Официальная группа Вконтакте общественного фонда Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қоры
Отбасы хрестоматиясы28 ноября 2020 в 14:47
Ертеде бидайдың дәні сабағының түбінен бастап ұшар басына дейін салған екен. Молшылық жылдары ел-жұрт астықты аяқ асты етіпті. Бір әйел дәрет сындырған баласының құйрығын бидайдың масағымен сүртеді. Оның надандық әрекетіне қаһарланған Алла елге жұт жіберді. Бидайдың масағы кетіп, сабаны қалды. Астың кепиеті атып, адамдар ашаршылыққа ұшырады. Сол кезде ит ұлып: – Уа, Тәңірім, менің несібемді қалдыр, – деді. Әділетті Құдай итке жаны ашып: – Болсын! – деді де, бидайдың басына кішкене масақ бітірді. Халық иттің несібесін бөлісіп жеп, жұттан аман қа… — Читать дальше
лды. Ит содан бастап жеті қазынаға кірді. Осы жұттан соң, бидай дәні сабақтың ұшар басына ғана бітетін болыпты. «Иттің ырыздығы» деген сөз осыдан қалыпты.
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы19 ноября 2020 в 10:55
«Tazalyk» жобасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамларды қолдау орталығы» КЕАҚ грант негізінде «Қазақстандағы эко жобаларды танымал ету және дамыту» жобасы бойынша бейнеролик
Отбасы хрестоматиясы19 ноября 2020 в 10:50
Қазақстанның Эко-сақшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамларды қолдау орталығы» КЕАҚ грант негізінде «Қазақстандағы эко жобаларды танымал ету және дамыту» жобасы бойынша бейнеролик
Отбасы хрестоматиясы19 ноября 2020 в 10:45
«Атамекен ЭКО» жобасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамларды қолдау орталығы» КЕАҚ грант негізінде «Қазақстандағы эко жобаларды танымал ету және дамыту» жобасы бойынша бейнеролик
Отбасы хрестоматиясы23 ноября 2019 в 15:24
Айбек Наби (23.11.2019):
Отбасы хрестоматиясы16 октября 2019 в 17:02
«Махаббат пен жауапкершілік»
Отбасы хрестоматиясы31 августа 2019 в 10:09
Бір күні ғашықтық пен махаббат оңаша тілдесіпті. — Махаббат мен саған қатты қызығамын. Сендей ұлы күшке — айналу арманым, — деді ғашықтық. — Мені ұлықтайтындар көп, бірақ күш — қуатымның неде екенін түсінбейді. Бәлкім сен білерсің? — деді махаббат. — Білмеймін. Асқақтығыңда болар? - Жоқ. Асқақ болсам, ешкімнің қолы жетпес еді. Менің күш-қуатым кеңдігімде. Көп нәрсені кешіре аламын. — Сонда қалай? Сатқындықты да кешесің бе? - Иә, кешіремін. Сатқындық білместіктен болады. Көбіне қастандықпен жасалмайды. — Ойнас пен опасызды кеше аласың ба? — Кеші… — Читать дальше
ремін. Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң. Опасыз басын салбыратып келіп тұрса, түзелуге мүмкіндігі бар. — Өтірікті ше? — Өтірік зұлымдық атаулының бейшарасы. Кінәсін мойнымен көтеруге батылы жетпей, жалған сөйлеп жол тапқан түрі. Кейде біреудің көңіліне дық салып, жүрегін ауыртпау үшін де айтылады. Оның да түбінде адамгершілік жатыр. — Мен олай ойламаймын. Өтірікке еті үйренген адам бар ғой… — Әрине, бірақ олардың маған қатысы жоқ. Ондайлар сүйе білмейді. — Тағы нені кешіре аласың? — Ашуды кешіремін. Себебі оның ғұмыры қысқа. Қаталдықты да кешіремін, ол ашудан туады. Бұл екеуінің әрекетін болжай алмайсың. Қателігі көп. Себебі ашу бар жерде ақыл тұрмайды. — Тағы нені кешіре аласың? — Өкпе мен ренішті кешіремін. Олар да ашудан тарайды. Тұла бойын реніш билеген адам азаптанады, қайғы кешеді, ал қайғы-қасірет адамды тазартады. — Махаббат! Сен расында ғажапсың! Бәрін кешіре аласың. Мен алғашқы сынақтан өте алмаймын. Жанбай сөнген сіріңке сияқтымын. Саған қатты қызығамын. — Қателесесің қалқам. Мен бәрін кешіремін деген жоқпын. — Жаңа ғана кең пейілмін деп едің ғой. - Жоқ. Бұл әлемде махаббаттың да кешпес дүниесі бар. Ол маған ойнас пен опасыздан да ауыр жара салады. Өтірік пен реніштен де ауыр соққы береді. Бір күні сенің де басыңа келер. Есіңде болсын: біздің жауымыз — немқұрайлық пен селқостық. Оның емі жоқ. Себебі оның бойында бар сезімді сөндіріп, адам жанын тоздырып, көңіл шіркінді күл-талқан қылатын қара дүлей күш бар.
Отбасы хрестоматиясы28 декабря 2018 в 19:08
Қолға су құю дәстүрі кімнің үйінде сақталған?
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы28 декабря 2018 в 8:22
Үйге келген адамға дәм ауыз тигізудің мәні тереңде екен ғой, жарықтық
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы18 декабря 2018 в 8:32
Сыйлыққа кітап сыйлаңыз!'!
Показать
еще 2 фото
Отбасы хрестоматиясы10 декабря 2018 в 12:42
Еркін Шүкмән ағамыз біздің кітаптармен!!!
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы10 декабря 2018 в 12:41
Ит пен мысық неге араз?
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы20 ноября 2018 в 14:10
Алматыдан осы жерден ала-аласыз!!!
Развернуть и показать
еще 1 фото
Отбасы хрестоматиясы20 ноября 2018 в 14:10
Өңірлерден ала-аласыз!!!
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы6 ноября 2018 в 4:18
ХХІ ғасыр басында әлемнің біраз ойшылы Парижге жиналып «Өркениет деген не? «Өркениетті адам» деп кімді айтамыз?» деген мәселені талқылапты. Себебі байырғы көзқарастар әбден ескірді. Бұрын өркениет деп темір жол салынған, асфальт төселген, телефон тартылған елді мекенді айтушы еді. Қазір төбесі көк тіреген қала қайда жоқ? Барлық жерде бар. Асфальт пен теміржолды айтпағанда интернет бармайтын мемлекет жоқ шығар. Африкадағы кедей балалардың өзі смартфонмен интернетке жалғанып алды. Ғарышқа ұшу бұл күнде өркениеттің емес мұқтаждықтың белгісіне айна… — Читать дальше
лды. Әлемдік мәдениеттер бір-бірімен сапырылысып, мемлекеттік шекара деген ұғымды интернетпен жеңді. Енді бұрынғыдай «Өркениет ошағы мына жерде» деп дәл айта алмайсың. Сондықтан «Қандай кісіні „Өркениетті адам“ деп айнықтаймыз?» деген сұрақ қиын сауалға айналды. Сөйтіп ғалымдар мынадай тоқтамға келді. „Болашақта қандай да бір адам тілі, діні, түрі, нәсілі бөлек, бөтен елдің пендесімен жолығып қалғанда діни дауға шатылмай, мәдени қайшылыққа түспей, ортақ рухани тақырып тауып, бір-бірінің мәдениетінен ұқсастық іздеп, кекетіп-кемсітпей достық пейілмен әңгіме құра алса – соны «Өркениетті адам“ деп атайық» деп келісті. Өркениет сәулесі сөніп, қоғамды қараңғылық басқанда адам ұқсастық емес, бір-бірінен айырмашылық іздейді. Тіпті өзгеден артық жерін қалай да іздеп тапқысы келеді. Абайша айтқанда, «өзінде бармен көзге ұрып» басқадан қалай да асып түсуге талпынады. Діни надандық бұл процесті тіптен жылдамдатты. Әсілі діннің мақсаты – таным түсінігі түпсанадан бөлшектенген адамзатты ортақ игілікті идеяға ұйыту еді. Бірақ «Менің иманым оның сенімінен артық». «Менің дінім – ақиқат, оның жолы – жалған» деп нық сену тақуаны надандыққа сүйреді. Кітаптың мазмұны осы композицияға құрылған. «Адамнан айырмашылық іздеме, ұқсастық ізде» деген идеяны ғана айтып отырады. Бұл кітап Sanjar Kerimbayдың мақалаларынан жиналған. Былтыр «Өмірге ғашық болу» деген кітапты шығардық. Менің таңғалғаным, студенттер арасында ең көп оқылған кітап осы шығар. 4 айдың ішінде екі рет басылып шықты. Тіпті «Өмірге ғашық болуды» оқыған соң «Логотерапия» іздеушілер көбейді. Себебі Логотерапия ауыр, бірден түсініп кету оңай емес. Оны өзімізге де талай адам айтты. Ал «Өмірге ғашық болу» соның баспалдағы сияқты. Былайша айтқанда, Логотерапияны ашықтайды. Ал «Өркениетті адам» біздің келесі жазатын кітабымыздың кіріспесі.
