Официальная группа Вконтакте книжного магазина Kitapbooking в Ауэзовском районе
KitapBooking.kz15 ноября 2019 в 19:10
Мен кітапқа деген махаббатымның арқасында жетістікке жеттім. Үйренетін, үлгі болатын мысал болмады, бірақ мен кітап оқығанды жақсы көретінмін. Мен Эмерсонның шығармалары мен Виктор Франклдың «Өмірден Мән іздеген адам» деген кітабын оқудан бастадым. Олар менің әлемімді өзгертті. Проблемаларымның түкке тұрғысыз екенін көрсетті. Ең бастысы, қандай жағдай болмасын бәрін өзгертуге, жақсы етіп жасауға болатынын үйретті. Егер жағдайды өзгертуге мүмкін болса, онда оған деген қатынасыңды өзгерт. Сондықтан мен жылдам оқу курсына қатысып, өміріме қандай д… — Читать дальше
а бір өзгеріс енгізетін философия, психология және басқада салаға қатысты кітаптарды оқи бердім. 7 жылда 700 кітап оқыдым. (с) Тони Роббинс by @KitapBooking
Развернуть
KitapBooking.kz6 января 2019 в 13:59
Достар, бізге жаңа жылда жап-жаңа #кітап келді! «Сиқырлы SMM» сізге қандай құндылық сыйлайды? әлеуметтік желі псиxологиясын түсініп, аудиториямен жұмыс жасауды үйренесіз. әлеуметтік желіде бизнес парақшаларды жүргізіп, ақша табуды меңгересіз. да контент жасап, жоспарын құрып көресіз. кітап ішіндегі тапсырмаларды орындай отырып, практикада жүзеге асырасыз. Youtube, Facebook ұсынған курстарды оқып, сертификатқа ие боласыз. — Гарри Поттер фильмінің желісі бойынша топқа бөлініп, Қазақстандағы ең мықты SMM қауымдастықтың мүшесі болуға мүмкінд… — Читать дальше
ік аласыз. БАҒАСЫ: 3500 тг __________________________________ ТАПСЫРЫС ҮШІН
Развернуть и показать
еще 2 фото
KitapBooking.kz16 декабря 2018 в 1:59
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Развернуть
KitapBooking.kz27 сентября 2018 в 19:33
Бизнес туралы бестселлер 2 кітап ⠀ Мықты мотиватор миллионерлер Жетістікке жетудің негізгі қағидалары ⠀ Кітапта: ️Дональд Трамп Джек Ма ️Брайан Трейси Ли Куан Ю ️Роберт Кийосаки т.б тұлғалардың өмірлік бизнес тәжірбиесі мен ақыл кеңестері жазылған. ⠀ (тек электронды PDF нұсқада) ________________________ Кітаптардың бағасы 1- қазанға дейін жеңілдікпен 1500₸(бір кітаптың құны 1000₸) Тапсырыс беру үшін: WhatsApp)
Развернуть и показать
еще 1 фото
KitapBooking.kz7 сентября 2018 в 18:48
8 қыркүйек күні біздің сүйікті қаламызда «KitapFest 2018» атты ауқымды кітап фестивалі өтпек. ⠀ Сізді фестиваль алаңында алуан түрлі кітаптар, қызу талқылаулар және көптеген басқа қызықты шаралар күтуде. ⠀ Өтетін күні: 8 қыркүйек Басталуы: 10:00 Орны: «Астана» алаңы ⠀ Толығырақ ақпаратты @kitapbooking парақшасынан біле аласыз.
Развернуть
KitapBooking.kz31 августа 2018 в 19:27
JÜZ — МЕКАИЛ ШЕРІМБЕКТІҢ АБСУРД ПЕН САРКАЗМҒА ТОЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТТА ЖАЗЫЛҒАН КІТАБЫ. XXI ғасыр қазақ қоғамы бұрын-соңды көрмеген шиеленіске толы болды. Аталмыш кітапта айналадағы сол мәселелерге өзге қырынан сыни пайыммен қарай отырып жазылған ойлар жинақталып отыр. Кітапқа тапсырыс беру:
Развернуть
KitapBooking.kz20 июля 2018 в 12:05
Көп адамның көңілінен шыққан кітап Мақсатты айқындау Өміріңізге тәртіп орнату Өз өзіңді дамыту Тасыған энергия көзін табу Жеңіс пен табыстың кілті және т.б тақырыптардар қамтылған қазақ тіліндегі жаңа кітап(тек электронды PDF нұсқада) _________________________ Кітаптың бағасы 1000₸, жекелікке жазып сатып ала аласыз. Немесе сілтеме арқылы:
Показать
еще 1 фото
KitapBooking.kz29 июня 2018 в 1:47
Инстаграмыңыздың историсіне салсаңыз бізге бірден қосыласыз.
