Официальная группа Вконтакте библиотеки Ғылым Ордасы
3 апреля 2017 в 8:27
ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Жайык Пресс» ЖШС бірлесе атқарылған жұмыс нәтижесінде жарық көрген кітаптардың тұсау кесер рәсімі өтті 2017 жылдың наурыз айының 29-да Батыс Қазақстан облыстық газеттерінің шыға бастағанына 100 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Жайык Пресс«жауапкершілігі шектеулі серіктес… — Читать дальше
тігі бірлесе атқарылған жұмыс нәтижесінде жарық көрген кітаптардың таныстырылымы, тұсау кесер рәсімін өткізді. 2016 жылыдың 7 қыркүйегінде «Қазақстандағы және оның батыс өлкесіндегі қазақ баспасөзінің дамуын, алғышарттарын, сол кездегі қоғамда қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалды, баспасөз ісі маңында жүрген тарихи тұлғалардың өмірбаянын, қоғамдық-саяси қызметін бірлесе зерттеу» мақсатында жасалған әріптестік меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум нәтижесінде бірнеше жұмыстар атқарылды, жұмыс нәтижесімен бөлісіп, ғалымдармен ақылдасу, пікір алмасу мақсатында Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер бөлімі дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Показать
еще 4 фото
3 марта 2017 в 12:58
2 наурыз күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Ғылым ордасы» концерт залында, халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем сазы» атты концертін өткізді. Концертке Халықаралық және Республикалық сайыстардың лауреаттары: ұстаздар, магистраннтар және студенттер қатысты. Бағдарлама барысында Қазақстан және шетел композиторларының шығармалары мен күйлері орындалды.
Показать
еще 4 фото
23 февраля 2017 в 7:13
Құрметті оқырмандар, Сіздер басқа да әлеуметтік желілер арқылы біздің жаңалықтармен таныса аласыздар.
23 февраля 2017 в 7:11
ҚР Президенті, ҚР ҰҒА академигі Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70-жылдық мерейтойына арналған Жалпы жиналысының салтанатты сессиясына «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының Сирек қорынан көрме қойылды.
Показать
еще 3 фото
17 февраля 2017 в 14:51
Встреча с представителем Королевского химического общества В 17 февраля в «Центральной научной библиотеке РГП „Ғылым ордасы“ состоялась встреча с представителем Королевского химического общества Михаилом Поповым. На презентации были представлены всемирно известные журналы по химии и издательские продукты. Королевское химическое общество — является ведущей и самой большой некоммерческой организацией в Европе, совершенствующей химические науки. Членами общества являются более 55 000 ученых-химиков по всему миру. Является признанным на международн… — Читать дальше
ом уровне научным издательством. Публикует высокоцитируемые журналы, книги и электронные книги, базы данных и др. продукты. Импакт-факторы научных журналов Королевского химического общества являются одними из самых высоких в области химических наук. На презентации присутствовали сотрудники Центральной научной библиотеки, ученые институтов при НИУ: РГП «Институт ботаники и фитоинтродукции» КН МОН РК, РГП «Институт математики и математического моделирования» КН МОН РК, ТОО «Казахский научно- исследовательский институт почвоведения и агрохимии им. У.У. Успанова», ТОО «Институт геологических наук им. К. И. Сатпаева» КН МОН РК, АО «Институт топлива, катализа и электрохимии им. Д. В. Сокольского», АО «Национальный научно-технологический холдинг Парасат», АО «Центр наук о земле, металлургии и обогащения» КН МОН РК. Ссылка
Показать
еще 3 фото
17 февраля 2017 в 14:50
Электронно-библиотечная система IPRbooks 16 февраля в «Центральной научной библиотеке РГП „Ғылым ордасы“ прошла встреча с Директором по развитию ЭБС IPRbooks Кутуевой В. Компания предоставляет целый комплекс услуг в сфере информационных и библиотечных технологий. Опыт успешной работы как издательства и держателя электронно-библиотечных систем, а также сертифицированные программные комплексы, обширная база учебной литературы, периодики позволяют научным учреждениям и организациям использовать разработки и достижения „Ай Пи Эр Медиа“ в целях разв… — Читать дальше
ития и совершенствования процесса научной и образовательной деятельности.(ссылка)
Показать
еще 1 фото
13 февраля 2017 в 7:09
