам: «Е, шырағым, олар пендешілікпен айтып жатыр ғой. Әжең, енең саған ризашылығын білдірді. Олардың сөзін елеме. Әруақ разы болса болды. Ертең мына өсіріп отырған перзенттерің сенің жасаған жақсылығыңды қайтарады. Алладан алғанымды адалынан бер деп тіле», – деп жұбату айтты. Мен қазіргі таңда бір қыз, үш ұлдың анасымын. Ешқандай сезімсіз, жүрегім қаламаған еркекпен өмір сүріп келемін. Тағдырдың жазғаны болар бұл. Бірақ мен қызыма анамның маған берген тәрбиесін берсем, келген келіндеріме де оң қабақ танытып, өз дәрежесінде өмір сүрулеріне үлес қоссам деген үміттемін«....Міне, редакциямызға хат жолдаған оқырман өзінің жан сырын осылай деп ақтарыпты. Өмірде қандай қиындық, қорлық көрсе де шыдап баққанын айтыпты. Қанша ренжіп-өкпелесе де әу баста келін болып түскен жерінен жеріп кетпей, сол елдің ұрпағын өсіріп отыр екен. «Жұрттың өзіме көрсеткенін мен де өзгелерге көрсетемін» деп кектенбей, қайта қыздарына жақсы тәрбие беріп, келінінің жайлы тұрмыс кешуіне жағдай жасау жағын ойластырып жүргенін айтады. Бұл жақсы ғой. Мұны тәрбиелілік, көргенділік дейтін шығар. Осы орайда біз хат авторының алдағы өмірінде тек жақсылықтар бола беруіне тілектестігімізді білдіреміз. Н. ӘБДІ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет24 мая 2018 в 9:44
Тойдан кейінгі проблемаларды дұрыс шешудің тәсілдері Бұл кеңесіміз жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасыларға қатысты. Өйткені үйлену тойы өткен соң олардың басым бөлігінде кейбір мәселелерге байланысты түсініспеушіліктер туындайды. Ал бұдан ұрыспай-таласпай өтетіндер сирек. Себебі мынадай: Кейбір мәселелерге байланысты көзқарас өзгеше, пікір алшақ, бұрынғы ортада көрген тәрбие, ондағы тәртіп бөлек, жаңа орта, жаңа өмір өз талаптарын алға тосады. Осыдан көңіл-күй түсуі, көңіл толмаушылық, кінәласу, ренжісу, өкпелеу, ызалану, қапа, нала болу, нам… — Читать дальше
ысқа тию сияқты жайлар орын алуы мүмкін. Ушыға келе олар «мәңгілік бірге болуға» берген сертті ұмыттыруы әбден мүкін. Бүгінде тіпті осындай себеппен бірер айдан кейін-ақ ажырасып кетіп жатқандар бар. Бұрын өз ерік-қалауымен атқарып келген адамға енді кей мәселелерде өзгемен санасу қажет болады. Бұған көз жұма қарау да жақсылыққа апармайды, арада түсініспеу, бірте-бірте ашық жауығу туындауы ғажап емес. Өйткені жұбайының қалауы біреулер үшін өзімен санаспау, өзін кемсіту, менсінбеу болып сезілуі де мүмкін. Еркін шектеуден негізінен көбіне жас күйеу зардап шегеді. Өйткені ол бұрын жұмыстан кешігіп оралса, ол үшін ешкімнен кінәлау күтпейтін, енді оған әйеліне «отчет» беру керек болады. Жиі қайталана берген мұндай жағдайға біреулер түсіністікпен, енді біреулер амалсыз көндігеді, ал енді біреулерді бұл қатты ашындырары анық. Неге бұлай болуы тиіс деп ол әйеліне ренжиді. Ал әйелі болса, күйеуінің өзімен «белгілі бір мәселеден» басқа кезде ісі жоқтай сезініп, ренжиді, жанымда болса, кей шаруаларда қол ұшын берсе дейді. Міне, осындай, тағы да басқа түсініспеушіліктер туындай бастайды. Мұндай жайларға ұрынбас үшін жас жұбайларға отбасы туралы әңгімелесіп тұру, шаңырақтағы міндеттерді нақтылап бөлісіп алу пайдалы. Егер еркек жұмыстан соң серуендегісі келсе, әйелімен бірге серуендесін. (Негізі мұны жақсы әдетіне айналдыруға болады. Олар әрдайым бірге жүріп үйренеді). Жалпы, алғашқы түсініспеушілік кезеңінен жас жұбайлар қол ұстаса, бір-бірін қолдай отырып бірге өтуі керек. Бұл – болашақ берік отбасының мықты іргетасын қалаудың негізгі кепілі. Бұл оларды шаңырақ шайқалуынан қорғайды, өзара сенім, сыйластық, түсіністік пен сүйіспеншілік салтанат құрған өнегелі отбасы болуларына жол ашады. Бір-біріне мұқият болу арқылы олар отбасылық өмірдің алғашқы кезеңінде кездесетін қиындықтардан абыроймен өтеді. С. ИКРАМҚЫЗЫ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет24 мая 2018 в 7:16
Оразам қабыл болсын десеңіз… Қасиетті Рамазан айы да басталып кетті. Алла-тағала бізге оразаны ол арқылы Өзіне құлшылық жасауымыз үшін парыз еткен. Оразамыз қабыл болып, пайдасы тиюі үшін мына нәрселерді орындауымыз керек: Намазға ұқыпты болу. Намаз – дініміздің тіректерінің бірі, оны тәрк ету күпірлік саналады. Кейбір ораза тұтушылар болса, намазға немқұрайды қарайды. Көркем мінез-құлықты ұстану. Күпірліктен, дінге тіл тигізуден және ораза екенімізді міндет қылып адамдармен жаман қарым-қатынас жасаудан сақтануымыз керек. Ораза мінез-құлықт… — Читать дальше
ы бұзбай, керісінше, оны түзейді, ал күпірлік адамды діннен шығарады. Алла елшісі: «Кімде-кім өтірік сөз бен оған амал қылудан тыйылмаса, Аллаға оның жеп-ішуден тыйылуының қажеті жоқ», – деп айтқан. Қалжыңдап болса да жаман сөздер айтпау. Әйтпесе тұтқан оразамыз зая кетеді. Алла елшісінің: «Қайсыбіріңнің ораза тұтатын күні болса, онда бұзықтық істемесін, айғай-шу шығармасын, ал егер біреу оны балағаттаса немесе оған соқтықса: «Мен ораза тұтқан адаммын десін», – деп айтқанын әрдайым есте ұстау қажет. Қылтамақ, асқазан жарасы сияқты көптеген кеселдерге себепші болатын темекіні тастауға ораза кезін пайдаланып қалу керек. Ерік-жігерді жинақтай, ұстамдылық жасап, темекіні күндіз шекпегендей, түнде де шекпеу қажет. Сонда денсаулығымызды сақтаймыз және ақшамызды да ысырап қылмаймыз. Ауыз ашарда тамақты шектен асыра қарпымау. Бұл оразаның пайдасын кемітеді әрі денсаулыққа зиян тигізеді. Адамның мінез-құлқын бұзып, оразаға кереғар келетін телебағдарламалар мен фильмдерді қарамау. Ұйықтап қалып, сәресі мен таң намазын жіберіп алмас үшін түнде ұзақ отырмаған жөн. Іс-амалдарды ерте таңда орындаған жақсы. Пайғамбарымыз құптан намазынан кейін әңгіме-дүкен құрып отыруды ұнатпайтын. Ол кісі ерте жатып, ерте тұратын. Туған-туыстар мен мұқтаждарға садақа беруді көбейту, ағайындардан хабар алу және араздасқандармен татуласу. Пайғамбарымыздың сүннетіне сай ауыз ашу. Алла елшісі былай деген екен: «Қайсыбірің ауыз ашатын болса, кепкен құрмамен ауыз ашсын, өйткені онда береке бар. Егер кепкен құрма таппаса, сумен ашсын, өйткені ол таза». Рамазандағы оразаға ұқыпты қарау және балаларға шамалары жеткенше ораза тұтуды үйрету. Рамазан айы күндерінде себепсіз ауыз ашып, оразаны бұзудан сақтану. Өйткені әдейі бір күн ауыз ашқан кісі және Рамазан айында күндізгі уақытта әйелімен жақындасқан адам шариғат белгілеген тәртіп бойынша кәффарат амалдарын өтейді. Рамазан айында оразаны тұтпай жүруден сақтану лазым. Тұтпаған күннің өзінде оны адамдарға жарияламау қажет. Өйткені ораза ұстамау – Аллаға қарсы келу, Исламға атүсті қарау және адамдар арасында ұятсыз қылық болып табылады. Ораза тұтпаған адамға айт мерекесі де жоқ. Өйткені айт оразаның аяқталуы мен құлшылықтардың қабыл болуына байланысты ұлы қуанышты білдіреді. Ал ораза тұтпаған адам бұл қуаныштан мақұрым қалады. С. ИКРАМҚЫЗЫ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет24 мая 2018 в 6:56
Айнұр ақынға құлақ түрсек Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке пайдасы тиетін ақпараттармен жиі бөлісіп отырады. Солардың бір-екеуін оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. Ақын айтқан ақыл-кеңесті тыңдаған адамның өмірі түбегейлі өзгеретін сияқты. Жақынға жамандығымыз тимесін, тілімізді тыяйық Өз басым өсек айтпайтын адамды көрмеген сияқтымын. Үндемейтін адамның өзі кейде біреулер өсек айтып жатса қосылып отырады. Тек біреулер көп, біреулер аз айтады. «Ғайбаттағаным емес», – деп бастай… — Читать дальше