Развернуть
KitapBooking.kz30 апреля 2018 в 0:56
Бизнес туралы бестселлер кітап Мықты мотиватор миллионерлер Жетістікке жетудің негізгі қағидалары Кітапта: ️Дональд Трамп Джек Ма ️Брайан Трейси Ли Куан Ю ️Роберт Кийосаки т.б тұлғалардың өмірлік тәжірбиесі мен ақыл кеңестері жазылған. 7- мамырға дейін екі кітаптың электронды нұсқасын бар болғаны 1500₸ ала аласыз. Уатсап нөміріне xабарласыңыз немесе »+«қалдырыңыз.
Развернуть и показать
еще 1 фото
KitapBooking.kz23 апреля 2018 в 13:14
1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бұл күні кітаптар мен авторларға құрмет білдіру туралы қабылдаған шешімі қисынды. ЮНЕСКО баршаны, әсіресе, жастарды кітап оқудан ләззат алуға және адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан адамдардың еңбегін құрметтеуге шақырады. Кітаптің көмегімен біз ең алдымен, білімге, идеяларға, рухани және моральдық құндылықтарға қолжетімділікті аламыз, сұлулық пен адамзаттың шығармашылық жетістіктерін түсінеміз.
Развернуть
KitapBooking.kz16 декабря 2017 в 15:15
Тәуелсіздік күні құтты болсын
Развернуть
KitapBooking.kz7 декабря 2017 в 12:45
Табыс- ол мақсатқа қол жеткізу! Мен дүниенің қай түкпіріне барсам да кедей отбасынан шығып және өте бай планетадағы ең ықпалды адамдардың біріне айналуға мүмкіндік тапқан адамдарды кездестірдім. Бұл адамдар жоқшылықтан, өмірде өкініп және үміттерінің бір жолата үзілуінен, қоғамдағы ықпалды, табыскер адамдарға дейін жолды жүріп өткен. Олар маған үнемі, әрдайым көздері жайнап, өмірлерін осылай таңғаларлық жағдайға өзгерткен нәрсе, алға қойған мақсаттарының дұрыс қойылғандығынан екендігін айтады. Менің кітабым осы жайында. Мен өмір барысында ашылғ… — Читать дальше
ан, ең маңызды, ең керекті ойларым жайында айтамын, оның үлкен бөлімін адамдардың байлық пен гүлденуге қалай жететіндігін айтамын....(жалғасы бар)
Развернуть
KitapBooking.kz22 ноября 2017 в 7:46
Мықты мотиватор миллионерлер кітабы — қазақ тіліндегі бірден-бір әлемдік бестселлердің жиынтығы. Кийосаки, Трамптардың кітаптарының қаймағы. Электронды кітаптың бағасы: 950тг Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемеге өтсеңіз жеткілікті.
Развернуть и показать
еще 1 фото
KitapBooking.kz20 ноября 2017 в 19:40
Kitapbooking оқырмандарына арналған кішігірім пайдалы кітапшаны қабыл алыңыздар. Мақсатқа жетудің моделі пайдалы кеңестер бере отырып нақты іс-әрекетке итермелейді. Электронды нұсқасы тегін алу үшін Уатсап нөміріне аты-жөніңіз бен тұрғылықты қалаңызды жазып жіберсеңіз жеткілікті, кітап сізге жіберіледі.
Развернуть
KitapBooking.kz20 ноября 2017 в 19:39
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған. Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген білгендерін шығармаларына арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығының негізіндегі тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқи… — Читать дальше
тын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығарылды. Бауыржан соғыс уақытында «Серігім», «Жазушыға», «Қалыбек аға», «Біреулерге», «Омарбекке», «Жардың мұңы», «Ғ-ға», «Ана тілін ардақта», «Досыма», «Толғау» атты өлеңдер жазған. 1952—1956 жылы «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья» деген алғашқы кітаптары жарық көрді. Шығармалары: — Ұшқан ұя (1974 жыл) — Мәскеу үшін шайқас, — Жауынгердің тұлғасы, — Майдан, — Майдандағы кездесулер, — Генерал Панфилов, — Төлеген Тоқтаров, — Куба әсерлері — Адам қайраты (1981 жыл) — Елбасына күн туса — Психология войны Қазіргі таңда 30 томдық шығармалар жиынтығы бар.