Кітапханадағы салтанатты тұсаукесер 2017 жылдың 8 ақпан күні «Ғылым ордасы» РМК қарасты Орталық ғылыми кітапханада Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұловқа арналған «Қазақстан ғылымының көрнекті қайраткерлері» ғылыми-ғұмырнамалық сериясы бойынша шығарылған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға арнайы шақырылған Алматы қ. ірі кітапханаларының мамандары, «Ғылым ордасы» РМК қызметкерлері, сонымен қатар Т.Ә. Бейісқұловтың туған-туыстары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды Орталық ғылыми кітапхана меңгерушісі Қ… — Читать дальше
. Е. Қаймақбаева кіріспе сөзбен ашып, келген қонақтарға кітапхананың тыныс-тіршілігінен сыр шертіп, өз тарабынан кітаптың көпшілік оқырманға жол тарту мәселесін қамтамасыз ететіндігін айтып өтті. Сонымен қатар, кітапқа байланысты қандай да болсын ұсыныс-тілектерін ескеріп, көмек қолын созуға дайын екенін жеткізді. 150 беттен тұратын бұл кітап қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Таралымы – 50 дана. Құрастырушылар : Е. Бейсқұлов, А.Ж. Сақанова. жауапты. редактор Қ.Е. Қаймақбаева,. Библиогр. ред.: Г.И. Бельгибаева. (сілтеме) Кітап Т. Ә. Бейісқұловтың ұлының ұсынысымен және «Ғылым ордасы» РМК қарасты Орталық ғылыми кітапхана қызметкерлерінің қолдауымен жарыққа шығып отыр. Кітапқа академиктің өмір-баяны мен көптеген еңбегі және Т.Ә. Бейісқұловқа арналған өлеңдер енген. Шара барысында зерттеушінің ұлы Е. Т. Бейсқұлов келген қонақтарға әкесі жайлы слайд-шоу ұсынды. Сонымен бірге, Ғаббас Қабышұлы, Шәкен Күмісбайұлы, Талғат Айтбайұлы сияқты жазушылар автор жайлы әдемі естеліктер айтып, өз кезегінде отырысты ұйымдастырушы кітапхана ұжымына алғысын білдірді. Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұловтың өмірбаянына аз-кем тоқтала кетсек: Қаламгер 1932 жылғы 15 қаңтарда Алматы облысы Алакөл ауданының (бұрынғы Талдықорған облысы Үйгентас ауданының) Қарлығаш ауылында дүниеге келген. Бастауыш мектепті 1941 ж. Төңкеріс ауылында бітіреді, Фурманов (Есалы) ауылында жетіжылдық мектепте оқиды. 1956 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін, 1966 жылы Мәскеу Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін тәмәмдайды. 1957 жылы желтоқсанда Талдықорған облыстық комсомол комитетінің комсол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары және бюро мүшесі қызметіне бекітіледі. Қаламгердің ғылыми-шығармашылығының үлкен бір саласы – қазақтың классик жазушысы, алыптар тобының ардақтысы, нақақтан атылып кеткен Бейімбет Майлиннің, оның отбасының бастан кешкен хикметін зерделеу, көпшілікке жеткізу. Бұл іске 40 жылға жуық өмірін арнады. 1970 жылы журналистік зерттеуден басталған бұл жұмыс ұзаққа созылды. Міне, осы бағытта бірсыпыра жұмыстың басы қайырылды. «Б. Майлин – публицист» (1979 ж.), «Қанатты қаламгер» (1983 ж.), «Дарын даралығы» (1994 ж.), «Бейімбетті атқан кім?» (2000 ж.) еңбектері жарық көрді, «Би аға» естеліктер жинағын құрастырып шығарды. Автордың талай жылғы ізденісінің арқасында «Қилы заман азабы» (2003 ж.) кітабы шықты. 2005 жылы «Бейімбет Майлин және ұлт өнері» атты деректі-публицистикалық эссесі баспадан жарық көрді. Қалтасы қалың бизнес болмаса да туған ауылы Қарлығаштан 1941—1945 ж.ж. қан майданға қатысқан 91 адамның аттарын қашап жазғызып ескерткіш орнаттырған. Т.Ә. Бейісқұловтың жарық көрген еңбектері: Әкелер даңқы жолымен. Публицистика. 1973, 4,55 баспа табақ. Кеудесін оққа тосып. 1975, 2,1 б.т. Б. Майлин публицист. 1979. 2,51 б.т. Қанатты қаламгер (Б. Майлин). 1983, 8,12 б.т. Би аға (естеліктер жинағы). 1991, 15,96 б.т. Біздің ауыл Үшқайың. 1993, 7 б.т. Желтоқсан ызғары (1986 жылғы көтеріліс жайында деректі-публицистикалық зерттеу-толғау). 1994, 10,9 б.т. Дарын даралығы (Б. Майлин). 1994, 7,53 б.т. Сарбиік сағасында (публицистикалық толғау). 1995, 5,88 б.т. Қоштаспаймын, махаббат! Эпистолярлық повесть. 1999, 6,5 б.т. Қаза мен аза. Роман-эссе. 2000, 25 б.т. Бейімбетті атқан кім? 2000, 10 б.т. Толғауы тоқсан тағдыр. Деректі-публицистикалық толғау. 2000, 7 б.т. Үйгентас өңірі. Деректі-публицистикалық толғау. 2001, 11,5 б.т. Таңшолпан жарқырап туды. Өткен күнде белгі бар. 2002, 10,75 б.т. Қилы заман азабы. Бейімбет Майлин өмірі. 2003, 22 б.т. Майлышат. Деректі-публицистикалық толғау. 2003, 7,5 б.т. Бейімбет Майлин және ұлттық өнер. 2005, 7,4 б.т. «Сарыарқа саңлағы» кітабына ғылыми редактор: 2007, 20 б.т. Бестомдық жинағы. 2008 ж. Жанталас өмір. 2009 ж., 17,2 б.т.
Показать
еще 3 фото
8 февраля 2017 в 14:22
Бүгін Орталық ғылыми кітапханада Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұловқа арналған «Қазақстан ғылымының көрнекті қайраткерлері» ғылыми-ғұмырнамалық сериясы бойынша кітаптың тұсаукесері өтті.