мыз да, тоқтай алмай қалып жатамыз. Өзіміз жайлы әңгімені естісек ішіміз өртене жаздап, сол адамды жек көріп, дұшпан санап тұрамыз да, өзіміз өсек қылған адамның да бәрібір еститінін және оған да ауыр тиетінін мүлде ескермейміз. Әңгіменің анық-қанығына жетпей жатып тағы біреуге жай ғана әңгіме айтқандай жеткізе саламыз. Таудай үлкен күнәлар түймедей өсектерден құралатынын ұқпайтынымыз қандай қасірет еді! Өсек қаншама отбасының шырқын бұзды, қаншама достың арасына от салды. Құрбылардың татулығына балта шапты. Мұсылмандарды күнаhар етті. Қаншама әйелді тозаққа отын қылды. Менің мың пайыз көзім жеткен нәрсе – әр адам біреуге тіпті тырнақтың ұшындай-ақ зияндық жасаса да міндетті түрде оның зардабын тартады. Ал ғайбат айту – үлкен күнә. Бес күндік жалған дүние зу ете қалып, ертең-ақ Раббымыздың алдында тұрамыз. Сол кезде біз жамандаған адамдар көз алдымызда тұрып сауабымызды арқалап, күнәларын бізге «сыйға тартып» кете береді екен. Бірге туған бауырыңыздың етін жеп жатқаныңызды елестетіп көріңізші. Ғайбаттың жазасы тура осындай екен. Сұмдық емес пе? «Пәленің бәрі – тілден», «Жамандықтың „анасы“ – өсек» деген сөздер текке айтылмаған. Көп жағдайда қиындыққа тап болсақ, ауырып қалсақ: „Құдай-ай, не үшін қинап жатырсың?» – деп зар жылаймыз. Өсекті жай ғана әңгіме деп қабылдап, алданып жатамыз. «Пәленше арақ ішіп жүр, Түгенше алаяқтық жасап жүр. Ал менің жүрегім таза“ деп ақталатынымыз тағы бар. Бұл дұрыс емес. Ісіміз алға бассын десек, жұмысымыз жүрсін десек, ұл-қызымыз біздің жамандығымыз үшін зардап тартпасын десек, ешкімге зиянымыз тимесін десек, онда тілімізге ие болайық. Айтқыңыз келіп, тіліңіз қышып тұрса да «дәл осы әңгімені Алла разылығы үшін айтпай-ақ қояйыншы» деп аузыңызды тыя қойыңыз. Әлбетте сол үшін Сізді үлкен бір жақсылық күтеді. Алланың «Біреудің күнәсін жасырған адамның күнәларын жасырып қоямын» деген уәдесі бар. Ендеше, өсек айтудан сақтанайық, абыройдан айырылмайық, ағайын! С. ИКРАМҚЫЗЫ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет23 мая 2018 в 13:39
82 қашқын елге 1,1 триллион теңге шығын келтіріпті Бүгінде Қазақстан бойынша бұрын қызметте болған 82 адам іздеуде жүр. Түрлі қаржылық қылмыстар жасаған олардың елге келтірген шығыны миллиардтаған теңгені құрайды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Астанада өткізілген интернет-конференцияда мәлім етті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро 82 адамды іздеу үстінде. Кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған, пара алған, ұйымдасқан қылмыстық топ құрған, ақша жы… — Читать дальше
мқырған, заңсыз ақшаны айналымға салған олардың үштен екісі бүгінде шетелдерде қашып жүр. Олардың мемлекетке келтірген шығындарының жалпы сомасы 1,1 триллион теңгені құрайды», – деді А.Шпекбаев. Агенттік төрағасының айтуынша, 2017-жылы 38 адам ұсталған, олардың 12-сі шетелдерде қолға түсірілген. Дегенмен осы 12 адамның 4-еуі ғана Қазақстанға берілген, олар Венгриядан, Түркиядан және Ресейден экстрадицияланған. Қалғандары да көп ұзамай елге жеткізіледі деген үміт бар. А.Шпекбаев 2015 – 2017-жылдар аралығында мемлекет бюджетіне 35 миллиард теңгеден астам қаржының қайтарылғанын да атап өтті. Агенттік басшысының айтуынша, өткен, 2017-жылы елімізде 2 мың сыбайлас жемқорлық оқиғалары тіркеліпті. Елімізде жүйеге қойылған сыбайлас жемқорлықтың 108 фактісі анықталып, жойылған, ұйымдасқан 5 қылмыстық топ ұсталып, жауапқа тартылыпты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының өз жұмысында да кемшіліктер жоқ емес. Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің 2017 – 2018-жылдары сотқа өткізген 7 қылмыстық ісі бойынша айыпталғандар ақталыпты. Сондықтан Ұлттық бюродағы өз ісінде қателік жіберген басшылар мен қызметкерлер түрлі тәртіптік жазаларға тартылған екен. Н. ӘБДІ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет23 мая 2018 в 11:38
Күйеуін құтқаруды сұрайды Әлеуметтік желіде Қазақстанның Жанар Бейсембекқызы Тіленшиева есімді тұрғыны өзінің көмек сұраған бейнежазбасын жариялады. Көз жасын әзер тыйып, өкси сөйлеген ол былай дейді: «Менің жолдасымды қытайлар 7 айдан бері ешқандай жазықсыз саяси үйрену үйінде – түрмеде қамап отыр. Күйеуімнің аты-жөні – Айбол Құрманәлі, 1980-жылғы 1-ақпанда Құлжа қаласында туған. Ол Қытайға 2017-жылы 8-қазанда кеткен еді. Науқастанып жатқан анасының жағдайын біліп қайтпақ болған. Оны 17-қазан күні қамауға алыпты. Біз мұны арада 3 ай өтке… — Читать дальше
сін бір-ақ білдік. Себебі Қытайда хабарласуға тыйым салынған, хабарласпаңдар деп қысым көрсетіп отыр. Хабарласа қалса, жазалайды. Сол себепті еш хабарын біле алмай отырмыз. Жағдайы қалай, денсаулығы сыр берген жоқ па – ол жағынан бейхабармыз. Екі балам әкесіз, тірі жетімнің күйін кешуде. Тату-тәтті, айрандай ұйып отырған отбасы осылайша екіге бөлініп қалдық». Бұл жас әйелдің өзі Қазақстанда туып-өскен жан екен. Қытайдан біздің елге қоныс аударған азаматқа тұрмысқа шығыпты. Енді ойламаған жерден күйеуіне қолы жете алмай отырғанын айтады. «Мен Қазақстан Үкіметінен, халықаралық ұйымдардан жазықсыз адамды тұтқындап,бір отбасыны екіге айырып отырған осы жағдайға назар аударып, көмек берулерін сұраймын», – дейді Ж.Тіленшиева. Кейінгі кездері осындай оқиғалар туралы жиі айтылып жүр. Қиын жағдайда қалған адамдарға тиісті орындар көмектессе екен дейміз. Н. ӘБДІ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет23 мая 2018 в 9:15
Қытайдан келіп оқып жатқан студенттерге көмек ұйымдастыруда «Атажұрт ерікті жастары» деп аталатын ұйымның Қытайдан қоныс аударып келген қандастарымызға түрлі мәселелер бойынша жәрдемдесіп жүргенін бүгінде көзі қарақты жұрт біледі. Газетіміздің өткен нөмірінде осы ұйым мүшесі Қыдырәлі Оразұлымен болған сұхбатты жариялағанбыз. Ол кісі қазіргі күндері қытайлық қазақтардың басынан өтіп жатқан қиын жағдай туралы айтып берген еді. Ал кешегі аптада әлеуметтік желіде аталған ұйымның мынадай мәтіндегі хабарламасы жарияланды: «Ерекше хабарландыру! «Атажұ… — Читать дальше