Развернуть и показать
еще 2 фото
Отбасы хрестоматиясы23 октября 2018 в 12:19
Маxаббаттың мәнін аламын деген адамға
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы22 октября 2018 в 13:16
Сатылымда! * Неге осы әншілер, ақындар, өнер адамдары жаппай махаббатты жырлайды, сөйте тұра өздерінің бастары отбасылық дау-дамайдан ажырамайды. Олардың жырлап жүргені басқа махаббат па әлде махаббаттың өзінде кінәрат бар ма? * Әдетте екі жас бірін бірі жақсы көріп, алып ұшып тұрады. Бірақ неге үйленген соң жылға жетпей сезімдері суып қалады? * Жалпы философия мен психология, экзистенциализм ғылымы махаббат туралы қандай пікірде? * Адамзат тарихында махаббатты секспен ассоцациялау қай кезден басталды? * Құмарлық, романтикалық сезім, шынай мах… — Читать дальше
аббат - бұл үшеуінің айырмашылығы неде? * Логотерапия ғылым ғашықтарға бақыт тілеуге болмайды деп неге айтады? Не тілеу керек? * Махаббатты трагедия өсіреді дегенді қалай түсінеміз? * Сұлулық бақ па, сор ма?.....осындай көптеген сұрақтар қамтылған. Кітап бойынша мәлімет аламын, тапсырыс беремін деушілерге тел: және.(whatsapp) @kitap.otbasy @otbasy.hrestomatiasy
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы22 октября 2018 в 12:56
Сатылымда
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы22 октября 2018 в 12:49
«Махаббаттың мәні» қалай жазылды? Қазір қыз бен жігіт сезімі, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы қиындап кетті. Әлемге ортақ проблема болғанымен, біз соның көш басына жүрген халықтың біріміз. Оны кез-келген статистика дәлелдейді. Жастардың махабатта жолы болмай суицидке баруы, ажырасу, аборт, әйел сабау… осылардың қай қайссын алсаң да алғашқы ондықтың айналасындамыз. Ресми мекемелер проблеманың өзімен емес, статистикамен күреседі. Дамыған елдің қатарына ену үшін түберкүлез ауруханасы болмау керек екен деп, түберкүлез ауруханасын жауып тастайты… — Читать дальше
н аппараттан не сұрайсың? Сондықтан ары қарай да өз бетімізше тірліктене берейік дедік. Оның үстіне «Отбасы хрестоматиясы» қоры психологиялық мәселелерге жиі барып жүргендіктен, бізге махаббат мәселесін, үйдегі араздықтарды айтып келетіндер жиілеп кетті. Санжар ағаны оңаша шығарып алып, «жігітім тастап кетті» немесе «қызым қарамай қойды», «өмірден түңіліп жүрмін, өлсем бе деймін», «күйеуім ұрады, ажырасудың алдында жүрміз, бізге психологиялық көмек көрсетіңіз» дейді. Үміттеніп кеп отырған адамға «біз әзірге кәнігі психолог емеспіз, мәдениет майданында құндылық теріп жүрген жазарманбыз» деп қайтып айтасың? Әлі күнге Фрейдің теориясымен жұмыс жасайтын қазақстандық психологтардан шаршағандарға балама бірдеңе ұсыну үшін осы тақырыпқа кіруді жөн санадық. Сөйттік те кірісіп кеттік. Бірақ ол тақырыпқа қалай барамыз, қалай қозғаймыз, қандай принциптерді басшылыққа аламыз деген сұрақ туды. Ол үшін кітапты бастамас бұрын өзімізге бірнеше талап қойдық: 1) Ағыл-тегіл ақыл айтпаймыз, құрғақ моральға берілмейміз. 2) Уақытша мотивация беріп, жалған сөздермен жігерлендірмейміз. 3) «Ғашығыңды қаратудың пәленше жолы», «күйеуіңді ұстап қалудың түгенше әдісі» деген сияқты техникалық мәселелерге бас қатырмаймыз. «Қалай» деген сұрақтан көрі «не үшін» деген мәселеге көбірек тоқталамыз. Сұрақты «ғашығыңды қалай қаратасың» деп емес, «адам неге ғашық болады?» немесе «ғашықтықтың мәні неде?» деп қоямыз. 4) Кітаптың қалың болуы мақсат емес, көпірме сөз, артық ақпараттардан барынша қашамыз. 5) Белгілі бір ғалымдардың дайын еңбегін аударып бере салмаймыз. Дәстүрлі қазақы таным бойынша, экзистенциалистік философия, логотерапиялық көзқарасқа салып өз бетімізше талдау жасаймыз. 6) Бизнес мақсатты көздемейміз. Бірақ кітап ешкімге тегін берілмейді. (Түскен ақша Отбасы хрестоматиясы қорына түсіп, келесі жобаларды қаржыландыруға жұмсалады) Кітапты жазып бастағанда алдымен өзімізге сұрақ қою қажет болды. Мәселен мынадай: * Неге осы әншілер, ақындар, өнер адамдары жаппай махаббатты жырлап жатады, сөйте тұра өздерінің бастары отбасылық дау-дамайдан ажырамайды. Олардың жырлап жүргені басқа махаббат па әлде махаббаттың өзінде кінәрат бар ма? * Әдетте екі жас бірін бірі жақсы көріп, алып ұшып тұрады. Бірақ неге үйленген соң жылға жетпей сезімдері суып қалады? * Жалпы философия мен психология, экзистенциализм ғылымы махаббат туралы қандай пікірде? * Адамзат тарихында махаббатты секспен ассоцациялау қай кезден басталды? * Құмарлық, романтикалық сезім, шынай махаббат - бұл үшеуінің айырмашылығы неде? * Логотерапия ғылым ғашықтарға бақыт тілеуге болмайды деп неге айтады? Не тілеу керек? * Махаббатты трагедия өсіреді дегенді қалай түсінеміз? * Сұлулық бақ па, сор ма?..т.с.с Осы сипаттағы елу шақты сұраққа жауап беру үшін ежелгі Грек дәуірінен бастап бүгінге дейінгі талай ойшылдың еңбегін саралап шығуға тура келді. Арысы Сократ, Платоннан басталса, берісі Шопенгауер, Соловьев, Шелер, Франкл, Абай мен Шәкәрім, Эрих Фром, Ролло Мэй, Чепмен, Гильберт сияқты біраз автор ақтарылды. Одан бөлек, орта ғасырдағы шығыстың ғашықтық дастандарынан бастап, батыс әдебиетінің беріге дейінгі шеберлері, оның ішінде Флобер, Драйзер, Толстой, Уайлд, Кафка, Чехов сияқты бірқатар сақа жазушылардың еңбектерін пайдаландық. Кітаптың алғашқы бөлігінде тарихи шегініс жасап, бүгінгі заманның махаббаты неліктен секспен ассоцацияланып кеткенін, оған Батыс әлемінен көрі СССР-дің көбірек «еңбек сіңіргенін» дерекпен кеотіріп сипаттап өттік. Сондықтан алғашқы тараулар жеңіл кітап оқып үйренгендерге аздап ішпыстырарлық дүние болып көрінуі мүмкін. Бірақ соған шыдап