Показать
еще 4 фото
2 февраля 2017 в 11:17
Халифа Алтай 1917 жылы 18 желтоқсан Шығыс Түркістанның Алтай өңірінің Шіңгіл ауданында дүниеге келген дін және қоғам қайраткері, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Алғаш сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1933 — 1938 жылдары Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған. 1940 жылы Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 жылы Кашмир өлкесінде тұрақтады. Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкістанда өтіп, осында арабша, урдуша білім а… — Читать дальше
лған. 1951 жылы Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды. 1953 — 1954 жылдары Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. Сегіз жыл діни медреселерде оқыған. Түркияда сауда кәсібімен шұғылданған. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды. 1991 жылы Қазақстанға біржолата көшіп келді. Ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, таратуға еңбек сіңірген. 1995 — 2000 жылдары Қазақ радиосынан әр жұма сайын ислам дініне байланысты арнайы хабар жүргізді. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған “Инабат” имандылық тәрбие орталығының төрағасы болды. 1995 жылы “Сияр нәби” (Хазірет пайғамбар Мұхаммедтің (ﷺ) өмірбаяны) атты кітапты қазақшаға аударып, Түркия Республикасының Дін істері басқармасының жәрдемімен Анкарада бастырды. Бұл кітап та халыққа кең тарады. «Қазақ түріктерінің шежіресі», «Естеліктерім», «Ата жұрттан Анадолияға дейін» «Алтайдан ауған ел» атты кітаптары жарық көрген. Түрік, татар, ұйғыр тілдерін жетік білетін Халифа Алтай «Құран-кәримнің» өзге туысқан халықтарға жетуіне де өз үлесін қосты. Халифа Алтай 1911 жылы Қазан қаласында «Ел-Итқан» деген атпен татар тілінде шыққан кітапты қайта қарап, қалыпқа келтіріп, 1984 жылы Ыстамбұлда басып шығарды. Бұл кітап Татарстанға ғана емес, сонымен бірге Жапония, Филиппинде тұратын театрларға да тарады. 1913 жылы Қазан қаласында шыққан «Құран-кәримді» де Халифа Алтай қалпына келтіріп, 1992 жылы Түркияда Фахд баспаханасында бастырып, 800 мың данамен шығарылып,таратылды. Одан бөлек, «Кәләм Шарифді» аударған, көптеген діни кітаптардың авторы болып табылады.
2 февраля 2017 в 11:16
Алматы қаласындағы 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиада Универсиада – Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) қамқорлығымен өткізілетін студенттер арасындағы халықаралық спорттық жарыстар. Жарысқа қатысуға 17—28 жастағы аспиранттар, студенттер және Универсиада алдында бітіретін түлектер жіберіледі. Қазақстан Универсиадаларға 1993 жылдан бастап қатыса бастады. Осы жылдар арасында жарыстарға 700 спортшы қатысып, 125 медаль жеңіп алды. 2011 жылғы 29 қарашада Халықаралық студенттік спорт федерациясы Алматыны 2017 жылғы 28-ші Дүниежү… — Читать дальше
зілік қысқы Универсиаданы қабылдайтын қала деп жариялады. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқы болып қысқы Универсиада өткізеді. 2017 жылғы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағанбетов басқарады. Ұйымдастыру комитеті 2017 жылғы Универсиаданы жоғары деңгейде өткізу үшін барлық қажетті іс-шаралардың жүзеге асуына бақылауды жүзеге асырады. 2017 жылғы қысқы Универсиаданы Қазақстанда өткізудің бастамашысы болып Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) мүшесі ретінде ҚР студенттік спорт Федерациясы болып табылады. Қазақстанның ұлттық федерациясын профессор Қайрат Закирьянов басқарады. Алматы қаласында 2017 жылғы Универсиаданы жүргізу жөніндегі дирекция құрылды, ол жарыстарды өткізуге дайындық барысына ағымды бақылауды жүзеге асырады. Дирекцияны Наиль Нуров басқарады. Алматы қаласындағы қысқы Универсиада жарыстарына әлемнің 55-тен астам елінен 2000 спортшы қатысады. Универсиада өтетін кезеңде 3000 ерікті, соның ішінде шет елден және ел өңірлерінен келген еріктілер жұмылдырылады. Шамамен 30 мың шетелдік қонақтар мен туристтер келеді деп күтілуде.
Развернуть
2 февраля 2017 в 11:14
Дінмұхамед Қонаевтың туылғанына 105 жыл Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек… — Читать дальше
(бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. 1930 жылы – Алматыдағы № 14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931—1936 жылдары — Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді. 1936 жылы — Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937—1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатыныңҚоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды. 1939 жылы — Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды. 1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды. 1942—1952 жылдары — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды. 1955—1960 жылдары — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1960—1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды. Марапаттары Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982) 8 Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Медальдар Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутатыболып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды. Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды. Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты. Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып,Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. Д. А. Қонаев есімі берілген жерлер Алматы қаласында ескерткіш – бюст. Астана және Алматы қалаларында — көшелер. Үлкен Алматы каналы. Орал қаласында — шағын аудан. Тараз қаласында — орталық көше және бюст. Талдықорғанда- көше, сәулетті кешен және бір жоғарғы оқу орны. Алматы қаласында — жекеменшік университет. Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында — орталық көше. 1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылды. 1994 жылы – Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражайы ашылды. Шымкент қаласында — орталық гүлзәр және сол гүлзәр бойында мұражай.
Развернуть
14 декабря 2016 в 9:24
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын!