Развернуть
KitapBooking.kz13 октября 2017 в 19:10
Рецензия жазу байқауы өз мәресіне жетті Байқауға 20 оқырман қатысып, 25 рецензия жазылды, үш үздік жүлдегер: 1-орын: Ardak Serik, 3 кітап және 2 ай English practicum курсы сыйлық. 2-орын: Anar Satay 2 кітап және English practicum курсы сыйлық 3-орын: Тугелбаева Даметкен 1 кітап және englishpracticum курсы сыйлық.
Развернуть
KitapBooking.kz3 октября 2017 в 11:08
Кітапқа рецензия жазу байқауы Құрметті достар сайтымыздағы техникалық ақауларға байланысты байқаудың уақытын ұзарттық Шарттары 1. Осы жазбамен бөліс, kitapbooking парақшасын белгілеу 1. kitapbooking.kz сайтына өзіңіз оқыған кез келген кітап жайлы реценция жазу Марапаттау 1-орын. 3 кітап пен 2 ай English Practicum оқу 2-орын. 2 кітап пен 2 ай English Practicum оқу 3-орын. 1 кітап пен 2 ай English Practicum оқу Жеңімпаздар 10 қазан күні анықталады. Кез келген кітапқа және кез келген тілдегі оқыған кітабыңызға рецензия жазасыз бастысы қазақ тілінд… — Читать дальше
е болу керек. Рецензия санына да шектеу жоқ. Рецензияның көлемі кемі 15 сөйлемнен жоғары, ары қарай шектеу жоқ. Жазылған рецензияны kitapbooking@gmail.com почтасына толық аты жөніңізбен бірге жібересіз, біз оны сайтқа саламыз. Жүлделер ең көп қаралым жинаған рецензия иесіне беріледі.
Показать
еще 1 фото
KitapBooking.kz18 сентября 2017 в 4:10
Кітапқа рецензия жазу байқауы Шарттары 1. Осы жазбамен бөліс, kitapbooking парақшасын белгілеу 1. kitapbooking.kz сайтына өзіңіз оқыған кітап жайлы реценция жазу Марапаттау 1-орын. 3 кітап пен 2 ай English Practicum оқу 2-орын. 2 кітап пен 2 ай English Practicum оқу 3-орын. 1 кітап пен 2 ай English Practicum оқу Жеңімпаздар 1 қазан күні анықталады. Кез келген кітапқа және кез келген тілдегі оқыған кітабыңызға рецензия жазасыз бастысы қазақ тілінде болу керек. Рецензия санына да шектеу жоқ. Рецензияның көлемі кемі 15 сөйлемнен жоғары, ары қарай… — Читать дальше
шектеу жоқ. Жазылған рецензияны kitapbooking@gmail.com почтасына толық аты жөніңізбен бірге жібересіз, біз оны сайтқа саламыз. Жүлделер ең көп қаралым жинаған рецензия иесіне беріледі.
KitapBooking.kz17 августа 2017 в 20:29
Кітапқа рецензия жазу байқауы Шарттары 1. Осы жазбамен бөліс, kitapbooking парақшасын белгілеу 1. kitapbooking.kz сайтына өзіңіз оқыған кітап жайлы реценция жазу Марапаттау 1-орын. 3 кітап пен 2 ай English Practicum оқу 2-орын. 2 кітап пен 2 ай English Practicum оқу 3-орын. 1 кітап пен 2 ай English Practicum оқу Жеңімпаздар 1 қазан күні анықталады. Толық ақпарат Уатсап
KitapBooking.kz27 июня 2017 в 16:38
Біздің Kitapbooking жобамыздың басты ұрандарының бірі: ең жақсы сыйлық- кітап. Ораза айтында мерекелерде бір бірлеріңізге кітап сыйлаңыздар, сүйіспеншіліктеріңіз артады және көре алмаушылық кетеді))
Развернуть
KitapBooking.kz27 июня 2017 в 16:25