бергендер екінші жартысынан бастап бірқатар фундаменталды сұрақтарға жауап таба бастайды. Әрине, бұл кітап «былай істесең өмірің былай болады», «бақытты өмір сүрудің формуласын түсіндіремін», «үйлене алмай жүргендер теңін тауып, күйеуінен зәбір көріп жүргендерге шешім тауып беремін» дегендей жалған міндет арқаламайды. Біз бар болғаны бұл мәселеге онтологиялық тұрғыдан, оның мән-маңызына бір уақыт назар аударуға шақырдық. Кітапты алғашқылардың бірі болып оқыған бір кісі «бұл кітап менің махаббат тақырыбындағы оқыған шығармаларымның ішіндегі мәселеге ең тәуірі болды. Әр мәселені жіліктеп беріпсіңдер. Бірақ сонда да бірдеңе жетіспей тұр, не екенін өзім де айта алмаймын»,- деп пікір айтады. Сол айтқандай, кітаптың соңында біраз сұраққа жауап тапқанымен, көкейіңіздегі сұрақтар одан ары көбейіп кетіп жатса біз де мақсатымызға жеткеніміз. Кітап адамды ойлануға жетелей алмаса оның мақсаты орындалмайды. Сондықтан оқып шығып, бағасын берерсіздер. Кітап бойынша мәлімет аламын, тапсырыс беремін деушілерге тел: және. Алматы қаласындағы мекен-жай: Төле би 302 а. Офис 104а, 1- қабат @kitap.otbasy
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы19 октября 2018 в 11:22
Жуырда махаббаттың мәні жол тартпақ!!!
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы19 октября 2018 в 11:21
Сатылымда
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы15 октября 2018 в 9:13
Әр адамға керек кітап
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы15 октября 2018 в 9:01
Яссауи феномені
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы15 октября 2018 в 9:01
Салт-дәстүр сөйлейді кітабы сатылымда
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы3 октября 2018 в 8:51
Құрметті оқырман!!! Отбасы хрестоматиясының инстагарм парақшаларына қосылыңыздар: @otbasy_hrestomatiasy @kitap.otbasy
Отбасы хрестоматиясы18 мая 2018 в 9:09
Жарамазан
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы16 мая 2018 в 8:55
Ахмет Хазинидің Қожа Ахмет Яссауиге арнаған хикметі
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы15 мая 2018 в 9:58
Қисса. Яссауидің Түркістанға келуі
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы11 мая 2018 в 16:13
Қисса. Бақыттың тұрағы
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы20 марта 2018 в 19:17
Наурыз құтты болсын!
Развернуть и показать
еще 1 фото
Отбасы хрестоматиясы22 сентября 2017 в 5:40
Көп адам сұрайды: Экософия деген не? дейді. Экософия аң-құстарды броконерлерден қорғайтын аңыз, қиссалар. Неғұрлым аң-құстар жайлы қисса көп айтсаң, соғұрлым оларды аман сақтауға болады.
Отбасы хрестоматиясы6 сентября 2017 в 13:35
Ұзын-Хасан ата қиссасы
Отбасы хрестоматиясы28 июня 2017 в 4:49
Ескендірдің жерлену қиссасы
Отбасы хрестоматиясы13 марта 2017 в 9:58
Сүлейменнің қазынасы
Отбасы хрестоматиясы9 марта 2017 в 6:43
Қисса
Отбасы хрестоматиясы6 марта 2017 в 11:15
Тағы бір қисса
Отбасы хрестоматиясы4 марта 2017 в 13:01
Үкінің қиссасы
Отбасы хрестоматиясы3 марта 2017 в 8:52
Жыланның қиссасын тыңдайық
Отбасы хрестоматиясы2 марта 2017 в 8:21
Қисса. Нан қиқымын шашпайық!
Отбасы хрестоматиясы1 марта 2017 в 7:32
Қисса. Шырша неге жап-жасыл?
Отбасы хрестоматиясы28 февраля 2017 в 9:18
Суырдың қиссасын тыңдайық
Отбасы хрестоматиясы23 января 2017 в 13:55
Түс Алла жаратқан кереметтің ең кішісі екен. Ол үш түрлі болады. Алғашқысы шайтани түс. Бас-аяғы жоқ, адамды мазалап, түсініксіз күйге түсіретін шым-шытырық түсініксіз түс. Ел оны шайтанның әсері деп сенеді. Екіншісі періштелер көрсететін түс. Ол таң алдында көрінеді. Өте қысқа және ап-анық болады. Есіңнен шықпайды. Бұл түсті келешектегі жақсылық-жамандық ишараттан белгі-хабар деп ырымдайды. Үшіншісі қияли түс. Бұл шайтан мен періштенің әсерінсіз, адамның өзі көретін түс. Мұны адам қатты шаршағанда немесе қатты ойланып, мазасызданғанда көреді е… — Читать дальше
кен. Түс сөзінің төркіні реңсіз дегенді білдіреді. Адам түсті жору арқылы оған рең, түс береді. Дұрыс жорылмаса, түс өңінде құбылып кетеді. Ертеде бір малшы қазақтың жас келіншегі түс көрген екен. Оның аяғы ауыр екен. Түсінде екі көкжал арлан қасқыр екі омырауын жұлып жеп жатады. Түсінен шошып оянса, таң рауандап атып қалған екен. Орнынан тұрған жас келіншек байыз таппай, түсімді жорыта қояйыншы деп, жақын маңдағы бір белдің астында отыратын түс жоритын бір қарияның үйіне келеді. Қария мал өрістетіп, үйінен шығып кеткен екен. Қарияның үйде қалған кемпірі жас келіншектен не бұйымтайың бар? деп сұрайды. Келіншек көрген түсін жорытқалы келгенін айтады. Кемпір: Қандай түс? дейді. Келіншек түсін айтып береді. Кемпір: Әттеген-ай, балам, жақсы түс көрмепсің. Сені екі қасқыр талап жейді екен, деп жамандыққа жориды. Жас келіншектің үрейі ұшып кетеді. Үйіне қарай тұра жүгіреді. Сәлден соң, түс жорушы қария үйіне оралады. Кемпір алдынан шығып жас келіншектің түсін жорып бергенін айтады. Қария кемпірін қамшымен тартып жіберіп: Жақсы сөз жарым ырыс деген. Аузыңнан бір жақсы тілек шықпады ма?! Түс жорушысын тапқанша қыл көпірдің үстінде, ұстараның жүзінде тұрады. Жамандыққа жорысаң, жолдан тайып кетеді. Түс көргенді майып етеді. Түстің жақсылығы жорушыдан деген. Келіншектің түсі киелі түс екен. Көкжалдай егіз ұл туатын еді. Омырауын жұлып жатқан көкжалдар сол емес пе?! деп атына мініп, келіншектің ізінен қуып кетеді. Жолда әлгі жас келіншектің өліп жатқанын көреді. Екі омырауын екі қасқыр жеп жатыр екен. Қарт өкініштен күрсінгенде қолындағы қамшысы сынып кетіпті. Осыдан бастап түсті бейпіл ауыз адамға жорытпа деген ырым шығыпты.