8 декабря 2016 в 13:46
ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 9 желтоқсанында «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен «Орхон» баспа үйінен 2014—2015 жылдары жарық көрген «Салт-дәстүр сөйлейді», «Әлдиден эпосқа дейін», «Сияр Шәріп» атты балалар педагогикасына үлкен үлесін қосатын еңбектердің жалғасы 2016 жылы жарық көрген «Логотерапия немесе өмірге құштарлық» атты төртінші кітабының тұсаукесері және кітап авторларымен кездесу өтеді. Кездесуге келетін қонақтар — жоба авторлары, тілші, шығыстанушы Санжар Керімбай, Түркиядағы Ержиес унив… — Читать дальше
ерситетінің әлеуметтік ғылымдар институты докторанты Мұхит Төлеген, дінтанушы магистр Айбек Нәби, әлеуметтанушы магистр Сұлтан Тайғарин. Кітап өмірден мән іздеп, тіршіліктің түпкі себептеріне үңілген қарапайым оқырманға арналған. Сонымен қатар суицидпен күресуші кез келген қоғамдық тұлғаға және медицина, психология, философия, дінтану, мәдениеттану, педагогика мамандығында оқитын студенттерге факультативті құрал ретінде ұсынылып отыр. Кітапта психоаналитик, философ, логотерапевт Виктор Франклдың экзистенция анализі және логотерапия туралы жазған бірнеше еңбектерінің аудармасы жинақталған, одан бөлек басқа да ғалымдардың логотерапия жайлы жазған мақалалары енгізілген. Кітапта логотерапия принциптері қазақтың дәстүрлі дүниетанымымен салыстырыла отырып жазылған. Яссауи, Абай, Шәкәрім сынды қазақ ғұламаларының еңбектері аналогия ретінде берілген. Шығыс шайырлары мен көшпенді халықтың аңыз-қиссалары молынан кездесетін бұл еңбек қазіргі қоғам жастарына арналған. Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28. Орталық ғылыми кітапхана Басталуы сағ: 10:00. Ұйымдастыру мәселелері бойынша хабарласыңыз: Қаймақбаева Қарлығаш Ескендірқызы Абикова Гүлшат Мәсәлімқызы
25 октября 2016 в 13:52
ҚР Орталық Мемлекеттік музейі «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасымен бірлесіп, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100-жылдығына арналған «Қазақ көтерілістері. Азаттық мұраты» атты көрме ұйымдастырады. Көрменің ашылуы 2016 жылы 26 қазан сағ. 15—00 де ҚР Орталық Мемлекеттік музейінде өтеді. Көрменің мерзімі 1 ай Келем деушілерге есік ашық!
11 октября 2016 в 14:40
Қазан айының 12—14 күндері аралығында «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы «Алматы қаласы кітапханалар күні» аясында «Өз кітабыңды таңда» атты акциясын өткізеді. Біздің мекен – жайымыз: Алматы қаласы, Шевченко көшесі 28 үй Байланыс тел.:
5 октября 2016 в 8:51
«Ғылым, технологиялар және инновациялар» мәселелері жөніндегі Азия парламентаралық форумы 2016 жылдың 26—27 қыркүйегінде Астана қаласындағы ҚР Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен өткен «Ғылым, технологиялар және инновациялар» мәселелері жөніндегі Азия парламентаралық форумына «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасының сирек қорынан «Сирек ғылыми кітаптар» көрмесі қойылды. Көрмеге 50 дана кітаптар мен қолжазбалар төрт бағыт бойынша қойылды: 1. Қолжазбалар; 2. Ғылыми басылымдар (жаратылыстану ғылымдары бағытында); 3. Автор шығармаларының көзі тір… — Читать дальше
ісінде баспадан шыққан еңбектері; 4. Шетелтілдеріндегі сирек басылымдар.
31 августа 2016 в 13:16
2016 жылдың 29 тамызында «Ғылым ордасы» РМК және Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституция Күніне арналған «Ата заң – тәуелсіздік кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, Ғылым ордасы мұражайының қызметкерлері, Ғылыми кітапхана қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
23 июня 2016 в 14:49
2016-жылдың 22-маусымында «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірлесуімен «Дін және тарих тағлымы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымы үшін 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жариялағаны белгілі. Осындай игі бастама аясында ата-бабамыздан қалған асыл жауһарларды қайта жарыққа шығарудың орайлы сәті, мол мүмкіндігі туып отыр. Кітапханаларымыздың сирек қорларында ғасырлар бойы сақталап келе жатқан көне жәдігерлеріміз сирек кітаптар мен қолж… — Читать дальше