Авторлар туралы ақпарат Әзілхан Нұршайықов 1960—1990 жылдардағы әдебиет өкілі, 15 желтоқсан 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында туылған. Әзағаңның халықтың жүрегінен орын алған сүйікті де, сүйкімді романының аты «Махаббат, қызық мол жылдар». Ұлы ақынның жалғыз жол өлеңі әрі ат, әлі халық жүрегіне апаратын жол ма деп те қаламын. Бұл романды қара сөзбен жазылған махаббат туралы поэзия десек те артық емес. Осы романды жұрттың жабыла оқығанына мен өзім куәмін. Өз басым романды бірнеше рет оқыдым. Әр оқыған сайын сол кітап, сол кітапқа… — Читать дальше
кірген геройлар менің туысымдай болып кетті. Әзағаң жазатын шығармасын біраз уақыт достарына ауызша айтып жүреді. Біраз айлар өткен соң сол ауызша әңгімелер әсем бір күйдей болып, қанатын жайып қағазға түседі.Әзағаңның «Ақиқат пен аңыз» атты романы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. Осы кітап жөнінде Ғабит ағаның, Ғабиден ағаның, Әбділда ағаның сүйсініп айтқан пікірлерін өз құлағыммен естіп, жадыма түйген едім. Әзілхан ағаның үлкен шығармаларының бірі деп осы Бауыржан аға жайлы жазған шығармасын айтқан болар едім. Әдеби қауым, жалпы, қарапайым халық Әзілхан ағаның осы шығармасын өте жақсы қабылдады. Бірін-бірі түсінген екі майдангердің, екі майдангер жазушының жүректерін жарып шыққан сөздері кітап болып шығысымен қолдан-қолға тимей, ел аралап кетті. Бауыржанды жақсы көрген жұрт, ол кісінің Әзілхан сияқты асыл жүректі інісін мақтаныш етті. (с)Тұманбай Молдағалиев
Развернуть
KitapBooking.kz1 мая 2017 в 15:55
Біздің тұрақты оқырмандарымыздың бірі- Аят Сағындықов мырза. Бір жылдық нақты мақсатына жету жолында тың ақпараттар мен жаңа білімдерге қол жеткізу үшін үздіксіз білім алуда. Нәтижелері де өте керемет, жеке парақшасынан бақыласаңыздар болады. Тұрақты оқырманымызға сәттілік тілейміз, үздіксіз дамып, мақсаттарының орындалуына тілектеспіз.
KitapBooking.kz23 апреля 2017 в 15:44
1616 жылы бұл күні М.Сервантес, У.Шекспир және Инка Гарсиласо де ла Вега өмірден озды. Бұл сондай-ақ Морис Дрюон, Хальдоур Лакснесс, Дж.Пла мен Мануэль Мехиа Вальехо сынды танымал авторлардың туған немесе қайтыс болған күндері. 1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бұл күні кітаптар мен авторларға құрмет білдіру туралы қабылдаған шешімі қисынды. ЮНЕСКО баршаны, әсіресе, жастарды кітап оқудан ләззат алуға және адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан адамдардың еңбегін құрметтеуге шақырады. Кітаптің көмегімен… — Читать дальше
біз ең алдымен, білімге, идеяларға, рухани және моральдық құндылықтарға қолжетімділікті аламыз, сұлулық пен адамзаттың шығармашылық жетістіктерін түсінеміз.
Развернуть
KitapBooking.kz18 апреля 2017 в 16:31
Достарыңызбен бөлісіңіздер! Бізді оқи жүріңіздер!
Развернуть
KitapBooking.kz17 апреля 2017 в 14:06
Біздің тұрақты оқырмандарымыздың бірі — Аякөз Мейрамбек xаным аптасына кем дегенде 1 кітап оқиды және оқыған кітабымен әлеуметтік желіде бөлісіп отырады. Іскерлік әдебиет және классиканы оқығанды ұнатады. Сіздер де бізбен бірге болыңыз, біз тек қана кітап сатумен айналыспаймыз, сонымен қатар кітапқұмарлар клубын қалыптастырамыз!