Отбасы хрестоматиясы21 ноября 2016 в 11:13
Дәуіт пайғамбар бір дін басының қатты бұзылғанын естиді. Дінбасы түнде әйелі де, өзі де көңілдестерімен бір үйде зина жасап, күндіз халыққа уағыз айтады екен. Дәуіт анық-қанығын білу үшін бір батырын жұмсайды. Ол дінбасын іздеп келеді. Қараса әйелі екеуі көңілдестерімен сайран құрып отыр екен. Батыр ашуланып, барлығын шауып тастайды. Дінбасының бөлінген денесінен екі шошқа пайда болады. Ол екеуін де шабады. Бірақ ол төртке көбейеді. Төртеуін шапса, ол сегізге айналады. Шошқаны қанша бөлшектесе, сонша есеге көбейе беріпті. Амалы құрыған батыр па… — Читать дальше
йғамбарға келеді: – Ей, Дәуіт, дінбасыны өлтіріп едім, шошқаға айналды. Шошқаны өлтірсем, көбейе береді. Не істеймін? – дейді. Дәуіт: – Дінбасы Алланың кәріне ұшыраған. Жер қабылдамады. Азғаны үшін шошқаға айналды. Енді Қияметке дейін араларыңда шошқа болып өмір сүреді. Одан қашық жүріңдер, – депті.
Отбасы хрестоматиясы24 октября 2016 в 10:22
Төменде берілген сан өлеңдердің бір ерекшелігі – олар баланың сандарды меңгеру қабілетін оятады. Оны негізінен, баланың өзіне оқытқан дұрыс. Сол кезде оның бойында тапқырлық, зеректік, аңғарғыштық сияқты қасиеттер қалыптасады
Отбасы хрестоматиясы28 сентября 2016 в 8:17
Ыбырайым пайғамбар келген қонақтың алдына нан мен тұз қояды екен. Бірде дастарханда тұрған тұзы төгіліп кетеді. Пайғамбар дереу төгілген тұзды тере бастайды. Қонағы: Ештеме етпейді. Несіне сонша әуре болдыңыз? – дейді. – Ұлық Алла жеті берекенің бірін тұзға жасырған. «Берекемді шашып алмайын» деп теріп жатырмын, – дейді. Қонақ пайғамбарға риза болып, тұзды бірге терісіпті. Осыдан бастап ел арасында «тұзды төкпе, шашпа» деген тыйым шығыпты. Тұз төгілсе, несібе азаяды, ырыс кемиді деп сенеді. Кей жерлерде тұз төгілсе, оның үстіне қант себеді. Оны… — Читать дальше
сы тұзым қатты болмасын, тәтті болсын деген ниеттен туған екен. Әлі күнге дейін қазақ арасында үйде тұз таусылып қалса, көршілер бір-бірінен сұрамауға тырысады, алған күнде де үйдің бұрышына бір түйірін шашып кетеді.
Отбасы хрестоматиясы22 сентября 2016 в 11:04
Ол заманда Еврей жұрты қоныс тепкен бір көне шаһарда Тәуратқа өте сауатты бір яһуди тақуасы өмір сүріп жатты. Ол жетіге келген бір ұлына ата-баба жолымен жазу-сызу үйретіп бастайды. Ұлы қаріп таныған соң, әкесі оған күніге кешке Тәуратты дауыстатып оқытатын. Баласы бір күні кітап оқып отырып, «Сол кезде Раббыңның ең ұлы Рахметі дүниеге келеді. Оның есімі Мұхамбет» деген сөйлемді көріп кілт тоқтайды. Ол: – Көке, Алланың хабибісі, Мұхамбет деген кім? – деп сұрады. Әкесі: – Балам оған мән берме. Ары қарай оқи бер, – деді.
Отбасы хрестоматиясы14 сентября 2016 в 6:36
— Бақыт қайда барасың? — Ата — анасын сыйлаған Ұйымшылдық ойлаған, Тату жанға барамын. — Бақыт қайда барасың? — Шариғат сөзін тыңдаған, О дүниені ойлаған, Аллаһты үйге барамын.
Отбасы хрестоматиясы7 сентября 2016 в 10:38
Адам ата, Хауа ана, Ібіліс, тауыс және жылан жұмақтан қуылады. Адам ата Үндістандағы Сарандиб тауына, Хауа ана Арабиядағы Жиддә тауына түсті. Ібілісті Басраға түсіреді. Иракта бүлік оқиғалар көп болатыны содан екен. Жыланды Исфаханға, тауыс құсы Йеменге түседі. Адам ата жерге түскеннен кейін Ібіліс барлық айла-шарғысын қолданып, оны өлтіруге тырысып бағады. Жер жүзіндегі барлық мақұлықтарды, хайуанаттарды оған айдап салып: «Сендерді қырып-жоятын Адам келді. Оны қалайда өлтіріңдер», – деп азғырып бағады. Аңдар жиналып, Адамды өлтірмекші болады.… — Читать дальше
Құстар келіп Адамның басын шұқиды. Адам ата Алладан жәрдем сұрайды.
Отбасы хрестоматиясы6 сентября 2016 в 13:02
мынаны әр бір қыз білу керек қой деймін.
Отбасы хрестоматиясы29 августа 2016 в 10:40
Не деген қызық әңгіме
Отбасы хрестоматиясы16 августа 2016 в 8:37
Бұл кезде Хақ жолында күресуге бел байлаған мұсылманның саны отыз тоғызға зорға толды. Әубәкір мен пайғамбар Қағбаға келіп құлшылық жасап жүрді. Бұл кеудесі тар күншілдерге ұнамады. Әбужәһіл мысқылдып: Әй Мұхамбет, сиқырың қалай боп жатыр? деп мұқата сұрады. Пайғамбар үндемеді. Әбу Жәһил: Исламның хақтығын мына Лұт, Узза, Манаптардан сұрайық, деді. Сол кезде пұттың ішіне бір жын кіріп кетіп:
Отбасы хрестоматиясы12 августа 2016 в 7:18
Арақ апатын тыңдаңыз
Отбасы хрестоматиясы11 августа 2016 в 7:34
Мұсылмандар Мәдинаға барған соң мешіт салды. Біләл бірінші рет азан шақырды. Оның даусының жуандығы сондай көктегі Сидратул мүнтаһаға дейін жететін. Пайғамбар Миғражға ұшқанда, Біләлдің азан шақырған даусын естиді. Ол азан айтқанда періштелердің бәрі ынтығып тыңдап тұрушы еді.
Отбасы хрестоматиясы10 августа 2016 в 9:31
Адамның жаралуы
Отбасы хрестоматиясы10 августа 2016 в 9:30
Мынаны оқымау мнкін емес
Отбасы хрестоматиясы2 августа 2016 в 8:26
Біле жүрген абзал
Отбасы хрестоматиясы19 июля 2016 в 8:44
Пейіште болатын көрші Мұса кәлимолла Алладан: Иә, Алла, менің пейіште болатын ең жақын көршімді көрсетші, деді. Ұлық Алла көрсетті. Қараса, өзі тұратын қаладағы қасапшы екен. Мұса таң қалады. Ертесіне қасапшыны іздеп, базарға барды. Одан: Ей, қасапшы, сенің Құдайға қай қылығың жақты? Не амал жасайсың? деп сұрады. Қасапшы: Мен білімсіз қараңғы адаммын. Кітап оқи алмаймын. Бірақ үйде қартайған ата-анам бар. Мал сойғанда еттің жылы-жұмсағын соларға беремін. Олардан бұрын тамақ ішпеймін, депті.