рт ерікті жастары» Қытайдан келіп оқып жатқан студенттерге мынаны ескертеді және оларға көмек көрсетеді: 1. Жазғы каникул кезінде қандай жағдайда болса да Қытайға қайтпаңдар! Себебі осыған дейін қысқы каникулға барғандардан 97 студент ұсталып, алды саяси үйренуге қамалды. 2. Жазғы каникул кезінде барлық студенттер тегін жатын орынмен, тамақпен қамтамасыз етіледі. 3. Осы студенттердің үйге тегін тіркелуіне, ықтиярхат, азаматтық алуына тегін көмек көрсетіледі. 4. Дайындық курсындағы жастарға болашақ мамандық таңдауына тегін кеңес беріледі. 5. Студенттерге тегін ағылшын және орыс тілі курстары ұйымдастырылады». Бұл хабарландыру соңында ұйымдастырушылар (Қыдырәлі Оразұлы –, Серікжан Біләш – мен студенттер үшін жауапты адамдардың (Ерболған –, Гүлнұр –, Тоғжан – телефон нөмірлері көрсетілген. Бізге осы аталған азаматтардың ішінен Ерболғанмен байланысудың сәті түсті. Оған бірқатар сұрақтар қойдық. – Ерболған, мұндай хабарлама берулеріңізге басты себеп болып отырған жайды таратыңқырап айтып беріңізші. – Бұған себеп болып отырған мәселелер аз емес. Ең бастысы, Қытайдан келіп, елімізде оқып жатқан студенттердің алдағы каникулдағы жағдайы оңай болмайын деп тұр. 25-мамырдан кейін олар өздері тұрып жатқан жатақханалардан шығарылады. Басым көпшілігінің бұл жақта туған-туыс, таныстары жоқ, сондықтан олар Қытайдағы туып-өскен ауылдарына қайтуға мәжбүр болады. Ол жақта оларды қауіп тосып тұруы әбден мүмкін. Студенттерді Қытай жағы шақырып жатыр. Ал олардың көбі әлі Қазақстан азаматтығын алмаған, ықтиярхатының мерзімі өтіп кеткендер бар. Құжаты дұрыс болмаса, басы сарсаңға түседі. – Бұлай дабыл көтерулеріңізге не себеп болып отыр? – Хабарландыруда айтылғандай, осының алдында, қысқы каникулға барған біраз студенттер Қазақстанға қайтпай қалды. Олардың ұсталып, бірқатары саяси үйрену орталығы деген жерге қамалғаны белгілі болып отыр. Солардың көбі 2-ші, 3-ші курс студенттері еді. – Олардың кінәсі не? – Мәселенің бәрі құжатқа келіп тіреледі. Бұл жақта ықтиярхат, азаматтық алу қиын. Кейде ықтиярхат, виза, азаматтық аламын деп жүрген адам оған үлгермейді. Құжатының жарамдылық мерзімін өткізіп алады. Сондайлар шекарадан өтерде ұсталса, Қытай сақшылары оларды заң бұзған адам ретінде тиісті орындарға тапсырады. – Ал ұсталған адам әлгі «Саяси үйрену орталығында» қанша уақыт болады? – Оны Қытай жағы өз қалауынша соза береді. Алғашында бір-екі аптаға қамаса, кейін екі-үш айға, жарты жылға, тіпті 1 жылдан да асырып қамай беретін болған. – Осы орайда елге қоныс аударып, оқуға келіп жатқан қандастарымыздың тиісті құжаттарға қол жеткізе алмауына қатысты қандай келеңсіздіктерді атап айтар едіңіз? – Жаңа айттым ғой, құжат рәсімдету қиын. Жұрт екі ортада делдалдарға алданып қалып жүр. Жастарды көбіне құжат жасатып беремін деген осындай делдалдар сазға отырғызып кетеді. Олар ақысын алдын-ала иеленіп, «әне әперемін», «міне әперемін» деп жүргенде уақыт қарап тұрмайды, зулап өте шығады. Осылайша алданған талай балаларды білеміз. Делдал 60 – 70 мың теңгесін алады да, құжатты уақтылы жасатып бермейді. Мысалы, ықтиярхат алудың өзі бірер аптада біте қоятын жұмыс болмай тұр, аяғын 6 – 7 айға дейін созып жібереді. Одан бөлек, оралман куәлігін алу, азаматтық алу бар – осының бәрі Қытайдан келген қазақтар үшін оңай шаруа емес. Мысалы, ықтиярхат екі жақтан да 6 айға беріледі, оны аламын деп жүргенде осы 6 айдың да зулап өте шығатыны бар. Ал ол екі арада студенттің Қытайға қайтуы керек болып қалады, Үлгермесе, заң бұзушы болып шыға келеді. Мен сізге бір ғана мысал айтайын, содан-ақ біле беріңіз. Таяуда Қазақ Ұлттық университетінде 3 жыл оқыған бір азамат елден шығарылды. Себеп сол – азаматтық ала алмай кетті, виза уақыты біткесін Қытайға қайтарылды. «Бауырыма кел дегенде келіп едім, Алматы, бауырымнан теуіп келген жағыма қайтардың», – деп жылап кетті ол. Бізде әкімшілік жаза «Көші-қон» заңы бойынша емес, Ата заң бойынша қолданылады екен. Яғни Ата заңда өзге ел азаматы бір мәрте тәртіп бұзса (бұл жерде құжат мерзімі өтіп кеткен) болды, елден шығарады екен. – Қазақстанда оқып жүрген қытайлық қазақ студенттерінің жалпы саны қанша? Сіздерде бұған қатысты қандай да бір мәліметтер бар ма? – Қытайлық қазақ жастары Қазақстанның Орал, Ақтау, Ақтөбеден басқа аумақтарының бәріндегі жоғары оқу орындарында оқып жүр. Жалпы, 2013-жылдан бері 5 мыңнан астам жастар келіп, оқуға түскен екен. Азаматтық ала алмағандықтан, сол сияқты басқа да түрлі себептермен оқуын бітіре алмай кеткендері де бар. Тіпті бұл жақта оқу бітіргенімен әлгіндей себептермен тұрақтап қала алмай, Қытайға қайтқандар ол жақта мамандығымен жұмыс істеп жүрген де жоқ. Ол жақта мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысады. Біз әзірге Қазақстанда оқып жүргендердің нақты санын білмейміз, алдағы уақыттарда біліп қалармыз. Одан бөлек, оқуға түсу үшін дайындық курсынан өтіп жүргендер, Қазақстанға үйреніп, бейімделуі үшін ата-анасы мектепке жіберген 10 – 11-сынып оқушылары да бар. Орыстанып кеткен жерлерде орыс тілін үйренуі керек болады. Солардың біз шамамен 60 пайыздайымен байланысып, ескерттік, қалғандарымен әзірге байланысымыз жоқ. Хабарландыруды да сол үшін беріп отырмыз. Балалар білсе, босқа ұрынып қалмаса екен дейміз. – Хабарласып жатқандар бар ма? – Бар. Менің өзіме қазірге дейін 15 студент хабарласты. – Олардың барлық жағдайын жасауға уәде беріп отырсыздар. Бұл өзі мүмкін бе? Қажетті қаржыны қайдан аласыздар? – Біз ұлтжанды азаматтардың жәрдемінен үміт күтеміз. Ілгеріректе Қытайдан келіп, орнығып қалған, кәсіппен айналысатын бауырларымыз бар, ұлтын сүйетін, Қазақстанды Отаным деп жүрген азаматтар бар, алды көмек қолын ұсынып жатыр. Бірақ әзірге ондайлардың қатары аз. Әрине, студенттерге жатын жер, ішіп-жем тауып беру, тағы басқа да жағдайларын жасау қыруар шығынды талап етеді. Дегенмен біз тәуекел етіп отырмыз. Қиын жағдайдағы бауырларына көмектесемін деп ниеттенуші азаматтар бізбен хабарласса болады. Біз студенттерге жаз кезінде істейтін жұмыс та тауып берсек дейміз. Өйткені олардың көбінің ата-анасымен байланысы жоқ, әкелген қаржылары таусылған, ақылы бөлімде оқитындықтан оқудан шығып қалудың алдында тұрғандары да бар. Біз оларды барынша үгіттеп, Қытайға қайтпай-ақ қой деп жатырмыз. Соған қарамастан тәуекел деп ол жаққа баруды шешіп отырғандар да бар. Аз емес. – Олар неліктен көнбей отыр? – Қытайда бала туу шектелгенін білесіздер ғой. Қытайдан келіп, Қазақстанда оқып жатқан студенттердің көбі бір-екі балалы үйдің перзенттері. Олар ата-анасының амандығын біліп, аунап-қунап қайтқысы келеді. – Жалпы, Қытайдан келген қандастарымызға көмек ұйымдастырушы, олардың жағдайын жақсы білетін адам ретінде жұртшылыққа не айтар едіңіз? – Оралмандарға, әсіресе Қытайдан келген қандастарға жанашырлықпен қарап, қолдан келген көмегін көрсетсе екен деймін. Оларға қазір қиын. Білесіздер, біз түрлі себептермен арғы бетте туыстары қалып, қиналған отбасыларға жәрдем ұйымдастырып та жүрміз. Осы уақытқа дейін 40-тан астам отбасыға қолдан келген жәрдемді жасадық. Тиісті құжат ала алмай жүргендерге көмек берілсе олар осынша қиналмас еді, алаяқ делдалдарға алданбас еді. Менің өзім Қазақ Ұлттық университетінің физика-астрономия факультетін бітіргенмін, бірақ мамандығым бойынша жұмыс болмағандықтан құрылыста істеп жүрмін. Қытайдан келгендерге шамам жеткенінше көмектесудемін. Мұндай көмекті еліміздің кез келген азаматы жасай алар еді. Біз осыдан үміттенеміз. – Әңгімеңізге рахмет, істеріңізге сәттілік тілейміз. Сұхбаттасқан – Т. ТҰРАН. Ерболғанның байланыс телефоны:.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет22 мая 2018 в 15:05
Құдайы асты ауызашар кезінде берген абзал Тәуелсіздігімізбен қатар елімізде Ислам дінін қайта жаңғыртқан Алла-тағалаға шүкір айтамыз. Қазіргі уақытта дініміз бен дәстүрімізді үйлесімді түрде қатар алып жүретін дәрежеге жеттік. Жыл сайын дәстүрлі мерекелермен бірге діни мерекелерді де жоғары дәрежеде атап өтудеміз. Міне, айлардың сұлтаны – Рамазан айы да келіп жетті. Еліміздегі барша мұсылмандарды осынау қасиетті аймен құттықтаймыз! Біз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі – облыстың бас мешіті ж… — Читать дальше