KitapBooking.kz22 февраля 2017 в 17:47
Абай Құнанбаев Абайдың жиырма жылдық ақындық еңбегінің ішінде көптен көп жазғаны қоғамдық тақырыптар болады. Бір өлеңінде үйрен, ұғын, түзел деп, ұстаздық етіп жетектеймін десе, басқа бір топ өлеңінде түзелмегенге күйініп, қиналып, ызамен сөйлеп, ұрсып, жерлеп, шенеп айтады. Тағы бір топ өлеңінде: неше түрлі қып айтқан жұмсақ үгіт өсиетке де, ұрсып айтқан ашу сөзге, сынға да түзелмеген соң – енді қайғырып, күңіреніп, «жалғыз түзеуші мен ғана болдым, сендер ұғымсыз, меңіреу топ, көп болдың, дегенімді істей алмадым, пайдаңды түсіндіре алмадым» –… — Читать дальше
деп әлсіз басшы болғанын білдіріп, өкініп сөйлейді. Міні, бір алуан өлеңі осындай жайға арналған. Барлық шығармаларының нәтижесінде Абай: өз дәуірінің барлық болмысын алып, соны өте үлкен, айқын сурет қып тегіс көрсетеді. Ақын айнасы арқылы сол кезде болған атқамінер тобының неше алуан сорақы, қыңыр, жиренішті пішінін түгел тануға болады. Абай өз дәуірінің айнасы, өз тұсының қайшылығын тереңнен қамтып, көркем сөзбен, жанды образбен суреттейді. Қоғамның ілгері басуына, еркін өсуіне бөгет жасап, аяқтан алып отырған реакцияшыл бектерді қатты сынайды, кекетеді. Патшаның қазақ даласындағы өкілдері болған болыстарды, сұрқия, сұм қуларды қатты шенейді, өзінің реалистік сыныменен ол сияқты кедергілерді жойғысы келеді. Қоғамды ілгері сүйрейді. Мәдениетті боп өсу жолын арман етеді. Ол үшін қоғамына оқы, үйрен, еңбек қыл, өнер тап, шаруа өсірудің жолын меңгер, деп үндейді. Абай – қазақ әдебиетінің атасы, жаңа әдебиеттің басы. Міне қазақ әдебиетіне Еуропа әдебиетінің үлгісін ендірді, байытты, поэзия тілін жасады. Қысқа өлеңдермен көп берерлік, бас-аяғы жұмырланып теп-тегіс келген өлеңді жасады. Өлеңнің лирика түрін туғызды. Қысқасы, қазақ кең жолға шығарды. Мұхтар Әуезов
Развернуть
KitapBooking.kz21 февраля 2017 в 19:38
Кітап — адамзат ақыл ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді, біз бір уыс күл топыраққа айналамыз, ал кітаптар дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады. Мұса Айбек
Развернуть
KitapBooking.kz20 февраля 2017 в 17:21
Келешектің бақыты мен құдіретті күші жолында адамзат жаратқан күллі кереметтердің ең күрделі де ұлы кереметі кітап бола алады. М.Горький
Развернуть
KitapBooking.kz19 февраля 2017 в 16:20
Кейбір кітаптар бар, байқап қана көретін, кейбір кітаптар бар, дұрысы жұтып қоятын, ал аз ғана бөлігін шайнауға және қайта қорытуға тұрады… Ф.Бэкон
Развернуть
KitapBooking.kz10 февраля 2017 в 19:40
Достарыңызбен бөлісіңіздер!
Развернуть
KitapBooking.kz5 февраля 2017 в 19:55
Кітап туралы ойланғанда бірінші Абай атамызды осы бір ұлағатты сөзі ойға келеді.
Развернуть
KitapBooking.kz19 декабря 2016 в 14:26
Үш әлеуметтік желіде ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздарын ЕҢ ЖАҚСЫ СЫЙЛЫҚ-КІТАП тары күтіп тұр!
KitapBooking.kz18 декабря 2016 в 3:04
Құрметті байқауға қатысушылар! Көптен күткен байқауымыз өз мәресіне жетті, randstuff.ru сайтының көмегімен байқауға қатысушылардың арасынан кездейсоқ бір жеңіспазды анықтап алдық! Жеңімпаз Гүлина Тасқынқызы (). Құттықтаймыз! Жеңімпазды анықтау видеосын мына сілтеме арқылы көре аласыздар —----->
KitapBooking.kz9 декабря 2016 в 17:19
БАЙҚАУ. БАЙҚАУ. БАЙҚАУ. Суреттегі кітаптарды тегін алғыңыз келсе, төмендегі 2 шартты орындаңыз: 1. Біздің парақшаға жазылыңыз 2. Осы суретті REPOST жасайсыз, яғни өз парақшаңызға конкурс шартымен бөлісесіз. 17-желтоқсанда рандом әдісі арқылы жеңімпаз анықталады. ЕСКЕРТУ: * Қатысушы бір уақытта 3-тен астам байқауға қатыспаған парақша болу керек. * Біздің парақшаға жазылмаған болса немесе басқа да шарттарды орындамаған болса байқауға қатыса алмайды. * Байқауға қатысушыларды кездейсоқтық әдісімен анықтап 1 қатысушыға жүлде беріледі.