Отбасы хрестоматиясы19 июля 2016 в 8:40
Муса пайғамбардың қауымы надандықпен күнәлі істерді көп жасап, Алланың алдында айыпты болады. Алла тағала оларға наразы болып, Мұсаға: Әй, Мұса, қауымыңа ескерт. Үш түрлі бәле жіберемін. Біреуін таңдасын. Біріншісі зұлмат ашаршылық, екіншісі індет, үшіншісі елдің ынтымағын жойып, бір-бірімен алауыз қыламын. Біреуін таңдап, үш күннен соң жауабын беріңдер, деді. Мұса еліне келіп, Алланың қаралы хабарын жеткізеді. Ел-жұрт мынаны естігенде, төбелерінен жай түскендей болды. Ақсақалдар жиналып, кеңес құрды. Есеңгіреп қалған ақсақалдар алғашында алауы… — Читать дальше
здықты таңдады. Құдай ашаршылық пен емі жоқ аурудан сақтасын деп шуласты. Сол кезде бір абыз: Алла ашаршылық жіберсе, бәріміз қырылып қалмаспыз. Талқаны таусылғандар тағдырын Аллаға тапсырсын. Тірі қалғанның тұқымы тірілер, орнында бар оңалар. Індет жіберсе де, Алла барлығымызды түгел қырмайтын сыңайлы. Бәрібір қарттардың бәрі өледі, жастардың ажалдысы өледі. Алауыз болсақ, бәледен көз ашпаймыз. Отбасы ала болса, кереге басы сайын бір бәле деген! Ел іші ала болса, жау шаппай-ақ, дауыл тұрмай-ақ құримыз. Жиған малың ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді. Ұлымыз құл болар, қызымыз күң болар. Санымыз аз болсақ та, саз болып, жұмылған жұдырықтай бірауыздан Алла қалаған екі апаттың бірін қарсы алып, төзейік. Бетеге кетсе бел қалар, бектер кетсе ел қалар, берекең кетсе нең қалар? деп тоқтау салды. Сонда ғана ақсақалдар ес жинап, осы байламға тоқтапты. Мұса қауымының таңдауын Аллаға жеткізді. Ұлық Алла: Қауымың дұрыс таңдау жасады. Елдің бірлігі мен ынтымағын таңдағаны үшін мен оларды кешірдім. Енді ешқандай апат жібермеймін, деді. Осыдан бастап халық арасында Елдің ынтымағын ойламаған адам Алланы бір деп танымайды! деген тәмсіл сөз тарапты.
Отбасы хрестоматиясы11 июля 2016 в 12:16
Дүниеде алтыннан артық, балдан тәтті, қылдан жіңішке не бар? Алтыннан артық, қылдан жіңішке, балдан тәтті не нәрсе? Сұрақтың жауабы әрне сілтемеде.
Отбасы хрестоматиясы11 июля 2016 в 12:12
Дем алып тұрып оқитын дүние екен!!!
Отбасы хрестоматиясы1 июля 2016 в 7:55
Жыл сайын қадір түнінде, жиналып отырып қисса айтатын дәстүр бар еді. Аманшылық пен биылға да жетіппіз. Бүгінгі түнге айтылатын ЕҢ ҮСТІК ОҚИҒА
Отбасы хрестоматиясы30 июня 2016 в 13:16
Мынаны оқымаған адамның жарты өмірі зая кетеді.
Отбасы хрестоматиясы29 июня 2016 в 7:35
Арада 25 ата өткенде Мұхамбеттің нұры Әбдімүттәліпке келіп дарыды. Алланың назарына ілігіп, Нұрды тасыған барлық адам ақылды да дана тұлғалар болды. Оның он бір ұлы болды. Олардың бірінің есімі Әбділдә еді. Нұр Әбділдаға ауысты. Әбдімүттәліп пұт-парасқа шоқынбайтын. Адал сауда жасайтын. Рахмани түсті жиі көретін. Алла оған аян жолдап, суалып қалған зәм-зәм бұлағының көзін аштырды. Ол осылайша Меккедегі беделді кісілердің біріне айналды. Ол бір күні қалғып кетіп, бір ғажап түс көреді. Бұл не түс болды екен деп оны жору үшін сәуегейге барады. Ей,… — Читать дальше
сәуегей. Мен ғажайып бір түс көрдім, түсімде ғажап іс көрдім. Түсімде беліме байланған алтын шынжыр төрт тарапқа қарай созылып, тартыла бастады. Ол шынжырға таңғалып қарап тұр едім, алтын шынжыр ерекше сұлу бәйтерекке айналды. Қисапсыз бұтағынан өңімде көрмеген жұпар иісті жемістер өсіп шықты. Әрбір жемістен жарқыраған әппақ сәуле төгіліп, айналаны жарыққа толтырды. Оның жарығының қасында көктегі күннің өзі көмескі тартты. Бәйтеректен тараған нұр сәт сайын ұлғайып, алыс тараптарды да шарпи жөнелді. Аспан астындағы күллі мақұлықат түгел бас иіп, оған тағзым етті. Кенет бір топ адам келді де ол ағаштың бұтақтарына жармаса бастады. Және бір топ адам келді де бәйтеректің діңгегін шапқысы келді. Осы кезде көркем жүзді бір кісі ғайыптан пайда болып, ағашты шапқысы келген тобырға кедергі келтірді. Мен көркем пішінді кісіден: Бұл нұрдан мен де алсам бола ма деп сұрадым. Ол: Кім ар мен иманға бекем болып, әділеттен таймаса, нұрдың берекеті оған нәсіп болады деді. Бір кезде ғайыптан тағы да екі адам пайда бола кетті. Олар менімен амандасты. Мен олардан: Сіздер, кімсіздер деп сұрадым. Олардың бірі: Менің есімім Нұх, екіншісі: Менің атым Ыбырайым Халилолла деді. Сосын олар маған: Ей, Әбдімүтәліп, бұл ағаш шарапатты нұрдың шынары. Ол нұр сенің ата-бабаларыңнан ұрпақтан-ұрпаққа өте келіп, саған жетті. Енді, ақырдың пайғамбары, асыл нұрдың иесі дүниеге келеді. Әрі қарай бұл нұрдың шарапаты оның діні мен ілімінің аясында жалғасады деді. Сосын мен оянып кеттім. Түсімді жорыту үшін саған келдім деді. Сонда сәуегей: Бұл көрген түсің рахмани болса, сенің ұрпағыңнан пайғамбар шыққалы тұр. Ол барша адамзатқа ортақ пайғамбар болады. Оның діні мен ілімі қияметке дейін жойылмайды. Нұхтың ишарасы былай. Хақ пайғамбардың іліміне қысастық қылғандар Нұхтың қауымы сияқты опат болады. Ыбырайымды көргенің оның үмбеті Ыбырайым Халилолланың қауымында болып, оның шарапатынан бұ дүниенің де, ақиреттің де игілігіне ие болады. Жеміске қол созғандар иман іздеген момындар. Бұтақты шаппақ болғандар -безбүйрек залымдар. Ал дарақты қорып жүргендер жүрек көзі ашылған нағыз ілім иелері. Олар қияметке дейін Хақтың ілімін залымдардан қорғап, қисайғанды түзеумен әуре болады. Мына хабардан соң Әбдімүтәліптің жүрегі шаттыққа толды. Ол: Егер бұл түс рас болса, он бір ұлымның бірін Алла жолына құрбандыққа шаламын, деп қуаныштан айтып жіберді. Сәуегей: Айтылған сөз атылған оқ! Қайта айналып адырнаға салынбас деген. Құрбандыққа ұлдарыңның бірін даярла. Түсің рахмани, деді.