азбаларымызды жарыққа шығарып, халықтың игілігіне ұсыну – бүгінгі ұрпақтың абыройлы міндетінің бірі деп санаймыз. Осы мақсатта ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелге зерттеуші мамандар, діни басқарма қызметкерлері, ғалымдар қатысты. Мәселен, ҚР БҒМ ҒК«Ғылым ордасы» РМК бас директоры Төлтаев Бауыржан Төлтайұлы өзінің құттықтауымен дөңгелек үстелді ашты. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы наиб мүфтиі Серікбай қажы Оразов, ҚР Мысыр Араб Республикасының елшілігі Мысырдың мәдениет пен білім ісі жөніндегі орталығының директоры, профессор, екінші санаттағы хатшы Хемдан Ибрагим, ҚР Иран Ислам Республикасы елшілігі Мәдени орталығының директоры Маджид Камрани, ҚР БҒМ ҒК М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба бөлімінің ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Рақышева Жұмашай Сайлауқызы, Еуразия ғылыми зерттеу орталығының қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты Байдаров Еркін Ұланұлы, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшелері Мухитдин Исаұлы, Алау Әділбаев сынды мамандарымыз қазіргі қазақ даласындағы дін мен мәдениеттің өркендеуі, бабалар мұрасын дамыту сияқты тақырыптар төңірегінде пікір алмасып, ой бөлісті. Сонымен қатар, Тегеран университетінің мұғалімі, дін философиясын зерттеуші ғалым, ИИР-ның Мәдени және діни істер жөніндегі кеңесшісі Доктор Акбар Хамидзаденің «Ислам дініндегі Төзімділік және үйлесімділік», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің деканы, профессор Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызының «Шығыс тілдеріндегі қолжазбаларды оқитын мамандар дайындаудың қажеттілігі мен өзіндік ерекшелігі», ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі Сәбит Ибадуллаевтың «Дін мен дәстүр», ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің меңгерушісі, филос.ғ.д., доцент Сатершинов Бахытжан Меңлібекұлының «Дәстүрлі дін және тарихи сана – діни бірегейліктің негізі», ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Қамбарбекова Ғалия Әмзеқызының «Ғылыми кітапхана қорында сақталған парсы тіліндегі қолжазбардың тарихи және рухани мәні», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қыдыр Төрәлі Еділбайұлының «Діни қолжазбалар мен ескі кітаптардың қазақ рухани кеңістігінде алатын орны», «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімінің бас кітапханашысы Малимова Айшаның «Ғылыми кітапхана қорындағы құнды кітаптар мен қолжазбалар» атты бірнеше сапалы мәліметтерге толы баяндамалар тыңдалды. Дөңгелек үстел барысында ғалымдар өзара ой бөлісіп, жас ұрпақтың танымын кеңейту, тарихтан алар тағылымын молайту үшін тереңде жатқан тарихымызды ұлықтау, жастарды имандылыққа жетелеу, әрі егемендігін аңсап армандап өткен бабалар мұрасын жаңғыртуды, тәуелсіз елдің ұрпағы дінімізді, тілімізді, дәстүрімізді жалғастыруына үлес қосу сынды мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, іс-шара кезінде Ғылыми кітапханамыздың Сирек қорында сақталған кітаптар мен қолжазбалардан «Дін және тарих тағлымы» атты көрме ұйымдастырылады. Көрмеге ең құнды деген құрандар топтамасы мен Сирек кітаптар, қолжазбалар қорындағы ислам дініне байланысты кітаптар қойылды.
Показать
еще 3 фото
15 июня 2016 в 6:51
«Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2016-жылдың 22-маусымында «Дін және тарих тағлымы» атты дөңгелек үстел өткізеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан мұсылман қауымы үшін 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жариялағаны белгілі. Осындай игі бастама аясында, қасиетті Рамазан айында орайластырып өткізіліп отырған дөңгелек үстелдің өту барысында қазақ даласындағы дін мен мәдениеттің өркендеуі, бабалар мұрасын дамыту, жазба ескерткіштердің ғылымдағы орны, оларды зерттеу сынды тақ… — Читать дальше
ырыптар төңірегінде пікір алмасады. Іс-шараның мақсаты – діни ғұламалармен, ғалымдармен ой бөлісіп, жас ұрпақтың танымын кеңейтіп, тарихтан алар тағылымын молайту үшін тереңде жатқан тарихымызды ұлықтап, жастарды имандылыққа жетелеу, әрі егемендігін аңсап армандап өткен бабалар мұрасын жаңғыртып, тәуелсіз елдің ұрпағы дінімізді, тілімізді, дәстүрімізді жалғастыруына үлес қосу. Дөңгелек үстел жұмысына ҚМДБ қызметкерлері, ҚР БҒМ ҒК ҒЗИ ғалымдары, әл-Фараби атын. ҚазҰУ ғалым-ұстаздары, Нұр-Мұбарак Египет ислам мәдениеті университеті ғалымдары, ИИР Қазақстандағы мәдени орталығының қызметкерлері, ғылыми мекемелер мен кітапхана және мұражай қызметкерлері қатысады. Аталмыш шара барысында ата-бабамыздан қалған асыл жауһарларды қайта жарыққа шығарудың орайлы сәті, мол мүмкіндігі туып отыр. Ғылыми кітапхананың сирек қорларында ғасырлар бойы сақталап келе жатқан көне жәдігерлеріміз сирек кітаптар мен қолжазбаларымызды жарыққа шығарып, «Дін және тарих тағлымы» атты қолжазбалар мен сирек кітаптар көрмесін ұсынады. Өтетін орын: Алматы қаласы, Шевченко көшесі 28, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапхана, Мәжіліс залы Іс-шараның басталуы: сағат 11.00-де. Ұйымдастыру мәселелері бойынша байланыс телефондары: Қаймақбаева Қарлығаш Ержан Есім Абикова Гүлшат