анындағы Ақылдастар алқасы осы үндеуімізді қасиетті Рамазан айына арнап отырмыз. Барша облыс жұртшылығын қасиетті айда ораза ұстауға шақырамыз! Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені ораза адамды тақуалыққа, сабырлылыққа, ізгілікке, қайырымдылық пен мейірімділік және бауырмалдық секілді асыл қасиеттерге жетелейді. Құрметті оңтүстікқазақстандықтар! Қадірлі жерлестер! Қасиетті Рамазан айында ораза ұстағандарға ауызашар берудің сауабы мол әрі ол – мұсылман баласына тән қонақ күту ғұрпы. Ауызашар дастарханы ынтымағымыз бен бірлігіміздің жарасымды үлгісі. Ауызашар беруді үлкен игілікті іс деп білген жөн. Осы орайда ауызашар рәсімінің ролін мейлінше арттыра түсу қажет. Ол үшін қасиетті Рамазан айының құрметіне түрлі деңгейдегі құдайы астар мен жиындарды (жетісі, қырқы, жылдық асы т.б.) күндізгі уақыттарда тоқтатып, кешкі ауызашар уақытында өткізуге үндейміз. Қасиетті Рамазан айының күндізгі бөлігінде құдайы ас беруге болмайды. Сондықтан күндіз өткізілетін түрлі астарды кешке, ауызашар уақытында өткізудің сауабы шексіз екендігін жеткізгіміз келеді. Бұл жөнінде хадистерде ауызашарға келген кісі дастархан басында отырған кезде үй иесіне періштелердің дұға ететіндігі айтылған. Бір хадисте: «Қияметте Алла-тағала кей адамдардан: «Маған неге ас бермедің?» – деп сұрайды. Әлгі адам: «Сен барлық әлемдердің Иесісің ғой, мен саған қалайша тамақ бермекпін?» – дейді. Сонда Алла-тағала: «Қарны аш бауырыңа тамақ бермедің (ораза ұстағанға ауыз аштырмадың). Егер оған (ауыз аштырғаныңда) тамақ бергеніңде маған тамақ жегізгендей сауап алар едің», – деп айтты» делінген. Алла елшісі Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аузы берік жанға ауызашар берген кісі ораза ұстағандай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – дейді. Аузы берік адамға бір құрма немесе бір кесе су тәрізді азық беру де ауыз аштырудың сауабына кенелтеді. Сондай-ақ қасиетті айда Алла-тағала тыйым салған арақ-шараптан аулақ болуға, олардың жиын-тойларда дастарханға қойылмауына, ішілмеуіне және дүкендерде сатылмауына үндейміз. Арақ ішу – мұсылманға, мұсылмандыққа жат. Себебі Алла-тағала Құран-Кәрімде: «Әй, иман келтіргендер! Шындығында арақ ішу, құмар ойнау, пұттарға табыну және көріпкелдік жасайтын жебелер – шайтанның істерінен. Сондықтан да олардан қатты сақтаныңдар, сонда құтыласыңдар!» – деп бұйырған («Маида» сүресі, 90—91 аят). Ал сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: «Арақ он түрлі қырынан қарғысқа ұшырады: арақтың өзі, оны ішуші мен құйып беруші, сатушы мен сатып алушы, дайындаушы мен дайындатушы, әкелуші мен әкелдіруші және арақтан түскен пайданы жеуші Алла тарапынан қарғысқа ұшырады». Арақ – Алла Тағала харам еткен нәрсе. Оны пайдалану Алланың тыйымын бұзып, әміріне қарсы шыққанмен тең. Арақ ішу – үлкен күнә. Арақ адамның ниетін бұзып қана қоймайды, жүрегін қарайтып, көңілін бұзады, оны адамдық келбетінен айырады. Бұл үндеу халқымыз Алла-тағаланың ашуы мен қаһарын тудыратын жаман істерден аулақ болып, Жаратушы иеміздің разылығына бөлене берсе екен деген ізгі мақсаттан туындап отыр. Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз мәңгілік ел болсын! Әмин! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі – облыстың бас мешіті жанындағы Ақылдастар алқасының Оңтүстік Қазақстан облысының халқына Үндеуінен.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет22 мая 2018 в 14:57
Қатонқарағай ма, Қотанқарағай ма? Өмірде кейде таңқалдырып, ойландырып қоятын жағдайлар болады. Соның бірін біз Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағай жерінде қар жауғаны туралы мақала жазып болғасын бастан өткердік. Яғни «Замананың» электронды почтасына осы Қатонқарағайдың атауына қатысы бар қызық мәтіндегі бір мақала келіп түсті. Мақала авторы, Шымкент қаласының тұрғыны былай деп жазыпты: Мен 64 жасқа келгенше бірде-бір газетке немесе журналға мақала жазбаған едім. Бүгін бір мәселе жайында жазуды шештім. Мұны газеттеріңізде жарияларсыздар д… — Читать дальше
еген ойдамын. Осыдан бес-алты жыл бұрын теледидардан Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағай ауданының атауы туралы пікірталас болып жатқанын көрген едім. Сонда біреулер бұл жер аты «Қатын қарағай» деген сөзден шыққан болуы керек деді, бірақ оған ешқандай да дәлел келтіре алмады. Мен сол сөздің төркінін енді тапқандай болып отырмын. Мен Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы Шолаққорған ауылында өсіп, сол жерде орта мектепті бітірдім. Біздің тұрған жеріміз Қаратаудың солтүстік беткейінде, Теріскей деп аталады. Қысы суық, кей жылдары ауа температурасы 30 градус аяздан асып 40 градусқа дейін жетеді. 1970-жылдарға дейін біздің ауыл отқа тек сексеуіл жағатын, сол кездегі көп тараған жүк көлігі – «ГАЗ-51»-мен әр үй кем дегенде 3 рейс сексеуіл түсіріп қысқа дайындалатын еді. Сексеуілді ол кезде ауылдан 40 – 50 шақырым жерден сындырып әкеле беретінбіз, ауылдан бастап құмның жиегіне дейін 40 шақырым еді. Содан кейін құм басқан қыраттар басталатын, құмның жиегінде «Қотаншеңгел» деген жер бар еді. Жақын арада мынадай жағдай болды. Ескінің көзі ғой, білетін шығар деп жасы 80-дегі қайынағамнан дастархан үстінде: «Осы „қотан“ деген сөз қандай мағына береді?» – деп сұрадым. Сонда ол кісі аузын ашамын дегенше жасы 44-тегі жеңгеміз: „Өзі бір айтылуы ыңғайсыз сөз екен“, – деп қалды. «Қотан деген – өрістен келген қойларды түнемеге қамайтын жер, төбесі ашық қой қорасы», – деді қайынағам бізге бұл сөздің мағынасын түсіндіріп. Бұдан кейін мен кітапханаға барып қазақ тілінің түсіндірме сөздігін ақтарып көрдім. Расында да бұл мал баққан қазақтың сөзі, қазір архаизмге айналып бара жатқан жайы бар сияқты. Біз жақтағы қазақтар ертеде мал бағып жүргенде жылы болады деп құмның ішін қыстаған да, көктем шыға тау етегіндегі далаға көшкен. Себебі құмда көктем шыға кене көбейіп кетіп, малдың жағдайы нашарлайтын болған. Құмда да, тау етегіндегі аймақта да қоралар бар. Ал бұрынғы кезде көшпелі қазақтар ұжымдастыруға (1930-жылдарға) дейін көшіп бара жатып, жолай далаға қонғанда, ауылда 10 үй бола ма, 30 үй бола ма (киіз үйлер) – бәрі алқа-қотан қонған екен. Мен лингвист немесе тіл маманы емеспін, дегенмен өз әлімше түсіндіріп көрейін. «Алқа-қотан» сөзінің мәні – үйлер жолда шеңбер сияқты дөңгелене қоныстанады. Алқа – әйелдер мойнына тағатын дөңгеленген әшекей. Яғни қотан – осындай көріністе айнала тігілген үйлердің ортасы. Бұл жерде қойлар түнде жатады, ал айнала қонған үйлер және үй арасындағы ауыл иттері түз тағыларына қойды алдырмайтын қорған болады. Қысқасы, мен айтып отырған «Қотаншеңгел» сөзінің мәні енді түсінікті сияқты. Шеңгел – тікенегі көп, биіктігі адам бойындай бұта. Ол табиғи түрде дөңгелене біткен жердің ортасы бос. Ит-құстан қорған сияқты. Міне сізге дайын жер аты – Қотаншеңгел. Сол сияқты, менің ойымша, Қотанқарағай деген же рде қарағайлар да табиғи түрде дөңгелене өскен, орталары алаңқай болуы керек. Оны күнделікті көріп жүрген немесе тікұшақпен үстінен өткен адамдар айта алады. Өз басым Қотанқарағайды көріп