Әбмүтәліп сасып қалды. Бірақ, қай ұлын құрбандыққа шаларын білмей дал болды. Үйіне келіп, балаларына болған жайды баяндады. Ұлдары: Әке, сен өзің не деп ұйғарсаң, біз сол шешімге ризамыз. Тіпті Алла жолында бәрімізді құрбандыққа шалсаң да, қарсы емеспіз, деді. Әбдімүтәліп балаларының жанқиярлығын көріп, көңілі босады. Он бір ұлын ертіп, Қағбаға келді де жеребе тастады. Шек Абдуллаға түсті. Әбдімүтәліп оны ерекше жақсы көретін. Бірақ Аллаға ант беріп, нәзір атағандықтан, сертін орындауды жөн санады. Баласын құрбандыққа шалуға бел буды. Бұл хабарды естіген Абдулланың шешесі қарсы болды. Басқа ақсақалдар да мұны ести сала сол заматта жетіп келді. Олар да құрбандыққа қарсы болып, табандап тұрып алды. Әй, Әбдімүтәліп. Сен жаман әдет бастама. Егер ұлыңды құрбандыққа шалатын болсаң, бұл дәстүрге айналып кетуі мүмкін. Райыңнан қайт. Одан да басқа жолын табуғы тырыс, деді. Сол дәуірде Хижаз өлкесінде Шажам деген данышпан бар еді. Әбдімүтәліп содан ақыл сұрады. Ол: Сендерде бір адамның құны қанша? деді. Әбдімүтәліп: Бір адамның құны он түйе, деді. Олай болса, он түйені бір жаққа, Әбділданы екінші жаққа қойып, жеребе таста. Жеребе түйелер жаққа түссе, құрбандыққа малды шал. Егер Әбділдаға түссе, онда тағы он түйені ортаға қойып, тағы жеребе таста. Жеребе түйелерге түскенше тоқтатпа, деді. Әбдімүтәліп солай істеді. Түйе саны жүзге жеткенде жеребе түйелер ақысына түсті. Осылайша Әбділданың құны жүз түйеге теңелді. Әбділда құрбандықтан аман қалады. Кейін пайғамбарымыз өзі туралы: Мен екі бірдей құрбандыққа шалына жаздаған адамның перзентімін. Оның бірі Смағұл болса, бірі Әбділда еді, дейтін.
Показать
еще 1 фото
Отбасы хрестоматиясы28 июня 2016 в 9:59
Құрметті оқырман, осы айда ораза ұстап, ниет етіп жатқан жандардың оразасы қабыл болған!!! Ауыз ашарға барып айтатын «ғибыратты әңгімелер» қоржына мына қиссаны салуды ұмытпаңыз. Қасиетті айды- қиссамен қанықтырайық!!! Бір күні ұлық Алла Жебірейіл періштеге: Досым Мұхамбеттің дүниеге келетін уақыты жақындап келеді. Бүгін таңсәріде ұйықтамай отырған момын пендемнің үстіне Мұхамбеттің нұрын шаш, деді. Жебірейіл ұйықтамай отырған тақуаны таба алмады. Тек бір дінсіз адам пұт жонып отыр, деді. Алла оны жерге қайта жіберді. Бұл жолы да таба алмай нәти… — Читать дальше
жесіз оралды. Дүниені шарладым. Әлгі дінсізден басқа ояу отырған бір адамды көрмедім. Бәрі ұйқыда, деді. Олай болса, соның үстіне шаш, деді. Пұт жонып ояу отырған Ыбырайымның әкесі Азар еді. Азардан Ыбырайым пайғамбар туады. Ыбырайым есімі Рахымның атасы дегенді білдіреді. Ал Рахым кім дегенге келсек ол Мұхамбет пайғамбар. Хазреті Ыбырайым Мұхамбет пайғамбардың жиырма бесінші атасы болып келеді. Ыбырайымға қонған соң Нұр тағы да ерекше сипатпен нышан берді. Адамдар оның жүзіне тура қарай алмайтын. Себебі, іштегі нұрдың сәулесі оның екі бетінен шуақ болып төгілетін. Ыбырайым пайғамбар Намрұт патшаның уәзірі Хазардың қызына үйленеді. Оның Бибісара атты қызы болады. Бибісара көпке дейін құрсақ көтермей жүреді. Жасы тоқсанға келгенде Бибісара балалы болудан үміті үзіліп, үйінде жүрген Бибіажар атты қызметшісін Ыбырайымға екінші әйел етіп алып береді. Ажар көп ұзамай жүкті болады. Бұл оқиға Бибісара анамыздың көңіліне келеді. Сол күні ол түс көреді. Түсінде алып шынар ағашын егіп жатыр екен. Ағаш тез өсіп, бәйтерекке айналып, бұтақтары аспан астын жауып қалады. Ояна салысымен көрген түсін Ыбырайымға жорытады. Ыбырайым: Ұзамай ұлды боласың. Ысырайыл қаумының күллі пайғамбары сенен тарайды, деді. Сара анамыз мына жаңалықты естігенде қуаныштан көзінің жасын тия алмады. Бірақ, бұл хабар Ажар анамыздың көңіліне дық салды. Ол өзін күйеуінің алдында қор сезініп, бір уыс боп жатып қалды. Ыбырайымның отбасының берекесі кетті. Осы кезде Жебірейіл періште келіп: Ей, Ажар, басыңды көтер. Раббыңның саған сақтаған сиы бар. Сүйінші!!! Екі жаһанның жан-нұры, бүтін пайғамбардың тәжі, екі дүниенің сардары, он сегіз мың ғаламның рахметі, Алланың хабибісі әзіреті Мұхамбет пайғамбардың Нұры сенің жатырыңда жатқан бөбектің денесіне ауысады. Ұлық Алланың бұдан асқан нығметі болмайды,-деп сүйінші сұрады. Бибіажар анамыз мына сөзді естігенде өз құлағына өзі сенбей есеңгіреп отырып қалды. Екі көзінен парлап аққан жас күні бойына тоқтамады. Көп кешікпей дүниеге Смағұл есімді ұл келді. Нұр Самғұлдың екі қасының ортасына барып жайғасты. Ыбырайым Нұрдың ұлына қонғанын көрген соң оған былай деп өсиет айтты: Әй, ұлым, барша аталарымыздың бізге қалдырған өнегелі өрнегі бар. Мұхамбеттің шарапатты нұрын аялап ұста. Тек әдепті әйелмен ғана отау құр. Себебі, әдепсіз әйелден Нұр қашады. Ұлық Алла Мұхамбеттің нұрына сені лайықты деп тауыпты. Енді бұл бақытың баянды болғай!-деді. Баласы: Әке, бір сұрағым бар. Мұхамбеттің сенен қандай артықшылығы бар? деді. Ыбырайым: Әй, ұлым. Менің көкірегімде бір арман бар. Мен түсімде жәннатты көрдім. Оның көлемі жер мен көктің ауқымындай екен. Мен Жебірейілден Бұл кімге арналған орын? деп сұрадым. Ол Сенің әулетіңнен шыққан Мұхамбет Мұстафа мен оның үмбетіне арналған орын деп жауап берді. Мен ол жұмақтың бау-бақшасындағы жемістерге назар салдым. Барлық ағаштың діңгегіне Лә иләһә иллалла деп жазылған екен. Бұтағында Мұхамбет Расул Алла деген жазуды көрдім. Ал ағаштың жемістерінде әртүрлі салауаттар жазылған екен. Мен Жебірейілден: Мұхамбеттің үмбетінің қандай артықшылығы бар? деп сұрадым. Ол: Оның үмбеттері барлық үмбеттерден қайырлы. Бейішке бұлардан бұрын ешкім кірмейді. Ақырет күнінде барлық адам баласы қорқыныш пен қатерде тұрған кезде, оның үмбетінің көңілінде ешқандай қауіп болмайды. Ғарасат майданында барлық пайғамбардың үмбеті лыпасыз тіріледі. Оларды періштелер мақшарға жаяу айдайды. Ал Мұхамбет үмбеттері жібектен тон киіп, салтанатқа бөленеді. Жұмақтың арғымақ аттарын тақымына басады. Қолдарына Лә иләһә иллалла деген жазуы бар байрақтар ұстайды деді. Пайғамбардың нұрлы жүзін көру, оның үмбетінің бірі болу маған арман болды. Сондықтан сен аманатқа қиянат қылма, деді. Әке, өсиетіңді ұқтым. Кеңесіңді кеудеме тоқыдым, деді.