31 мая 2016 в 11:43
ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Ғылым Ордасы» Ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 19 мамырында «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен «Орхон» баспа үйінен 2014—2015 жылдары жарық көрген «Салт-дәстүр сөйлейді», «Әлдиден эпосқа дейін», «Сияр Шәріп» атты балалар педагогикасына үлкен үлесін қосқан кітап авторларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге келген қонақтар — жоба авторлары тарихшы,тілші Санжар Керімбай, фольклоршы Болат Бопайұлы, Әділбек Нәби, Мұхит Төлеген, Асылтай Тасболат. Іс-шара мақсаты – ғалымдармен сұхбаттасу арқылы оқырман мен автор арасындағы бай… — Читать дальше
ланысты нығайту, кітапты талқылау, кітап қорын насихаттау, оқырман тарту және жастарды Отансүйгіштікке, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді тереңірек тануға шақыру. Бұл үш кітап та этнопедагогика негізінде құрастырылған. Сонымен қатар отбасы хрестоматиясы этнопедагогика ғылымына қызығатын мектеп оқушыларына, студенттерге және ізденуші ғалымдарға арнап жазылған. Бүгінгі таңда балалар тәрбиесіне қатысты сын пікірлер көп айтылуда. Әсіресе балаларға арналған, қазақы дүниетанымды толыққанды суреттейтін кітап іздегенде тосылып қаларымыз анық. Отбасы хрестоматиясында бесік жырынан бастап батырлық дастандарға дейінгі аралықты қамтитын рухани мұралар топтастырылған. Кітап авторлары қазақтың салт-дәстүрі мен ырым-тыйымының шығуына себеп болған барлық аңыздарды Адам ата мен Хауана анадан бастап Мұхамбет пайғамбарға дейін логикалық үйлесіммен, бала қабылдауына лайықтап таратқан. Психология және педагогика ғылымдарының әлемдік және қазақы тәжірибесін терең талдау арқылы дайындалған бұл кітап жас баланың алғыр, зерек әрі білімді болып өсуіне негіз болары анық. Аталмыш кітапта шағатай тілінен аударылған аңыздар мен дүниетанымдағы ырымдар мен тыйымдардың астарында жатқан аңыздар енгізілді. Кітапты жинақтауда қазақ ғалымдарының естеліктерінде жазылған материалдар, Ғылым ордасының Ғылыми кітапханасындағы сирек кездесетін кітаптар қорында сақталған қолжазбалар, шетелдік баспалардан шыққан зерттеу еңбектері негіз болды.
Показать
еще 3 фото
30 мая 2016 в 8:33
Халықаралық кітап алмасу ол алыс шет елдермен ТМД елдерінің ғылыми өнімдерін РМК «Ғылым ордасы» Ғылыми кітапхананың қорын толықтыратын басты қайнар көзі. Содай-ақ ол шет елдегі маңызды саяси мәліметтерді, әр турлі ғылыми техникалық зерттеулерді және де отандық басылымдардың шығуына ықпал етеді. Қоғамдық–саяси, ғылыми-техникалық және мемлекетіміздің мәдени мәселелерін толықтырулармен қамтамасыз етеді. Халықаралық кітап алмасу Республикада өткізілген қазақстандық ғалымдармен мамандардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 65 елдегі 466… — Читать дальше
мекемемен жұмыс жасайды. Халықаралық кітап алмасудың жақсы жағы ол мемлекеттегі ғылыми-зерттеулік және оқу орындарын, өндірістік мекемелерді, обсерваторияларды ғылыми ортаны тағы сол сиякты мекемелерді қамтамасыз етеді. Сондай ақ кітап алмасудың көмегімен қаржылық жағдай үнемделуде, кітап тауарлық мекемелердің бәсекелесуі жоқ. Дамыған елдердің біздің республикаға және Қазақстан ғалымдарының ғылыми-зерттеулеріне деген қызығушылығы жоғары. Сол себепті де Қазақстан республикасының ҰҒА ғылыми журналдарына, еңбек институттарына деген ұсынысын растайды. Қосымша Ғылыми кітапхананың қоры ғылыми басылымдардың жазылымымен де толықтырылып отыр. Атап айтатын болсақ ол EBSCO Information Services қызметі арқылы келетін онлайн және қағаз түріндегі ғылыми журналдар. Бүгінгі күнде 26 ғылыми журнал қабылдаймыз оның: 10-ы онлайн түрінде келеді.
22 апреля 2016 в 7:42
2016 жылы 8 сәуір күні Математика және математикалық моделдеу институтында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик Асқар Серқұлұлы Жумадилдаевтың туғанына 60 жыл толуына орай «Алгебра, анализ и их приложения» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті. Осы шараға арналып ғалым еңбектерінен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Конференцияға қатысушы ғалымдар кітап көрмесіне қызығушылық танытты. Көрмеге ғалымның 75-тен аса ғылыми еңбектері қойылды.