Развернуть
KitapBooking.kz27 сентября 2016 в 19:30
Осы күні, яғни 1937 жылдың 27 қыркүйегінде, Алаштың арысы Әлиxан Бөкейxанұлы Мәскеуде ату жазасына кесілді және сол күні жаза орындалды. Екінші суреттегі арыстың соңғы фотосы. Ұлты үшін жанын құрбан еткен батырлардың жандары жаннаттық болсын! Ешқашан ұмытылмайды!
KitapBooking.kz27 сентября 2016 в 19:25
Маулен Жанболат (27.09.2016): ОЙЛАН ЖӘНЕ БАЙЫ Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы ағылшын тіліндегі түпнұсқасынан тікелей аударған табыс заңдылықтары туралы кітаптың біреуі осы Наполеон Хилл мырзаның кітабы. Кітап мазмұнынан бұрын авторы жайлы ақпарат бере кетсем, Наполеон Хилл жас кезінен бастап табысқа жеткен Эндрю Карннги, Томас Эдисон және Александыр Грэxэм Белл сяқты адамдардың өмірін зерттеп келген. Ол адам жетістік ғылымы бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымы болумен қатар, «Ойлан және байы», » Өз ғажайыбыңызды жасай аласыз», «Ба… — Читать дальше
йлыққа жеткізер сиқырлы кіліт», «Санаң арқылы байы» және Е.Харольд Киоунмен бірлесе отырып жазған «Өзіңді сендіру арқылы табысқа жетіп, байы» атты кітаптардың авторы. Ой- зат ретінде деп басталатын бөлімінде арманға жету үшін нақты мақсаттың болу керек екенін жеткізсе, Ықылас- бөлімінде нақты 6 ережемен танысасыз, осылай ішкі сезімдерді дамыту туралы бөлімдерге жалғаса береді, мысалға: сенім, қиял, шешім,табандылық, жыныстық трансмутация құпясы,түйсік, ми, алтыншы сезім, қорқыныш… Кітапты барлықтарыңызға оқуға кеңес берем, бұл кітапта басқа кітаптар сяқты не істеу керектігін ғана емес, қалай жетуге болатындығын де үйретеді.
Развернуть
KitapBooking.kz24 сентября 2016 в 9:14
Осы парақшадан кітапты таңдайсыз, whatsApp арқылы немесе телефонмен тапсырыс бересіз, төлем жасайсыз, жеткіземіз, кітап қолыңызда. Біз 1 жылдан көп уақыт жұмыс жасап келеміз, азын аулақ ақшаға қасықтап жиған сеніміміз бен абыройымызды сатпаймыз! Сенімді болыңыз! «Кітап life» директоры:
KitapBooking.kz2 сентября 2016 в 21:55
Маулен Жанболат (02.09.2016): Бүгін 13.00-де Алматы қаласындағы Ғылым Ордасының алдында кітап фестивалі басталады екен. Мына тізілген көөп кітаптар тегін беріледі екен. (Шевченко-Қонаев көш.) Сізден көмек тек репост!
KitapBooking.kz4 августа 2016 в 18:57
Алдында айтып кеткенімдей ағылшын пірім Брайан Тррейси мырзаның «Мақсатымды көремін» кітабында болашақ жарды табу жайында былай жазыпты: Бірде мен, ұзақ уақыт жалғыз тұрған, өте ақылды жас қызбен сұхбаттастым. Оның жүрген жігіттерімен жолы болмапты, себебі олар ол қыздың ойындағы жігітке сәйкес келмеген. Мен ол қызға, армандаған өмірлік серігінің дәл бейнесін жасауға кеңес бердім. Үш күннен кейін ол айтты:» Менің тізімімнің саны 51 болды, мен өзімнің таңдаған адамымның бойында 51 артықшылығы болғанын қалаймын». Кейін мен оны тағы кездестірдім.… — Читать дальше
Ол қыз мүлдем өзгеріп кетіпті. Ол өзі берген мінездемеге сай келетін жігітті кездестіргенін мойындады. Бұл өте мүмкін еместей жағдай еді! Мәселен бәрі сонда, ол бұрын өзіне қандай адам керек екенін дәл анықтай алмай жүрген болып шықты. Өз уақытында менде солай істеген болатынмын. Мен өзімнің арманымдағы әйелдің қандай белгілер, мінез- құлқы болу керек екенін жазып қойдым. депті бұл кісі. Жазыңыз нақты болыңыз. Егер мақсат жазылмаса, ол мақсат емес, Тек жер бетіндегі 3% тұрғындардың мақсаттары ғана жазылған. Осы адамдар ғана үлкен табыстарға қол жеткізген.