Отбасы хрестоматиясы12 мая 2016 в 8:57
Жырық ыдыспен ас ішпе Қонақ күту қазақта Ыбырайым пайғамбардан қалған деген түсінік бар. Бірде Ыбырайым қонақ күтіп отырса, Ібіліс келіпті. Ыбырайым селк ете қалып: Әй, малғұн! Сені кім шақырды? дейді. Ібіліс: Алла жырық ыдыстан маған дәм бұйыртқан. Кесесі кетік пен табағы жырыққа қонаққа мен келемін, дейді. Ыбырайым дастарханға қараса, кетік ыдыс тұр екен. Жырық кесені алып, сыртқа лақтырып тастайды да: Онда несібеңді сырттан ізде, дейді. Содан бастап қазақ халқында кетік, сынған, жырық ыдыстан ас ішпейді екен. Жырық ыдыстың кетігінен сайтан қ… — Читать дальше
осарлана ас ішеді деген түсінік қалады.
Отбасы хрестоматиясы28 апреля 2016 в 8:29
Ақындар Алматыны жырға қосты Алматыдағы Жазушылар одағында Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған Ару қала Алматы атты ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Қазақстан жазушылар Одағының хатшысы Ғалым Жайлыбай, елге белгілі ақын-жазушылар қатысты. Мүшәйра үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде мүшәйраға қатысуға тілек білдірген ақындардың өлеңдері қабылданып, іріктеп алынды. Өлеңдер бүркеншік атпен берілді. Автордың шын есімі жазылған конверт бөлек тапсырылды… — Читать дальше
. Мүшәйраға барлығы 61 ақын жыр ұсынып, 190 өлең қаралды. Екінші кезеңде қазылар алқасына кірген ақындар әрбір ақынның өлеңін талдап, таразылап, бағасын берді. Және де келесі кезеңге, яғни финалға өтетін ақындар анықталды. Үшінші соңғы кезеңде жүлде алатын үміткерлер тізімі талқыға салынды, бас жүлдеден бастап, ынталандыру сыйлықтарына лайық авторлардың аты-жөні белгілі болды. Жеңімпаздарды ақын Бауыржан Жақып бастаған қазылар алқасы анықтады. Жүлдеге ие болған ақындардың ішінде Жәркен Бөдешұлы, Мақпал Мыса, Кәдірбек Құныпияұлы, Мағиза Құнапияқызы, Алтыншапақ Хаутай, Әбдіқадыр Бөрібекұлы, Батырхан Сәрсенхан, Нұртас Тұрғанбек бар. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Болат Үсенбаев алса, бас жүлдені Рафаэль Ниязбеков иеленді. Бас бәйгені жеңіп алған ақынға жүлдені қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев тапсырды. l
Отбасы хрестоматиясы22 апреля 2016 в 20:04
Егер «Салт-дәстүр сөйлейді», «Сияр Шәріп», «Әлдиден эпосқа дейін» кітаптарын іздеген адам болса мына тел. хабарласуларына болады.
Отбасы хрестоматиясы8 апреля 2016 в 15:30
Аюп қандай пайғамбар? Баланы неге қырық күн суға шошылдырады? Сүлік қалай пайда болған? Неге бал арасының уы да, балы да шипа? Осы сурақтың жауаптарын сілтемеден біле аласыз!!!
Отбасы хрестоматиясы4 апреля 2016 в 9:51
Әйел бала емізгенде жалаң бас отырмайды. Қазақ ырымында шайтан әйелдің шаштағы кірін бөпе еметін сүтке араластырып жібереді екен. Осыдан баланың жаны кірленіп, бойына жамандық ұялайды. Есейгенде мәңгүрт, безбен, тілазар болады деп сенеді. Сондықтан көзі ашық кісілер келіннің шашын жауып отыруына аса қатты мән берген екен.
Отбасы хрестоматиясы30 марта 2016 в 11:41
Бала көтере алмай жүрген аналарға кенес!!!
Отбасы хрестоматиясы30 марта 2016 в 11:40
Жалғасы
Отбасы хрестоматиясы30 марта 2016 в 11:39
Лев Толстойдың қай әңгімесі болсын оқыған абзал болдар.
Отбасы хрестоматиясы25 марта 2016 в 9:01
Өзіңіз қалай ойлайсыз жақсыдан жаман туа ма?
Отбасы хрестоматиясы24 марта 2016 в 8:21
Ал наурыз көженің қалай пайда болуың оқыңыздар!!!
Отбасы хрестоматиясы24 марта 2016 в 8:18
Мына тәсілге назар аударыңыз!!
Отбасы хрестоматиясы18 марта 2016 в 9:21
Қазығұртқа Нұх күн мен түн теңескен кезде тоқтапты. Бұл наурыз айының жиырма бірінен жиырма екісіне қараған түні екен деседі. Пайғамбар апаттан аман қалғанына шүкіршілік етіп, құдайы тамақ бермек болады. Кемедегі азық-түлікті қараса, қап түбінде алақандай ет, бір-екі құрт, бір уыс бидай мен жүгері, тары, су, бір шөкім тұз қалыпты. Пайғамбар: Тәуекел! дейді де, барлығын қазанға салып пісіреді. Тағамды әр былғаған сайын Алланың есімін айтып ұлықтайды. Алла періштелерге: Көрдіңдер ме? Мен үшін қолдағы барын салып, ас беріп жатыр. Барып, қазанына к… — Читать дальше
әусардан тамызыңдар, берекемді шашыңдар, дейді. Періштелер жиналып, қазанды былғайды. Азғантай жеті түрлі дәмнен жасалған тағам берекелі асқа айналады. Жан-жануар, аң-құс жиналып, пайғамбардың қазанынан дәм татады. Содан бері Нұхтың бұл тағамы тілеу көже немесе наурыз көже деп аталыпты. Наурыз күні адамдар мен жануарларды тойдыру Нұх пайғамбардан мирас боп қалған екен деседі.
Отбасы хрестоматиясы17 марта 2016 в 14:47
Майлықты қолданудың жөні бар.