14 апреля 2016 в 6:20
Ғылыми – зерттеу мекемелерiнің жанындағы кiтапханалар желiсi Ғылыми кітапхананың ғылыми- зерттеу мекемелерiнің жанындағы кiтапханалар желiсi 614 мың данадан астам әдебиет қорын құрайды. Филиалдардағы қорлар ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң тақырыптық қызметiне сәйкес салалық-ғылыми қордан тұратын, орталықтандырылған жинақтау арқылы толықтырылып, құрастырылады. Ғылыми кітапхананың кiтапханасының филиалдарын құрудағы негiзгi мақсат – ғалымдарды қажеттi ақпараттармен белсендi және тиiмдi түрде қамтамасыз ету. Қазiргi уақытта Ғылыми кітапхана 13 кiтапх… — Читать дальше
ананы бiрiктiрiп отыр, соның ішінде 5-уі дербес жұмыс жасайтын институт кітапханалары. 1. ЕЖШС жанындағы В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтының кітапханасы- кітапханашы Қожанова — Бижанова Р. Т., 2. ҚР БҒМ ҒК РМК ЕМК жанындағы математика және математикалық моделдеу институтының кітапханасы – жетекші кітапханашы Тайжанова.М.А. 3. ЕЖШС жанындағы ионосфера институтының кітапханасы — кітапханашы Литвинова Т. В. 4. ҚР БҒМ ҒК РМК жанындағы ботаника және фитоинтродукция институының кітапхансы – кітапханашы Рыспаева Н.К. 5. ҚР БҒМ ҒК РМК жанындағы зоология институтының кітапханасы – жетекші кітапханашы Карымгазина Ш. М. 6. ЖШС жанындағы Қазақ тағамтану Академисының кітапханасы — кітапханашы Мыңжасарова А. 7. ҚР БҒМ ҒК РМК ЖШС жанындағы Қ. И. Сатпаев атындағы ғылыми зерттеу институтының кітапханасы – кітапханашы Джұманова Г. О. 8. АҚ жанындағы Д. В. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институының кітапханасы – жетекші кітапханашы Қабдуллина А. Қ. Дербес жұмыс жасайтын 1. ЕМК Д. А. жанындағы Конаев атындағы тау-кен институтының кітапханасы — кітапханашы Омарова С. И. 2. ЖШС жанындағы У. У. Оспанов атындағы топырақтану институтының кітапханасы — кітапханашы Аралбаева С. А. 3. АҚ жанындағы Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығының кітапханасы — кітапханашы Садырова З. Б. 4. ЖШС жанындағы Ф. М. Мұхамедқалиев атындағы эксперименттік биология институтының кітапханасы — кітапханашы Смағұлова Б. Б. 5. ҚР БҒМ ҒК РМК ЖШС жанындағы Сейсмология институтының кітапханасы – кітапханашы Джүнісова М. М. Ғылыми кітапхананың қорды насихаттау және қызмет көрсету бағыттарының бiрi болып бiрнеше бағытта өткiзiлетiн тақырыптық көрмелер: ғылыми көкейкесті (қажетті бүгінгі күнгі сұраныс) тақырыпта, конференциялар және сессияларға, мәжiлiстерге ұйымдастырылған көрмелер, ҒЗМ-де әзірлеген көрнектi ғылым қайраткерлерiнiң өмiрi мен қызметiне, iрi мерейтой, республиканың тарихи және мәдени ерекше мәні бар және естелік күніне көрмелер даярлайды.
6 апреля 2016 в 13:03
Кiтапханааралық абонемент Кiтапханааралық абонементтiң (КАА) қызмет көрсетуi заңды тұлғаларға (ұйымдардың) ақылы негiзде ұсынылады. КАА бойынша қызмет көрсету ақылы. Оқырман залдары қорынан әдебиеттер КАА бойынша берiлмейдi. КАА-ның қаладан тысқары абоненттерiне құжаттардың баспа көшiрмесi немесе олардың электронды нұсқасы ұсынылады. Кiтапханада КАА бойынша жұмыс iстеу ҒК қорынан материалдарды беру арқылы және қала көлемiнде жүзеге асырылады. Abonement
6 апреля 2016 в 12:58
Оқырмандардың жазылу ережелерi Кiтапханаға жазылу, оқырман билетiн жасау және беру абонементте жүргiзiледi (2-ші қабат). Алматы қаласында тіркелген, ғылыми дәрежесі (кандидаттар, ғылым докторлары) бар мамандар жеке абонементті пайдалануына құқығы бар. Жеке абонементке жазылу үшін төмендегі құжаттар қажет: — ҚР азаматының жеке куәлігі; - жұмыс орнынан анықтама; — ғылыми атағы жөіндегі диплом (көшірме) — азаматтарды тіркеу кітапшасы. Оқырман залына жазылуға қажет: — жеке куәлік немесе төл құжат; — студенттік билет немесе сынақ кітапшасы (студентт… — Читать дальше
ерге); Оқырмандарды қайта тiркеу, кiтапхана белгiлеген мерзiмге, жыл сайын жүргiзiледi. Жазылу және қызмет көрсетуге байланысты сұрақтарды төмендегi телефон арқылы алуға болады: 261-02-29
29 марта 2016 в 14:34
Алматыда қазақ халқына қатысты сирек қолжазбалар оқырман назарына ұсынылды (ФОТО) АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда Ғылым ордасы РМК Ғылыми кітапханасында қазақ халқының тарихы, мәдениеті, шежіресі, салт-дәстүрлеріне қатысты өте сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың қазақ тіліндегі бірқатар нұсқасының тұсауы кесілді. Олар аталған ғылыми кітапхананың сирек кітаптар және қолжазбалар қорындағы материалдар негізінде дайындалған. Бірінші кітап: Қазақ жазбаларындағы хандар шежіресі деп аталады. Оған сонау 18-ші ғасырда шағатай тілінде жазылға… — Читать дальше