KitapBooking.kz19 июля 2016 в 22:57
Маулен Жанболат (19.07.2016): Тұрақты кітап оқу қажеттілігінің 7 себебі: Кітап оқу жадыны және ойлауды дамытады; Кітап оқу қиялдау және шығармашылық қабілеттерді дамытады; Кітап оқу адамдармен қарым-қатынас жасауға көмектеседі және әдемі сөлеу дағдыларын дамытады; Кітап оқу сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады; Кітап оқу талдауға, сарапқа салуға үйретеді; Кітап оқу қоршаған ортаны, әлемді және өзін тануға көмектеседі; Кітап оқу – мектептегі және ересек өмірдегі табыстылықтың негізі.
KitapBooking.kz17 июля 2016 в 22:29
Маулен Жанболат (17.07.2016): Атақты жазушы Н.А.Рубакин өмірінде 250 мың кітап оқып шыққан. Баяу оқығанға қарағанда жылдам оқу барысында көз аз шаршайды. Қалыпты оқу барысында ақпараттың 60%-ы қабылданса, жылдам оқу барысында ақпараттың 80%-ы қабылданады. Атақты жазушы, кітаптанушы Н.А.Рубакин өмірінде 250 мың кітап оқып шыққан. Кітап оқудың тағы бір ерекшелігі – ұзақ өмір сүрудің кепілі екен. Жапония медицинасы осылай қорытынды шығарып отыр. Олардың айтуынша, ең ұзақ өмір сүретіндер – философтар, одан кейінгісі ғалымдар мен көркемөнершілер еке… — Читать дальше
н. Олар «кітап оқу – үлкен миды үздіксіз қозғалысқа салады. Кітап оқып болған соң да, оның адамға сыйлайтын әсері дене шынықтырудан кейінгі массаж секілді адамды рухани қалыпқа түсіріп отырады» — дейді. Наполеон минутына 2 000 сөз оқитын болған. Ал Атақты француз жазушысы Оноре де Бальзак жарты сағатта романның 200 бетін оқитын болған.
KitapBooking.kz16 июля 2016 в 17:01
Маулен Жанболат (16.07.2016): «КІТАП ОҚУДЫ ҚОЙҒАН АДАМ ОЙЛАУДЫ ҚОЙҒАН АДАМ»,-деп айтақан Д.ДИДРО деген кім? Дени Дидро (фр. Denis Diderot) (1713—1784)- француз философы, ағартушы, жазушы, өнер сыншысы, энциклопедияның редакторы және ұйымдастырушысы. Қолөнершінің отбасында дүниеге келген. Жергілікті иезуиттер колледжінде білім алған, сосын Париждегі колледжді бітіріп шыққан. 1732 жылы өнер магистрі атағын алған. Оншақты жыл бойы жеке үйлерде сабақ беріп, кеңсе қызметіне көмектесіп, жұпыны ғана өмір сүрген. Өзінің саяси көзқарастары жағынан ол фе… — Читать дальше
одалдық деспотиялық құрылысқа түбегейлі қарсы болды, амтериалістік және атеистік бағыт ұстады, сол үшін үкімет пен католиктік Шіркеу тарапынан ұдайы қуғынға түсіп отырды. Дидроның ғылыми, әдеби және қоғамдық саяси қызметі дүние жүзінде кеңінен танымал. Ұстанымына байланысты тірі кезінде Христандардан біраз жәбір көргені Дарвин мырзаға біраз ұқсап кеткені болмаса жалпы адамзатқа осы бір кітап тұралы айтқан сөзімен танымал, адамға қарап сөз алма, сөзіне қарап адам ал деген Абай атамыздың сөзін ескерсем мықты жігіт болған сияқты.