Отбасы хрестоматиясы16 марта 2016 в 7:44
Мазар басына ағаш ексе, сауабы тіріге де, өліге де тиеді деген сөз осы аңыздардан үлгі болып жетіпті. Діни аңыздарда мазарға ағаш отырғызу Кемел деген әулиеден қалған деседі. Ол уағызда: Мазар көрсең, ағаш ек. Бұтаққа бөз байла көп. Құс қонатын бақ өсіп, Һу, һу, һу деп сайрар ед, деп насихаттайды екен
Отбасы хрестоматиясы15 марта 2016 в 14:29
Осы қиссаны балаларға айтып бергенді жақсы көрем.Нәтижесінде, қиссаны естіген бүлдіршіндер құстардың тұмсығына қарап көз жеткізбек болады. Көз жеткізгені, келесі қиссаны білгісі келіп тұрады. Қиссаға құзығушылық тудырып қана қоймай, дүниетанымы арта түсері анық.
Отбасы хрестоматиясы15 марта 2016 в 7:45
Арақтың қайдан шыққанын көп адам білгісі келіп жүреді. Ал ендеше хабардар болыңыз!!!
Отбасы хрестоматиясы14 марта 2016 в 7:50
«Көрші» сөзі, етістік түбірі «Көр» Өлгенде жатар жерің қабірің ол да көр. Екі үй қанаттас орырса, көрші болар, Тіріде көрші, көршіден-өлгенде жақсылық көр.
Әділет пен Тәбілет балаларын үйге шақырғанда ысқырады екен. Ысқырықты естігенде жын-пері, диюлар әке-шешесіне қарай асығатын болыпты. Діни-аңыздардың баяндауынша, періштелер әке-шешесін тозаққа алып кеткелі, жындар күл-қоқыста жасырынып жатады екен. Егер біреу байқаусызда ысқырса, әке-шешеміз келіп қалған ба? деп қуана сол адамға жүгіреді дейді. Егер оның адам баласы екенін көріп, сонша жерден жетіп келген алданғанын білсе, ашуланып адамды ұрады екен. Ондай адам ақыл есінен айырылып, жынданады деседі. Сондықтан ысқырма, шайтанды шақырасың деген… — Читать дальше
тыйым пайда болыпты. Әсіресе, үйдің ішінде, қорада ысқыруға болмайды дейді. Үйді жын-жыпыр жайлап алуы мүмкін деген сенім бар.
Отбасы хрестоматиясы22 февраля 2016 в 11:36
Ақыл ғалым, білім
Отбасы хрестоматиясы17 февраля 2016 в 17:39
Сияр Шəріп --- Есьже, я приезжий! [KZ] (16.02.2016): Болашақта!
Развернуть
Отбасы хрестоматиясы15 февраля 2016 в 7:46
Мұхамбет пайғамбар бірде сахабаларына: Алла тағала жан-жануар, жәндікті тіршілік үшін жаратқан. Оларды нақақ өлтіру обал болып саналады. Адамға өзі тиіспесе, құрт-құмырсқаға зарар бермеңдер, депті. Бір сахабасы: Иә, Алланың елшісі! Адамға көмегі тиген, жәрдем берген, өлтірсе күнә болатын аң-құс, жәндік-жануарларды атап берсеңіз. Біз де ұл-қыздарымыздың құлағына құя жүрейік, дейді. Пайғамбар: Адам ата ең алғаш Меккеге барып, Алланың үйін салғанда, көкқарға жол көрсетті. Сондықтан бұл құсты өлтіруге болмайды. Сүлеймен пайғамбарға көп ғибратты өси… — Читать дальше
ет айтқандықтан, құмырсқаның да илеуін бұзып, азап беруге тыйым салынған. Қарлығашқа да тиіспеңдер, киесіне ұшырайсыңдар. Ол Нұх пайғамбардың кезінде адам ұрпағын жыланға азық болудан сақтап қалды. Ыбырайым пайғамбарды Намрұт отқа тастағанда, лаулаған жалынға қанатымен су септі. Намрұт Бәйт әл-Мұқаддасты қиратуға келгенде, Тәңір тағала қасиетті мешітті қарлығаштың дұғасының шарапатынан аман сақтап қалды. Бәбісекті де өлтірмеңдер. Ол Сүлейменге елші болып, оның Былқыспен табысуына себеп болған. Бал арасын да өлтірмеңдер. Оның балы дертке мың да бір дауа, дейді. Осының арқасында мұсылмандар құрт-құмырсқа, жануар, жәндікті өлтіруді обал санайтын болыпты.
Отбасы хрестоматиясы11 февраля 2016 в 7:38
Ескертудің бәрі осындай болса ғой
Отбасы хрестоматиясы11 февраля 2016 в 7:37
Ұлылар оқыған ертегіні сенде оқы.
Отбасы хрестоматиясы11 февраля 2016 в 7:35
Мына аңгіме жігіттерге қалай әсер етер екен.
Отбасы хрестоматиясы9 февраля 2016 в 8:53
Бұл имам Ағзам Әбу Ханифаның басынан өткен оқиға еді. Халиф әл-Мансұрдың тұсында Бағдаттағы түрмеде отырған кезінде бір адам Имам Ағзамды қатты ұрып жібереді. Сонда сабыр, парасаттылығымен танылған Имам Ағзам әлгі адамға былай дейді: — Мен де дәл сенің қылығыңды дәл сендей етіп өзіңе қайтара алар едім. Бірақ мен олай істемеймін. Мен сенің үстіңнен патшаға шағым айтсам, бәлем, жон-теріңді сыпырар еді. Бірақ мен олай да істемеймін. Сенің маған істеген қиянатың үшін жазала деп Аллаға дұға қайырсам қайтер едің? Бірақ мен олай да істемеймін. Мен ода… — Читать дальше
н да қияметтің күнінде, Алланың алдында тұрғанда Аллаға сенің үстіңнен шағым жасап, бәлем, көзіңе көк шыбынды сонда үймелете алар едім. Бірақ егер сол қияметтің таңы тап қазір атса және менің дұғам тап қазір қабыл болатын болса, мен Алладан жәннатқа кіргізсең, осы адаммен бірге кіргіз деп талап етер едім, деген. (Лев Толстой. Круг чтения)
Отбасы хрестоматиясы9 февраля 2016 в 8:51
Бір қымбат мүлікті иеленгіңіз келіп жүр, бірақ ақшаңыз жетпейді делік. Шартты түрде он мың доллардың көлігі бола салсын. Бірақ қалтаңда бір мың ғана бар. Қалай шешеміз? Ойлануға ерінбеген адам неше түрлі жолын табады.
Отбасы хрестоматиясы8 февраля 2016 в 12:14
Мынау қызық екен
Отбасы хрестоматиясы8 февраля 2016 в 12:07
Оразбайдың Абайды жоқтауы
Отбасы хрестоматиясы5 февраля 2016 в 13:43
Кім ба йболғысы келе, осыны оқыған дұрыс екен!!!
Отбасы хрестоматиясы5 февраля 2016 в 13:42
Мәдинада Мұхаммед Түркістанда Қожа Ахмет Маңғыстауда Пір Бекет Соларда сұра нанбасаң!!!
екен. Молшылық жылдары ел-жұрт астықты аяқ асты етіпті. Бір әйел дәрет
сындырған баласының құйрығын бидайдың масағымен сүртеді. Оның надандық әрекетіне қаһарланған Алла елге жұт жіберді. Бидайдың масағы кетіп, сабаны қалды. Астың кепиеті атып, адамдар ашаршылыққа ұшырады. Сол кезде ит ұлып:
– Уа, Тәңірім, менің несібемді қалдыр, – деді. Әділетті Құдай итке жаны ашып:
– Болсын! – деді де, бидайдың басына кішкене масақ бітірді. Халық иттің несібесін бөлісіп жеп, жұттан аман қа… — Читать дальше
кірді. Осы жұттан соң, бидай дәні сабақтың ұшар басына ғана бітетін болыпты.
«Иттің ырыздығы» деген сөз осыдан қалыпты.