н, ұзындығы 3 метр, ені 45 сантимерлік қағазға басылған хандар шежіресі, Шыңғыс хан және оның билері қолжазба генеологиясы мен Шыңғыс хан шежіресі атты 1906 жылы Қазан қаласында басылып шыққан шығарма енгізілген. Сонымен қатар, Ғылым ордасы РМК Ғылыми кітапханасының Сирек қорындағы парсы тіліндегі кітаптардың каталогы, шет тіліндегі сирек кездесетін кітаптардың мазмұндалған суретті библиографиялық көрсеткіші және Ғылыми кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы материалдар жинағының мазмұндалған библиографиялық көрсеткішінің IV, V, VI томдары көпшілік назарына ұсынылды. Бұл кітаптар қалың көпшілік оқырман үшін, сондай-ақ, фольклортанушылар, тарихшылар, этнологтар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, әлеуметтанушылар және журналистер үшін таптырмайтын құнды дүниелер. Ғылыми кітапхананың қорындағы аса сирек кездесетін бұл басылымдар — ұлттық байлығымыз, кезінде бір ғана данамен шыққан теңдесі жоқ рариреттер. Оларды халқымыздың баға жетпес рухани мол қазынасы деуге болады, — деді Ғылым ордасы РМК Ғылыми кітапханасының меңгерушісі Қарлығаш Қаймақбаева. Бұл аталған кітаптардың электронды нұсқасы Ғылым ордасы РМК ресми сайтында жарияланады. Көпшілік оқырман және ғалымдар енді кітапханаға келмей-ақ, осы сайтқа кіріп, аталған кітаптар бойынша жұмыс істей алады. Тек көшіріп алуға болмайды. Айта кетелік, бүгінгі таңда Ғылым ордасы РМК Ғылыми кітапханасында 5,5 млн. астам кітап қоры бар. Солардың ішінде 300 мыңға жуық сирек кітаптар мен қолжазбалар сақталған. Бұл жерде қолжазбаларға қатысты бумалардың саны — 22 мың дананы құрайды. Сондай-ақ, кітапхана қорында 10 мыңнан астам шығыс тілдеріндегі кітаптар, 606 фотокөшірме, 2200 микрофильм және қазақ және орыс тілдерінде 90 мыңға жуық сирек кітаптар бар
15 марта 2016 в 11:40
Кітап пен кітапхана туралы қызықты деректер Қай елдің, қай халықтың болмасын оның мәдени деңгейі, сауаты, әрине, кітаппен байланысты. Америка Құрама Штаттарында халықтың тең жартысы кітап оқымайтын көрінеді. Соның да салдары шығар, сұрақ-анкета нәтижесіне үңілгенде студенттердің 40 пайызы Израиль — араб елдерінің бірі деп жауап берген. Франклин Рузвельт АҚШ-тың Вьетнам соғысы кезіндегі президенті деп түсінеді екен. Ал сол студенттердің тең жартысы Черчилльдің кім екенін білмей шыққан… Иә, кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Білімсіз қо… — Читать дальше
ғам ешқашан да өрге басқан емес. Назарларыңызға кітаптар мен кітапханаларға қатысты бірнеше қызықты дерек ұсынамыз. * Финляндияда Скепсис деген қоғам бар. Оның мүшелері әр жылдың аяғында бас қосып, ақылдаса отырып, жылдың ең нашар кітабына Құрмет грамотасын беретін көрінеді. * Бұрынғы батыс Германияда шығып тұратын Конкрет атты журналдың жылдың ең жаман шығармасына, яки ең дарынсыз авторына беріп тұратын сыйлығы бар екен. Оны алған адам бұдан былай қарай мұндай кітап жазбауға және осы сыйлыққа келген ақшаға басқа бір мамандық алам деп уәде беруге тиіс екен. * Шри-Ланкада археологиялық қазба жұмыстарымен шұғылданған Америка ғалымдары әр парағы таза алтыннан дайындалған ғажап бір кітап тауып алыпты. Онда көне Үндістанның белгілі бір дастаны басылған дейді. * Францияның Нанта қаласында тұратын бір дәрігер-фармацепт отыз бес жыл бойына әр елдің гимндерін жинаумен шұғылданыпты. Франс Пресс агенттігінің хабарлауына қарағанда оның коллекциясы бүгінде жүз елудің үстіне шығыпты. * Бұдан дәл он жыл бұрын Сирия ғалымдары басқа ағайындас әріптестермен біріге отырып, Бүкіл арабтық энциклопедия шығаруға кіріскен. Бұл жиырма томдық үлкен еңбектің әрқайсысы мың беттен тұрады. * Францияда небары сегіз сағат ішінде бір өлеңдер жинағын басып шығарған. Таңғы сағат тоғызда қолжазбасын әкеліп тапсырған автор кешкі сағат бесте жырқұмарларға қолтаңба үлестіре бастаған. * Біздің жыл санауымыздан бұрынғы үшінші ғасырдың басында тұрғызылып, жаңаша жыл санаудың басында римдіктердің шабуылы кезінде өртенген дүниенің сегізінші ғажабы Александр кітапханасы қалпына келтірілді. Кезінде теңдесі жоқ бұл кітапханада мыңдаған папирус оралымдары болған. * Франция президенті болған Франсуа Миттеранның артында қалған өлмес еңбегі Парижде салынған еш жерде, еш елде болмаған теңдесі жоқ супер кітапхана. Ол осы өткен жиырмасыешы ғаырдың ғылыми-техникалық жаңалықтарының ұлы жемісі. Қадыр Мырза Әлидің «Жазмыш» кітабынан.
2017 жылдың наурыз айының 29-да Батыс Қазақстан облыстық газеттерінің шыға бастағанына 100 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Жайык Пресс«жауапкершілігі шектеулі серіктес… — Читать дальше