Развернуть
KitapBooking.kz9 апреля 2016 в 17:01
Мақсатқа жету жолында өзіңді шабыттандыра білудің 10 ережесі: 1. Өмір — өзіңді-өзің қамшылаудан, жігерлендіруден, шабыттандырудан ғана тұрса, онда ол — бақыт. Сондықтан, өзімізді-өзіміз шабыттандыра білуіміз керек. Жағымды ойда болыңыз. «Ойлағаным болмай қалса, не болады?», «Қабілетім жете ме?» деген сияқты «ауру ойлардан» аулақ болыңыз. Армандарыңыздың орындалғанын көз алдыңызға жиі-жиі елестетіңіз. Алдын ала мақсатқа жеткен күні сезіміңіз қандай болады, не істейсіз, сол күннің сценарийін жазыңыз. 2. Күнде жатарда арман-мақсатыңыздың орындалға… — Читать дальше
нын елестете білуді әдетке айналдырыңыз. Елестету барысында қиын көрінгенімен, бір апта ішінде кәдімгідей жаттығып қаласыз. Есіңізде болсын, не жаттығады, сол дамиды. 3. Арман-мақсаттарыңызды сізді қолдайтын адммен бөлісіп үйреніңіз. «Жарайсың, сенің қолыңнан келеді» деген сөзді естіген сайын өзіңізге деген сенім арта бермек. 4. Арманыңыздың «альбомын» жасаңыз. Яғни, алам деген үйіңіздің, машинаңыздың, танысқыңыз келген адамдардың, саяхат жасағыңыз келген қала суреттерін жинап, сізге жиі көрінетін жерге іліп қойыңыз. 5. Визиткаңыздың артына : «Мақсатыма уақытында жетсем, осындай мүмкіндіктер алдымнан ашылады, жан рахатын сезінемін, өмірімде үлкен өзгерістер болады» деп жазып алыңыз. Визитка күнделікті айнаңыз секілді қалтаңызда жүруі тиіс. Күніне кемінде 10—15 рет визиткадағы жазуды оқып отырыңыз. 6. Ұлы мақсат қойып, соған жеткен алып тұлғалардың өмірбаянын жиі-жиі оқып отырыңыз. Кезіккен қиындықты қалай жеңе білді, қалай өздерін шабыттандыра білді — сол жайында көп ізденіңіз. 7. Жетістікке жету, табыс психологиясы бойынша болатын семинар-тренингтерден қалмаңыз. Есіңізде болсын, табысқа бастар баспалдақтың көп бөлшегін семинар-тренингтер құрайды. 8.Тек көңіліңізді көтеретін әуендер тыңдаңыз. Көңіл-күйіңізді түсіретін әуендерден миыңызды алыс ұстаңыз. 9. Өзгелердің проблемасын тыңдамаңыз, өзіңіз де ешкімге проблемаңызды айтпаңыз. проблема, ол — «мусор» әркім келіп проблемасын лақтыратын сіз «мусорный ящик» емессіз. Ешкім де «мусорный ящик» емес. Өмірге түңіліп қарайтындардан «он метрге» алыс жүріңіз. Сынықтан басқаның бәрі жұғады. Сіз сияқты өзгеруге талпынысы бар, өрлеуге ниеті мықты адамдармен дос болыңыз. Сіз арман қылған өмір сүру стиліне қол жеткізген адамдармен жиі араласыңыз. Жетем дегеніңізді айтып ой бөлісіңіз. «Кімнен туғаныңа емес, кіммен тұрғаныңа көңіл бөл» деген екен ұлылар. 10. «Мақсатыңызбен ауырыңыз» Тісіңіз ауырса, не болады? тісіңізді қашан емдеткенше ойлағаныңыздың барлығы тісіңізді емдету болмай ма? Сол сияқты, ойыңыздың барлығы «қалайша мақсатыма жетуге болады» болу керек. Жақсылап шабыттансаңыз, сіздің «Био-компютеріңіз» (миыңыз) кез келген істің шешімін табады. Ол — «гарантия». Мақсатымыз бар, сол мақсатқа жету жолында өзімізді шабыттандыруды, кезіккен қиындықтарға қарамай, жігерлендіруді үйрендік. Енді жетем деген мақсатымызға ішкі наным-сенімімізде қарсылық жоқ па екен, сол жайында сөз қозғайық. Яғни, біздің ішкі құндылықтарымыз, біз бағытталған сенімдер жүйесі бізге қаншалықты деңгейде көмектесіп немесе залал келтіріп жүр — әңгіме сол жайында. [ Аманжол Рысмендиев : «ӨРЛЕУ» кітабынан ]
KitapBooking.kz10 февраля 2016 в 20:58
БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, БАЙЛАРДЫҢ КІТАБЫН ОҚЫҢЫЗ!!! «Друкер күнделігі» (Питер Друкер), «Ойлан және байы» (Наполеон Хилл) «Қаржылық тәуелсіздікке жол» (Бодо Шефер)
(с) Тони Роббинс by @KitapBooking