тұрғаным жоқ, бірақ елестетуім бойынша дөңгелене өскен қарағай ормандарының арасында ашық алаңқайлары болуы мүмкін. Содан жер атауы Қотанқарағай болып, кейін өзгеріп кеткен сияқты. Мен бір мысал келтіре кетейін. Біздің сексеуіл өсетін құмның жиегінен құм төбелердің (жалдардың) ішіне кірген соң «Астау-оба» деген жер бар. Құмдағы машина жүретін жолдың екі жағалауы ұзыннан-ұзақ оба, жобамен 1—2 шақырым және олар өте түзу орналасқан. Міне сізге қазақтың ұшқыр қиялы, әсірелеп айтуы, ұқсастыққа қарап қойған атауы. Әйтпесе мен осы уақытқа дейін сондай ұзын астау кездестірген емеспін. (Астау – малға жем-шөп салатын төрт бұрышты ыдыс, екі қыры енінен ұзын болып келеді. Немесе ол – ұзынша ағаштан жасалған ыдыс, дастарханға ет тартуға арналған). Мен осы мақаланы жазар кезде Бетпақдалада Қотантас деген жер бар деп естідім. Оны көрген емеспін, бірақ оның ортасы алаңқай, ал жағалай дөңгелене орналасқан тастар екенін көз алдыма елестетемін. Жоғарыда аталған Қатонқарағайға байланысты «қатон» (немесе «катон») сөзін интернеттен іздеп көрдім, ондай сөздің орысша не қазақша мағынасын таба алмадым. Орысша кей сөздердің жазылуы мен айтылуында «о» және «а» әріптеріне байланысты біраз өзгерістер болатыны белгілі. Мысалы «корова» – «карова», «огород» – «агарот» деген сияқты Қотанқарағайдың атауы да орыстардың бұзып сөйлеуімен Қатонқарағай болып кеткен сияқты. Кей сөздердің ұмытылуының бір себебі мынада: Кеңес Одағы кезінде бір қора қойды «бір отар қой» деп айттық. Ал қазақта бұрын көп қойы бар адам туралы «қотан-қотан қойы бар», көп түйесі болса «келе-келе түйесі бар», көп жылқысы болса «үйір-үйір жылқысы бар» деп айтылған. Осы орайда мен ұлттық ономастика комитетінің назарына мынадай ұсыныс айтқым келеді: Қазақстан Республикасындағы үлкен бір ауданның атын қазақша жазу керек сияқты. Себебі бұл атау бабаларымыздың сөзі. Ал «қатон» сөзінің мағынасы жоқ, Қотанқарағай сөзі мағынаға ие болар еді. Атымтай АЙСЕКЕНОВ, зейнеткер». Редакциядан: А.Айсекеновтің бұл мақаласына қатысты, жалпы, ел ішіндегі атауы өзгеше жерлер туралы қандай да бір айтары бар жандар болса, біз олардың пікіріне де газет бетінен орын беруге дайынбыз. Атымтай Айсекеновтің байланыс телефоны:.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет21 мая 2018 в 9:01
Қатонқарағайда қар жауды Мамыражай мамыр айының ортасында Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында, Үлкен Нарын, Ұлан, Зырян аудандарында қар жауды. Табиғаттың бұл мінезі жұртты біраз әбігерге салғаны анық. Осы орайда біз Үлкен Нарын ауданындағы Қатонқарағай ауылының тұрғыны Мағрипа Кешілбаевамен хабарласып, ол кісіні әңгімеге тарттық. «Қар бізде 14-мамыр күні таңертең, екі-үш сағаттай үздіксіз жауды. Жерді әжептеуір қар басты, дегенмен кейін еріп кетті. Қазір біз жақта қар жоқ. Жағдайымыз жаман емес. Ауа райы енді жылына бастайтын шығар. Әз… — Читать дальше
ірге ызғар бар. Үйге от жағып отырмыз. Қазір ғана пешке тағы да бір шелек көмір салдым. Жалпы, біз жақта көктемде қардың жаууы тым тосын құбылыс саналмайды. Сол себепті жұрт оған іштей дайын жүреді. Мұндай жайлар бұрын да талай мәрте болған. Сондықтан көмірді артығымен алып, осы уақыттарға дейін жеткізуге тырысамыз», – дейді М.Кешілбаева. Бізге осы ауылдың тұрғыны Майя Қасымовамен де тілдесудің сәті түсті. «Біздің жақта қыстың жеті-сегіз айға созылуы үйреншікті құбылыс, – дейді ол кісі. – Сондықтан жұрт қыстың қамын жазда жасап қояды. Кешегі қар біраз тоңдырғанымен аса әбіржіте қойған жоқ. Өйткені мұндайға жұрт әу бастан дайын жүреді. Үйді жылыту үшін көмір жағамыз. Өткен қыста оның тоннасы 12 мың – 13 мың 500 теңге аралығында болды. Бізге ол Семейден жеткізіледі. Тек тамызық мәселесі қиындау. Бұрын орманнан ағашты беймарал кесіп ала беретінбіз. «Қатонқарағай» ұлттық табиғи паркі ЮНЕСКО-ның тізіміне ендірілгелі бері ағаш әр отбасыға өлшеніп берілетін болған, 2 текше метрден беріледі. Үш қайың ағашын кесіп береді. Оны да таудан ақысын беріп, трактормен тасып аламыз. Тамызыққа соны жеткізуге тырысамыз. Жетпесе, кейін сатып алуға да болады. Жалпы, бізге қыстан шығуға 4—5 тонна көмір жетеді. Себебі бұл жақта үйлер шағын етіп салынған, тез жылиды, жылу сақтауға бейім. Ауылымызда 2 мыңдай адам тұрады. Өйткені өзге ұлт өкілдері көшіп кеткен. Мұнда тек қана қазақтармыз. Тұрғындар мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысады. Жазда демалысқа келетіндерге қызмет көрсетіп табыс табатындар бар. Жеріміздің табиғаты әсем. Тұрмыс-тіршілігіміз қарапайым. Өзіміз шаруадан артылмасақ та балалардың жақсы білім алуына барынша жағдай жасауға тырысамыз. Алда, шамамен 18 –19-мамыр күндері «Құралайдың салқыны» келеді. Сол кезде де қар жауып, күн суытады. Ол жыл сайын дәл осы кезде қайталанады.Сосын ауа райы біртіндеп жылына бастайды«....Қатонқарағайдың тұрғындарынан біз осындай жайлар жөнінде білдік. Бұл ауыл кезінде Қатонқарағай ауданының орталығы болған екен, сол кезде 4 мыңнан аса адам тұрыпты. Кейін Үлкен Нарын ауданымен қосылып, орталығы Үлкен Нарынға ауысқан. Қатонқарағай – осы аттас ауыл әкімшілігінің орталығы, ол табиғаты тамылжыған, бұғы, маралымен әйгілі «Қатонқарағай» ұлттық табиғи паркінің аумағында, Алтай тауларының баурайында орналасқан. Ол өзі құрамына кіретін Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласынан 400 шақырым қашықта жатыр. Қатонқарағайға екі ғана жолмен – Зырян жақтан, асулар арқылы, сосын Ертістегі «Бұқтырма» су қоймасы арқылы пароммен жетуге болады. Таулы жер болғандықтан Қатонқарағайда әсіресе көктемде ауа райы жиі құбылып тұрады екен. Жазда барғандар онда рахаттана демалып, ем алып қайтады. Ал қыркүйектен ауа райы суыта келе қазан айының ішінде қыс түседі. Р. ҚЫДЫР.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет21 мая 2018 в 8:00
Жақсылық айында жақсы амалдар жасайық Қадірлі бауырлар! Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла-тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын! Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің халқымыз ежелден Рамазанды ерекше қастерлеп, он екі айдың сұлтаны деп атаған. Берекесі мол айда жарамазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихаттаған. Ал ауызашар дастарханы рухани сұхбаттың, бата мен ізгі тілектің қайнары болған. Ауыз бекіткен ада… — Читать дальше
мды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беру – бағзыдан келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз. Таңғы сәресі әр шаңырақ үшін қуанышты сәт болса, кешкі ауызашар ағайын мен туысты, бір қауым елді имандылыққа ұйытқан, мерекесі мен берекесі үйлескен бас қосу болатын. Аллаға шүкір, бұл игі дәстүр ғасырдан ғасырға жалғасып, жаңғырып келеді. Рамазан – рақым айының құрметі үшін бір-бірін кешіріп, мейірімділік жолын ұстанған пенделер сауапқа кенеледі. Өзгеге мейірім көрсеткен адамды Алла-тағала Өз мейіріміне бөлейді. Кешіргенге кешірім жасалады. Рамазан – жақсылық айында жасалған әрбір жақсы амалдың сауабы еселеніп жазылады. Хадис-шарифте айтылғандай, «Адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа 10 еседен 700 есеге дейін сауап жазылады». Осы ретте отандастарымды материалдық көмекке мұқтаж жандарға көңіл бөліп, қайырымдылық іс-шараларға белсенді түрде атсалысуға шақырамын. Кәсіпкерлерді Рамазанның құрметі үшін азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға, жол-көлік ақысына жеңілдіктер жасауға үндейміз. Құрметті жамағат! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018-жылды «Ислам және отбасы жылы» деп атады. Қасиетті айда қараусыз қалған қарттар мен мүгедектерге, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға, науқас адамдарға барынша қамқорлығымызды көрсетейік, ардақты ағайын! Бір адамды қуанышқа бөлеу – садақа. Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол берілмесе деген тілегімді білдіремін. Құрметті қауым! Рамазан құтты, берекелі болсын, қасиетті айда жасайтын құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын, алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалып, оразадан оразаға аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыздың бірлігі нығайып, берекесі арта бергей! Тәуелсіздігіміз әрқашан баянды болғай! Әумин! Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныңтөрағасы, Бас мүфти.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет18 мая 2018 в 13:41
«Заманада» 20 жылда 100 мыңға жуық ақпарат жарияланды Құрметті оқырман! Міне, Сіз қолыңызға «Замананың» биылғы жылғы 21-нөмірін алып отырсыз. Газетіміздің 1998-жылғы 28-мамырдан шыға бастағанын білесіздер. Яғни енді бір аптадан соң «Замана» 20 жасқа толады. Бұл – газетіміздің осы 20 жылда шығып отырған 977-нөмірі. Қарапайым арифметикаға салып есептесек, «Замана» осы жылдар ішінде оқырманды шамамен 100 мыңға жуық оқиғадан құлағдар етіпті. Яғни жұртшылық «Заманадан» осынша ақпарат алды, өмірдің түрлі салаларын қамтитын мақалаларды оқыды. Газетім… — Читать дальше
із аптап ыстық, қақаған аяз демей, жылдың төрт мезгілінде оқырманды еліміз бен шет мемлекеттерде болып жатқан мыңдаған айрықша ақпараттар мен тың жаңалықтардан құлағдар етті. Адамға ой салатын, көңіл көкжиегін кеңейтетін танымдық-тағылымдық мақалалар да «Заманада» мыңдап жарияланды. «Замана» әрқашан оқырман мүддесін бәрінен де биік қойды. «Заманада» өткен 20 жылда жарияланған мыңдаған ақпарат, мақалалар – бұл өшпестей болып тасқа басылған тарих беттері. Онда біздің де, Сіздің де іздеріміз, қолтаңбамыз, тілек-ниет, ықылас-пейіл, үміт-сенімдеріміз, еткен еңбек, төккен теріміз жатыр. Бұл жылдарда Сіз әрдайым бізбен бірге болдыңыз, қолдап-қуаттадыңыз, бірге қуандыңыз. Сол үшін Сізге мың алғыс, Сізге Алланың нұры жаусын! Өздеріңізбен әрдайым бірге болып, әрқашан да көңілдеріңізден шығып тұру – біз үшін үлкен мәртебе....Сөз соңында мына жай туралы да айта кетсек дейміз. Бүгінде 2018-жылдың екінші жартыжылдығына газет-журналдарға жазылу науқаны жүріп жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, «Заманаға» алдын-ала жазылып қойыңыздар. Қандай да бір теріс пиғылды тараптың немесе өз ісіне немқұрайды қарайтын жандардың «Замана» шықпай қалған», «Үйіңізге жеткізіп беретін почташы жоқ» деген сияқты сылтауларына сенбеңіздер! Бұлай деуімізге себеп бар. Бізге ел ішіндегі бірқатар оқырмандарымыз «Заманаға» жазыла алмай отырғанын, газетіміздің кей әкімдердің жазылуға міндеттейтін «разнарядкасында» атымен жоқ екенін хабарлауда. Негізі бұл біз үшін жаңалық емес, ондай бұрын да болған. Сондықтан ондай басшы азаматтарға өзінің ұяты білсін деуден басқа айтарымыз болмай тұр. Жағымпазданып-мақтау, жамандап-даттау немесе қорқытып-үркіту де ойымызда жоқ. Біз тек өз қалауына адал, құқын қорғай білетін, талғамы жоғары оқырмандарымызға ғана сенеміз, соларға үміт артамыз. Жалпы, әлгіндей тізімдерде ресми болсын, тәуелсіз болсын басқа газеттердің жүретіні белгілі. Біз жұртшылық оларға жазылмасын демейміз, алалау болмасын, барлық газеттерге тең құқық берілсін дейміз. Бірақ, өкінішке орай, бұл саладағы кейбір құйтырқы іс-әрекеттерге әлі де тосқауыл қойылмай келеді. Бізге «Заманаға» жазылса, тиісті газетінің тым кешіктіріліп апарылатынын, тіпті мүлде жеткізілмей қалатынын, сондықтан оны ауыл, аудан орталықтарынан іздеп жүріп сатып алып оқитынын айтып хабарласатын оқырмандарымыз да бар. Ол туралы біз бұрын-соңды талай мәрте жазғанбыз. Біз осындай қиындықтарға қарамастан «Замананы» қалайда тауып алып оқитын жанкүйерлерімізге өз алғысымызды білдіреміз. «Заманаға» жазылыңыздар, оның уақтылы жеткізілуін таратушы мекемелерден талап етіңіздер. «Замана» осы жиырма жыл ішінде бірде-бір рет шықпай қалған емес, апта сайын уақтылы жарық көріп, тиісті жерлерге жөнелтіліп жатады. Ендеше, алдағы уақыттарда да бірге болайық, қадірлі оқырман! Біз Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Жасаған ізгі амалдарыңызды Алла қабыл етсін, мұрат-мақсаттарыңыз орындала берсін! Ізгі ниетпен: «Замана» газеті редакциясының ұжымы.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет18 мая 2018 в 11:13
Тәрбиесі кем жандар қайдан шығып жатыр? Баланың тәрбиесіне қарамақ түгілі, бетін көруге уақыты болмаған бабалардың балалары тексіз болған жоқ. Неге? Себебі анасы ақылды әрі текті болды. Әкесі ұрпағының емес, елінің болашағын ойлап алысты. Ал ана елдің болашағын отағасының қолына тапсырып, өзі болашақ ұрпақ тәрбиесімен айналысты. Қазір біздің мынау шашылып жатқан, мән-мағынасы қалмаған қоғамда бәрі бар. Соның бірі – «Баланы қалай тәрбиелеу керек?» семинар-тренингі. Сонда ата-ана ақыры баласын қалай тәрбиелеу керектігін білмейтіндей күнге жет… — Читать дальше
ті ме? Тренинг жүргізіп тұрған көкемнің құлқынын жеген – ақша, басқа ештеңе емес. Сіз келіп оның курсына жазыласыз, содан кейін барып «е, баланы осылай тәрбиелеу керек екен ғой» деп мәз боласыз. Әсіресе кейінгі буын арасында үй болып жатқан, балалы болып жатқан аналар арасында жиі кездеседі. Әкесі – ынжық, анасында ақыл жоқ. «Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты» деген қазақ дөп баса салыпты. Семинар-тренинг деген сайын есіргендердің ендігі бір тегін-мастер класын көрдім. Атауы: «Жарды қалай таңдау керек?» О заманда, бұ заман, жарды да біреудің ақыл-кеңесімен таңдап алу керек пе? Сол семинарда ұзаса психологиялық бір дүние айтар. Ал сенің өзің ше? Ішкі ой, ақыл, мінез деген қасиеттерің қайда? «Әйелді анасына қарап ал», «мынасына қарап ал» дейтіндердің әйелі қандай екен өзі? Сүйген екенсің, Құдай қосқан екен, сен оның «ана-мынасына» қарамақ түгілі, ең жаман қылығын да көтеріп кетесің, еркелетіп. Әрине, қыздың тектілігі мен имандылығы маңызды. Бірақ сен мықты болып тұрсаң, ол қыз қайда кетеді? «Идея сатылатын заман» деген – миыңа келген дүниенің бәрін сату деген сөз емес. Осы былықтың бәрі қайдан шықты? Айтайын. — Атасы мен әжесіне немересін бермейтіндерден; — Әйелінің сөзінен аса алмай, әке-шешесіне немересін анда-санда ғана көрсетіп тұратын ез еркектерден; — «Жас күнімде қыдырып алайын» деген жеңіл ойлы анадан; — «Уақыты келгенде үйренемін ғой» деп уақытын өткізіп алған қыздан; — «Қазір әйел болатын қыз жоқ» дейтін жігіттерден; — «Қазір еркектер ез болып кетті» дейтін қыздан; — Қызы мен ұлына тәрбие берудің орнына жақтау мен мақтаудан ғана бас алмайтын ата-анадан шықты! Марғұлан АҚАН.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет18 мая 2018 в 7:21
Азықты абайламай асай салмаңыз Жаз маусымының басталуына да аз уақыт қалды. Енді көп ұзамай ауа райы ыси бастайды. Мұндайда өзіміз күнделікті қолданып жатқан тамақ өнімдеріне аса көңіл бөлуіміз керек. Әсіресе сүт, қаймақ, жұмыртқа, майонезі бар салат тағамдары тез бұзылып кететіндіктен олардың ағзаға қаупі жоғары екенін ұмытпағанымыз абзал. Күн ыстықта микробтарды тасымалдаушы шыбын-шіркей көбейеді, басқа да қаупі бар факторлар жиілейді. Әсіресе жеке бас гигиенасын сақтауымыз керек. Кейде біз тамақ ішер және дайындар алдында қолымызды жууды… — Читать дальше
ұмытып кетеміз. Есік тұтқасын, ақшаны, жалпы, қоғамдық көлік тұтқаларын ұстаған кезде қолымызға қаншама микробтар жұғатынын есте сақтауымыз керек. Тамақтан уланудың тағы бір себебі – оны дұрыс температурада сақтамау, тағам қөршілестігін сақтамау. Мысалы, шикі және дайын өнімдерді қатар қою, тағамдарды дайындау технологиясын дұрыс қолданбау да тамақтың ластануына соқтырады. Уланып қалмас үшін тамақтың қандай жағдайда дайындалғанына, сатушының арнайы киімі бар-жоқтығына назар аудару керек. Күн жылына сала жер-жерде самса, бәліш, вафельді тостағандағы сұйық балмұздақ, түрлі сусын сатушылардың қарасы көбейеді. Байқасаңыз, сатушылардың дені – жастар, көбінде медициналық-санитариялық кітапша жоқ. Ал көпшілік сауда орындарында қарапайым қол жуғыш, тоңазытқыш деген болмайды. Сондықтан мұндай жерлерден шама келгенше аулақ жүрген жөн. Тағамдық токсикоинфекция – сақтық шараларын ұмытқан ортада жиі кездесетін дерт. Ол зиянды микроағзалар мен токсиндердің уы жайылған тамақ жегеннен болады. Ал тамақтан уланудың негізгі белгілері мынадай: Адам аяқасты әлсіреп, асқазаны мен ішегі бүріп ауырады. Әдетте аурудың топтық сипаты, яғни қатарынан бірнеше адамның улануы жиі кездеседі. Улану кез келген адам ағзасында қалыпты деңгейде болатын протеи, клебсиел, энтеробактерия сияқты шартты-патогенді бактерияларды қоздырып жібереді. Адам әлсірегенде олар керісінше белсеніп, ішек ауруын туғызады. Шартты-патогенді бактериялардан бөлек, көп жағдайда аурудың туындауына стафилококк сияқты патогенді, яғни ауру қоздырушы микроағза себеп болады. Мұндай инфекция азық-түлікте, ашық су көздерінде, ауру адамның немесе бактерия тасымалдаушы жануарлардың нәжісінде, тіпті қоршаған ортадағы кез келген нәрседе кездесуі мүмкін. Қоздырғаштар даярлау, тасымалдау, сақтау кезінде бүлінген тағам арқылы тарауы ықтимал. Азық-түлікті қайдан сатып алсаңыз да сатушы оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан азық-түлік өнімдерін сатып алған кезде мынадай жағдайларға назар аударыңыздар: - бүлінген қаптамадағы азық-түлік, соғылған көкөніс, жемістер, жарылған жұмыртқа жұқпа көзі бола алады; — азық-түліктің қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзіміне қараңыз; — азық-түліктің сапасына (дәміне, иісіне және сыртқы қалпына) назар аударыңыз. Тамақтан улануды болдырмаудың бірнеше қарапайым ғана жолдары бар. Олар мынадай: тамаққа дейін қолды жақсылап жуу, азық-түліктерді қажетті жағдайда сақтау, көкөністер мен жемістерді қолданар алдында міндетті түрде мұқият жуу. Жалпы, егер азық-түліктің сапасына күмәніңіз болса, оны қолданудан бас тартқаныңыз абзал. Б. ӨТЕМІСОВА, Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет17 мая 2018 в 13:25
Кімнің қандай мамандыққа бейімі бар? Мамандық кез-келген адамның өмірінде үлкен роль атқарады. Баланың мамандығы оның болашағы үшін маңызды. Сондықтан нумерология ғылымына сүйене отырып, кімге қандай мамандық сәйкес келетінін айтпақпын. Өз саныңызды табу үшін былай есептеңіздер: 19.03.2007. делік, енді әр санды жеке-жеке қосып шығу керек (1+9+3+2+7=22). Енді шыққан санды бір-біріне қосамыз (2+2=4). Яғни жеке сан шыққанға дейін бір-біріне қосасыздар. «1» саны шыққандар – басшы болу үшін жаралғандар. Шығармашылықпен айналысу, әртүрлі шараларды ұ… — Читать дальше
йымдастыру оларға тән қасиет. Нәтиже үшін жұмыс істейді. Тың идеяларды жүзеге асырушылар. Сондықтан шешім қабылдарда жаңаша көзқарасты талап ететін қызметті таңдағандары дұрыс. Мысалы, олардан мықты менеджер, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, қоғам қайраткері, зергер, әртіс, суретші, банк қызметкері шығар еді. «2» санының иелері өзгелерге қамқорлық танытуға мүмкіндік беретін мамандықтарға бейім келеді. Қоғаммен тікелей қарым-қатынаста болуды талап ететін саланы таңдағаны дұрыс. Таңдайтын мамандықтары: дәрігер, өнер қайраткері, саяxатшы, философ, ферма иесі. Актерлік қабілеттері де бар. Олардың мақсаты – сезім мен қиялды шарықтата түсу. Атаққұмарлыққа жақын, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленгенді қалайды. «3» санының иесі – медицина саласының қызметкері, теxникалық мамандық иелері де осылардан шығады. Ой еңбегі мен өнертапқыштықты талап ететін кез-келген сала сай келеді. Менеджер, әскери қызметкер, кеденші, оташы, спортшы, қара жұмысшы, бизнесмен, жүйелік әкімгер секілді салаға барса, өкінбейді. Кеңес: бар күшін көмек пен қамқорлыққа зәру адамдар мен іске бағыттаса игі. Егер сізде «4» саны шықса, онда ерекше мұқияттылықты талап ететін қызметтерді таңдаңыз. Сондай-ақ күзету мен бақылау төңірегіндегі мамандықтар сай келеді. Мұғалім, журналист, әкімшілік қызметкері, бизнесмен, өндіруші, емші, құрылысшы салаларына бейімсіз. Сіз әрдайым ақпарат жинақтап, оны көпшілікке ұсынғанды қалайтын жансыз. Жаңа жол іздеп, таным-түйсігіңізді кеңейткенді қалайсыз. Осы бетіңізден таймаңыз. «5» санымен байланысыңыз болса, онда сізге іс-сапармен, ақпарат алмасумен байланысты, ұйымдастырушылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін жұмыстар қолайлы болмақ. Сізден заңгер, жарнама агенті, қаржыгер, мемлекеттік шенеунік, псиxолог, жазушы, жол нұсқаушы, аудармашы, ғалым, менеджер, кәсіпорын иесі шығады. Кемелденуге ұмтылыңыз, әділдік орнатуға күш салыңыз. «6» санының иелері қоғаммен байланысты талап ететін жұмыстарды таңдағаны дұрыс. Медицинамен, қоғамдық ұйымдармен, білім мекемелерімен байланысты жұмыстардан жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мәселен, косметолог, дизайнер, қорғаушы, дәрігер, реставратор, суретші, банк қызметкері, музыкант, жазушы, әртіс, зергер. Егер сізде «7» саны шықса, онда осы бастан дайындалыңыз, сізге күш-қайрат пен шыдамдылықты талап ететін жұмыстар бұйыруы мүмкін. Мына мамандықтарды таңдаса өкінбейді: кеңесші, сәнгер, риэлтор, құрылысшы, заңгер, псиxолог, саудагер, шахтер, әкімгер, тәртіп сақшысы. «8» санының иелері идея ұсынуды, шығармашылық қабілетті талап ететін жұмыстарға бейім. Маркетолог, қаржыгер, өнертапқыш, энергетик, меxаник, мұғалім, биші, медбике, жарнама жасау саласын таңдаса, жақсы жетістікке жетуі ықтимал. «9» санының иесі – ұшқыр қиял мен түйсіктің сезгіштігін талап ететін жұмыстарға бейім жан. Білімінің көмегімен қоғамның өміріне өзгеріс енгізетін жұмыстарды істеуге құмар. Фармацевт, xимик, ғалым, музыкант, ақын, актер, емші, мұнайшы, теңізші, детектив, қоғам қызметкері, псиxолог және заңгер мамандықтарын таңдауға кеңес беремін. А. АСАНБЕРДІ, нумеролог.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет17 мая 2018 в 9:36
Барды бағаласаңыз, бақыт дәл жаныңыздан табылады Бақытты болғысы келмейтін жан жоқ. Бәріміз де төрт құбыламыздың түгел болғанын, балқып-шалқып өмір сүргенді қалайтынымыз анық. Ендеше, осылай күн кешуге не кедергі? Психологтар бұған байланысты былай дейді: 1. Біз көбіне жақын адамдар, көрші-қолаң, достар, әріптестер менің іс-әрекетіме қалай қарайды деп уайымдаймыз, олардың тарапынан сынға ұшырасақ, көңіл-күйіміз бұзылады. Ал негізінен адамдар қанша болса, сонша пікір бар. Көрші әйелдің сіздің шаш қою үлгіңізге қалай қарайтынына бас ауыртпаңыз, е… — Читать дальше
ң бастысы, ол сіздің өзіңізге ұнаса болды емес пе? Өзгелердің пікірін тыңдауға да болады, бірақ түбінде өзіңіз нені дұрыс көресіз, соны жасағаныңыз жөн. 2. Қалыптасқан жағдайға сырттай қарап үйреніңіз. Мысалы, біреумен арада түсініспеушілік болса, оған үшінші адамның көзімен қарап көріңіз. Бұл сіздің ол адаммен қатынасты түбегейлі доғаруыңызға немесе онымен татуласуыңызға жол ашады. Яғни сырттан қарау арқылы сіз мәселеге толық көз жеткізе аласыз. 3. Өткен іске өкіне бермеңіз. Бір нәрседен опық жесеңіз, оның себебін ғана анықтаңыз, бұл сізді алдағы адасулардан сақтайды. Өткенге өкінумен босқа өмір өткізбеңіз, дәл қазіргі, нақты іспен айналысыңыз. 4. Тек жақсы нәрселерді ойлаңыз, әрбір ізгі іс үшін әрбір күніңізге риза болыңыз. Сонда өміріңізге тек жақсы нәрселер ғана үйірсектейді. 5. Өз өміріңіздегі бақытты сәттерді көбірек еске түсіріп отырыңыз. Әсіресе тың іске кірісерде өміріңізде болған қуаныштарды еске түсіріңіз, бұл сізге қуат қосып, алға ұмтылдырады. 6. Бүгінгі күнмен өмір сүріңіз. Өткенге, әсіресе өкінішті сәттерге орала бермеңіз. Мысалы, ұнатқан жаныңыз тастап кеткен болса, оны ойлап өкіне бермеу керек. Мүмкін сізге жақсы адам кезігетін шығар, осыған сеніп, үміт артқан жақсы. 7. Жасым ұлғайды деп өзіңізді ерте қартайтпаңыз, өзіңізге, жақындарыңызға қажетті іспен айналысыңыз, жаңалықтар туындатыңыз. Кітап оқыңыз, тіл үйреніңіз, сапарға шығыңыз, қысқасы, 50 жаста да өзіңіз үшін қандай да бір жаңалық ашуға болады. 8. Өзіңізді өзгемен салыстырып, одан кем, бақытсыз, жолы болмайтын адам секілді көруден сақтаңыз. Мүмкін ол сіздің өміріңізге қызығатын шығар? Төрт құбыласы түгел сияқты көрінгенімен оның басқа проблемасы бар шығар? Дұрысы, өзіңізде бар нәрсені бағалай біліңіз, соған қуанып үйреніңіз. 9. Бақытты жандармен жиі араласыңыз. Өйткені көңіл-күй де «жұқпалы», сондықтан өмірде өкініші көп, үнемі «жыланып» жүретін адамдардан мейлінше аулақ жүрген жақсы. Өмірде жолы болғыш, көңіл-күйі орнындағы адамдармен араласу арқылы сіз өз өміріңізді де осындай ете аласыз. С. МАҚҰЛБЕК.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет17 мая 2018 в 7:56
Көз тигеннен емделу қиын емес Кейде адамның бірден мазасы қашып ауыратыны бар. Ондайда қанша жерден сенгіміз келмесе де көз тиді ме деп күдіктенетініміз жасырын емес. Кешегі аптада кішкентай нәрестем қатты ауырды. Ыстығы түспей, үш күн қиналдық. Дәрігерлер неше түрлі дәрі-дәрмек жазып бергенімен одан еш шипа болмады. Ақырында көршілердің кеңесімен Айша есімді бала «үшкіретін» апаға алып бардық. «Балаға көз тигенде тамағы ауырады, ыстығы шығады. Назарланып қалған ғой», – деп білген дұғасын оқыды. Сосын бізге төмендегідей кеңес берді. «Қызым, Пай… — Читать дальше
ғамбарымыз екі немересі Хасан мен Хусейнді көз тиюден сақтау үшін мына дұғаны оқыған екен: «Уьизукумә би-кәлимәтил-ләһит-тәммәти мин кулли шәйтанин уа һәмматин, уә мин кулли ьайнин-ләммәһ». Қазақша мағынасы: «Сендерді бүкіл шайтаннан, әрі түрлі зиянкестерден және сұқ көзден сақтай гөр деп Алланың кәміл сөздерімен сыйынамын». Бұл – сәбиді тіл-көзден сақтауға арналған дұға. Той-томалаққа немесе сәбиді сырт жерге апарарда дәрет алып, балаңыздың атын айтып, жоғарыдағы дұғаны оқығаныңыз дұрыс. Тіліңіздің икемі келмесе қазақша мағынасын айтуға да болады. Алда-жалда көз-сұқ болса, сәбидің арқасында немесе бетінде қара дақтар пайда болады. Емшек ембей қалады. Омыраудан шыққан бала болса, аузына тамақ апарсаң, басын алып қашады. Бұл өткір көз тигендегі жағдай. Ал көз жанай немесе жеңіл тисе бала мазасызданып, ыстығы көтеріліп, тамаққа бұрынғыдай тәбеті тартпай, тек сүтті ғана қорек етеді. Көңілі жабырқау тартып, айналасында болып жатқан нәрселерге елең етпейді. Еш нәрсеге зауқы соқпай, жата береді. Дәрігерлер көз тиген балаға ешқандай диагноз қоя алмайды. Бұл медициналық жолмен емдейтін ауру емес. Балаңызға көз тиді деп күмәндансаңыз, онда былай ету керек: Егер балаңызға көзі тиген адамды мөлшерлеп білсеңіз, (кейде үйіңізге бір ғана қонақ келіп, балаңыз ауырып қалатын жағдай болады ғой), оған жағдайды түсіндіріп айтып, жеңіл дәрет алғызып, дәрет суымен баланы шомылдырсаңыз, дереу сауығады. Ал көзі тиген адам белгісіз болған жағдайда, онда «Фатиха», «Ықылас», «Фәлаһ», «Нас», «Аятул күрсі» сүрелерінің біреуін оқып, денесін толықтай сипалап шығасыз. Немесе «Фатиха», «Ықылас», «Фәлаһ», «Нас», «Аятул күрсі» сүрелерінің біреуін таза суға оқып, балаға ішкізесіз. Сіздің балаңызға біреудің тіл-көзі тиеді екен, ал сіздің тіл-көзіңіз біреудің баласына тимей ме? Әрине, тиеді. Ол үшін не істеу керек? Бөтен баланың әдемілігіне қатты сүйсініп, таңқалған жағдайда: «Алланың құдіреті», «Алланың жаратқаны» деп айту қажет. Ақиқатында өз көзіңіз бен сөзіңіздің сұғын қайтаратын бірден-бір амал – оның тек қана Алла тарапынан болғанын айту». Айша апаның айтқан ақылын әрбір жас ана жадында ұстаса екен. Балаларымыз ауырмасын, ағайын! С. ИКРАМҚЫЗЫ.
Zamana.kz - Республикалық қоғамдық-cаяси газет16 мая 2018 в 7:52
Ал сіз білесіз бе? Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Қан алдыру немесе сүлік салдыру да оразаны бұзбайды. Құлаққа су кіру, бұлық ағу оразаны бұзбайды. Көзге, құлаққа дәрі тамызу немесе көзге сүрме жағу оразаны бұзбайды. Мисуак оразаны бұзбайды, өйткені ол – сүннет. Тіпті тіс пастасын қолдану да оразаны бұзбайды. Бірақ тіс пастасы ішке кетіп қалмауы тиіс. Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау керек.… — Читать дальше
Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды. Гүл, әтір секілді жақсы иістерді иіскеу оразаға зиян бермейді. Түкірік немесе мұрынды тарту оразаны бұзбайды. Тамаққа түтін немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары еріксіз кірсе, оразаға зиян бермейді. Бірақ бұларды әдейі ішке тартса, ораза бұзылады. Еріксіз құсу оразаға кедергі жасамайды. Салқындау үшін жуыну, жүзу немесе ылғалды бір көйлек кию оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтпастан суға батып жүзу қиын болғандықтан түспеу абзал. Емдік мақсатта дәрі ішсе, ораза бұзылады. Қазасын өтеу керек. Себепсіз бір нәрсенің дәмін тату немесе шайнау – мәкрүһ, яғни ұнамсыз нәрсе болып табылады. Себебі ол оразаның бұзылуына себеп. Бірақ көп кісіге пісірілген тамақтың дәмін көріп, түкіріп тастауға болады. Дәмін татқан уақытта тамаққа кетпеуі шарт. Аузы берік кісіге сулы мисуакты пайдалану – мәкрүһ. Дәрет алған кезде аузына, мұрнына суды көп пайдалану – мәкрүһ. Рамазан – сексен үш жылдың сауабына тең келер қасиетті Қадір түні бар ең берекелі ай.
Официальная группа Вконтакте газеты Замана
Әрдайым аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тынш болғай!